You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=148
Пайғамбарымыз Кипірді «жасыл арал» деп атаған (2021.10.27)

Қасиетті пайғамбарымыз нені көрсетсе, сахабалар соны белгі ретінде қабыл етеді де, сол көрсетілген жаққа қарай тартып кететін, олар пайғамбарымыздың әдемі жолын осы өңірлерге алып келді. Пайғамбарымыз қайтыс болған соң, оның бұйрығы бойынша сахабалар пайғамбарымыздың нұрын, жолын, білімдерімен сұлулығын дүниенің төрт бұрышындағы адам баласының барлығына таратты. Ол кезде адамзат қараңғы надандық дәуірінде өмір сүріп жатқан әрі олар барлық жамандықтармен зұлымдықтарға әбден белшесінен батқан-ды. Ал пайғамбарымыздың нұры қайда жетсе, сол араға берекеге бөленіп, тура жолды табатын, ислам нұры да осы араға да осы жолмен жетті.

Пайғамбарымыз Кипірді «жазиратұл қадра» деп атайтын, бұл пайғамбарымыз осы аралға қатсты бір мұғжизасы еді, пайғамбарларда мұғжиза болады, олар әр нәрсені көре алады, алла тағала пайғамбарымызға бұл дүниені ғана емес, бүккіл әлемді көрсеткен, сондықтан да олар осы араны «жазиратұл қадра» яғни «жасыл арал» деп атаған, осы атаудың өзі бұл пайғамбарымыздың айтқан бір мұғжизаларынан (бармасада білетін), бұған иман келтіргендер еш шүбәсіз сенетін және ол басқалар үшін бір сабақ болмақ.

Қасиетті пайғамбарымыздың түсінде алла тағала оған осы жасыл аралды сахабалары алатынын аян етеді, бұл пайғамбарымыздың мәшхұр түстерінің бірі еді, онда олардың бұл аралға исламның келетіні білдірілген. Осы аралда жерленген Хала Сұлтан қазіреті пайғамбарымыздың кіші апасы еді, бірде пайғамбарымыз осы апасының аяғына басын қойып ұйықтап жатқанда бір түс көреді, түсінен соң пайғамбарымыз күлімсіреп оянады, ол кісі пайғамбарымыздан «неге күлімсіредің?» дейді, пайғамбарымыз «менің үмбеттерімнен болған адамдар теңіздегі тақта отыр екен, мен сахабаларымның теңізде жүзіп бара жатқанын көрдім дейді.», апасы «мен олармен біргемін бе?» деп сұрайды, ол «йә апа, сіз солармен біргесіз.» деп жауап қайырады. Пайғамбарымыз жалғасты ұйқтап кетеді, ол тағы да сол ұқсас түсті көреді, пайғамбарымыз тағы да күлімсіреп оянады, түсін оған айтады, ол кісі бұл жолы да «мен олармен біргемін бе?» деп сұрайды, пайғамбарымыз «жоқ.» дейді, бұл пайғамбарымыздың апасының шахит болатындығын білдірген белгі болып, оның көрсеткен бір мұғжизасынан-дүр.

Расында, пайғамбарымыздан соң сахабалар осы аралға келеді әрі онда исламның нұрын тарата бастайды, ал бұндағы сахаба Хала Сұлтан ұлы сахабалардың бірінен болып, осы аралға келді әрі осы араның құт-берекесіне айналды. Ол ондағы барлық адамдарға жақсылық ала келді, кімде-кім ол кісінің мақам-қабырына зиярат етсе, ол кісінің берекесіне йе болады, алла тағаланың рұқсатында, зияратшылар мұсылман болмасада, осы берекелерден үлесін алмақ. Бұл аралды ондағы қазір өмір сүріп жатқандарға қарап бағалама, бұнда көптеген сахабалар шахит болған және осында жерленген, тіпті кейбірі осы арада қалып қойған.

Сондықтан бұл арал қасиетті өңірлердің бірінен, ол туралы пайғамбарымыздың өзі айтқан, бұндағы ең маңыздысы Хала Сұлтанның осы аралда тұратндығы болып отыр, сол кісілердің арқасында бұл арадан береке үзілмес, зұлмат келмес, иншалла, ол кісі бұл арада өмір сүретіндерге келген бір тура жол, алла тағала туралыққа еруге лайқты адамдарды әкеледі, біздерді сол туралық ұстінде болуға лайықтылардан нәсіп етсін, иншалла.

Сахабалар барлық жерге барды ... Біз жақында Өзбек еліндегі Самарханға барып қайттық, ол арада пайғамбарымыздың немере ағасы Құтам ибн әл-Аббас (Пайғамбарымыздың кіші әкесінің ұлы) қазірет жатыр, қазірет ондағылар үшін келген бір тура жол еді, ол кісіде осы арада шахит болып, осында жерленді, қасиетті мақамы да осында, сондықтан осы арадан береке үзілмек емес әрі бұл ара киелі мекен болып табылады. Кейбір адамдар оның қадірін білмес, бірақ қадіріне жеткендерге үлкен жақсылықтар келмек, оны түсінбейтіндер кейін түсіне жатар, иншалла, егер біреу гаухарды тастап, орнына қоқсықты таңдаса, оның есі ауысқан адам екендігі даусыз, алла тағаланың қалауымен мына дүние осындай гаухардай асыл қасиетті адамдардың себебінен жоқ боп кетпей өз орнында тұр.

