You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ТАМАҚТЫ БЫЛАЙ ЖЕСЕ, 70 ТҮРЛІ АУРУҒА ШИПА БОЛАР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8804
ТАМАҚТЫ БЫЛАЙ ЖЕСЕ, 70 ТҮРЛІ АУРУҒА ШИПА БОЛАР

Тамақ жеудің әдебі аса маңызды, себебі тамақ адамның тәндік және рухани денсаулығына төте әсер етеді. Әуелі тамақ жеуден бұрын қол жуасыз, қазір бұл дәстүрді көп көрмейміз. Одан, тамақты отырып жейді, отырып ішеді, ол - бір сүннет, тұрып ішіп-жеу жақсы емес. Ал қазір жүріп, тіпті жүгіріп, я желіп бара жатып су ішеді, бірақ бұл нағыз надандық-дүр. Демек, астан бұрын қол жуылады, ал қазір тіпті сорақы болып кетті, яғни адамдар иістелген дымқыл қағаз істетеді, олар сондай бірдеңені тапқырлады. Адамдар астан бұрын сол нәрсемен қолын сүртеді, астан соң да, сонымен қолын сүртер. Бұрын орамалмен сүртуші еді. Ал астан бұрын, және астан кейін қол жуу пайғамбарымыздың сүннеті. Асқа отырған соң, бисмилла айту керек, және дұға еткен абзал. Егер дұға білмесеңіз, кемінде бисмилла айтып, фатиха сүресін бір рет оқыңыз. Және, 'бұл тамақ бізге ем болғай, тәнімізге саулық болғай, жүрегімізге нұр болғай' деңіз. Тамақ жеу дегеніміз тек қана асқазанды асқа толтырып алу емес, ол - емделу, шипа алу. Демек, біз тамақты тәнімізді азықтандыру үшін ғана емес, рух-жанымызға да пайда алу үшін жейміз. Яғни, ас жеудің осындай рухани жағы бар. Ал асқа қол салудан бұрын, кішкене бір шымшым тұз жеу керек, асты жеп болған соң да солай, оны кішкене тұз жеумен аяқтау керек. Бұл да пайғамбарымыздың сүннеті, ал осы сүннет адамдағы 70 түрлі тәндік және рухани ауру-кеселге шипа болады. Ол соншама көп ішкі және сыртқы ауруларға ем болады. Тамақ жеуді міне осылай тұзбен бітірген соң, бата жасалып, қол жуылар, сонда ас жеп-ішудің сүннеттерін толық бітіретін боласыз. Ал тамақ жегенде тым көп жемеу керек, оны сол күнгі құлшылығыңызбен еңбек істеуіңізге жететіндей жесеңіз болды. Ал жеген тамақ одан артық болса, ол ас сізге ауыр жүк болар, семіртер, тіпті ауру-кесел пайда қылар. Қазір ас мол болғандықтан адамдар оны артық жеп, былшыйып семіріп кеткен, көбі артық салмақпен жүр. Бұрын арықша, ширақ адамдар көп еді, ал қазір ондай адамдар шанда-бір кездеседі. Қазір олардың іс-қимылы, тіпті намазға отырып-тұруы да қиындап кеткен. Семіру осы заманның бір үлкен кеселі, бір эпидемиясы. Кезінде пайғамбарымыз құрсағы үлкен бір адамды нұсқап, 'оның ішіндегі майы жоқ болса, оған қайырлы болар' деген екен. Ал исламда, 'Алла біліммен хикіметті аштыққа, ал күнәмен надандықты тоқтыuққа жасырған' делінер. Демек, тым тоя тамақтанбаңыз, әркүні аштықты сезініп, түлкі құрсақтау жүріңіз. Асты күніне бір рет қана жеу пайғамбарлардың жолы болса, екі рет қана жеу әулиелермен салихтардың жолы болған. Ал қазіргі адамдар өрісте жәйылған сыйыр сияқты қайта-қайта тамақ жейді, тоқтамай аралықта ана-мына ұсақ түйек нәрселерді жейді, үздіксіз жейді. Олар тіпті тамақ атаулыдан зерігіп, 'енді не жесек болар' деген күйге түсіп кеткен. Әдетте, жеген тамақ сол күнгі құлшылықпен еңбек істеуге жетсе болды. Бұл жазба әулиелер сұхбатынан ықшамдалып алынды.

