Сұхбат: Қожа Ахмет Яссауи әулие 126 жыл өмір сүрген, ол 63 жыл жер үстінде, 63 жыл жер астында жасаған (2026.10.21 / Хижри 1448-жыл 10-Жұмада Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8977
Сұхбат: Қожа Ахмет Яссауи әулие 126 жыл өмір сүрген, ол 63 жыл жер үстінде, 63 жыл жер астында жасаған (2026.10.21 / Хижри 1448-жыл 10-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Kuala Lumpur, Malaysia, 2026) Малайзияда айтылған сұхбат. Біз қайта кездескеніміз үшін Алла Әззә уә-Жәлләға алғыс айтудамыз, біз әрдайым Аллаға алғыс айтуымыз керек, себебі, Ол бізге жақсы құлдарымен, жақсы адамдарымен бірге болуға орай берді. Біз өміріміздің әр минутында Аллаға алғыс айтуымыз керек. Мәуләнә Шайық, «тірі кезіңдегі бір тыныс өміріңде айтқан ләиләха иллаллахың, зікірмен сұхбатта болғаның, көрде жатқан мың жылыңнан артық» деп, ұдайы айтып отыратын. Көптеген адамдар өмірге риза емес жүреді, тіпті кейбір құтырған адамдар өздерін өлтіреді, немесе өлім тілейді, бұл жақсы нәрсе емес. Себебі, барлығы мүмин үшін қайырлы болады, мүмин үшін ештеңе жаман болмас, Алла ﷻ сізге бір нығымет бергенде, оған риза болуыңыз керек. Ал сіз Аллаға шүкірлік еткен кезде, Алла сізге сауап береді, және риза болады. Егер бір бәле-қала, немесе қиындық келе қалса да, сіз, «әлхамдулилла» деп айтыңыз, Алла ﷻ осы үшін де сізге сауап береді.
Демек, өмірде туылып жатқан кезкелген қиындық немесе жаман іс болсын, сауапсыз кетпейді, сол үшін, пайғамбарымыз ﷺ, «мүминнің хәлі тым ғажайып, оған жақсы іс туылса да, жаман іс туылса да, ол бірдей сауап алар» дейді. Демек, ешбір хәл-жағдай Алладан береке келмей босқа өтіп кетпейді, сіз осыны білуіңіз керек. Мәуләнә Шайық сұхбат айтып жатқанда, адамдар анда я мұнда қозғалса, я ары бері жүрсе, қатты ашуланатын еді, бұлай етудің керегі жоқ. Себебі, бұндай істер келіп жатқан рахым тәжәллиін бұзады, сөйлемеңіздер, Алладан түскен рахым біздің жиналысымызға жетіп асады, ал манағындай істер қажетсіз. Жиналысымыз Алла үшін, оны түсінерсіз я түсінбессіз, ол мәселе емес. Бірақ, әлхамдулилла, дүниедегі көптеген адамдар оны түсінеді, әлхамдулилла, олар әр жерден келіп жатыр.
Олар қуанып жүр, иншалла, жиналысымыз аса маңызды, себебі, біз пайғамбарымыз ﷺның, сахабалардың, әулиелердің, және әхлул-бәйіттердің жолын жалғастырудамыз. Біздің жолымыз барлығы ұқсас, әлхамдулилла, сіздердің көбіңіз сонау тым алыс жерлерден келдіңіздер, қытай, индия, түрікменістан сияқты елдерден келдіңіздер. Олар әр жерден Алла үшін келуде, Алла оларға сауап беретін болады, ал осыған үлкен мысал, Сәйдина Абдул-Қадір Әл-Ғейлани хазірет еді, ғәләллаху дәрәжатуху дайман, Алла оның дәрежесін ұдайы көтере бергей. Ол баз, хадри баз еді, демек, ол, «менің аяғым әрбір әулиенің мойынында» деп айтқан өте ұлық әулие еді. Мүмкін адамдар, «ол бұны қалай айтты, оның аяғы қалай біздің машайықтарымыздың мойынында болмақ» деп ойлауы мүмкін. Ал машайықтарда мәселе жоқ, егер олар бұған риза болмаса, машайық болмас еді.
