You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: қажылыққа бар, бір қажылықта өмір бойы өтеген құлшылықтардың сауаптары бар (2026.05.10 / Хижри 1447-жыл 23-Зұл-Қадах)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8807
Сұхбат: қажылыққа бар, бір қажылықта өмір бойы өтеген құлшылықтардың сауаптары бар (2026.05.10 / Хижри 1447-жыл 23-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Lefke, Cyprus, Turkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَعَسَىٰٓ أَن تَكْرَهُوا۟ شَيْـًٔا وَهُوَ خَيْرٌ لَّكُمْ ۖ وَعَسَىٰٓ أَن تُحِبُّوا۟ شَيْـًٔا وَهُوَ شَرٌّ لَّكُمْ», яғни, «мүмкін сен бір істі жек көрерсің, бірақ ол саған жақсы болар, мүмкін сен бір істі ұнатарсың, бірақ ол саған жаман болар», құран 2інші сүре 216інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «мүмкін сен мәлім істерді жақсы көресің және армандайсың, бірақ олар іске асса, олар саған қайырлы болмас, кесір болар» дейді. Демек, сіз жақсы деп саған нәрсе, сізге кесір болып тиуі мүмкін, мүлдем жақсы болмауы мүмкін, ал жаман деп санаған ісіңіз, сіз үшін жақсы болуы мүмкін. Яғни, адам баласы Алла хикіметін білмейді, я Оның жарлығынан хабарсыз, ал сіз бойұсынуыңыз керек, себебі, бұнда сіз оған ештеңе қыла алмайсыз. Алайда, адам құлшынып, жұмыс істеуі керек, бірақ табыспен сәттілік Алла Әззә уә-Жәлләдан келер, егер ол Алла Әззә уә-Жәлләның қалауы болса, жақсы істер туылар, ол жақсы болмай, жаман болуы да мүмкін.

Ал сіз оны іске асыра алмай, көңілсіз болуыңыз мүмкін, бірақ ол іске асса, одан сізге қайыр болмай, кесір келеді, демек, ол сізге пайда бермейтін бірдеңе болып шығар, сондықтан, ең жақсысы Алла Әззә уә-Жәлләға бағыну болмақ. Алла ﷻға бас қойып бағыну қажеттілік-дүр, исламда мұсылмандар үшін, әсіресе, сопылық тәриқаттағылар үшін, Аллаға бағыну - аса шешуші шаруа. Бағыну, әрине біз айтып өткендей, сіз жұмыс істеуіңіз керек, қолдан келетін барлық істерді істеуіңіз керек. Содан соң барып, оны Аллаға тапсырыңыз, «Алланың қалағаны болар, Ол ең жақсысын бергей, және жамандықты аулақ еткей, жақсылық іске ассын, иншалла» деңіз. Сіз осылай дұға да жасауыңыз керек, барлығы дұға арқылы туылады, не істекемші болсаңыз да, бисмилламен бастаңыз, және дұға етіңіз.

Және әрине, құлшылық амалдары ең маңызды, намаз, ораза, қажылық, және Алла Әззә уә-Жәллә жағынан әмір етілген барлығы осыған жатар. Ал қазір қажылық кезі болуда, яғни, қажылық жақындап қалды, егер біреу қажылыққа барғысы келсе, және оны Алла қаласа, ол болады, іске асады. Бірақ әдеттегі жағдайда биылғы қажылыққа бару қиын болуда, өте қиын болып тұр. Ал қажылық болса, Алла Әззә уә-Жәлләдан бір әмір, оны өтеу байлығымен денсаулығы жеткендер үшін парыз болмақ. Әрине, қажылық қиын болған құлшылық амалына жатады, яғни, құлшылықтардың ішіндегі ең қиыны қажылық-дүр. Адамдар қажылық оңай деп ойлар, оны өтеу оңай деп ойлар, бірақ ол оразаға, намазға, және зекетке салыстырғанда қиын, алайда, менше адамдарға зекет беру ең қиын сияқты.

