You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: дүниелік атақ-даңық, мәнсәп-лауазым қума, Алла жолын қу (2026.03.23 / Хижри 1447-жыл 04-Шәуал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8752
Сұхбат: дүниелік атақ-даңық, мәнсәп-лауазым қума, Алла жолын қу (2026.03.23 / Хижри 1447-жыл 04-Шәуал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Lefke, Cyprus, Türkiye, 2026) Бисмилахир рахманир рахим, «إِنَّا عَرَضْنَا ٱلْأَمَانَةَ عَلَى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱلْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَن يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا ٱلْإِنسَـٰنُ ۖ إِنَّهُۥ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا», яғни, «расында, біз аманатты көкке, жерге, және тауларға ұсындық, олар оны арқалаудан қашты, алмады, қорықты, бірақ адам оны арқалап алды, расында, ол әділетсіз және надан еді», құран 33інші сүре 72інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «біз бұл аманатты тауларға және жерге жүктеп едік, олар, оны арқалай алмаймыз деді, бірақ адам баласы, мен оны көтере аламын, қабыл етемін деді, ал адам бұны надан болғандықтан айтты» дер. Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер, демек, адам баласы әрі әділетсіз әрі надан, олар, «бізге осы нығыметті бер, біз барлығын істей аламыз» деген оймен оны қабыл етті. Ал таулармен тастар, «жоқ, біз оны алып жүре алмаймыз» деді, себебі ол бір ауыр жүк еді.

Ал Алла жүктеген нәрселер әдетте оңай болмайды, бірақ адам баласы оны қарамаққа оңай көргендіктен, оны қалады, яғни адамдар үлкен міндет арқалап, үлкен іс істегісі келер. Олар кімнің ең биік екендігін көрмек болып, өзара таласады, қырқысады, бірақ ол қиын іс, яғни біреудің аманатын арқалау оңай шаруа емес. Адамдар сіздің жауапкершілігіңізге сенім артады, ал сіз оларды құрал ретінде пайдаланып, олардың ұқығына қол сұғасыз, бірақ бұл әрі надандаық, әрі әділетсіздік-дүр. Себебі, кейін әр адам осы аманат жәйлы сұралатын болады, ол кезде сізге, «сен осыны қаладың, оны алдың, ал сен онымен не істедің, қалай қазылық еттің, жақсы бірдеңе істедіңбе, адамдарға көңіл бөлдіңбе, әділ болдыңба, не істедің, не істегеніңді маған айт, маған көрсет» делінер.

Бұнда надандық бар, яғни, біреудің ақшасын, еңбегін пайдаланып, өспек болуда асқан зұлымдық жатыр, қазір бүкіл дүние кішкене бірдеңе үшін бәсекелесіп, «мен биік болам» дейді. Олар ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне қарамайды, бірақ өз нәпсілерін қанағаттандыруды, өсе беруді ғана қалар, бірақ олар еш қанағаттанбайды. Егер олар сәл биіктей қалса, тағы тіпті де көп қалар, мейлі олар не істесе де, нәпсілерін қанағаттандыра алмай, дал болады. Сондықтан, Алла Әззә уә-Жәлләның жолын жақсы адамдардан, пайғамбарымыз ﷺнан, сахабалардан, игі ғұламалардан, шәриғатпен мәзхап имамдарынан үйренеміз. Себебі, олардың барлығы осындай нәрселерден, жүк арқалаудан ат тонын ала қашқан, олар ешқашан оны қаламаған, оны қумаған.

