Сұхбат: қазіргі оқу-ағарту жүйесі шайтанның қулығына құрылған, ол адамдарды контролдауды мақсат етеді (2026.06.22 / Хижри 1448-жыл 07-Мұхаррам)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8852
Сұхбат: қазіргі оқу-ағарту жүйесі шайтанның қулығына құрылған, ол адамдарды контролдауды мақсат етеді (2026.06.22 / Хижри 1448-жыл 07-Мұхаррам)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Алла үшін сүю, Алла үшін жек көру - біздің міндетіміз, демек, Алла үшін сүю, Алла үшін жек көру, Алла үшін өмір сүру, және барлығын Алла үшін істеу қажеттілік-дүр. Ал біз өз кемшіліктеріміз үшін көңілсіз болуымыз керек, бірақ Алла ﷻ құлы істей алмаған істі кешіреді. Біз қателіктеріміз үшін өкіне тәубе етіп, кешірім сұрауымыз керек, сонда біз кешірілетін боламыз, бірақ адамдар қажетсіз болған бос нәрселер үшін қайғыланып, мазасын кетіріп жүр. Олар не үшін бұлай болды? себебі олар Алла Әззә уә-Жәлләның жолын тастап, адасқан түрде шайтанның жолына түсіп алды. Ал шайтанның жолы ешқашан жақсылыққа бастамайды, ешқашан пайда бермейді, мүмкін, ол ақша әкелер, ұқсамаған орайларды берер, бірақ оның бұлары ешқашан жақсылық әкелмейді.
Шайтанның жолына ілескендер үздіксіз ұтылады, тіпті істері қарамаққа жақсы көрінген сияқты болғанымен, олар құрдымға кетеді, ал адамдар, «қарашы, бұл адам шайтанның жолына ілесіп еді, табысқа жетті» дейді, және олар сол адамға ереді. Ал ақырында, олардың барлығы оған ереді, әрине, олардың барлығының бір жолда табысты бола қоюы мүмкін емес. Бірақ олар Алла Әззә уә-Жәлләның жолын тастайды, оны ұмытады, қате жолдарға түсіп кетеді. Кейін оларға мәлім істер туылып, олар талқан болады, быт-шыты шығады. Содан олар, «мына дүниеде бір ғана жол бар» деп ойлайды, және олар, «табысқа жетудің жолы сол» дейді, бірақ олардың бұл аталмыш табыс жолы, ақиқатында шайтанның жолы еді. Демек, олар жақсы жолды тастап, пайдасыз жолға түседі, яғни, олар Алланың жолын тастап, шайтанның жолына түсіп алады.
Алла Әззә уә-Жәллә әр адамға ерекше қасиет, ерекше сапа берген, алайда, қазіргі жүйе барлық адамды бір ғана жалғыз қалыпқа салып, құйып шығуға зорлайды, ал олардың бұл қалыбы сол, бір мүлдем бос өмір және бір пайдасыз өмір дағдысы еді. Демек, адамдар, «соңында біз бәлен табысқа жетеміз» деген оймен, көптеген жылдарын бір орында босқа өткізеді, бірақ соңында олар өкінішке қалады. Біздің айтып жатқанымыз осы жәйлы еді, біз оны өткен аптада, екі күннің алдында тағы көрдік. Халық, ел-жұрт кәдімгі қойға ұқсайды, ал оларға тек қана, «оқы, оқы, үйрен, үйрен» деп, айтылып келді, бейне бұл өмірде оқудан басқа іс қалмаған сияқты болып келді. Жақсы, сендер оларға тым қатты үйретіп жатсыңдар, бірақ онда да мәлім логика және салдар болуы керек емеспе. Мәселен, милион адам оқуға түсіп, ұқсас жұмысты істемек болса, сендер оның нәтижесі қалай болатынын ойласуларың керек. Содан сендер, «ох, биылғы емтихан өте қиын екен, көптеген адамдар одан өтпей қалыпты» дейсіңдер.