Себебі, адамдар зекет беруді ұнатпайды, ол қиын келер, бірақ оразамен намазға салыстырғанда қажылық қиын болған құлшылық амалына жатады, ол қазір ғана емес, бұрыннан солай болып келген. Бұрынғы кезде адамдар қажылыққа жәяу баратын, түйемен, атпен баратын, теңізбен баратын, ол кезде қазіргіндей машина жоқ, ұшақ жоқ, олар қажылыққа осылай баратын еді. Ол көп айға жалғастан сапар еді, және бұл жетпегендей, жолда қажышыларды жолда тонайтындар да бар еді, олар қажышыларды өлтіріп, олардың ақшасын алатын, тіпті жанын алатын. Ол басқа шаруа, ал қазір адамдар, «барлығы оңай, барлығы жәйлы» дер, бірақ солай бола тұра, мәлім қиыншылықтар бар. Демек, сіз ең рахат, ең салтанатты болған жолмен қажылыққа барсаңыз да, ол тек мәлім нүктеге дейін ғана жұмыс істейді.

Одан олар, «біз мыңдаған доллар төледік, сонша көп төледік, ал сендер бізді бұндай жерге неге тастап қойдыңдар, онда тағы да екі сағат жүру керек екен, біз көп ақша төледік қой» дер. Сен төледің, бірақ жағдай белгілі емеспе, анық емеспе, сенде басқа талғам жоқ, барарлық басқа жер жоқ, оған шыдауың керек, кейде қиындық аздау болса, кейде тым көп болар. Әрине, қажылықта қиындық бар, ал қажылыққа барғандар оны Алла ﷻдан бір сынақ ретінде, Алла ﷻдан сыймен сауапты көптеген табатын сауға ретінде санайды. Егер сіз қажылықты ешбір жаман сөз айтпай, немесе еш қателік қылмай өтесеңіз, бір қажылықта бүкіл өмір бойы құлшылық өтегендей боласыз. Мүмкін, тіпті сіз одан да көп сауаптармен сыйларға ие боласыз.

Айтып өткеніміздей, қажылыққа барған кезде қиындықтар бар, ал егер сіз отырып қана, бөлмеңде намаз оқып, «мен қажылықтамын, мен мекке мұкаррамахтамын» деп ойласаңыз, онда көптеген нәрсені жоғалтып алатын боласыз. Себебі, қағба муаззамахтың алдында өтеген бір ракат намаз, жүз мың ракат наамазға тең, мүмкін, осы жүз мың ракат намаз сіздің өмір бойы өтеген намаздарыңыздан да әлдеқайда құнды болуы мүмкін. Ал сіз оны ондағы бір ракат намазбен ала аласыз, бұл ұқсас қағида мәдина мұнаууарахқа да келеді, демек, ол сіздің жәй уақыттыағы намазыңыздан мың есе сауапты келер. Сондықтан, осыларға көңіл бөлу маңызды, сіз ол жерлерге дем алып, бой жазуға бармайсыз, демалысқа бармайсыз.

Мүмкін, сіз қағбаның қасындағы екі аттам жердегі бес жұлдызды қонақ үйде жатарсыз, бірақ әдетте, бір сағат, бір жарым сағат жүретін басқа адамдар бар. Ал сіз таң намазға келіп, намазды сонда орындаңыз, содан бесінде тағы келіңіз де, құптан намазға дейін сонда болып, сонда намаз оқыңыз. Демек, барлық құлшылықтарды сонда яғни қағба қасында өтеңіз, жалқау болмаңыз, «мен қонақ үйде тұрамын, сол рахат екен» деп ойламаңыз, бұндай ойда болмаңыз. Қажылық, айтып өткеніміздей, рас қиын-дүр, мейлі оны қанша салтанатты, рахат жерде жатып тұрып өткізбек болса да, адам ондағы қиыншылықтан қаша алмайды, аз болса да, қиындық көреді. Сондықтан, Алла ﷻ оларға мол сауаптармен сауғалар береді, ол әр адамға лайықты сауаптарын береді, сол үшін де, айтып өткеніміздей, қажылық маңызды құлшылық.

