You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=126
Көре алмастық - ластықтың биік шыңы (2021.10.03)

«...және жаман адам көре алмастық еткен кезде келетін кесірлерден ...» (құран 113:05) делінеді құран кәримде, кейбір адамдар басқаларға жақсылықтың болуын қаламайды, олардың бар ойлайтыны жақсылықпен әдеміліктің жоқ болуы, олар әлде қандай жағымсыз хабар жетіп, жаман істер туылса бір қуанады. Бұндайлық жақсы қылық емес, ол шайтанның бір мінезінен әрі оны қасиетті пайғамбарымыз мүлдем ұнатпаған. Пайғамбарымыз «егер бір мұсылман өз мұсылман бауырларын өзіндей сүйе алмаса, ол шын иманға жете алмайды.» дейді.

Басқаларға жақсылықтар келіп жатса, олда айналып саған келетін болады, егер басқаларға жамандық келсе немесе бір елді кедейлік жайласа, барлығыңда бірдей оның әсеріне ұшырайтын боласыңдар. Ол сені айналып өтіп, басқаларға тиеді екен деме, ол бір адамға ғана емес, барлығыңа тиетін болады. Алла тағала басқаларға әдемі нығмет, жақсылық және иман берсе, барлығыңда оның пайдасын бірге көретін боласыңдар, ал керісінше болса, бәріңде бірдей зиян тартасыңдар, адамдар бұл жайлы жақсы ойлануы тиіс.

Көре алмастық атты жаман қасиет хақында олар ойланбайды да, олар «оларда бар екен, ол менде де болуға тиісті.» дейді, адамдардың көзі осылайша перделеніп, жүректері қараяды. Біз бұндай мінез-қылықтан мүлдем арылуымыз керек, ондай ластықты жүрегімізге салмауымыз керек, бірақ біз басқаларға көп жақсылық келген сайын, бізгеде сол жақсылық келеді деп ойлауымыз тиіс.

Жамандық бола қалса, оған қуану естінің ісі емес, біз жақсылыққа қуануымыз керек, жақсылық келсе алла тағалаға шүкіршілік айтып қуаналық, ол исламмен мұсылмандарға қайыр ала келсе екен деп тілелік. Шайтанмен оның достары және шайтанды жақсы көретіндер жақсылықтың болуын қаламайды, олар адамзатқа жамандық келсе екен деп тіленеді. Алла тағала жақсылықты, әдемілікті сүйеді, пайғамбарымызда солай, ал шайтан болса оның керісін сүйеді де, адамдарға мына дүниеде кедейлік, жамандық және бар жапа-машақатпен зорлық-зомбылықты тілейді, ол сонымен бірге адамдардың ақиретін күйреткісі келеді.

Сондықтан бұндай жаман қасиеттерді өзгерту керек, бұл қылық мұсылмандар арасына ұдайы кездеседі, не үшін? себебі басқалар шайтанға ерушілер, олар әлдеқашан жолдан шығып қалған, оларға бәрі бір болып, бар жамандықтың барлығын істейді, күллі жаман қылық-мінез соларда, олармен шаруа жасаудың қажеті жоқ, шайтан оларды әлдеқашан келістіріп тәрбиелегені соншалықты, олар тіпті шайтанның өзінен бетер зиянды махлұққа айналған, сол себепті осындай махлұққа айналмауы үшін адамдар жүрегінде бір ластық болса оны тазалауы және оны жүрегінен алып тастауы керек.

Алла тағала біздерді көре алмаушылық яғни хасадтан сақтасын, оның кесірі ең алдымен оны алып жүрушінің өзін ұрады, жұрт арасында «қызғаныш қандай әділ десейші! ол ең алдымен оны алып жүруші йесіне тиседі, алдымен йесін өлтіреді.» деген сөз бар. «Көре алмастық» өте әділ, оның әділдігі тамаша болғаны соншалықты, ол ең алдымен өзін алып жүруші йесіне қол салады, соңында оны өлтіреді. Іші қызғанышқа толы адам дүниенің дәмін білмей, әдемілікті көзі көрмей өтеді, бұл нағыз көр соқырлық, ол тойымсыздығы себепті өзін өзі өлтірді. Алла тағала біздерді шайтанның бұндай лас мінезінен қорғағай, ол ең нашар қасиет дүр, алла тағала баршамызды қызғаныштан және қызғаншақтардан сақтасын, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

كورە الماستىق - لاستىقتىڭ بيىك شىڭى (2021.10.03)

«...جانە جامان ادام كورە الماستىق ەتكەن كەزدە كەلەتىن كەسىرلەردەن ...» (قۇران 113:05) دەلىنەدى قۇران كاريمدە، كەيبىر ادامدار باسقالارعا جاقسىلىقتىڭ بولۋىن قالامايدى، ولاردىڭ بار ويلايتىنى جاقسىلىقپەن ادەمىلىكتىڭ جوق بولۋى، ولار الدە قانداي جاعىمسىز حابار جەتىپ، جامان ىستەر تۋىلسا ءبىر قۋانادى. بۇندايلىق جاقسى قىلىق ەمەس، ول شايتاننىڭ ءبىر مىنەزىنەن ءارى ونى قاسيەتتى پايعامبارىمىز مۇلدەم ۇناتپاعان. پايعامبارىمىز «ەگەر ءبىر مۇسىلمان ءوز مۇسىلمان باۋىرلارىن وزىندەي سۇيە الماسا، ول شىن يمانعا جەتە المايدى.» دەيدى.