Көптеген адам әулиелердің айтқандарының хикіметін түсінбейді, ал сіз, «иә, ол ұлық әулие, біз оған қарсы емеспіз» деуіңіз керек. Сәйдина Әбдул-Қадір Әл-Ғейлани әулие Ғейланда туылған, ол қазіргі иранның солтүстік жағы, Алла оған әулиеге және үйренуге деген махаббат берген. Ол әкесі ерте қайтыс болып, жетім өсті, оның анасымен бір бауыры болды, ол анасына, «мен кетіп, әулиелермен бірге болғым келеді, олардан үйренгім келеді, Аллаға жақын болғым келеді» дейді. Ал оның анасы оған сәл алаңдар, және, «қалай барасың» деп, көптеген сөз айтар. Бірақ ол қоймайды, сонда анасы оған, «жарайды, әкеңнен мұраға қалған 80 динар алтын ақша бар, оның 40 алтынын саған, 40 алтынын бауырыңа беремін» дейді. Ол оны оның жанқалтасына салып, ұрланып я жоғалып қалмауы үшін, оның жіппен тігіп қояды. Ол бағдатқа баратын керуенмен жолға шығады, ол кезде бағдат қаласы көптеген әулиелер тұратын білімнің шаһары еді.
Ал жолда қарақшылар бар еді, онда атышулы 60 я 66 қарақшы бар болатын, олар керуенге шабуылдап, адамдардың барлық нәрсесін тонап әкетеді. Сол кезде бір қарақшы оған келіп, «сенде не бар» деп, жәй сұрар, сонда ол, «менің жанқалтамда алтын бар» дейді, қарақшы оған қарар, және қарамаққа ол бардам емес кішкене баланы көрер. Ал қарақшы кетіп қалар, одан басқа қарақшылар келіп, ұқсас сұрауды сұрар, ұқсас іс қайталанар. Олар бұны атаманына, қарақшылар бастығына айтар, және, «мына бала бізбен қалжыңдап тұрған сияқты» дер. Ол, «жанқалтасын ашыңдар» дер, ашса, жанқалтасында расында 40 алтын ақша тұр, содан олар, «сен не үшін бұны бізге айттың, оны өзіңмен сақтауыңа болар еді ғой» дейді. Ол, «мен анама шын сөз айтуға уәде еткем, егер бірдеңе бола қалса, мен шындықты айтамын, ештеңені жасырмай тек расын айтамын деп, уәде еткем» дейді.
Ал бұны естігенде, қарақшылардың атаманы, «ох, бұл не тәйірі, бұл бала Алладан қорқады екен, анасынан қорқады екен, ол өтірік айтпады, мен тәубе етіп, Алладан кешірім сұраймын, мен адамдардан тонап алған нәрселерімді қайтарып беремін» дейді. Басқа қарақшылар да, «атаманымыз тәубеге келді, ол қарақшылықта біздің атаманымыз еді, қазір ол Аллаға бұрылды» дер. Міне осылай Сәйдина Әбдул-Қадір Әл-Ғейлани хазіреттің берекесімен 60 қарақшының барлығы жақсы адамдарға өзгереді, Алла ﷻ оларды қабыл етеді. Міне бұл, яғни, адамдарға жақсылық үйрету, ұрлық қылмау, ел алдамау, елге жамандық қылмау сияқтылар әулиелердің жолы. Әлхамдулилла, ол өте үлкен әулие, және ұқсас уақытта ол әулие Сәйдина Юсуф Әл-Хамадани хазіреттен де үйренді, ал хамадан да ғейланға жақын жер, қазір әрине ол біраз алыс, ұқсамаған шәхар. Сонымен бірге Юсуф Әл-Хамадани Қожа Әхмет Ясауи хазіреттің де пір-шайығы еді.
Мүмкін сіздер Сәйдина Қожа Ахмет Ясауи хазірет жайлы көп естімеген шығарсыздар, бірақ ол өте ұлық адам болған, оның жүзмыңдаған шәкірті болған. Ол 63 жасқа келген соң, үйінің астын қазып, жер астында тұрған, ол, «пайғамбарымыз 63 жастан соң жер үстінде болмады, сондықтан, жер үстінде жүре алмаймын» дейді. Содан ол жердің астында өмір сүреді, жер астына зауия жасап, үстіге мүлдем шықпады, айтып өткеніміздей, оның жүзмыңдаған шәкірті болған. Олар жердің шығысымен батысына барды, көбі батыс жаққа келді, әрине, менше олар осы жақтарға да келді. Себебі, олар барған барлық жерде осыбір әулие-машайықтардың берекесі бар, олар исламды таратты. Оның және Сәйдина Әбдул-Қадір Әл-Ғейлани хазірет екеуінің мүриттері адамдардың жүрегін алдын ала ашып қойғандықтан, ел-жұрттың бәрі ислам армиясының келіп, зұлымдықты жоғалтуын күтетін еді.
