You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=116
Әлемдік жүйені қазірет Махди өзгертеді (2021.09.11)

Алла тағала пайғамбарымызға «алла тағала адамдар өздеріндегіні өзгерітпей, МЕН оларды өзгерітпеймін. (Құран 13:11)» дейді, демек бұнда алла тағала адамдар өздерін өзгерітпейінше, олардың жағдайын да өзгерітпейтінін айтып отыр. Қазіргі кездегі адамдар өз ойындағыдай қалауларымен өмір сүріп отыр, олар дін және иман хақында еш ойланбайды, бұларды мүлдем елеусіз қалдырған, адамдар нәпсісі нені қаласа соны істеп жүр, сүйте тұра олар барлығының тағыда жақсы болуын қалайды және қазіргі дүние жағдайын түзегісі келеді, алайда өзің өзгермей жатып, халың өзгермек емес. Себебі қазіргі кезде сендер адамдарға жақсылықты емес, жамандықты үйретудесіңдер, жамандыққа үйретіп жатып сонымен бір уақытта онан қалайша жақсылық күтпексіңдер?

Қазір осындай ұқсас жүйе бүккіл жер бетіне әбден бекініп алды, қайда барсаң да алдыңнан шығатыны сол, оны өздері жахандану деп атайды, тіпті адамдардың кейбірі дүниенің бұл қырында, ал тағы біреуі ана қырында отырсада, олар ұқсас қылық-сипаттарға йе болып, бейне бір қалыптан шығарылғандай күйде. «Біз жоғарыдағыларды өзгерітсек, жағдайымыз өзгереді.» дейді олар, жарайды, олар сол жоғардағыларды өзгеріткен болсын-ақ, сонда ол жоғардағылар қайдан келді екен? төмендегі қалық жұрт өзгермесе, бұдан еш пайда келмек емес, себебі сендердің барлығың да ұқсас бір қалыптан (яғни жүйеден) шықтыңдар, бір-біріңмен өзара ұқсассыңдар. Жоғарыдағылары төмендегілерімен ұқсас болған жағдайда ешнәрсе өзгермек емес, бұндайда ұқсас жүйе еш өзгерместен өз өгіз аяңымен жүре береді, ал жағдайларыңда сол өзгермеген қалпы жалғаса беретін болады. Төмендегілерде басқа дүниеден келді ме? қайда барсаңда осы ұқсас жағдай яғни «қайда барсаңда қазанның құлағы төрттің» кебін киген, егер олар айдан немесе күннен келген адамдар болса жағдай ахуалдар өзгеруі мүмкін, бірақ олар ұқсас жүйедегі ұқсас адамдар болған жағдайда ешқашан ешнәрсе өзгермек емес, бұл кезде олардың өзгеруі жайлы ойлаудың өзі басы артық іс.

Қазір адам баласының барлығы нәпсісінің артына еріп алған, тек қана жеке бас пайдасын ғана ойлайды, олар атақ, ақша және нәпсі қалауларын қуалап кеткен, адамдарға еш пайдалы нәрсе әкеле алмайды. Көптеген адамдар қызмет өтейміз деп уәде беруін-ақ береді, бірақ білмейміз, мүмкін олар жаңа қауым ұрпақ болғандығынан болса керек, ештеңе өзгермейді, олар мәлім іс істесек, мына дүние өзгереді деп ойлайды. Алайда қазір ештеңе өзгермек емес, жүйе әлдеқашан бекініп орнады яғни ақырзаман жүйесі өз қалпына мықтап тұсіп алды, оны демократия, бүлік, шырға, төңкеріс немесе басқа жүйелер өзгерте алмақ емес, оны тек қана қазірет Махди әлейхисалам ғана өзгерте алады, ол алла тағаланың қасиетті жүйесін алып келетін болады, себебі қазіргі жүйе адам нәпсісімен құрылған жүйе, нәпсінің тойымсыз қалауларына, арсыздыққа және жамандыққа құрылған жүйе, қайда барсаң да ұқсас, мына дүниенің басқа бір жерінде керемет нәрсе барма екен деп дәмеленбе.