باسقالارعا جاقسىلىقتار كەلىپ جاتسا، ولدا اينالىپ ساعان كەلەتىن بولادى، ەگەر باسقالارعا جاماندىق كەلسە نەمەسە ءبىر ەلدى كەدەيلىك جايلاسا، بارلىعىڭدا بىردەي ونىڭ اسەرىنە ۇشىرايتىن بولاسىڭدار. ول سەنى اينالىپ ءوتىپ، باسقالارعا تيەدى ەكەن دەمە، ول ءبىر ادامعا عانا ەمەس، بارلىعىڭا تيەتىن بولادى. اللا تاعالا باسقالارعا ادەمى نىعمەت، جاقسىلىق جانە يمان بەرسە، بارلىعىڭدا ونىڭ پايداسىن بىرگە كورەتىن بولاسىڭدار، ال كەرىسىنشە بولسا، بارىڭدە بىردەي زيان تارتاسىڭدار، ادامدار بۇل جايلى جاقسى ويلانۋى ءتيىس.

كورە الماستىق اتتى جامان قاسيەت حاقىندا ولار ويلانبايدى دا، ولار «ولاردا بار ەكەن، ول مەندە دە بولۋعا ءتيىستى.» دەيدى، ادامداردىڭ كوزى وسىلايشا پەردەلەنىپ، جۇرەكتەرى قارايادى. ءبىز بۇنداي مىنەز-قىلىقتان مۇلدەم ارىلۋىمىز كەرەك، ونداي لاستىقتى جۇرەگىمىزگە سالماۋىمىز كەرەك، بىراق ءبىز باسقالارعا كوپ جاقسىلىق كەلگەن سايىن، بىزگەدە سول جاقسىلىق كەلەدى دەپ ويلاۋىمىز ءتيىس.

جاماندىق بولا قالسا، وعان قۋانۋ ەستىنىڭ ءىسى ەمەس، ءبىز جاقسىلىققا قۋانۋىمىز كەرەك، جاقسىلىق كەلسە اللا تاعالاعا شۇكىرشىلىك ايتىپ قۋانالىق، ول يسلاممەن مۇسىلماندارعا قايىر الا كەلسە ەكەن دەپ تىلەلىك. شايتانمەن ونىڭ دوستارى جانە شايتاندى جاقسى كورەتىندەر جاقسىلىقتىڭ بولۋىن قالامايدى، ولار ادامزاتقا جاماندىق كەلسە ەكەن دەپ تىلەنەدى. اللا تاعالا جاقسىلىقتى، ادەمىلىكتى سۇيەدى، پايعامبارىمىزدا سولاي، ال شايتان بولسا ونىڭ كەرىسىن سۇيەدى دە، ادامدارعا مىنا دۇنيەدە كەدەيلىك، جاماندىق جانە بار جاپا-ماشاقاتپەن زورلىق-زومبىلىقتى تىلەيدى، ول سونىمەن بىرگە ادامداردىڭ اقيرەتىن كۇيرەتكىسى كەلەدى.

سوندىقتان بۇنداي جامان قاسيەتتەردى وزگەرتۋ كەرەك، بۇل قىلىق مۇسىلماندار اراسىنا ۇدايى كەزدەسەدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى باسقالار شايتانعا ەرۋشىلەر، ولار الدەقاشان جولدان شىعىپ قالعان، ولارعا ءبارى ءبىر بولىپ، بار جاماندىقتىڭ بارلىعىن ىستەيدى، كۇللى جامان قىلىق-مىنەز سولاردا، ولارمەن شارۋا جاساۋدىڭ قاجەتى جوق، شايتان ولاردى الدەقاشان كەلىستىرىپ تاربيەلەگەنى سونشالىقتى، ولار ءتىپتى شايتاننىڭ وزىنەن بەتەر زياندى ماحلۇققا اينالعان، سول سەبەپتى وسىنداي ماحلۇققا اينالماۋى ءۇشىن ادامدار جۇرەگىندە ءبىر لاستىق بولسا ونى تازالاۋى جانە ونى جۇرەگىنەن الىپ تاستاۋى كەرەك.

اللا تاعالا بىزدەردى كورە الماۋشىلىق ياعني حاسادتان ساقتاسىن، ونىڭ كەسىرى ەڭ الدىمەن ونى الىپ ءجۇرۋشىنىڭ ءوزىن ۇرادى، جۇرت اراسىندا «قىزعانىش قانداي ءادىل دەسەيشى! ول ەڭ الدىمەن ونى الىپ ءجۇرۋشى يەسىنە تيسەدى، الدىمەن يەسىن ولتىرەدى.» دەگەن ءسوز بار. «كورە الماستىق» وتە ءادىل، ونىڭ ادىلدىگى تاماشا بولعانى سونشالىقتى، ول ەڭ الدىمەن ءوزىن الىپ ءجۇرۋشى يەسىنە قول سالادى، سوڭىندا ونى ولتىرەدى. ءىشى قىزعانىشقا تولى ادام دۇنيەنىڭ ءدامىن بىلمەي، ادەمىلىكتى كوزى كورمەي وتەدى، بۇل ناعىز كور سوقىرلىق، ول تويىمسىزدىعى سەبەپتى ءوزىن ءوزى ءولتىردى. اللا تاعالا بىزدەردى شايتاننىڭ بۇنداي لاس مىنەزىنەن قورعاعاي، ول ەڭ ناشار قاسيەت ءدۇر، اللا تاعالا بارشامىزدى قىزعانىشتان جانە قىزعانشاقتاردان ساقتاسىن، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=126