You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=118
Бұл дүниемен ол дүниенің сұлтандары (2021.09.13)

Иншалла, біз бүгін қасиетті жерлердегі қасиетті әулие машайықтарымызды зиярат етпекке ниет еттік, иншалла, бізге олардың берекесі дарысын, олар зияратымызды қабыл қылғай, алла тағала олардың мақамдарын (дәреже) онан арман биіктете түскей. Олар бұл дүниемен ол дүние ақиреттің нағыз сұлтандары, ислам солардың берекетті шарапатымен дүниенің төрт бұрышына тараған, олар исламды тарату үшін қызмет етіп, ислам діні жолында тер төкті, осылайша әулиелердің қуатында өте көп адамдар тура жолға түсті. Әулиелер жүртты тек қана тура жолға бастап қоймай, оларға бұл дүниемен ақиреттің білімін үйретіп, олардың арасынан үлкен ғұламаларды тәрбиелеп шықты, одан соң олар өздерінің ерушілерімен мүриттерін жер-жерге жіберді және олар барған жерлерінде ислам дінін тарататын күшпен қайнар бұлаққа айналды. Олар алла тағаланың ризалығын сұрады, ешқашан дүниелік атақ-даңық сұраған емес, ал алла тағалада олардың еткен ниеттеріне қарай мархамет сиын берді, олардың есімдерімен амалдары қиямет күніне дейін жалғаспақ.

Ислам діні мүбарак пайғамбарымыз арқылы тарай бастағаннан бастап-ақ, адамдар оны күйретпекші болады, алайда ислам діні ақиқат дін болғандықтан оны күйретпек болғандар өздерін өздері күйретіп тынды, ондайлардың шаруасы бітіп, ісі тәрихқа айналып кетті, ол кездер фитна-бүлік шақтартұғын. Ислам дініне қарсы ұрыстар ешқашан толастаған емес, бірақ алла тағала әл-ғалип яғни жеңіске жетушы болып, алла тағаламен бірге болғандарда әрқашан жеңістікке жетушы болмақ.

Сондықтан да, бізге осы жолды алып келген осы мүбәрак қасиетті тұлғаларда өте үлкен химма (рухани күш) және еңбектер бар, олар ешқашан ерінбеген, олар күні-түні алла тағалаға құлшылық етіп, адамдары хақтың жолына бастайтын аралық болды, алла тағаланың хикіметінде олар адамзатқа жарықпен нұрды жеткізді, адамдарға сұлулықты және жақсылықты таратты, олар күллі жақсылық атаулыны үйреткен де, ешқашан жамандықпен сұмдықты үйретпеген. Олар адамгершіліктің нағыз үлгілері еді, милиондаған адам баласы олар арқылы тура жолға түсті әрі олардың берекесінде бұндай туралыққа жететіндердің легі үздіксіз артуда. Көптеген бей-мұсылмандар да олардың сондай бір сұлу ақылақ мөралдарынан және әдемі еңбектерінен өлшеусіз пайдаға кенелуде, тіпті осы бей-мұсылмандар сол арқылы хақтың жолы исламға келуде, осы әулие машайықтарымыз нағыз тура жолдағылардан дүр.

Алла тағала осы әулие машайықтардың мақам-дәрежелерін көтере бергей, иншалла олар біздің зияратымызды қабыл етіп, бізге өздерінің руханият шарапат берекесінен үлестер бергей, алла тағала біздерді ол арадан рухани сауғаларсыз қайтпауға нәсіп қылғай, біз құралақан бара жатырмыз, қайтарда біздерді тола береке симен қайтуға жазғай. Алла тағала зиярат сапарымызды жеңіл етіп, кедергісіз еткей, иншалла, алла тағала зияратшыларды аман барып аман келуге нәсіп еткей, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

بۇل دۇنيەمەن ول دۇنيەنىڭ سۇلتاندارى (2021.09.13)

