You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=110
Амалдар ниетке байланысты (2021.09.04)

Мүбарак пайғамбарымыз хадис шәрифінде былай дейді:
«إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ».
Яғни «амалдар ниетке байлансты.» делінеді, демек еткен істерің жасаған ниетіңе қарай нәтижесін бермек демекілік. Кімде-кім алла тағала үшін деп ниет етсе, сол ниетпен істеген ісіне алла тағала өз сауабын силамақ. Имам Науауидың қырық хадисінің ең бірінші хадисы осы хадис болатұғын, ондағы бірінші хадис былай жазылған:
«إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى »,
мағынасы «амалдар ниетке байланысты болып, әркім еткен ниеті бойынша ісінің нәтижесін көреді.».

Мәселен, хижыра хақында айтар болсақ, алла тағала үшін хижыра еткендердің сауабын алла тағала береді, ал біреу бір әйелді сүйіп, сол әйелге үйленбек үшін хижыра етсе яғни көшсе, оның ниеті алла тағала немесе басқа үшін де болуы мүмкін, бірақ соңында оның жасаған хижырасының сауабы оның еткен ниеті бойынша есептелмек. Ертеде меккеден мединаға хижыра жасау міндеті бар болатұғын әрі мұндағы маңыздысы етілген ниеттің қандай болмағы еді. Сондықтан адамдар алла тағала үшін хижыра ететін, ал біреу бұл хижыраны бір әйелге үйленбек үшін немесе басқадай дүниелік істер үшін жасаса, онда ол адам бұл хижырасын алла тағала үшін емес, бірақ дүниелік пайда үшін жасаған болмақ.

Біз бұны мұнда не үшін айтып отырмыз? үйткені адамдар «мен оны сен үшін істедім немесе ол үшін істедім.» деген сияқты сөздері үнемі айтады. Әдетте бір іс етпек болсаң, оны алла тағала үшін істе, алла тағала мәңгілік, ал оның жаратылыстарымен пенделері уақытша ғана. Адам 5, 10, 20 немесе 100 жыл өмір сүрер, бәрібір соңында ол ақиретке аттанып, көзден ғайып болады, егер бірер істі мәлім бір адам үшін істеген болсаң, сауабыңды сол адамнан барып сұра! Алайда, істеріңды алла тағаланың ризалығы үшін істеген болсаң, ол тірліктеріңды «бәлен адам үшін түгілен іс істеп едім» деп елге ескертіп отырмас едің. Егер біреулерге еткен жақсы ісіңді жәриялап жүрсең, онда ол істеріңе алла тағаладан сауап жазылмайтын болады, демек бұндай ескертулерің саған ешқандай пайда алып келмейді, бірақ бар ісіңді пайдасыз-сауапсыз бос тірлікке айналдырмақ. Алла тағала үшін еткен істеріңді елге ескертпеуің немесе ол үшін ақысыныбауың керек, ал «мен сүйтіп едім, мен бүйтіп едім.» деп отырсаң, онда еткен істерің нөлге яғни бос сауапсыз іске айналмақ. Тіпті аса үлкен істер тындырған болсаңда, сол ескертулеріңмен ол істерің бұрынғысына қайтпақ, бейне машинадағы «нөлге қайтау» түймесін басқандай, ұқсас түрде еткен істерің «нөлге» айналады. Істеген істерің алла тағала үшін болса, оның сауабын алла тағала береді, тындырған істеріңнің пайдасына осылай кенелесің, егер іс-амалдарың көрер көзге көрсетпек үшін яки «мен үйткен едім, сүйткен едім» үшін болса, онда бұларыңнан саған шаршаумен ақшаны босқа шашудан басқа дәнеңеде келмек емес әрі еткен бар істерің бос нәрсеге айналады.

Осы себептерге байланысты, көтеріліп отырған бұл түйін аса маңызды түйіндерден болып саналады, айтып өткеніміздей хадистердің ішіндегі ең алғашқы хадис осы хадис болатұғын, медіресеге кірісімен ең алғаш үйретілетін сабақта осы хадис. Расында, бұл өте маңызды тақырып, егер адамдар оны түсіне алса, олар алла тағала үшін өмір сүріп әрі еткен әрбір ісін алла тағаланың ризалығы үшін істер еді. Адамдар істерін бәз біреулердің қолдап-қуаттауымен мадақ-мақтау «бәрекелдісіне» ие болуы үшін істесе, онда олардың онысынан оларға еш пайда келмейді, еткен ісіңді алла тағала білсе болғаны, сол жеткілікті. «Дәрияға нан қоқымын тастап қылған жақсылығыңды балық көрмеседе, құдай көреді.» деген аталы сөз айтпақшы, барлығы күллі нәрсе атаулыны жаратқан яғни алла әл-халық болған алла тағала үшін болсын.