Ал олардың барлығы өтіп кетсе, не болмақ? кейін олардың барлығы қайдан жұмыс табады? өмірде басқа да жұмыстар бар емеспе, яғни, оқудан да басқа шаруалар бар, демек, барлық адамның бірдей оқи беруінің қажеті жоқ. Бірақ бұл шайтанның бір қулығы болып, олар бүкіл дүниені басқарып, ұстап отыратын нәрсе жасады, және олар сол арқылы өз ой-идеяларын оларға байлап таңады. Сонымен олар, «оқы, оқы» дейді, ал балалар 12 жыл оқиды, 20 жыл оқиды, бірақ ақырында олары пайдасыз болып шығады. Одан соң, олар еш жұмыс істей алмайды, тіпті оларды бір жұмысқа салсаңыз да, олар оны істей алмайды, себебі олардың қолдарына барлығы беріліп, даяр нәрсеге үйреніп қалған. Мәселен, оларға олардың отбасы қарайды, олар үйде кәдімгі патшамен қаншайым сияқты өмір сүреді, ал кейін олар өмірге кіріп, жұыс істей бастағанда, ештеңе істей алмайды. Сол үшін де осы жүйе дәл шайтанның жолынан-дүр.
Алайда, Алланың жолында әр адамға сай келетін іс-амал бар, Алла Әззә уә-Жәллә жағынан түзілген бір міндет бар. Бірақ адамдар өз пайдалары үшін манағы нәрселерден тыс, 12 жыл, я 15 жыл бойы оларды қалай басқарып, контролдауды үйретеді. Және олар адамдарды басқарып алып, «мына дүниеде осыдан басқа жол жоқ» деп үйретеді, жұртқа бір сәтке болса да еркіндік бермейді. Ал адамдар осы жолмен жүре береді, олар ел-жұртты алғашында зорлықты күшпен үйретсе, ал кейін келе ел-жұрт оған өз еріктерімен еретін болады. Сол үшін мен, «Алланың жолы ең әдемі жол» деп айтамын, ол жәйлы жол, рахат жол, әдемі жол, барша әдеміліктер де сол жолда. Ал біреу Алла ﷻдың жолын тастаған кезде, ол шайтанның жолына түсіп кететін болады. Содан, қаптаған барша жамандықтармен кесірлі істер алдан шығады, адасу, бұзықтық, және сан түрлі зұлымдықтар белең бастайды.
Себебі, олар адамдарға Алладан қорықпауды тықпалап, тек қана болашақ жәйлы алаңдаушылықты, және қалай өмір сүру жәйлы ғана үйренуді олардың санасына егеді. Олар ел-жұртты, «егер оқымасаңдар, егер университет бітірмесеңдер, қалай өмір сүресіңдер, кейін жағдайың қалай болмақ» деп қорқытады. Мемлекеттік механизимде осындай ұқсас жолда жүр, демек, деплом болмаса, ешкім жұмысқа кіре алмайды, ешкім оны жұмысқа алмайды. Ал сонда бұл депломда не жақсылық бар? егер олар үйренген нәрселерінің бір пайызын түсінсе де, он пайызды қоя тұралық, оларға риза болар едіңіз. Олар адамдарға өмірді осылай бос өткіздіріп қойды, олардың ақшасын алады, одан соң, «мына қоғам неге былай болып кетті, неге біз осындай жерге келіп қалдық» деп, бір-бірінен сұрайды.