Бұрындары ешқандай кедергі жоқ болатын, ал қазір кедергілер бар, демек, сіз онда еркін кіре алмайсыз, алайда ертедегі кедергілер тіпті де қиын кедергілер болатын, себебі олар өміріңді алып, жаныңнан жұда ететін. Ал қазіргі кедергілер сізге ондай әсер етпейді, мәселен, қажылық тізімінде биыл сіздің есіміңіз шықпаса, келер жылды күтесіз, келер жылы шықпаса, арғы жылды күтесіз, ол болмаса, тағы да бес жыл, он жыл күтесіз. Ал биыл 15 жыл өткен соң ғана көптеген бауырлар қажылыққа барғалы жатыр, жақында бір кісі бұнда біреудің 18 жыл қажылық кезегін күткенін айтты. Демек, олардың есімі жазылмаған, ал Алла ﷻ оны кімге нәсіп етсе, ол соған бұйырады, ал есімдері шықпағандарға Алла Әззә уә-Жәллә сөзсіз түрде күткен әр жылдың қажылық сауабын беретін болады, иншалла.

Алла ﷻ барлығымызға сол сый-сауаптарды нәсіп еткей, қажылық тек бір рет қана парыз, ол екінші рет қажет емес, одан соң парыз емес. Көптеген адамдар қажылықтан бұрын умыраға барып жүр, ал біз оларға бұлай етпеңдер деп айтудамыз, себебі, сіздер ақшаны алдымен үлкен қажылыққа сақтаңыздар. Одан соң, ол мүмкін болса, қажылыққа барарсыз, бірақ орай келмесе, ақшаны қажылыққа жинай беріңіз, оны көптеп жинаңыз, ал ақша асып жатса, онда умыраға барсаңыз болады, осылай істесе болады. Әйтпесе, олай істеуден сақтаныңыз, демек, қажылыққа керек ақшаны умыраға істетіп, жоқ қылмаңыз, әйтпесе, қажылық орайынан қағылатын боласыз. Алла ﷻ қажылыққа барғысы келгендерге қажылықты нәсіп еткей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: قاجىلىققا بار، ءبىر قاجىلىقتا ءومىر بويى وتەگەن قۇلشىلىقتاردىڭ ساۋاپتارى بار (2026.05.10 / حيجري 1447-جىل 23-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Lefke، Cyprus، Turkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَعَسَىٰٓ أَن تَكْرَهُوا۟ شَيْـًٔا وَهُوَ خَيْرٌ لَّكُمْ ۖ وَعَسَىٰٓ أَن تُحِبُّوا۟ شَيْـًٔا وَهُوَ شَرٌّ لَّكُمْ»، ياعني، «مۇمكىن سەن ءبىر ءىستى جەك كورەرسىڭ، ءبىراق ول ساعان جاقسى بولار، مۇمكىن سەن ءبىر ءىستى ۇناتارسىڭ، ءبىراق ول ساعان جامان بولار»، قۇران 2ءىنشى سۇرە 216ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «مۇمكىن سەن ءمالىم ىستەردى جاقسى كورەسىڭ جانە ارماندايسىڭ، ءبىراق ولار ىسكە اسسا، ولار ساعان قايىرلى بولماس، كەسىر بولار» دەيدى. دەمەك، ءسىز جاقسى دەپ ساعان نارسە، سىزگە كەسىر بولىپ ءتيۋى مۇمكىن، مۇلدەم جاقسى بولماۋى مۇمكىن، ال جامان دەپ ساناعان ءىسىڭىز، ءسىز ءۇشىن جاقسى بولۋى مۇمكىن. ياعني، ادام بالاسى اللا حيكىمەتىن بىلمەيدى، يا ونىڭ جارلىعىنان حابارسىز، ال ءسىز بويۇسىنۋىڭىز كەرەك، سەبەبى، بۇندا ءسىز وعان ەشتەڭە قىلا المايسىز. الايدا، ادام قۇلشىنىپ، جۇمىس ىستەۋى كەرەك، ءبىراق تابىسپەن ساتتىلىك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەر، ەگەر ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قالاۋى بولسا، جاقسى ىستەر تۋىلار، ول جاقسى بولماي، جامان بولۋى دا مۇمكىن.