Мәселен, имам Әбу-Ханифа хазіретке сондай орай берілгенде, ол оны алмады, сондықтан билік оның фатуа беруіне, кеңес айтуына, немесе әрқандай қатысты сөз айтуына шектеу қояды. Ол осы жәйлы хабар алады, және ол оны естігенде, жүзі нұрланып, күлімсірейді, Аллаға шүкірлік етеді. Ол тіпті осы үшін екі ракат шүкір намаз оқиды. Ал халифа, «қане, көрелік, ол қайтер екен, қалай ашуланар екен» дер, бірақ халифа Әбу-Ханифа хазіреттің ісін білген соң, қатты таңғалады. Және, «біз оған шектеу қойдық, бірақ ол не үшін бұған қуанды» дейді. Сол кезде Әбу-Ханифа хазірет, «фатуа беру, жұрттың міндетін арқалау ең қиын іс, ол жауапкершілік арқалайтын істер, ал сіздің мені осыбір ауыр міндеттен босатқаныңыз үшін Алла риза болсын, ол бір әмір ғана болғандығы үшін емес, мен осылай істеуім керек» дейді.

Себебі, ол нағыз білімге ие еді, ол білімін жасыра алмады, нағыз ғұламаның білімі - ақиқат білім, оны ұстап тұруға келмейді, айтылсын, сонда ел-жұрт одан пайда табар. Сондықтан, ол ұдайы фатуа сұрағандар үшін кеңес және жауап айтуы керек болған, бірақ осыбір міндетті арқалап жүру оңай емес. Ал ұлул-әмір, яғни сұлтан оны осы міндеттен алып тастағанда, ол оған бағынды, себебі, әмірге бағыну бір қажетті іс, ал бағынбасаң, күнә істеген боласың. Әбу-Ханифа манағы бұйрыққа қатты қуанып кетті, себебі ол осыбір міндеттен жеңілдетілді, ол өзін осы жолда құтқарып қалды. Олар оған сондай биік мәнсәп берді, бірақ ол олардың ешқайсысын қабыл етпеді, ал ақырында ол оған қарсы болғандықтан, олар оны түрмеге қамады, және ол түрмеде өлді, себебі олар оны түрмеде өлгенше ұрды.

Бірақ сонда да ол оны қабыл етпеді, себебі ол ешкімнен пайда алғысы келмеді, оның өз саудасы бар еді, ол халалдан жейтін, ол қазы, я судия болудан қашты. Ол бұларды көп қайтарды, бірақ олар оны зорлықты күшпен қазы етпек болды, алайда ол қайтара берген соң, олар оны өлгенге дейін ұрды, ол осылай шәхит болды. Алла ﷻ оны дәрежесін көтергей, өткен заманның адамдары міне осылай болған еді, ал қазіргілерде барлығын қалай беретін аңсар бар. Олар, «мен істеймін, мен істей аламын, мен оны бітіремін» дейді, таласады, бірақ адам бұған сақ болуы керек. Ол оңай міндет емес, оны қалама, оны сұрама, егер берілсе, қабыл ет, ал берілмесе, оны сұрама, демек, атақ-дәрежемен лауазымдардан қаш, оларға жолама, оның жауапкершілігі аса зор, Алла ﷻ бізді панасына алғай.