Сондықтан, жұрт оған жұрт қуанатын, елін тастап қаңғып кетпейтін, мұсылмандар оларды елінен қуаламайтын, демек, ислам - бір рахым, ал сопылық тәриқат, әсіресе ел-жұртты адамға мейірімді болуға тәрбиелейді. Ал адамдарға рахымды болу, оларға жақсы үлгі көрсету, оларды жәннәттық етеді, міне бұлар олардың адамдарға берген ең үлкен рахымы. Көптеген адам олар арқылы хидаятқа келді, ал сопылық тәриқаттық болмаған, немесе пайғамбарымызды, әулиелерді, сахабаларды, әхлул-бәйіттерді құрметтемейтін топтардың армиясы исламға еш жақсылық істеген жоқ. Олар әрдайым исламға мәселе тудырып, ел-жұртты исламнан қашыруда, сондықтан, сопылық тәриқат аса маңызды. Сіздер ұлы әулиелердің, ұлы адамдардың исламға қалай қызмет өтегенін көрдіңіздер, олар батыстан шығысқа дейін қызмет өтеп, милиондаған, милиярттаған адамдарды жәннәттық етті, исламнан қашырмады.
Олар ел-жұртты исламға шақырды, ал сопылық тәриқатқа қарсылар, шәриғатқа қарсылар еш пайда бере алмайды, және көптеген адамдар солар жағынан алданып қалды. Не үшін? себебі олар алдамшылар еді, суайыттар еді, өтірікшілер еді, ал біздің жолда, исламда алдамшылар болмауы керек, әсіресе мұсылман ондай болуына болмайды. Ал манағы адамдар 100 пайыз алдамшылар, демек, сопылық тәриқатқа, мәзхапқа, шәриғатқа, ақидаға қарсылар шетінен алдамшылардан болар. Олар ел-жұртты жолдан шығара алмаған соң, оларды жолдан қашыруға, қарсы жолға түсіруге кірісіп кетті, жәннәтқа емес, тозаққа баруға бастады. Міне бұл олардың жолы, ол шайтанның жолы, құранда да бұл көп рет айтылған, демек, шайтан өзіне еретін адамдарды төтесінен тозаққа алып кетеді.
Алла ﷻ бізді және үмбетті бұл адамдардан сақтағай, ел-жұртты осындай сұрқия адамдарға алданудан сақтағай, және бізге жәрдем еткей, иншалла. Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺ уәде еткен Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламды мына дүниені тазалауға жібергей. Қазір бұл дүние рухани жақтан тым ластанып кетті, ақиқатында барлығы ластанды, кірлеп кетті, жақсы ештеңені таба алмайсыз, барлығы адамдарды жаман сезінуге салып қойды. Ал осы ластықтар тек қана Сәйдина Әл-Мәхди хазірет арқылы тазаланар, сонда ол қалай тазаланады? демек, Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺға бүкіл дүниенің мұсылман