ШАЙТАН ЖАЛҒЫЗСЫРАҒАН, ЭМОЦИЯҒА БЕРІЛГЕН АДАМДЫ ОҢАЙ БАСҚАРАДЫ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8781
ШАЙТАН ЖАЛҒЫЗСЫРАҒАН, ЭМОЦИЯҒА БЕРІЛГЕН АДАМДЫ ОҢАЙ БАСҚАРАДЫ
жалғыз жүріп жалғызсырасаң, көңіл-күйге берілсең, әлсіз болғаның, демек, руханият күшіңнің әлсіз болғаны. Жалғызсырау, жалғыз отыра алмау, көпті іздеу қатарлылар сенің өзіңмен жөнді таныспағаныңды, өзіңді өзің әлі түсінбейтіндігіңді, өзіңмен өзің шығыса алмағаныңды білдіреді. Бұл - бір нашар хәл, бұндайда шайтанмен нәпсіңнің бір ұрғанынан қалмайсың, яғни олар сені оңай алдайды. Сендегі көңіл-күйге берілу яғни эмоция - нәпсіңнің сендегі шалқайып отыратын тағы, демек, нәпсің сені эмоцияң арқылы басқарып отырады. Мәселен, осындай хәлде жалғыз қалған адамды нәпсісі, 'сен турасың' деп алдап, оны оның қате ісіне сендіреді. Сол үшін, бұндайда бұлай жалғыз қалма, тезден өзіңе айна боларлық піріңді тап, содан өз хәліңді, өз бейнеңді көр, солай рухани хәліңді жақсарт, руханият қуатыңды арттыр. Ал мықтылық дегеніміз жалғызсырамастан жалғыз жүре беру, жалғыз болса да, күнде тойда жүргендей болу, бұл хәл жүрегі илаһи нұрға, яғни жүрегі әулиеге, пайғамбарымызға, Аллаға жалғанған адамдарда болады. Иә, бұл айтуға оңай, бірақ бұл хәл жәй адамдар арасында ілуде бір кездесетін аса биік рухани дәреже.
شايتان جالعىزسىراعان، ەموتسياعا بەرىلگەن ادامدى وڭاي باسقارادى
جالعىز ءجۇرىپ جالعىزسىراساڭ، كوڭىل-كۇيگە بەرىلسەڭ، ءالسىز بولعانىڭ، دەمەك، رۋحانيات كۇشىڭنىڭ ءالسىز بولعانى. جالعىزسىراۋ، جالعىز وتىرا الماۋ، كوپتى ىزدەۋ قاتارلىلار سەنىڭ وزىڭمەن ءجوندى تانىسپاعانىڭدى، ءوزىڭدى ءوزىڭ ءالى تۇسىنبەيتىندىگىڭدى، وزىڭمەن ءوزىڭ شىعىسا الماعانىڭدى بىلدىرەدى. بۇل - ءبىر ناشار ءحال، بۇندايدا شايتانمەن ءناپسىڭنىڭ ءبىر ۇرعانىنان قالمايسىڭ، ياعني ولار سەنى وڭاي الدايدى. سەندەگى كوڭىل-كۇيگە بەرىلۋ ياعني ەموتسيا - ءناپسىڭنىڭ سەندەگى شالقايىپ وتىراتىن تاعى، دەمەك، ءناپسىڭ سەنى ەموتسياڭ ارقىلى باسقارىپ وتىرادى. ماسەلەن، وسىنداي حالدە جالعىز قالعان ادامدى ءناپسىسى، 'سەن تۋراسىڭ' دەپ الداپ، ونى ونىڭ قاتە ىسىنە سەندىرەدى. سول ءۇشىن، بۇندايدا بۇلاي جالعىز قالما، تەزدەن وزىڭە اينا بولارلىق ءپىرىڭدى تاپ، سودان ءوز ءحالىڭدى، ءوز بەينەڭدى كور، سولاي رۋحاني ءحالىڭدى جاقسارت، رۋحانيات قۋاتىڭدى ارتتىر. ال مىقتىلىق دەگەنىمىز جالعىزسىراماستان جالعىز جۇرە بەرۋ، جالعىز بولسا دا، كۇندە تويدا جۇرگەندەي بولۋ، بۇل ءحال جۇرەگى يلاھي نۇرعا، ياعني جۇرەگى اۋليەگە، پايعامبارىمىزعا، اللاعا جالعانعان ادامداردا بولادى. ءيا، بۇل ايتۋعا وڭاي، ءبىراق بۇل ءحال ءجاي ادامدار اراسىندا ىلۋدە ءبىر كەزدەسەتىن اسا بيىك رۋحاني دارەجە.
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8781