Бірақ барлығы анық тұр емеспе, демек, жүйе және басқа барлығы тек бір сылтау ғана, ал барлығы мына дүниеде ұқсас, бұнда ғана емес, мына бүкіл дүние осылай болып кетті. Ол «жәһандану» деген атпен келді де, барлық адамзатты бір жалғыз формаға ғана енгізіп жіберді, және олар адамдарды, «сендер бұл жолдан шыға алмайсыңдар, егер шықсаңдар, құритын боласыңдар» деп қорқытады. Алайда, осы жүйенің сыртында тұрғандар, немесе бұл жүйеде көп тұрмағандар көбірек естияр келеді. Оларда өзіндік логика, ақыл-ой және естиярлық бар. Алла ﷻ бізді қорғағай. Олар соншама оқу үйретеді, сабақ өтеді, бірақ онда еш әдеп жоқ, еш құрмет қалмады, бұлар мүлдем жоқ, еш құны қалмады. Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, және сахипты жіберіп, бізді құтқарғай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قازىرگى وقۋ-اعارتۋ جۇيەسى شايتاننىڭ قۋلىعىنا قۇرىلعان، ول ادامداردى كونترولداۋدى ماقسات ەتەدى (2026.06.22 / حيجري 1448-جىل 07-مۇحاررام)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) اللا ءۇشىن ءسۇيۋ، اللا ءۇشىن جەك كورۋ - ءبىزدىڭ مىندەتىمىز، دەمەك، اللا ءۇشىن ءسۇيۋ، اللا ءۇشىن جەك كورۋ، اللا ءۇشىن ءومىر ءسۇرۋ، جانە بارلىعىن اللا ءۇشىن ىستەۋ قاجەتتىلىك-ءدۇر. ال ءبىز ءوز كەمشىلىكتەرىمىز ءۇشىن كوڭىلسىز بولۋىمىز كەرەك، ءبىراق اللا ﷻ قۇلى ىستەي الماعان ءىستى كەشىرەدى. ءبىز قاتەلىكتەرىمىز ءۇشىن وكىنە تاۋبە ەتىپ، كەشىرىم سۇراۋىمىز كەرەك، سوندا ءبىز كەشىرىلەتىن بولامىز، ءبىراق ادامدار قاجەتسىز بولعان بوس نارسەلەر ءۇشىن قايعىلانىپ، مازاسىن كەتىرىپ ءجۇر. ولار نە ءۇشىن بۇلاي بولدى؟ سەبەبى ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىن تاستاپ، اداسقان تۇردە شايتاننىڭ جولىنا ءتۇسىپ الدى. ال شايتاننىڭ جولى ەشقاشان جاقسىلىققا باستامايدى، ەشقاشان پايدا بەرمەيدى، مۇمكىن، ول اقشا اكەلەر، ۇقساماعان ورايلاردى بەرەر، ءبىراق ونىڭ بۇلارى ەشقاشان جاقسىلىق اكەلمەيدى.
شايتاننىڭ جولىنا ىلەسكەندەر ۇزدىكسىز ۇتىلادى، ءتىپتى ىستەرى قاراماققا جاقسى كورىنگەن سياقتى بولعانىمەن، ولار قۇردىمعا كەتەدى، ال ادامدار، «قاراشى، بۇل ادام شايتاننىڭ جولىنا ىلەسىپ ەدى، تابىسقا جەتتى» دەيدى، جانە ولار سول ادامعا ەرەدى. ال اقىرىندا، ولاردىڭ بارلىعى وعان ەرەدى، ارينە، ولاردىڭ بارلىعىنىڭ ءبىر جولدا تابىستى بولا قويۋى مۇمكىن ەمەس. ءبىراق ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىن تاستايدى، ونى ۇمىتادى، قاتە جولدارعا ءتۇسىپ كەتەدى. كەيىن ولارعا