болатындығын уәде еткен, ал мұсылмандар таза. Барлығы тазаланар, және иншалла, біз ол кезден алыс емеспіз, себебі барлығы өз ақырына жетті. Алла бізге жәрдем еткей, иншалла, барлығымыз сол күнге жетейік, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قوجا احمەت ياسساۋي اۋليە 126 جىل ءومىر سۇرگەن، ول 63 جىل جەر ۇستىندە، 63 جىل جەر استىندا جاساعان (2026.10.21 / حيجري 1448-جىل 10-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Kuala Lumpur، Malaysia، 2026) مالايزيادا ايتىلعان سۇحبات. ءبىز قايتا كەزدەسكەنىمىز ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا العىس ايتۋدامىز، ءبىز ءاردايىم اللاعا العىس ايتۋىمىز كەرەك، سەبەبى، ول بىزگە جاقسى قۇلدارىمەن، جاقسى ادامدارىمەن بىرگە بولۋعا وراي بەردى. ءبىز ءومىرىمىزدىڭ ءار مينۋتىندا اللاعا العىس ايتۋىمىز كەرەك. ءماۋلانا شايىق، «ءتىرى كەزىڭدەگى ءبىر تىنىس ومىرىڭدە ايتقان ءلايلاحا يللاللاحىڭ، زىكىرمەن سۇحباتتا بولعانىڭ، كوردە جاتقان مىڭ جىلىڭنان ارتىق» دەپ، ۇدايى ايتىپ وتىراتىن. كوپتەگەن ادامدار ومىرگە ريزا ەمەس جۇرەدى، ءتىپتى كەيبىر قۇتىرعان ادامدار وزدەرىن ولتىرەدى، نەمەسە ءولىم تىلەيدى، بۇل جاقسى نارسە ەمەس. سەبەبى، بارلىعى ءمۇمين ءۇشىن قايىرلى بولادى، ءمۇمين ءۇشىن ەشتەڭە جامان بولماس، اللا ﷻ سىزگە ءبىر نىعىمەت بەرگەندە، وعان ريزا بولۋىڭىز كەرەك. ال ءسىز اللاعا شۇكىرلىك ەتكەن كەزدە، اللا سىزگە ساۋاپ بەرەدى، جانە ريزا بولادى. ەگەر ءبىر بالە-قالا، نەمەسە قيىندىق كەلە قالسا دا، ءسىز، «ءالحامدۋليللا» دەپ ايتىڭىز، اللا ﷻ وسى ءۇشىن دە سىزگە ساۋاپ بەرەدى.
دەمەك، ومىردە تۋىلىپ جاتقان كەزكەلگەن قيىندىق نەمەسە جامان ءىس بولسىن، ساۋاپسىز كەتپەيدى، سول ءۇشىن، پايعامبارىمىز ﷺ، «ءمۇميننىڭ ءحالى تىم عاجايىپ، وعان جاقسى ءىس تۋىلسا دا، جامان ءىس تۋىلسا دا، ول بىردەي ساۋاپ الار» دەيدى. دەمەك، ەشبىر ءحال-جاعداي اللادان بەرەكە كەلمەي بوسقا ءوتىپ كەتپەيدى، ءسىز وسىنى ءبىلۋىڭىز كەرەك. ءماۋلانا شايىق سۇحبات ايتىپ جاتقاندا، ادامدار اندا يا مۇندا قوزعالسا، يا ارى بەرى جۇرسە، قاتتى اشۋلاناتىن ەدى، بۇلاي ەتۋدىڭ كەرەگى جوق. سەبەبى، بۇنداي ىستەر كەلىپ جاتقان راحىم ءتاجالليىن بۇزادى، سويلەمەڭىزدەر، اللادان تۇسكەن راحىم ءبىزدىڭ جينالىسىمىزعا جەتىپ اسادى، ال ماناعىنداي ىستەر قاجەتسىز. جينالىسىمىز اللا ءۇشىن، ونى تۇسىنەرسىز يا تۇسىنبەسسىز، ول ماسەلە ەمەس. ءبىراق، ءالحامدۋليللا، دۇنيەدەگى كوپتەگەن ادامدار ونى تۇسىنەدى، ءالحامدۋليللا، ولار ءار جەردەن كەلىپ جاتىر.