Кейбір адамдар жаңа нәрселерден бәлендей бір пайдаға кенелгісі келеді, ал бұл хақында абыржыма, олда шешіледі, оғанда жетесің, осы тектес жағдайлар дүниеде көптеп кездеседі. Османлы (Османлы Империясы) заманынан соң, біз өмір сұріп отырған мына заман жабабира яғни қараңғы надандық дәуіріне кірді, біздің осындай заманға кіретінімізді пайғамбарымыз сонау 1400 жыл бұрын баяндап кеткен. Жабабира яғни қараңғы надандық дегеніміз не? ол дегеніміз зұлымдық демекілік, ал кім зұлымдық көрсетуде? барлығымызда зұлымдық көрсетудеміз, дүниедегі адамзаттың мейлі жоғардағылары, мейлі төмендегілері болсын, барлығыда зұлымдық ішінде жүр. Ешкімніңде бәлен біреуді кіналап оған «сен әйттің, сен бүйттің» деп мін тағуының қажеті жоқ, жағдайымыздың түрі осы, біз өзгермей, басқалар өзгермейді.

Алла тағала халымізді өзгеріткей, ОЛ өзінің Сахибін (заман йесін) жіберіп үлкен өзгеріске сеп қылғай, бізде басқа үміт жоқ, одан басқа ешкімгеде үміт артпаймыз, одан басқа ешкім дүниені өзгерте алмақ емес. Сайлау, бұлік, төңкеріс немесе басқа жолдар халімізді өзгертеді деген есек дәмеде болма, алла тағалаға Заман Йесін жіберуге дұға ет, бата қыл, содан кейін ғана біздің хал және дүние халы өзгермек. Жүз президенттің күші де ешнәрсені өзгерте алмақ емес, алла тағала жағдайымызды оңалытқай, ал қазіргі дүние халіне алаң болма, себебі бұл заманның сипаты осылай, әрқандай нәрсе өз уақытымен келеді және кетеді, көп ауырлық болған сайын, алла тағала тағы бір шығар жолын ашпақ, иншалла. Қазірет Махди әлейхисалам келмей құтылыс жоқ, алла тағала оны тезірек жібергей және біздерді оған тыныштықпен амандық ішінде қауышуға нәсіп еткей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

الەمدىك جۇيەنى قازىرەت ماحدي وزگەرتەدى (2021.09.11)

اللا تاعالا پايعامبارىمىزعا «اللا تاعالا ادامدار وزدەرىندەگىنى وزگەرىتپەي، مەن ولاردى وزگەرىتپەيمىن. (قۇران 13:11)» دەيدى، دەمەك بۇندا اللا تاعالا ادامدار وزدەرىن وزگەرىتپەيىنشە، ولاردىڭ جاعدايىن دا وزگەرىتپەيتىنىن ايتىپ وتىر. قازىرگى كەزدەگى ادامدار ءوز ويىنداعىداي قالاۋلارىمەن ءومىر ءسۇرىپ وتىر، ولار ءدىن جانە يمان حاقىندا ەش ويلانبايدى، بۇلاردى مۇلدەم ەلەۋسىز قالدىرعان، ادامدار ءناپسىسى نەنى قالاسا سونى ىستەپ ءجۇر، سۇيتە تۇرا ولار بارلىعىنىڭ تاعىدا جاقسى بولۋىن قالايدى جانە قازىرگى دۇنيە جاعدايىن تۇزەگىسى كەلەدى، الايدا ءوزىڭ وزگەرمەي جاتىپ، حالىڭ وزگەرمەك ەمەس. سەبەبى قازىرگى كەزدە سەندەر ادامدارعا جاقسىلىقتى ەمەس، جاماندىقتى ۇيرەتۋدەسىڭدەر، جاماندىققا ۇيرەتىپ جاتىپ سونىمەن ءبىر ۋاقىتتا ونان قالايشا جاقسىلىق كۇتپەكسىڭدەر؟

