You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=105
АЛЛА тағала жүрегіңе қарайды

Қазірет Иман Ғазали «адам өлгенде, ол ұйқысынан оянған ұйқышы болады.» деп айтады. Адам мына сурет секілді елес дүниені тастап, шын өмірге кіреді әрі онда ол дереу бұл дүниеде өткізген өмірінің есебіне бетпе-бет келеді, тіпті ол қабырға кіруден бұрын, раббысы болған алла тағаланың сұрайтын 40 сұрағымен сұралады. Бұндағы ең алдымен сұралатын ең маңызды сұрақ мына сұрақ еді.

Я менің пендем, дүниедегі тірлігіңде өзіңнің сыртқы бет-бейне көрнісіңе тым көңіл бөлуші едің, басқа пенделеріме жақсы көрінбек үшін әдемі киініп, шашыңды тарайтынсың. Ал енді, сен МЕНІМЕН кездесу үшін жүрегіңді дайындауға әбігерлендің бе? Сен білесің, МЕН сенің сырытқы бейнеңе, тән сұлулығыңа, шашыңмен теріңнің түсіне, бойыңның биік не аласалығына қарамаймын. МЕНІҢ сенен талап еткенім жүрегіңді тазалап МЕНІҢ құзіретіме дайындалуың, маған қарай жүрегіңмен бұрылуың әрі бұрынғы кеткен орныңа қайта баруың емес екендігінде білесің, сонымен бірге ең соңында мына дүниеден кететіндігіңді де білесің емеспе?

Қасиетті құран кәримде «адамның кеуде қуысында екі жүрек болмайды.» деп жәриялайды. Сондықтан барлық сопылық жолдағылардың мақсаты - жүрегін бөтен нәрселедің жаулап алуынан тазалап, алла тағала бүккілдей бұрылу. Міне осыны жүректің тазалануы (тәзкия) деп атайды, ол жүзеге асқанда, алла тағаланың мәңгілік нұры жүрекке түсіп, одан ол нұр жүрек айнасынан сыртқа жарқырай тарайтын болады.


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мұхаммад Назым Әділ әл-Хаққани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


اللا تاعالا جۇرەگىڭە قارايدى

قازىرەت يمان عازالي «ادام ولگەندە، ول ۇيقىسىنان ويانعان ۇيقىشى بولادى.» دەپ ايتادى. ادام مىنا سۋرەت سەكىلدى ەلەس دۇنيەنى تاستاپ، شىن ومىرگە كىرەدى ءارى وندا ول دەرەۋ بۇل دۇنيەدە وتكىزگەن ءومىرىنىڭ ەسەبىنە بەتپە-بەت كەلەدى، ءتىپتى ول قابىرعا كىرۋدەن بۇرىن، راببىسى بولعان اللا تاعالانىڭ سۇرايتىن 40 سۇراعىمەن سۇرالادى. بۇنداعى ەڭ الدىمەن سۇرالاتىن ەڭ ماڭىزدى سۇراق مىنا سۇراق ەدى.

يا مەنىڭ پەندەم، دۇنيەدەگى تىرلىگىڭدە ءوزىڭنىڭ سىرتقى بەت-بەينە كورنىسىڭە تىم كوڭىل ءبولۋشى ەدىڭ، باسقا پەندەلەرىمە جاقسى كورىنبەك ءۇشىن ادەمى كيىنىپ، شاشىڭدى تارايتىنسىڭ. ال ەندى، سەن مەنىمەن كەزدەسۋ ءۇشىن جۇرەگىڭدى دايىنداۋعا ابىگەرلەندىڭ بە؟ سەن بىلەسىڭ، مەن سەنىڭ سىرىتقى بەينەڭە، ءتان سۇلۋلىعىڭا، شاشىڭمەن تەرىڭنىڭ تۇسىنە، بويىڭنىڭ بيىك نە الاسالىعىنا قارامايمىن. مەنىڭ سەنەن تالاپ ەتكەنىم جۇرەگىڭدى تازالاپ مەنىڭ قۇزىرەتىمە دايىندالۋىڭ، ماعان قاراي جۇرەگىڭمەن بۇرىلۋىڭ ءارى بۇرىنعى كەتكەن ورنىڭا قايتا بارۋىڭ ەمەس ەكەندىگىندە بىلەسىڭ، سونىمەن بىرگە ەڭ سوڭىندا مىنا دۇنيەدەن كەتەتىندىگىڭدى دە بىلەسىڭ ەمەسپە؟

قاسيەتتى قۇران كاريمدە «ادامنىڭ كەۋدە قۋىسىندا ەكى جۇرەك بولمايدى.» دەپ ءجاريالايدى. سوندىقتان بارلىق سوپىلىق جولداعىلاردىڭ ماقساتى - جۇرەگىن بوتەن نارسەلەدىڭ جاۋلاپ الۋىنان تازالاپ، اللا تاعالا بۇككىلدەي بۇرىلۋ. مىنە وسىنى جۇرەكتىڭ تازالانۋى (تازكيا) دەپ اتايدى، ول جۇزەگە اسقاندا، اللا تاعالانىڭ ماڭگىلىك نۇرى جۇرەككە ءتۇسىپ، ودان ول نۇر جۇرەك ايناسىنان سىرتقا جارقىراي تارايتىن بولادى.


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مۇحامماد نازىم ءادىل ءال-حاققاني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=105