ولار قۋانىپ ءجۇر، ينشاللا، جينالىسىمىز اسا ماڭىزدى، سەبەبى، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ، ساحابالاردىڭ، اۋليەلەردىڭ، جانە ءاحلۋل-بايىتتەردىڭ جولىن جالعاستىرۋدامىز. ءبىزدىڭ جولىمىز بارلىعى ۇقساس، ءالحامدۋليللا، سىزدەردىڭ كوبىڭىز سوناۋ تىم الىس جەرلەردەن كەلدىڭىزدەر، قىتاي، ينديا، تۇرىكمەنىستان سياقتى ەلدەردەن كەلدىڭىزدەر. ولار ءار جەردەن اللا ءۇشىن كەلۋدە، اللا ولارعا ساۋاپ بەرەتىن بولادى، ال وسىعان ۇلكەن مىسال، ءسايدينا ابدۋل-ءقادىر ءال-عەيلاني حازىرەت ەدى، ءعالاللاحۋ ءداراجاتۋحۋ دايمان، اللا ونىڭ دارەجەسىن ۇدايى كوتەرە بەرگەي. ول باز، حادري باز ەدى، دەمەك، ول، «مەنىڭ اياعىم ءاربىر اۋليەنىڭ مويىنىندا» دەپ ايتقان وتە ۇلىق اۋليە ەدى. مۇمكىن ادامدار، «ول بۇنى قالاي ايتتى، ونىڭ اياعى قالاي ءبىزدىڭ ماشايىقتارىمىزدىڭ مويىنىندا بولماق» دەپ ويلاۋى مۇمكىن. ال ماشايىقتاردا ماسەلە جوق، ەگەر ولار بۇعان ريزا بولماسا، ماشايىق بولماس ەدى.
كوپتەگەن ادام اۋليەلەردىڭ ايتقاندارىنىڭ حيكىمەتىن تۇسىنبەيدى، ال ءسىز، «ءيا، ول ۇلىق اۋليە، ءبىز وعان قارسى ەمەسپىز» دەۋىڭىز كەرەك. ءسايدينا ءابدۋل-ءقادىر ءال-عەيلاني اۋليە عەيلاندا تۋىلعان، ول قازىرگى يراننىڭ سولتۇستىك جاعى، اللا وعان اۋليەگە جانە ۇيرەنۋگە دەگەن ماحاببات بەرگەن. ول اكەسى ەرتە قايتىس بولىپ، جەتىم ءوستى، ونىڭ اناسىمەن ءبىر باۋىرى بولدى، ول اناسىنا، «مەن كەتىپ، اۋليەلەرمەن بىرگە بولعىم كەلەدى، ولاردان ۇيرەنگىم كەلەدى، اللاعا جاقىن بولعىم كەلەدى» دەيدى. ال ونىڭ اناسى وعان ءسال الاڭدار، جانە، «قالاي باراسىڭ» دەپ، كوپتەگەن ءسوز ايتار. ءبىراق ول قويمايدى، سوندا اناسى وعان، «جارايدى، اكەڭنەن مۇراعا قالعان 80 دينار التىن اقشا بار، ونىڭ 40 التىنىن ساعان، 40 التىنىن باۋىرىڭا بەرەمىن» دەيدى. ول ونى ونىڭ جانقالتاسىنا سالىپ، ۇرلانىپ يا جوعالىپ قالماۋى ءۇشىن، ونىڭ جىپپەن تىگىپ قويادى. ول باعداتقا باراتىن كەرۋەنمەن جولعا شىعادى، ول كەزدە باعدات قالاسى كوپتەگەن اۋليەلەر تۇراتىن ءبىلىمنىڭ شاھارى ەدى.
ال جولدا قاراقشىلار بار ەدى، وندا اتىشۋلى 60 يا 66 قاراقشى بار بولاتىن، ولار كەرۋەنگە شابۋىلداپ، ادامداردىڭ بارلىق نارسەسىن توناپ اكەتەدى. سول كەزدە ءبىر قاراقشى وعان كەلىپ، «سەندە نە بار» دەپ، ءجاي سۇرار، سوندا ول، «مەنىڭ جانقالتامدا التىن بار» دەيدى، قاراقشى وعان قارار، جانە قاراماققا ول باردام ەمەس كىشكەنە بالانى كورەر. ال قاراقشى كەتىپ قالار، ودان باسقا قاراقشىلار كەلىپ، ۇقساس سۇراۋدى سۇرار، ۇقساس ءىس قايتالانار. ولار بۇنى اتامانىنا، قاراقشىلار باستىعىنا ايتار، جانە، «مىنا بالا بىزبەن قالجىڭداپ تۇرعان سياقتى» دەر. ول، «جانقالتاسىن اشىڭدار» دەر، اشسا، جانقالتاسىندا راسىندا 40 التىن اقشا تۇر، سودان ولار، «سەن نە ءۇشىن بۇنى بىزگە ايتتىڭ، ونى وزىڭمەن ساقتاۋىڭا بولار ەدى عوي» دەيدى. ول، «مەن اناما شىن ءسوز ايتۋعا ۋادە ەتكەم، ەگەر بىردەڭە بولا قالسا، مەن شىندىقتى ايتامىن، ەشتەڭەنى جاسىرماي تەك راسىن ايتامىن دەپ، ۋادە ەتكەم» دەيدى.