ءمالىم ىستەر تۋىلىپ، ولار تالقان بولادى، بىت-شىتى شىعادى. سودان ولار، «مىنا دۇنيەدە ءبىر عانا جول بار» دەپ ويلايدى، جانە ولار، «تابىسقا جەتۋدىڭ جولى سول» دەيدى، ءبىراق ولاردىڭ بۇل اتالمىش تابىس جولى، اقيقاتىندا شايتاننىڭ جولى ەدى. دەمەك، ولار جاقسى جولدى تاستاپ، پايداسىز جولعا تۇسەدى، ياعني، ولار اللانىڭ جولىن تاستاپ، شايتاننىڭ جولىنا ءتۇسىپ الادى.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار ادامعا ەرەكشە قاسيەت، ەرەكشە ساپا بەرگەن، الايدا، قازىرگى جۇيە بارلىق ادامدى ءبىر عانا جالعىز قالىپقا سالىپ، قۇيىپ شىعۋعا زورلايدى، ال ولاردىڭ بۇل قالىبى سول، ءبىر مۇلدەم بوس ءومىر جانە ءبىر پايداسىز ءومىر داعدىسى ەدى. دەمەك، ادامدار، «سوڭىندا ءبىز بالەن تابىسقا جەتەمىز» دەگەن ويمەن، كوپتەگەن جىلدارىن ءبىر ورىندا بوسقا وتكىزەدى، ءبىراق سوڭىندا ولار وكىنىشكە قالادى. ءبىزدىڭ ايتىپ جاتقانىمىز وسى ءجايلى ەدى، ءبىز ونى وتكەن اپتادا، ەكى كۇننىڭ الدىندا تاعى كوردىك. حالىق، ەل-جۇرت كادىمگى قويعا ۇقسايدى، ال ولارعا تەك قانا، «وقى، وقى، ۇيرەن، ۇيرەن» دەپ، ايتىلىپ كەلدى، بەينە بۇل ومىردە وقۋدان باسقا ءىس قالماعان سياقتى بولىپ كەلدى. جاقسى، سەندەر ولارعا تىم قاتتى ۇيرەتىپ جاتسىڭدار، ءبىراق وندا دا ءمالىم لوگيكا جانە سالدار بولۋى كەرەك ەمەسپە. ماسەلەن، ميليون ادام وقۋعا ءتۇسىپ، ۇقساس جۇمىستى ىستەمەك بولسا، سەندەر ونىڭ ناتيجەسى قالاي بولاتىنىن ويلاسۋلارىڭ كەرەك. سودان سەندەر، «وح، بيىلعى ەمتيحان وتە قيىن ەكەن، كوپتەگەن ادامدار ودان وتپەي قالىپتى» دەيسىڭدەر.
ال ولاردىڭ بارلىعى ءوتىپ كەتسە، نە بولماق؟ كەيىن ولاردىڭ بارلىعى قايدان جۇمىس تابادى؟ ومىردە باسقا دا جۇمىستار بار ەمەسپە، ياعني، وقۋدان دا باسقا شارۋالار بار، دەمەك، بارلىق ادامنىڭ بىردەي وقي بەرۋىنىڭ قاجەتى جوق. ءبىراق بۇل شايتاننىڭ ءبىر قۋلىعى بولىپ، ولار بۇكىل دۇنيەنى باسقارىپ، ۇستاپ وتىراتىن نارسە جاسادى، جانە ولار سول ارقىلى ءوز وي-يدەيالارىن ولارعا بايلاپ تاڭادى. سونىمەن ولار، «وقى، وقى» دەيدى، ال بالالار 12 جىل وقيدى، 20 جىل وقيدى، ءبىراق اقىرىندا ولارى پايداسىز بولىپ شىعادى. ودان سوڭ، ولار ەش جۇمىس ىستەي المايدى، ءتىپتى ولاردى ءبىر جۇمىسقا سالساڭىز دا، ولار ونى ىستەي المايدى، سەبەبى ولاردىڭ قولدارىنا بارلىعى بەرىلىپ، دايار نارسەگە ۇيرەنىپ قالعان. ماسەلەن، ولارعا ولاردىڭ وتباسى قارايدى، ولار ۇيدە كادىمگى پاتشامەن قانشايىم سياقتى ءومىر سۇرەدى، ال كەيىن ولار ومىرگە كىرىپ، جۇىس ىستەي باستاعاندا، ەشتەڭە ىستەي المايدى. سول ءۇشىن دە وسى جۇيە ءدال شايتاننىڭ جولىنان-ءدۇر.