Бұл заманның мұсылмандары әр ісін елге көрсету үшін істейді, біреу бірнәрсе жеп жатсада, оны суретке алып таратып жатады, ал басқа істері де осы іспеттес тірліктер яғни олар істеген істерін елге көрсетіп жәриялап әлек, бұл дүние қайда келіп қалды? Алла тағала баршамызды көтергей және санамызға жөн түсінерлік ақыл бергей.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

امالدار نيەتكە بايلانىستى (2021.09.04)

مۇباراك پايعامبارىمىز حاديس شاريفىندە بىلاي دەيدى:
«إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ».
ياعني «امالدار نيەتكە بايلانستى.» دەلىنەدى، دەمەك ەتكەن ىستەرىڭ جاساعان نيەتىڭە قاراي ناتيجەسىن بەرمەك دەمەكىلىك. كىمدە-كىم اللا تاعالا ءۇشىن دەپ نيەت ەتسە، سول نيەتپەن ىستەگەن ىسىنە اللا تاعالا ءوز ساۋابىن سيلاماق. يمام ناۋاۋيدىڭ قىرىق ءحاديسىنىڭ ەڭ ءبىرىنشى حاديسى وسى حاديس بولاتۇعىن، ونداعى ءبىرىنشى حاديس بىلاي جازىلعان:
«إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى »،
ماعىناسى «امالدار نيەتكە بايلانىستى بولىپ، اركىم ەتكەن نيەتى بويىنشا ءىسىنىڭ ناتيجەسىن كورەدى.».

ماسەلەن، حيجىرا حاقىندا ايتار بولساق، اللا تاعالا ءۇشىن حيجىرا ەتكەندەردىڭ ساۋابىن اللا تاعالا بەرەدى، ال بىرەۋ ءبىر ايەلدى ءسۇيىپ، سول ايەلگە ۇيلەنبەك ءۇشىن حيجىرا ەتسە ياعني كوشسە، ونىڭ نيەتى اللا تاعالا نەمەسە باسقا ءۇشىن دە بولۋى مۇمكىن، بىراق سوڭىندا ونىڭ جاساعان حيجىراسىنىڭ ساۋابى ونىڭ ەتكەن نيەتى بويىنشا ەسەپتەلمەك. ەرتەدە مەككەدەن مەديناعا حيجىرا جاساۋ مىندەتى بار بولاتۇعىن ءارى مۇنداعى ماڭىزدىسى ەتىلگەن نيەتتىڭ قانداي بولماعى ەدى. سوندىقتان ادامدار اللا تاعالا ءۇشىن حيجىرا ەتەتىن، ال بىرەۋ بۇل حيجىرانى ءبىر ايەلگە ۇيلەنبەك ءۇشىن نەمەسە باسقاداي دۇنيەلىك ىستەر ءۇشىن جاساسا، وندا ول ادام بۇل حيجىراسىن اللا تاعالا ءۇشىن ەمەس، بىراق دۇنيەلىك پايدا ءۇشىن جاساعان بولماق.