ال بۇنى ەستىگەندە، قاراقشىلاردىڭ اتامانى، «وح، بۇل نە ءتايىرى، بۇل بالا اللادان قورقادى ەكەن، اناسىنان قورقادى ەكەن، ول وتىرىك ايتپادى، مەن تاۋبە ەتىپ، اللادان كەشىرىم سۇرايمىن، مەن ادامداردان توناپ العان نارسەلەرىمدى قايتارىپ بەرەمىن» دەيدى. باسقا قاراقشىلار دا، «اتامانىمىز تاۋبەگە كەلدى، ول قاراقشىلىقتا ءبىزدىڭ اتامانىمىز ەدى، ءقازىر ول اللاعا بۇرىلدى» دەر. مىنە وسىلاي ءسايدينا ءابدۋل-ءقادىر ءال-عەيلاني حازىرەتتىڭ بەرەكەسىمەن 60 قاراقشىنىڭ بارلىعى جاقسى ادامدارعا وزگەرەدى، اللا ﷻ ولاردى قابىل ەتەدى. مىنە بۇل، ياعني، ادامدارعا جاقسىلىق ۇيرەتۋ، ۇرلىق قىلماۋ، ەل الداماۋ، ەلگە جاماندىق قىلماۋ سياقتىلار اۋليەلەردىڭ جولى. ءالحامدۋليللا، ول وتە ۇلكەن اۋليە، جانە ۇقساس ۋاقىتتا ول اۋليە ءسايدينا يۋسۋف ءال-حاماداني حازىرەتتەن دە ۇيرەندى، ال حامادان دا عەيلانعا جاقىن جەر، ءقازىر ارينە ول ءبىراز الىس، ۇقساماعان ءشاحار. سونىمەن بىرگە يۋسۋف ءال-حاماداني قوجا احمەت ياساۋي حازىرەتتىڭ دە ءپىر-شايىعى ەدى.
مۇمكىن سىزدەر ءسايدينا قوجا احمەت ياساۋي حازىرەت جايلى كوپ ەستىمەگەن شىعارسىزدار، ءبىراق ول وتە ۇلىق ادام بولعان، ونىڭ ءجۇزمىڭداعان شاكىرتى بولعان. ول 63 جاسقا كەلگەن سوڭ، ءۇيىنىڭ استىن قازىپ، جەر استىندا تۇرعان، ول، «پايعامبارىمىز 63 جاستان سوڭ جەر ۇستىندە بولمادى، سوندىقتان، جەر ۇستىندە جۇرە المايمىن» دەيدى. سودان ول جەردىڭ استىندا ءومىر سۇرەدى، جەر استىنا زاۋيا جاساپ، ۇستىگە مۇلدەم شىقپادى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونىڭ ءجۇزمىڭداعان شاكىرتى بولعان. ولار جەردىڭ شىعىسىمەن باتىسىنا باردى، كوبى باتىس جاققا كەلدى، ارينە، مەنشە ولار وسى جاقتارعا دا كەلدى. سەبەبى، ولار بارعان بارلىق جەردە ءوسىبىر اۋليە-ماشايىقتاردىڭ بەرەكەسى بار، ولار يسلامدى تاراتتى. ونىڭ جانە ءسايدينا ءابدۋل-ءقادىر ءال-عەيلاني حازىرەت ەكەۋىنىڭ مۇريتتەرى ادامداردىڭ جۇرەگىن الدىن الا اشىپ قويعاندىقتان، ەل-جۇرتتىڭ ءبارى يسلام ارمياسىنىڭ كەلىپ، زۇلىمدىقتى جوعالتۋىن كۇتەتىن ەدى.