ينشاللا، ءبىز بۇگىن قاسيەتتى جەرلەردەگى قاسيەتتى اۋليە ماشايىقتارىمىزدى زيارات ەتپەككە نيەت ەتتىك، ينشاللا، بىزگە ولاردىڭ بەرەكەسى دارىسىن، ولار زياراتىمىزدى قابىل قىلعاي، اللا تاعالا ولاردىڭ ماقامدارىن (دارەجە) ونان ارمان بيىكتەتە تۇسكەي. ولار بۇل دۇنيەمەن ول دۇنيە اقيرەتتىڭ ناعىز سۇلتاندارى، يسلام سولاردىڭ بەرەكەتتى شاراپاتىمەن دۇنيەنىڭ ءتورت بۇرىشىنا تاراعان، ولار يسلامدى تاراتۋ ءۇشىن قىزمەت ەتىپ، يسلام ءدىنى جولىندا تەر توكتى، وسىلايشا اۋليەلەردىڭ قۋاتىندا وتە كوپ ادامدار تۋرا جولعا ءتۇستى. اۋليەلەر ءجۇرتتى تەك قانا تۋرا جولعا باستاپ قويماي، ولارعا بۇل دۇنيەمەن اقيرەتتىڭ ءبىلىمىن ۇيرەتىپ، ولاردىڭ اراسىنان ۇلكەن عۇلامالاردى تاربيەلەپ شىقتى، ودان سوڭ ولار وزدەرىنىڭ ەرۋشىلەرىمەن مۇريتتەرىن جەر-جەرگە جىبەردى جانە ولار بارعان جەرلەرىندە يسلام ءدىنىن تاراتاتىن كۇشپەن قاينار بۇلاققا اينالدى. ولار اللا تاعالانىڭ ريزالىعىن سۇرادى، ەشقاشان دۇنيەلىك اتاق-داڭىق سۇراعان ەمەس، ال اللا تاعالادا ولاردىڭ ەتكەن نيەتتەرىنە قاراي مارحامەت سيىن بەردى، ولاردىڭ ەسىمدەرىمەن امالدارى قيامەت كۇنىنە دەيىن جالعاسپاق.

يسلام ءدىنى مۇباراك پايعامبارىمىز ارقىلى تاراي باستاعاننان باستاپ-اق، ادامدار ونى كۇيرەتپەكشى بولادى، الايدا يسلام ءدىنى اقيقات ءدىن بولعاندىقتان ونى كۇيرەتپەك بولعاندار وزدەرىن وزدەرى كۇيرەتىپ تىندى، وندايلاردىڭ شارۋاسى ءبىتىپ، ءىسى تاريحقا اينالىپ كەتتى، ول كەزدەر فيتنا-بۇلىك شاقتارتۇعىن. يسلام دىنىنە قارسى ۇرىستار ەشقاشان تولاستاعان ەمەس، بىراق اللا تاعالا ءال-عاليپ ياعني جەڭىسكە جەتۋشى بولىپ، اللا تاعالامەن بىرگە بولعانداردا ارقاشان جەڭىستىككە جەتۋشى بولماق.

سوندىقتان دا، بىزگە وسى جولدى الىپ كەلگەن وسى مۇباراك قاسيەتتى تۇلعالاردا وتە ۇلكەن حيمما (رۋحاني كۇش) جانە ەڭبەكتەر بار، ولار ەشقاشان ەرىنبەگەن، ولار كۇنى-ءتۇنى اللا تاعالاعا قۇلشىلىق ەتىپ، ادامدارى حاقتىڭ جولىنا باستايتىن ارالىق بولدى، اللا تاعالانىڭ حيكىمەتىندە ولار ادامزاتقا جارىقپەن نۇردى جەتكىزدى، ادامدارعا سۇلۋلىقتى جانە جاقسىلىقتى تاراتتى، ولار كۇللى جاقسىلىق اتاۋلىنى ۇيرەتكەن دە، ەشقاشان جاماندىقپەن سۇمدىقتى ۇيرەتپەگەن. ولار ادامگەرشىلىكتىڭ ناعىز ۇلگىلەرى ەدى، ميليونداعان ادام بالاسى ولار ارقىلى تۋرا جولعا ءتۇستى ءارى ولاردىڭ بەرەكەسىندە بۇنداي تۋرالىققا جەتەتىندەردىڭ لەگى ۇزدىكسىز ارتۋدا. كوپتەگەن بەي-مۇسىلماندار دا ولاردىڭ سونداي ءبىر سۇلۋ اقىلاق ءمورالدارىنان جانە ادەمى ەڭبەكتەرىنەن ولشەۋسىز پايداعا كەنەلۋدە، ءتىپتى وسى بەي-مۇسىلماندار سول ارقىلى حاقتىڭ جولى يسلامعا كەلۋدە، وسى اۋليە ماشايىقتارىمىز ناعىز تۋرا جولداعىلاردان ءدۇر.

اللا تاعالا وسى اۋليە ماشايىقتاردىڭ ماقام-دارەجەلەرىن كوتەرە بەرگەي، ينشاللا ولار ءبىزدىڭ زياراتىمىزدى قابىل ەتىپ، بىزگە وزدەرىنىڭ رۋحانيات شاراپات بەرەكەسىنەن ۇلەستەر بەرگەي، اللا تاعالا بىزدەردى ول ارادان رۋحاني ساۋعالارسىز قايتپاۋعا ءناسىپ قىلعاي، ءبىز قۇرالاقان بارا جاتىرمىز، قايتاردا بىزدەردى تولا بەرەكە سيمەن قايتۋعا جازعاي. اللا تاعالا زيارات ساپارىمىزدى جەڭىل ەتىپ، كەدەرگىسىز ەتكەي، ينشاللا، اللا تاعالا زياراتشىلاردى امان بارىپ امان كەلۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=118