تاماقتى بىلاي جەسە، 70 ءتۇرلى اۋرۋعا شيپا بولار

تاماق جەۋدىڭ ادەبى اسا ماڭىزدى، سەبەبى تاماق ادامنىڭ تاندىك جانە رۋحاني دەنساۋلىعىنا توتە اسەر ەتەدى. اۋەلى تاماق جەۋدەن بۇرىن قول جۋاسىز، ءقازىر بۇل ءداستۇردى كوپ كورمەيمىز. ودان، تاماقتى وتىرىپ جەيدى، وتىرىپ ىشەدى، ول - ءبىر سۇننەت، تۇرىپ ءىشىپ-جەۋ جاقسى ەمەس. ال ءقازىر ءجۇرىپ، ءتىپتى جۇگىرىپ، يا جەلىپ بارا جاتىپ سۋ ىشەدى، ءبىراق بۇل ناعىز ناداندىق-ءدۇر. دەمەك، استان بۇرىن قول جۋىلادى، ال ءقازىر ءتىپتى سوراقى بولىپ كەتتى، ياعني ادامدار يىستەلگەن دىمقىل قاعاز ىستەتەدى، ولار سونداي بىردەڭەنى تاپقىرلادى. ادامدار استان بۇرىن سول نارسەمەن قولىن سۇرتەدى، استان سوڭ دا، سونىمەن قولىن سۇرتەر. بۇرىن ورامالمەن ءسۇرتۋشى ەدى. ال استان بۇرىن، جانە استان كەيىن قول جۋۋ پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتى. اسقا وتىرعان سوڭ، بيسميللا ايتۋ كەرەك، جانە دۇعا ەتكەن ابزال. ەگەر دۇعا بىلمەسەڭىز، كەمىندە بيسميللا ايتىپ، فاتيحا سۇرەسىن ءبىر رەت وقىڭىز. جانە، 'بۇل تاماق بىزگە ەم بولعاي، تانىمىزگە ساۋلىق بولعاي، جۇرەگىمىزگە نۇر بولعاي' دەڭىز. تاماق جەۋ دەگەنىمىز تەك قانا اسقازاندى اسقا تولتىرىپ الۋ ەمەس، ول - ەمدەلۋ، شيپا الۋ. دەمەك، ءبىز تاماقتى ءتانىمىزدى ازىقتاندىرۋ ءۇشىن عانا ەمەس، رۋح-جانىمىزعا دا پايدا الۋ ءۇشىن جەيمىز. ياعني، اس جەۋدىڭ وسىنداي رۋحاني جاعى بار. ال اسقا قول سالۋدان بۇرىن، كىشكەنە ءبىر شىمشىم تۇز جەۋ كەرەك، استى جەپ بولعان سوڭ دا سولاي، ونى كىشكەنە تۇز جەۋمەن اياقتاۋ كەرەك. بۇل دا پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتى، ال وسى سۇننەت ادامداعى 70 ءتۇرلى تاندىك جانە رۋحاني اۋرۋ-كەسەلگە شيپا بولادى. ول سونشاما كوپ ىشكى جانە سىرتقى اۋرۋلارعا ەم بولادى. تاماق جەۋدى مىنە وسىلاي تۇزبەن بىتىرگەن سوڭ، باتا جاسالىپ، قول جۋىلار، سوندا اس جەپ-ءىشۋدىڭ سۇننەتتەرىن تولىق بىتىرەتىن بولاسىز. ال تاماق جەگەندە تىم كوپ جەمەۋ كەرەك، ونى سول كۇنگى قۇلشىلىعىڭىزبەن ەڭبەك ىستەۋىڭىزگە جەتەتىندەي جەسەڭىز بولدى. ال جەگەن تاماق ودان ارتىق بولسا، ول اس سىزگە اۋىر جۇك بولار، سەمىرتەر، ءتىپتى اۋرۋ-كەسەل پايدا قىلار. ءقازىر اس مول بولعاندىقتان ادامدار ونى ارتىق جەپ، بىلشىيىپ سەمىرىپ كەتكەن، كوبى ارتىق سالماقپەن ءجۇر. بۇرىن ارىقشا، شيراق ادامدار كوپ ەدى، ال ءقازىر ونداي ادامدار شاندا-ءبىر كەزدەسەدى. ءقازىر ولاردىڭ ءىس-قيمىلى، ءتىپتى نامازعا وتىرىپ-تۇرۋى دا قيىنداپ كەتكەن. سەمىرۋ وسى زاماننىڭ ءبىر ۇلكەن كەسەلى، ءبىر ەپيدەمياسى. كەزىندە پايعامبارىمىز قۇرساعى ۇلكەن ءبىر ادامدى نۇسقاپ، 'ونىڭ ىشىندەگى مايى جوق بولسا، وعان قايىرلى بولار' دەگەن ەكەن. ال يسلامدا، 'اللا بىلىممەن حيكىمەتتى اشتىققا، ال كۇنامەن ناداندىقتى توقتىuققا جاسىرعان' دەلىنەر. دەمەك، تىم تويا تاماقتانباڭىز، اركۇنى اشتىقتى سەزىنىپ، تۇلكى قۇرساقتاۋ ءجۇرىڭىز. استى كۇنىنە ءبىر رەت قانا جەۋ پايعامبارلاردىڭ جولى بولسا، ەكى رەت قانا جەۋ اۋليەلەرمەن ساليحتاردىڭ جولى بولعان. ال قازىرگى ادامدار ورىستە ءجايىلعان سىيىر سياقتى قايتا-قايتا تاماق جەيدى، توقتاماي ارالىقتا انا-مىنا ۇساق تۇيەك نارسەلەردى جەيدى، ۇزدىكسىز جەيدى. ولار ءتىپتى تاماق اتاۋلىدان زەرىگىپ، 'ەندى نە جەسەك بولار' دەگەن كۇيگە ءتۇسىپ كەتكەن. ادەتتە، جەگەن تاماق سول كۇنگى قۇلشىلىقپەن ەڭبەك ىستەۋگە جەتسە بولدى. بۇل جازبا اۋليەلەر سۇحباتىنان ىقشامدالىپ الىندى.

#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8804