الايدا، اللانىڭ جولىندا ءار ادامعا ساي كەلەتىن ءىس-امال بار، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان تۇزىلگەن ءبىر مىندەت بار. ءبىراق ادامدار ءوز پايدالارى ءۇشىن ماناعى نارسەلەردەن تىس، 12 جىل، يا 15 جىل بويى ولاردى قالاي باسقارىپ، كونترولداۋدى ۇيرەتەدى. جانە ولار ادامداردى باسقارىپ الىپ، «مىنا دۇنيەدە وسىدان باسقا جول جوق» دەپ ۇيرەتەدى، جۇرتقا ءبىر ساتكە بولسا دا ەركىندىك بەرمەيدى. ال ادامدار وسى جولمەن جۇرە بەرەدى، ولار ەل-جۇرتتى العاشىندا زورلىقتى كۇشپەن ۇيرەتسە، ال كەيىن كەلە ەل-جۇرت وعان ءوز ەرىكتەرىمەن ەرەتىن بولادى. سول ءۇشىن مەن، «اللانىڭ جولى ەڭ ادەمى جول» دەپ ايتامىن، ول ءجايلى جول، راحات جول، ادەمى جول، بارشا ادەمىلىكتەر دە سول جولدا. ال بىرەۋ اللا ﷻدىڭ جولىن تاستاعان كەزدە، ول شايتاننىڭ جولىنا ءتۇسىپ كەتەتىن بولادى. سودان، قاپتاعان بارشا جاماندىقتارمەن كەسىرلى ىستەر الدان شىعادى، اداسۋ، بۇزىقتىق، جانە سان ءتۇرلى زۇلىمدىقتار بەلەڭ باستايدى.
سەبەبى، ولار ادامدارعا اللادان قورىقپاۋدى تىقپالاپ، تەك قانا بولاشاق ءجايلى الاڭداۋشىلىقتى، جانە قالاي ءومىر ءسۇرۋ ءجايلى عانا ۇيرەنۋدى ولاردىڭ ساناسىنا ەگەدى. ولار ەل-جۇرتتى، «ەگەر وقىماساڭدار، ەگەر ۋنيۆەرسيتەت بىتىرمەسەڭدەر، قالاي ءومىر سۇرەسىڭدەر، كەيىن جاعدايىڭ قالاي بولماق» دەپ قورقىتادى. مەملەكەتتىك مەحانيزيمدە وسىنداي ۇقساس جولدا ءجۇر، دەمەك، دەپلوم بولماسا، ەشكىم جۇمىسقا كىرە المايدى، ەشكىم ونى جۇمىسقا المايدى. ال سوندا بۇل دەپلومدا نە جاقسىلىق بار؟ ەگەر ولار ۇيرەنگەن نارسەلەرىنىڭ ءبىر پايىزىن تۇسىنسە دە، ون پايىزدى قويا تۇرالىق، ولارعا ريزا بولار ەدىڭىز. ولار ادامدارعا ءومىردى وسىلاي بوس وتكىزدىرىپ قويدى، ولاردىڭ اقشاسىن الادى، ودان سوڭ، «مىنا قوعام نەگە بىلاي بولىپ كەتتى، نەگە ءبىز وسىنداي جەرگە كەلىپ قالدىق» دەپ، ءبىر-بىرىنەن سۇرايدى.
ءبىراق بارلىعى انىق تۇر ەمەسپە، دەمەك، جۇيە جانە باسقا بارلىعى تەك ءبىر سىلتاۋ عانا، ال بارلىعى مىنا دۇنيەدە ۇقساس، بۇندا عانا ەمەس، مىنا بۇكىل دۇنيە وسىلاي بولىپ كەتتى. ول «ءجاھاندانۋ» دەگەن اتپەن كەلدى دە، بارلىق ادامزاتتى ءبىر جالعىز فورماعا عانا ەنگىزىپ جىبەردى، جانە ولار ادامداردى، «سەندەر بۇل جولدان شىعا المايسىڭدار، ەگەر شىقساڭدار، قۇريتىن بولاسىڭدار» دەپ قورقىتادى. الايدا، وسى جۇيەنىڭ سىرتىندا تۇرعاندار، نەمەسە بۇل جۇيەدە كوپ تۇرماعاندار كوبىرەك ەستيار كەلەدى. ولاردا وزىندىك لوگيكا، اقىل-وي جانە ەستيارلىق بار. اللا ﷻ ءبىزدى قورعاعاي. ولار سونشاما وقۋ ۇيرەتەدى، ساباق وتەدى، ءبىراق وندا ەش ادەپ جوق، ەش قۇرمەت قالمادى، بۇلار مۇلدەم جوق، ەش قۇنى قالمادى. اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، جانە ساحيپتى جىبەرىپ، ءبىزدى قۇتقارعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8852