ال ءسىز ونى ىسكە اسىرا الماي، كوڭىلسىز بولۋىڭىز مۇمكىن، ءبىراق ول ىسكە اسسا، ودان سىزگە قايىر بولماي، كەسىر كەلەدى، دەمەك، ول سىزگە پايدا بەرمەيتىن بىردەڭە بولىپ شىعار، سوندىقتان، ەڭ جاقسىسى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا باعىنۋ بولماق. اللا ﷻعا باس قويىپ باعىنۋ قاجەتتىلىك-ءدۇر، يسلامدا مۇسىلماندار ءۇشىن، اسىرەسە، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ءۇشىن، اللاعا باعىنۋ - اسا شەشۋشى شارۋا. باعىنۋ، ارينە ءبىز ايتىپ وتكەندەي، ءسىز جۇمىس ىستەۋىڭىز كەرەك، قولدان كەلەتىن بارلىق ىستەردى ىستەۋىڭىز كەرەك. سودان سوڭ بارىپ، ونى اللاعا تاپسىرىڭىز، «اللانىڭ قالاعانى بولار، ول ەڭ جاقسىسىن بەرگەي، جانە جاماندىقتى اۋلاق ەتكەي، جاقسىلىق ىسكە اسسىن، ينشاللا» دەڭىز. ءسىز وسىلاي دۇعا دا جاساۋىڭىز كەرەك، بارلىعى دۇعا ارقىلى تۋىلادى، نە ىستەكەمشى بولساڭىز دا، بيسميللامەن باستاڭىز، جانە دۇعا ەتىڭىز.

جانە ارينە، قۇلشىلىق امالدارى ەڭ ماڭىزدى، ناماز، ورازا، قاجىلىق، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان ءامىر ەتىلگەن بارلىعى وسىعان جاتار. ال ءقازىر قاجىلىق كەزى بولۋدا، ياعني، قاجىلىق جاقىنداپ قالدى، ەگەر بىرەۋ قاجىلىققا بارعىسى كەلسە، جانە ونى اللا قالاسا، ول بولادى، ىسكە اسادى. ءبىراق ادەتتەگى جاعدايدا بيىلعى قاجىلىققا بارۋ قيىن بولۋدا، وتە قيىن بولىپ تۇر. ال قاجىلىق بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءبىر ءامىر، ونى وتەۋ بايلىعىمەن دەنساۋلىعى جەتكەندەر ءۇشىن پارىز بولماق. ارينە، قاجىلىق قيىن بولعان قۇلشىلىق امالىنا جاتادى، ياعني، قۇلشىلىقتاردىڭ ىشىندەگى ەڭ قيىنى قاجىلىق-ءدۇر. ادامدار قاجىلىق وڭاي دەپ ويلار، ونى وتەۋ وڭاي دەپ ويلار، ءبىراق ول ورازاعا، نامازعا، جانە زەكەتكە سالىستىرعاندا قيىن، الايدا، مەنشە ادامدارعا زەكەت بەرۋ ەڭ قيىن سياقتى.

سەبەبى، ادامدار زەكەت بەرۋدى ۇناتپايدى، ول قيىن كەلەر، ءبىراق ورازامەن نامازعا سالىستىرعاندا قاجىلىق قيىن بولعان قۇلشىلىق امالىنا جاتادى، ول ءقازىر عانا ەمەس، بۇرىننان سولاي بولىپ كەلگەن. بۇرىنعى كەزدە ادامدار قاجىلىققا ءجاياۋ باراتىن، تۇيەمەن، اتپەن باراتىن، تەڭىزبەن باراتىن، ول كەزدە قازىرگىندەي ماشينا جوق، ۇشاق جوق، ولار قاجىلىققا وسىلاي باراتىن ەدى. ول كوپ ايعا جالعاستان ساپار ەدى، جانە بۇل جەتپەگەندەي، جولدا قاجىشىلاردى جولدا تونايتىندار دا بار ەدى، ولار قاجىشىلاردى ءولتىرىپ، ولاردىڭ اقشاسىن الاتىن، ءتىپتى جانىن الاتىن. ول باسقا شارۋا، ال ءقازىر ادامدار، «بارلىعى وڭاي، بارلىعى ءجايلى» دەر، ءبىراق سولاي بولا تۇرا، ءمالىم قيىنشىلىقتار بار. دەمەك، ءسىز ەڭ راحات، ەڭ سالتاناتتى بولعان جولمەن قاجىلىققا بارساڭىز دا، ول تەك ءمالىم نۇكتەگە دەيىن عانا جۇمىس ىستەيدى.