قازىر وسىنداي ۇقساس جۇيە بۇككىل جەر بەتىنە ابدەن بەكىنىپ الدى، قايدا بارساڭ دا الدىڭنان شىعاتىنى سول، ونى وزدەرى جاحاندانۋ دەپ اتايدى، ءتىپتى ادامداردىڭ كەيبىرى دۇنيەنىڭ بۇل قىرىندا، ال تاعى بىرەۋى انا قىرىندا وتىرسادا، ولار ۇقساس قىلىق-سيپاتتارعا يە بولىپ، بەينە ءبىر قالىپتان شىعارىلعانداي كۇيدە. «ءبىز جوعارىداعىلاردى وزگەرىتسەك، جاعدايىمىز وزگەرەدى.» دەيدى ولار، جارايدى، ولار سول جوعارداعىلاردى وزگەرىتكەن بولسىن-اق، سوندا ول جوعارداعىلار قايدان كەلدى ەكەن؟ تومەندەگى قالىق جۇرت وزگەرمەسە، بۇدان ەش پايدا كەلمەك ەمەس، سەبەبى سەندەردىڭ بارلىعىڭ دا ۇقساس ءبىر قالىپتان (ياعني جۇيەدەن) شىقتىڭدار، ءبىر-بىرىڭمەن ءوزارا ۇقساسسىڭدار. جوعارىداعىلارى تومەندەگىلەرىمەن ۇقساس بولعان جاعدايدا ەشنارسە وزگەرمەك ەمەس، بۇندايدا ۇقساس جۇيە ەش وزگەرمەستەن ءوز وگىز اياڭىمەن جۇرە بەرەدى، ال جاعدايلارىڭدا سول وزگەرمەگەن قالپى جالعاسا بەرەتىن بولادى. تومەندەگىلەردە باسقا دۇنيەدەن كەلدى مە؟ قايدا بارساڭدا وسى ۇقساس جاعداي ياعني «قايدا بارساڭدا قازاننىڭ قۇلاعى ءتورتتىڭ» كەبىن كيگەن، ەگەر ولار ايدان نەمەسە كۇننەن كەلگەن ادامدار بولسا جاعداي احۋالدار وزگەرۋى مۇمكىن، بىراق ولار ۇقساس جۇيەدەگى ۇقساس ادامدار بولعان جاعدايدا ەشقاشان ەشنارسە وزگەرمەك ەمەس، بۇل كەزدە ولاردىڭ وزگەرۋى جايلى ويلاۋدىڭ ءوزى باسى ارتىق ءىس.

قازىر ادام بالاسىنىڭ بارلىعى ءناپسىسىنىڭ ارتىنا ەرىپ العان، تەك قانا جەكە باس پايداسىن عانا ويلايدى، ولار اتاق، اقشا جانە ءناپسى قالاۋلارىن قۋالاپ كەتكەن، ادامدارعا ەش پايدالى نارسە اكەلە المايدى. كوپتەگەن ادامدار قىزمەت وتەيمىز دەپ ۋادە بەرۋىن-اق بەرەدى، بىراق بىلمەيمىز، مۇمكىن ولار جاڭا قاۋىم ۇرپاق بولعاندىعىنان بولسا كەرەك، ەشتەڭە وزگەرمەيدى، ولار ءمالىم ءىس ىستەسەك، مىنا دۇنيە وزگەرەدى دەپ ويلايدى. الايدا قازىر ەشتەڭە وزگەرمەك ەمەس، جۇيە الدەقاشان بەكىنىپ ورنادى ياعني اقىرزامان جۇيەسى ءوز قالپىنا مىقتاپ ءتۇسىپ الدى، ونى دەموكراتيا، بۇلىك، شىرعا، توڭكەرىس نەمەسە باسقا جۇيەلەر وزگەرتە الماق ەمەس، ونى تەك قانا قازىرەت ماحدي الەيحيسالام عانا وزگەرتە الادى، ول اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى جۇيەسىن الىپ كەلەتىن بولادى، سەبەبى قازىرگى جۇيە ادام ناپسىسىمەن قۇرىلعان جۇيە، ءناپسىنىڭ تويىمسىز قالاۋلارىنا، ارسىزدىققا جانە جاماندىققا قۇرىلعان جۇيە، قايدا بارساڭ دا ۇقساس، مىنا دۇنيەنىڭ باسقا ءبىر جەرىندە كەرەمەت نارسە بارما ەكەن دەپ دامەلەنبە.