Ал нәпсілеріне ерген адамдар оның артынан жүгіреді, бүкіл өмір бойы осындай атақ-лауазымдардың артына түсіп, оларды ертелі-кеш қуалаумен өтеді, егер олар Алла жолында осылай құлшынса, әулие болар еді, бірақ олар олай етпеді. Ал өмір бойы мәнсәп-атақ қуалап, өмірін ысырап ететін көптеген адамдар бар. Алла ﷻ оларға ақылмен түсінік бергей, және бізді де, оларды да қорғағай, ес-ақылымызды орнында еткей. Біреулерге алданып, өмірімізді ысырап еткендерден болмайық, иншалла, себебі ондай адамдар жоқ жерден кенет пайда болып, «біз саған оны істеп береміз, бұны істеп береміз, сені көтереміз, әйтеміз, бүйтеміз» дейді. Бірақ оларға сенбеңдер, ешқашан сенбеңдер, Аллаға сеніңдер, Алла жолында болыңдар, сені көтеруші Алла Әззә уә-Жәллә. Оның берген дәрежесі - шын дәреже, қабыл етілген дәреже де міне осы, ал дүниелік дәрежелер Алла алдында қабыл емес.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: دۇنيەلىك اتاق-داڭىق، ءمانساپ-لاۋازىم قۋما، اللا جولىن قۋ (2026.03.23 / حيجري 1447-جىل 04-ءشاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Lefke، Cyprus، Türkiye، 2026) بيسميلاحير راحمانير راحيم، «إِنَّا عَرَضْنَا ٱلْأَمَانَةَ عَلَى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱلْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَن يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا ٱلْإِنسَـٰنُ ۖ إِنَّهُۥ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا»، ياعني، «راسىندا، ءبىز اماناتتى كوككە، جەرگە، جانە تاۋلارعا ۇسىندىق، ولار ونى ارقالاۋدان قاشتى، المادى، قورىقتى، ءبىراق ادام ونى ارقالاپ الدى، راسىندا، ول ادىلەتسىز جانە نادان ەدى»، قۇران 33ءىنشى سۇرە 72ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ءبىز بۇل اماناتتى تاۋلارعا جانە جەرگە جۇكتەپ ەدىك، ولار، ونى ارقالاي المايمىز دەدى، ءبىراق ادام بالاسى، مەن ونى كوتەرە الامىن، قابىل ەتەمىن دەدى، ال ادام بۇنى نادان بولعاندىقتان ايتتى» دەر. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر، دەمەك، ادام بالاسى ءارى ادىلەتسىز ءارى نادان، ولار، «بىزگە وسى نىعىمەتتى بەر، ءبىز بارلىعىن ىستەي الامىز» دەگەن ويمەن ونى قابىل ەتتى. ال تاۋلارمەن تاستار، «جوق، ءبىز ونى الىپ جۇرە المايمىز» دەدى، سەبەبى ول ءبىر اۋىر جۇك ەدى.

ال اللا جۇكتەگەن نارسەلەر ادەتتە وڭاي بولمايدى، ءبىراق ادام بالاسى ونى قاراماققا وڭاي كورگەندىكتەن، ونى قالادى، ياعني ادامدار ۇلكەن مىندەت ارقالاپ، ۇلكەن ءىس ىستەگىسى كەلەر. ولار كىمنىڭ ەڭ بيىك ەكەندىگىن كورمەك بولىپ، ءوزارا تالاسادى، قىرقىسادى، ءبىراق ول قيىن ءىس، ياعني بىرەۋدىڭ اماناتىن ارقالاۋ وڭاي شارۋا ەمەس. ادامدار ءسىزدىڭ جاۋاپكەرشىلىگىڭىزگە سەنىم ارتادى، ال ءسىز ولاردى قۇرال رەتىندە پايدالانىپ، ولاردىڭ ۇقىعىنا قول سۇعاسىز، ءبىراق بۇل ءارى نادانداىق، ءارى ادىلەتسىزدىك-ءدۇر. سەبەبى، كەيىن ءار ادام وسى امانات ءجايلى سۇرالاتىن بولادى، ول كەزدە سىزگە، «سەن وسىنى قالادىڭ، ونى الدىڭ، ال سەن ونىمەن نە ىستەدىڭ، قالاي قازىلىق ەتتىڭ، جاقسى بىردەڭە ىستەدىڭبە، ادامدارعا كوڭىل بولدىڭبە، ءادىل بولدىڭبا، نە ىستەدىڭ، نە ىستەگەنىڭدى ماعان ايت، ماعان كورسەت» دەلىنەر.