ءبىز بۇنى مۇندا نە ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز؟ ۇيتكەنى ادامدار «مەن ونى سەن ءۇشىن ىستەدىم نەمەسە ول ءۇشىن ىستەدىم.» دەگەن سياقتى سوزدەرى ۇنەمى ايتادى. ادەتتە ءبىر ءىس ەتپەك بولساڭ، ونى اللا تاعالا ءۇشىن ىستە، اللا تاعالا ماڭگىلىك، ال ونىڭ جاراتىلىستارىمەن پەندەلەرى ۋاقىتشا عانا. ادام 5، 10، 20 نەمەسە 100 جىل ءومىر سۇرەر، ءبارىبىر سوڭىندا ول اقيرەتكە اتتانىپ، كوزدەن عايىپ بولادى، ەگەر بىرەر ءىستى ءمالىم ءبىر ادام ءۇشىن ىستەگەن بولساڭ، ساۋابىڭدى سول ادامنان بارىپ سۇرا! الايدا، ىستەرىڭدى اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن ىستەگەن بولساڭ، ول تىرلىكتەرىڭدى «بالەن ادام ءۇشىن تۇگىلەن ءىس ىستەپ ەدىم» دەپ ەلگە ەسكەرتىپ وتىرماس ەدىڭ. ەگەر بىرەۋلەرگە ەتكەن جاقسى ءىسىڭدى ءجاريالاپ جۇرسەڭ، وندا ول ىستەرىڭە اللا تاعالادان ساۋاپ جازىلمايتىن بولادى، دەمەك بۇنداي ەسكەرتۋلەرىڭ ساعان ەشقانداي پايدا الىپ كەلمەيدى، بىراق بار ءىسىڭدى پايداسىز-ساۋاپسىز بوس تىرلىككە اينالدىرماق. اللا تاعالا ءۇشىن ەتكەن ىستەرىڭدى ەلگە ەسكەرتپەۋىڭ نەمەسە ول ءۇشىن اقىسىنىباۋىڭ كەرەك، ال «مەن ءسۇيتىپ ەدىم، مەن ءبۇيتىپ ەدىم.» دەپ وتىرساڭ، وندا ەتكەن ىستەرىڭ نولگە ياعني بوس ساۋاپسىز ىسكە اينالماق. ءتىپتى اسا ۇلكەن ىستەر تىندىرعان بولساڭدا، سول ەسكەرتۋلەرىڭمەن ول ىستەرىڭ بۇرىنعىسىنا قايتپاق، بەينە ماشيناداعى «نولگە قايتاۋ» تۇيمەسىن باسقانداي، ۇقساس تۇردە ەتكەن ىستەرىڭ «نولگە» اينالادى. ىستەگەن ىستەرىڭ اللا تاعالا ءۇشىن بولسا، ونىڭ ساۋابىن اللا تاعالا بەرەدى، تىندىرعان ىستەرىڭنىڭ پايداسىنا وسىلاي كەنەلەسىڭ، ەگەر ءىس-امالدارىڭ كورەر كوزگە كورسەتپەك ءۇشىن ياكي «مەن ۇيتكەن ەدىم، سۇيتكەن ەدىم» ءۇشىن بولسا، وندا بۇلارىڭنان ساعان شارشاۋمەن اقشانى بوسقا شاشۋدان باسقا دانەڭەدە كەلمەك ەمەس ءارى ەتكەن بار ىستەرىڭ بوس نارسەگە اينالادى.

وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى، كوتەرىلىپ وتىرعان بۇل ءتۇيىن اسا ماڭىزدى تۇيىندەردەن بولىپ سانالادى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي حاديستەردىڭ ىشىندەگى ەڭ العاشقى حاديس وسى حاديس بولاتۇعىن، مەدىرەسەگە كىرىسىمەن ەڭ العاش ۇيرەتىلەتىن ساباقتا وسى حاديس. راسىندا، بۇل وتە ماڭىزدى تاقىرىپ، ەگەر ادامدار ونى تۇسىنە السا، ولار اللا تاعالا ءۇشىن ءومىر ءسۇرىپ ءارى ەتكەن ءاربىر ءىسىن اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن ىستەر ەدى. ادامدار ىستەرىن ءباز بىرەۋلەردىڭ قولداپ-قۋاتتاۋىمەن ماداق-ماقتاۋ «بارەكەلدىسىنە» يە بولۋى ءۇشىن ىستەسە، وندا ولاردىڭ ونىسىنان ولارعا ەش پايدا كەلمەيدى، ەتكەن ءىسىڭدى اللا تاعالا بىلسە بولعانى، سول جەتكىلىكتى. «دارياعا نان قوقىمىن تاستاپ قىلعان جاقسىلىعىڭدى بالىق كورمەسەدە، قۇداي كورەدى.» دەگەن اتالى ءسوز ايتپاقشى، بارلىعى كۇللى نارسە اتاۋلىنى جاراتقان ياعني اللا ءال-حالىق بولعان اللا تاعالا ءۇشىن بولسىن.

بۇل زاماننىڭ مۇسىلماندارى ءار ءىسىن ەلگە كورسەتۋ ءۇشىن ىستەيدى، بىرەۋ بىرنارسە جەپ جاتسادا، ونى سۋرەتكە الىپ تاراتىپ جاتادى، ال باسقا ىستەرى دە وسى ىسپەتتەس تىرلىكتەر ياعني ولار ىستەگەن ىستەرىن ەلگە كورسەتىپ ءجاريالاپ الەك، بۇل دۇنيە قايدا كەلىپ قالدى؟ اللا تاعالا بارشامىزدى كوتەرگەي جانە سانامىزعا ءجون تۇسىنەرلىك اقىل بەرگەي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=110