ودان ولار، «ءبىز مىڭداعان دوللار تولەدىك، سونشا كوپ تولەدىك، ال سەندەر ءبىزدى بۇنداي جەرگە نەگە تاستاپ قويدىڭدار، وندا تاعى دا ەكى ساعات ءجۇرۋ كەرەك ەكەن، ءبىز كوپ اقشا تولەدىك قوي» دەر. سەن تولەدىڭ، ءبىراق جاعداي بەلگىلى ەمەسپە، انىق ەمەسپە، سەندە باسقا تالعام جوق، بارارلىق باسقا جەر جوق، وعان شىداۋىڭ كەرەك، كەيدە قيىندىق ازداۋ بولسا، كەيدە تىم كوپ بولار. ارينە، قاجىلىقتا قيىندىق بار، ال قاجىلىققا بارعاندار ونى اللا ﷻدان ءبىر سىناق رەتىندە، اللا ﷻدان سىيمەن ساۋاپتى كوپتەگەن تاباتىن ساۋعا رەتىندە سانايدى. ەگەر ءسىز قاجىلىقتى ەشبىر جامان ءسوز ايتپاي، نەمەسە ەش قاتەلىك قىلماي وتەسەڭىز، ءبىر قاجىلىقتا بۇكىل ءومىر بويى قۇلشىلىق وتەگەندەي بولاسىز. مۇمكىن، ءتىپتى ءسىز ودان دا كوپ ساۋاپتارمەن سىيلارعا يە بولاسىز.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، قاجىلىققا بارعان كەزدە قيىندىقتار بار، ال ەگەر ءسىز وتىرىپ قانا، بولمەڭدە ناماز وقىپ، «مەن قاجىلىقتامىن، مەن مەككە مۇكارراماحتامىن» دەپ ويلاساڭىز، وندا كوپتەگەن نارسەنى جوعالتىپ الاتىن بولاسىز. سەبەبى، قاعبا مۋاززاماحتىڭ الدىندا وتەگەن ءبىر راكات ناماز، ءجۇز مىڭ راكات ناامازعا تەڭ، مۇمكىن، وسى ءجۇز مىڭ راكات ناماز ءسىزدىڭ ءومىر بويى وتەگەن نامازدارىڭىزدان دا الدەقايدا قۇندى بولۋى مۇمكىن. ال ءسىز ونى ونداعى ءبىر راكات نامازبەن الا الاسىز، بۇل ۇقساس قاعيدا ءمادينا مۇناۋۋاراحقا دا كەلەدى، دەمەك، ول ءسىزدىڭ ءجاي ۋاقىتتىاعى نامازىڭىزدان مىڭ ەسە ساۋاپتى كەلەر. سوندىقتان، وسىلارعا كوڭىل ءبولۋ ماڭىزدى، ءسىز ول جەرلەرگە دەم الىپ، بوي جازۋعا بارمايسىز، دەمالىسقا بارمايسىز.