بۇندا ناداندىق بار، ياعني، بىرەۋدىڭ اقشاسىن، ەڭبەگىن پايدالانىپ، وسپەك بولۋدا اسقان زۇلىمدىق جاتىر، ءقازىر بۇكىل دۇنيە كىشكەنە بىردەڭە ءۇشىن باسەكەلەسىپ، «مەن بيىك بولام» دەيدى. ولار نەنىڭ دۇرىس، نەنىڭ بۇرىس ەكەندىگىنە قارامايدى، ءبىراق ءوز ناپسىلەرىن قاناعاتتاندىرۋدى، وسە بەرۋدى عانا قالار، ءبىراق ولار ەش قاناعاتتانبايدى. ەگەر ولار ءسال بيىكتەي قالسا، تاعى ءتىپتى دە كوپ قالار، مەيلى ولار نە ىستەسە دە، ناپسىلەرىن قاناعاتتاندىرا الماي، دال بولادى. سوندىقتان، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىن جاقسى ادامداردان، پايعامبارىمىز ﷺنان، ساحابالاردان، يگى عۇلامالاردان، شاريعاتپەن ءمازحاپ يمامدارىنان ۇيرەنەمىز. سەبەبى، ولاردىڭ بارلىعى وسىنداي نارسەلەردەن، جۇك ارقالاۋدان ات تونىن الا قاشقان، ولار ەشقاشان ونى قالاماعان، ونى قۋماعان.

ماسەلەن، يمام ءابۋ-حانيفا حازىرەتكە سونداي وراي بەرىلگەندە، ول ونى المادى، سوندىقتان بيلىك ونىڭ فاتۋا بەرۋىنە، كەڭەس ايتۋىنا، نەمەسە ءارقانداي قاتىستى ءسوز ايتۋىنا شەكتەۋ قويادى. ول وسى ءجايلى حابار الادى، جانە ول ونى ەستىگەندە، ءجۇزى نۇرلانىپ، كۇلىمسىرەيدى، اللاعا شۇكىرلىك ەتەدى. ول ءتىپتى وسى ءۇشىن ەكى راكات شۇكىر ناماز وقيدى. ال حاليفا، «قانە، كورەلىك، ول قايتەر ەكەن، قالاي اشۋلانار ەكەن» دەر، ءبىراق حاليفا ءابۋ-حانيفا حازىرەتتىڭ ءىسىن بىلگەن سوڭ، قاتتى تاڭعالادى. جانە، «ءبىز وعان شەكتەۋ قويدىق، ءبىراق ول نە ءۇشىن بۇعان قۋاندى» دەيدى. سول كەزدە ءابۋ-حانيفا حازىرەت، «فاتۋا بەرۋ، جۇرتتىڭ مىندەتىن ارقالاۋ ەڭ قيىن ءىس، ول جاۋاپكەرشىلىك ارقالايتىن ىستەر، ال ءسىزدىڭ مەنى ءوسىبىر اۋىر مىندەتتەن بوساتقانىڭىز ءۇشىن اللا ريزا بولسىن، ول ءبىر ءامىر عانا بولعاندىعى ءۇشىن ەمەس، مەن وسىلاي ىستەۋىم كەرەك» دەيدى.

سەبەبى، ول ناعىز بىلىمگە يە ەدى، ول ءبىلىمىن جاسىرا المادى، ناعىز عۇلامانىڭ ءبىلىمى - اقيقات ءبىلىم، ونى ۇستاپ تۇرۋعا كەلمەيدى، ايتىلسىن، سوندا ەل-جۇرت ودان پايدا تابار. سوندىقتان، ول ۇدايى فاتۋا سۇراعاندار ءۇشىن كەڭەس جانە جاۋاپ ايتۋى كەرەك بولعان، ءبىراق ءوسىبىر مىندەتتى ارقالاپ ءجۇرۋ وڭاي ەمەس. ال ۇلۋل-ءامىر، ياعني سۇلتان ونى وسى مىندەتتەن الىپ تاستاعاندا، ول وعان باعىندى، سەبەبى، امىرگە باعىنۋ ءبىر قاجەتتى ءىس، ال باعىنباساڭ، كۇنا ىستەگەن بولاسىڭ. ءابۋ-حانيفا ماناعى بۇيرىققا قاتتى قۋانىپ كەتتى، سەبەبى ول ءوسىبىر مىندەتتەن جەڭىلدەتىلدى، ول ءوزىن وسى جولدا قۇتقارىپ قالدى. ولار وعان سونداي بيىك ءمانساپ بەردى، ءبىراق ول ولاردىڭ ەشقايسىسىن قابىل ەتپەدى، ال اقىرىندا ول وعان قارسى بولعاندىقتان، ولار ونى تۇرمەگە قامادى، جانە ول تۇرمەدە ءولدى، سەبەبى ولار ونى تۇرمەدە ولگەنشە ۇردى.