كەيبىر ادامدار جاڭا نارسەلەردەن بالەندەي ءبىر پايداعا كەنەلگىسى كەلەدى، ال بۇل حاقىندا ابىرجىما، ولدا شەشىلەدى، وعاندا جەتەسىڭ، وسى تەكتەس جاعدايلار دۇنيەدە كوپتەپ كەزدەسەدى. وسمانلى (وسمانلى يمپەرياسى) زامانىنان سوڭ، ءبىز ءومىر ءسۇرىپ وتىرعان مىنا زامان جابابيرا ياعني قاراڭعى ناداندىق داۋىرىنە كىردى، ءبىزدىڭ وسىنداي زامانعا كىرەتىنىمىزدى پايعامبارىمىز سوناۋ 1400 جىل بۇرىن بايانداپ كەتكەن. جابابيرا ياعني قاراڭعى ناداندىق دەگەنىمىز نە؟ ول دەگەنىمىز زۇلىمدىق دەمەكىلىك، ال كىم زۇلىمدىق كورسەتۋدە؟ بارلىعىمىزدا زۇلىمدىق كورسەتۋدەمىز، دۇنيەدەگى ادامزاتتىڭ مەيلى جوعارداعىلارى، مەيلى تومەندەگىلەرى بولسىن، بارلىعىدا زۇلىمدىق ىشىندە ءجۇر. ەشكىمنىڭدە بالەن بىرەۋدى كىنالاپ وعان «سەن ءايتتىڭ، سەن ءبۇيتتىڭ» دەپ ءمىن تاعۋىنىڭ قاجەتى جوق، جاعدايىمىزدىڭ ءتۇرى وسى، ءبىز وزگەرمەي، باسقالار وزگەرمەيدى.

اللا تاعالا ءحالىمىزدى وزگەرىتكەي، ول ءوزىنىڭ ءساحيبىن (زامان يەسىن) جىبەرىپ ۇلكەن وزگەرىسكە سەپ قىلعاي، بىزدە باسقا ءۇمىت جوق، ودان باسقا ەشكىمگەدە ءۇمىت ارتپايمىز، ودان باسقا ەشكىم دۇنيەنى وزگەرتە الماق ەمەس. سايلاۋ، بۇلىك، توڭكەرىس نەمەسە باسقا جولدار ءحالىمىزدى وزگەرتەدى دەگەن ەسەك دامەدە بولما، اللا تاعالاعا زامان يەسىن جىبەرۋگە دۇعا ەت، باتا قىل، سودان كەيىن عانا ءبىزدىڭ حال جانە دۇنيە حالى وزگەرمەك. ءجۇز پرەزيدەنتتىڭ كۇشى دە ەشنارسەنى وزگەرتە الماق ەمەس، اللا تاعالا جاعدايىمىزدى وڭالىتقاي، ال قازىرگى دۇنيە حالىنە الاڭ بولما، سەبەبى بۇل زاماننىڭ سيپاتى وسىلاي، ارقانداي نارسە ءوز ۋاقىتىمەن كەلەدى جانە كەتەدى، كوپ اۋىرلىق بولعان سايىن، اللا تاعالا تاعى ءبىر شىعار جولىن اشپاق، ينشاللا. قازىرەت ماحدي الەيحيسالام كەلمەي قۇتىلىس جوق، اللا تاعالا ونى تەزىرەك جىبەرگەي جانە بىزدەردى وعان تىنىشتىقپەن اماندىق ىشىندە قاۋىشۋعا ءناسىپ ەتكەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=116