سوندىقتان، جۇرت وعان جۇرت قۋاناتىن، ەلىن تاستاپ قاڭعىپ كەتپەيتىن، مۇسىلماندار ولاردى ەلىنەن قۋالامايتىن، دەمەك، يسلام - ءبىر راحىم، ال سوپىلىق ءتاريقات، اسىرەسە ەل-جۇرتتى ادامعا مەيىرىمدى بولۋعا تاربيەلەيدى. ال ادامدارعا راحىمدى بولۋ، ولارعا جاقسى ۇلگى كورسەتۋ، ولاردى ءجانناتتىق ەتەدى، مىنە بۇلار ولاردىڭ ادامدارعا بەرگەن ەڭ ۇلكەن راحىمى. كوپتەگەن ادام ولار ارقىلى حيداياتقا كەلدى، ال سوپىلىق ءتاريقاتتىق بولماعان، نەمەسە پايعامبارىمىزدى، اۋليەلەردى، ساحابالاردى، ءاحلۋل-بايىتتەردى قۇرمەتتەمەيتىن توپتاردىڭ ارمياسى يسلامعا ەش جاقسىلىق ىستەگەن جوق. ولار ءاردايىم يسلامعا ماسەلە تۋدىرىپ، ەل-جۇرتتى يسلامنان قاشىرۋدا، سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقات اسا ماڭىزدى. سىزدەر ۇلى اۋليەلەردىڭ، ۇلى ادامداردىڭ يسلامعا قالاي قىزمەت وتەگەنىن كوردىڭىزدەر، ولار باتىستان شىعىسقا دەيىن قىزمەت وتەپ، ميليونداعان، ميليارتتاعان ادامداردى ءجانناتتىق ەتتى، يسلامنان قاشىرمادى.
ولار ەل-جۇرتتى يسلامعا شاقىردى، ال سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسىلار، ءشاريعاتقا قارسىلار ەش پايدا بەرە المايدى، جانە كوپتەگەن ادامدار سولار جاعىنان الدانىپ قالدى. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولار الدامشىلار ەدى، سۋايىتتار ەدى، وتىرىكشىلەر ەدى، ال ءبىزدىڭ جولدا، يسلامدا الدامشىلار بولماۋى كەرەك، اسىرەسە مۇسىلمان ونداي بولۋىنا بولمايدى. ال ماناعى ادامدار 100 پايىز الدامشىلار، دەمەك، سوپىلىق ءتاريقاتقا، ءمازحاپقا، ءشاريعاتقا، اقيداعا قارسىلار شەتىنەن الدامشىلاردان بولار. ولار ەل-جۇرتتى جولدان شىعارا الماعان سوڭ، ولاردى جولدان قاشىرۋعا، قارسى جولعا تۇسىرۋگە كىرىسىپ كەتتى، ءجانناتقا ەمەس، توزاققا بارۋعا باستادى. مىنە بۇل ولاردىڭ جولى، ول شايتاننىڭ جولى، قۇراندا دا بۇل كوپ رەت ايتىلعان، دەمەك، شايتان وزىنە ەرەتىن ادامداردى توتەسىنەن توزاققا الىپ كەتەدى.
اللا ﷻ ءبىزدى جانە ۇمبەتتى بۇل ادامداردان ساقتاعاي، ەل-جۇرتتى وسىنداي سۇرقيا ادامدارعا الدانۋدان ساقتاعاي، جانە بىزگە جاردەم ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺ ۋادە ەتكەن ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى مىنا دۇنيەنى تازالاۋعا جىبەرگەي. ءقازىر بۇل دۇنيە رۋحاني جاقتان تىم لاستانىپ كەتتى، اقيقاتىندا بارلىعى لاستاندى، كىرلەپ كەتتى، جاقسى ەشتەڭەنى تابا المايسىز، بارلىعى ادامداردى جامان سەزىنۋگە سالىپ قويدى. ال وسى لاستىقتار تەك قانا ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەت ارقىلى تازالانار، سوندا ول قالاي تازالانادى؟ دەمەك، اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺعا بۇكىل دۇنيەنىڭ مۇسىلمان بولاتىندىعىن ۋادە ەتكەن، ال مۇسىلماندار تازا. بارلىعى تازالانار، جانە ينشاللا، ءبىز ول كەزدەن الىس ەمەسپىز، سەبەبى بارلىعى ءوز اقىرىنا جەتتى. اللا بىزگە جاردەم ەتكەي، ينشاللا، بارلىعىمىز سول كۇنگە جەتەيىك، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8977