مۇمكىن، ءسىز قاعبانىڭ قاسىنداعى ەكى اتتام جەردەگى بەس جۇلدىزدى قوناق ۇيدە جاتارسىز، ءبىراق ادەتتە، ءبىر ساعات، ءبىر جارىم ساعات جۇرەتىن باسقا ادامدار بار. ال ءسىز تاڭ نامازعا كەلىپ، نامازدى سوندا ورىنداڭىز، سودان بەسىندە تاعى كەلىڭىز دە، قۇپتان نامازعا دەيىن سوندا بولىپ، سوندا ناماز وقىڭىز. دەمەك، بارلىق قۇلشىلىقتاردى سوندا ياعني قاعبا قاسىندا وتەڭىز، جالقاۋ بولماڭىز، «مەن قوناق ۇيدە تۇرامىن، سول راحات ەكەن» دەپ ويلاماڭىز، بۇنداي ويدا بولماڭىز. قاجىلىق، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، راس قيىن-ءدۇر، مەيلى ونى قانشا سالتاناتتى، راحات جەردە جاتىپ تۇرىپ وتكىزبەك بولسا دا، ادام ونداعى قيىنشىلىقتان قاشا المايدى، از بولسا دا، قيىندىق كورەدى. سوندىقتان، اللا ﷻ ولارعا مول ساۋاپتارمەن ساۋعالار بەرەدى، ول ءار ادامعا لايىقتى ساۋاپتارىن بەرەدى، سول ءۇشىن دە، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، قاجىلىق ماڭىزدى قۇلشىلىق.

بۇرىندارى ەشقانداي كەدەرگى جوق بولاتىن، ال ءقازىر كەدەرگىلەر بار، دەمەك، ءسىز وندا ەركىن كىرە المايسىز، الايدا ەرتەدەگى كەدەرگىلەر ءتىپتى دە قيىن كەدەرگىلەر بولاتىن، سەبەبى ولار ءومىرىڭدى الىپ، جانىڭنان جۇدا ەتەتىن. ال قازىرگى كەدەرگىلەر سىزگە ونداي اسەر ەتپەيدى، ماسەلەن، قاجىلىق تىزىمىندە بيىل ءسىزدىڭ ەسىمىڭىز شىقپاسا، كەلەر جىلدى كۇتەسىز، كەلەر جىلى شىقپاسا، ارعى جىلدى كۇتەسىز، ول بولماسا، تاعى دا بەس جىل، ون جىل كۇتەسىز. ال بيىل 15 جىل وتكەن سوڭ عانا كوپتەگەن باۋىرلار قاجىلىققا بارعالى جاتىر، جاقىندا ءبىر كىسى بۇندا بىرەۋدىڭ 18 جىل قاجىلىق كەزەگىن كۇتكەنىن ايتتى. دەمەك، ولاردىڭ ەسىمى جازىلماعان، ال اللا ﷻ ونى كىمگە ءناسىپ ەتسە، ول سوعان بۇيىرادى، ال ەسىمدەرى شىقپاعاندارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسوزسىز تۇردە كۇتكەن ءار جىلدىڭ قاجىلىق ساۋابىن بەرەتىن بولادى، ينشاللا.

اللا ﷻ بارلىعىمىزعا سول سىي-ساۋاپتاردى ءناسىپ ەتكەي، قاجىلىق تەك ءبىر رەت قانا پارىز، ول ەكىنشى رەت قاجەت ەمەس، ودان سوڭ پارىز ەمەس. كوپتەگەن ادامدار قاجىلىقتان بۇرىن ۋمىراعا بارىپ ءجۇر، ال ءبىز ولارعا بۇلاي ەتپەڭدەر دەپ ايتۋدامىز، سەبەبى، سىزدەر اقشانى الدىمەن ۇلكەن قاجىلىققا ساقتاڭىزدار. ودان سوڭ، ول مۇمكىن بولسا، قاجىلىققا بارارسىز، ءبىراق وراي كەلمەسە، اقشانى قاجىلىققا جيناي بەرىڭىز، ونى كوپتەپ جيناڭىز، ال اقشا اسىپ جاتسا، وندا ۋمىراعا بارساڭىز بولادى، وسىلاي ىستەسە بولادى. ايتپەسە، ولاي ىستەۋدەن ساقتانىڭىز، دەمەك، قاجىلىققا كەرەك اقشانى ۋمىراعا ىستەتىپ، جوق قىلماڭىز، ايتپەسە، قاجىلىق ورايىنان قاعىلاتىن بولاسىز. اللا ﷻ قاجىلىققا بارعىسى كەلگەندەرگە قاجىلىقتى ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8807