Біз пайғамбарымызды «жасыл арал» деп атаған жерде өмір сүрудеміз, ал мұсылмандар пайғамбарымыз бір нәрсені бұйырған сыңай танытса, оны істеу керек, ал бар десе бару керек, бұл пайғамбарымыздың көрсеткендерінен, бұндағы маңыздысы «онда бар және ол араға ислам нұрын жеткіз.» демекілігі еді.

Пайғамбарымыздың кезінде жер бетіндегі бар адам баласы қараңғылықпен зұлымдық ішінде өмір сүріп жатқан болатын, ол кезде адамдарда еш ұқық жоқ еді. Қазіргілер «адам ұқығы» деп айғайлап жатады, алайда нағыз шын «адам ұқығы» осы пайғамбарымызбен бірге, ол адамзатты аялап, оларды шын бағалай білген. Пайғамбарымыз сахабаларын батыспен шығыстағы әр жерге барып, ондағыларға ізгілікты үйретуге бұйырады, мәдениеттің ең биік шыңы - адам құнын түсініп, оларды абыройлылыққа жеткізу, олардың ұқығын өзіне қайтару. Құл болсада, оған біреулерден әділетсіздік келсе, ол өзінің ұқығын олардан әділеттілікпен алуына болады, оның әрқандай адамдардан кеткен хақысын сұрау ұқығы бар, мейлі патшалардан болсада оны ала алады. Адам ұқығы пайғамбарымыздың адамдарға қайтарып алып берген хақысы-дүр.

Ислам жолы қазіргілер айтып жүргендей қылышпен адамдарды өлтіріп, елдерді жаулап алу арқылы болған емес, жоқ, егер бұлай етсең, ісің жүзеге аспақ емес, себебі ондай зұлымдықты жауланған елдердегі адамдар жақсы көрмейді де, шипаң көпке бармай-ақ бітетін болады, бірақ олар ондағы адамдарға жақсылықты үйретіп, жақсы нәрселермен жақсы жолдарды көрсету арқылы іске асырды. Мәлім елді алғанда, олар ондағыларды исламға кір деп зорлаған жоқ, әркім өз дінінде қала беруіне болады, міне осылар біздің бұрынғылар істеген істер, алайда исламның дұшпандары «ислам қанның діні, қылыштың діні, онда бәрі жаман» деп жалған сөз таратты, бұл айтқандары ақиқат емес, бұл олардың айтып жүрген кәнігі өтіріктерінің бірі. Ислам тек қана әділеттік әкеледі, ол зұлым билеушілерді орнынан алып жақсы билеушілерді қояды, ал әркім өз сенімінде қала беруіне болады, исламда ешкімнің адамдарды зорлап дінін, тілін не басқасын өзгертуіне еш хақысы жоқ, олай істеуге мүлдем болмайды.

Ал дін исламның жаулары не істеуде? олар Құдыс Йерусалимды басып алғанда не жасады? Олар келді де, ондағы мұсылман, христан, еврейлерден 8000 адамды өлтірді, олар сәби, бала-шаға, кәрі-жас, ұл-қыз, ер-әйел демей бәрін өлтірді, оларды азаптап кескілеп өлтірді, дін ислам дұшпандары осыны істеді ... одан келіп олар еш қымсынбастан «біз Иса пайғамбардың ерушілеріміз.» дейді, Иса пайғамбар «біреу оң бетіңе шапалақпен ұрса, сол бетіңді бер.» дейді, дін дұшпандары түкті де түсінбейтін надан жұрт, олардың барлығы мұнанфиқтар және ешқашан жақсы адамдардан емес.

Бұндағы маңыздысы пайғамбарымыздың ұлы сахабасы болған апасы Ұмм Харам бинт Милхан қазіреттің осы аралға келуі еді, ол кісіні біз Хала Сұлтан деп атаймыз, Хала Сұлтан қазірет сол кезден бастап осында әрі осы араға құт-берекесін үздіксіз төгуде және бұндағыларға қуанышпен тыныштық сйлауда. Оның мақамын христан, мұсылман не басқалар болсын ұдайы зиярат етеді, кеше 200-300 дей адам келді, келгендердің көбі мұсылмандар емес, бірақ Хала Сұлтан қазіреттің қасиеті оларды өзіне баурайды, оларды осы араға тартатын нәрсе осы қасиет еді, егер бұндай болмаса, адамдар бұнда келер ме? келгендер оның кесенесінің сыртынан ғана көріп кете беруіне болады ғой, бірақ олар ішіне кіріп ол кісінің мақам-қабырын көреміз дейді, бұлда пайғамбарымыздан келген мұғжизалардан. Барлық пайғамбарларда мұғжиза болады, пайғамбарымыз өзі бұл араға өмірінде келіп көрмеді, бірақ оны көрді, бұл оған еш қиын емес, сөйтіп Кипірді «жасыл арал» деп атады, пайғамбарымыз бүккіл ғаламдағы әр нәрсені көре алады, алла тағала пайғамбарымызға осындай мұғжизалар берген.

Алхамдұлилла, біз Хала Сұлтан сахаба қазіреттің осында екендігіне қатты қуанамыз, қияметке дейін де осылай бола бермек, ол осындағы оны сүйетіндермен бірге, олда оларды сүйеді, қасиетті сахаба анамыз бұл аралымызға құт-берекесін төге бермек, иншалла, сонымен бірге ол осындағыларға хидаят тура жол бола бермек.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=148