ءبىراق سوندا دا ول ونى قابىل ەتپەدى، سەبەبى ول ەشكىمنەن پايدا العىسى كەلمەدى، ونىڭ ءوز ساۋداسى بار ەدى، ول حالالدان جەيتىن، ول قازى، يا سۋديا بولۋدان قاشتى. ول بۇلاردى كوپ قايتاردى، ءبىراق ولار ونى زورلىقتى كۇشپەن قازى ەتپەك بولدى، الايدا ول قايتارا بەرگەن سوڭ، ولار ونى ولگەنگە دەيىن ۇردى، ول وسىلاي ءشاحيت بولدى. اللا ﷻ ونى دارەجەسىن كوتەرگەي، وتكەن زاماننىڭ ادامدارى مىنە وسىلاي بولعان ەدى، ال قازىرگىلەردە بارلىعىن قالاي بەرەتىن اڭسار بار. ولار، «مەن ىستەيمىن، مەن ىستەي الامىن، مەن ونى بىتىرەمىن» دەيدى، تالاسادى، ءبىراق ادام بۇعان ساق بولۋى كەرەك. ول وڭاي مىندەت ەمەس، ونى قالاما، ونى سۇراما، ەگەر بەرىلسە، قابىل ەت، ال بەرىلمەسە، ونى سۇراما، دەمەك، اتاق-دارەجەمەن لاۋازىمداردان قاش، ولارعا جولاما، ونىڭ جاۋاپكەرشىلىگى اسا زور، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

ال ناپسىلەرىنە ەرگەن ادامدار ونىڭ ارتىنان جۇگىرەدى، بۇكىل ءومىر بويى وسىنداي اتاق-لاۋازىمداردىڭ ارتىنا ءتۇسىپ، ولاردى ەرتەلى-كەش قۋالاۋمەن وتەدى، ەگەر ولار اللا جولىندا وسىلاي قۇلشىنسا، اۋليە بولار ەدى، ءبىراق ولار ولاي ەتپەدى. ال ءومىر بويى ءمانساپ-اتاق قۋالاپ، ءومىرىن ىسىراپ ەتەتىن كوپتەگەن ادامدار بار. اللا ﷻ ولارعا اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، جانە ءبىزدى دە، ولاردى دا قورعاعاي، ەس-اقىلىمىزدى ورنىندا ەتكەي. بىرەۋلەرگە الدانىپ، ءومىرىمىزدى ىسىراپ ەتكەندەردەن بولمايىق، ينشاللا، سەبەبى ونداي ادامدار جوق جەردەن كەنەت پايدا بولىپ، «ءبىز ساعان ونى ىستەپ بەرەمىز، بۇنى ىستەپ بەرەمىز، سەنى كوتەرەمىز، ايتەمىز، بۇيتەمىز» دەيدى. ءبىراق ولارعا سەنبەڭدەر، ەشقاشان سەنبەڭدەر، اللاعا سەنىڭدەر، اللا جولىندا بولىڭدار، سەنى كوتەرۋشى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا. ونىڭ بەرگەن دارەجەسى - شىن دارەجە، قابىل ەتىلگەن دارەجە دە مىنە وسى، ال دۇنيەلىك دارەجەلەر اللا الدىندا قابىل ەمەس.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8752