ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН ҒАЖАП ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРДЕН АЗ ҮЗІНДІ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8707
ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН ҒАЖАП ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРДЕН АЗ ҮЗІНДІ
- иманыңды күшейткің келсе, ішкі әлеміңді жұмсарт.
- сопылар шектен шықпайды, ұшқарылыққа берілмейді, олар ұдайы жұмсақ, және орта жолды болады.
- мына өмірде әрқандай ұшқарылықтан аулақ бол, себебі ол сенің ішкі тепе-теңдігіңді бұзады.
- кез келген бұтшылдықтан да аулақ бол, себебі олар көкжиегіңді бұлдыр етеді, тек Алла, тек Алланы ғана ең бірінші пірің ет.
- егер бір аяғыңның жәннатта тұрғаны мүлдем ақиқат болса да, өзіңді Алланың жоспарынан қауіпсіз сезінбе.
- елдің мақтағанына бола жүрегің мәз болмасын, сонымен бірге елдің сынағаны үшін де көңілсіз болма.
- сұлу жүз назар тартады, сұлу мінез жүрек тартады.
- сөзің үнсіздігіңнен әдемі болған кезде ғана сөйле.
- жүрегің жатқан алып мұхиттай үлкен, барда, сол мұхиттың тереңінен өзіңді тауып ал.
- үрей, 'егер солай болса қайтем' дейді, ал иман, 'тіпті солай болса да' дейді.
- егер айналаң тола қараңғы болса, онда қайта қарап көр, мүмкін, жанып тұрған шырақ сен шығарсың.
- әрбір дінде махаббат бар, бірақ махаббатта дін жоқ.
- өзіңді ұсқынсыз қоғамға икемдеймін деп, сұп-сұлу жаныңды бұзып алма.
- рухыңды Алла махаббатына сүңгітіп ғайып қыл, серт етемін, бұдан басқа әдемі жол жоқ.
- елдің айтқанын істеп едім, соқыр болдым, біреулер шақырғанда барып едім, адасып кеттім. содан елдің бәрін тастадым, өзімді де тастап кеттім, бір ғажабы сол, мен сол кезде барып, елді де, өзімді де тауып алдым.
- қабыр тәніңді алады, өкініш жаныңды алады. Олардың біреуі сені тез жерлеп, тыныш тапса, біреуі сені бірақ жұтады.
- куәгер бол, кесімші болма, өзгеге емес, өзіңе қара, көпке емес, жүрегіңе құлақ сал.
- адамдар бізді жараламайды, бізді адамдардан күткен дәмеміз жаралайды.
- үйіңді қонақ келетіндей таза ұста, жүрегіңді қазір өлетіндей таза ұста.
- бірдеңе керек болғаны үшін намаз оқыма, бірақ Аллаға айтар сансыз алғыс барлығын түсініп, намаз оқы.
- жүздері иманмен жәйнап тұрған адамдармен бірге бол, себебі олардың күлімсірегені саған кітап үйрете алмайтын нәрселерді үйретеді.
- кімдермен көп бірге болсаң, солар сенің жүрегіңмен мінезіңді жасайды. Мәселен, шыншыл таза адамның көрінген жәй бір бейнесінің өзі сөзбен үйретіп бола алмайтын нәрсені үйрете береді.
- береке шүкіршілікпен артады, ал береке дегеніміз Алладан бір сырлы сыйлық, оның шегі болмайды.
- Алла төбемізден қарап тұр деп ойлайтын шығарсың, бірақ ақиқатында Алла бізді іш жағымыздан көріп тұрады.
- дәме етуді қойып, төзіммен қабыл ете білуге ауысқан кезде ғана мына өмірің мамыражәй тыныш өмірге өзгеретін болады.
- жүрегіңде тұнып тұрған мөп-мөлдір мол махаббат бар, сол махаббаттан өзіңе де біраз үлес бер.
- кейде ұзағырақ күтуің керек, себебі саған келе жатқан береке де үлкенірек.
- төккен мейірімің де кімнің үстіне төгіліп жатқанымен ісі жоқ жауын сияқты кең болсын.
اۋليەلەردەن قالعان عاجاپ عيبراتتى سوزدەردەن از ءۇزىندى
- يمانىڭدى كۇشەيتكىڭ كەلسە، ىشكى الەمىڭدى جۇمسارت.
- سوپىلار شەكتەن شىقپايدى، ۇشقارىلىققا بەرىلمەيدى، ولار ۇدايى جۇمساق، جانە ورتا جولدى بولادى.
- مىنا ومىردە ءارقانداي ۇشقارىلىقتان اۋلاق بول، سەبەبى ول سەنىڭ ىشكى تەپە-تەڭدىگىڭدى بۇزادى.
- كەز كەلگەن بۇتشىلدىقتان دا اۋلاق بول، سەبەبى ولار كوكجيەگىڭدى بۇلدىر ەتەدى، تەك اللا، تەك اللانى عانا ەڭ ءبىرىنشى ءپىرىڭ ەت.
- ەگەر ءبىر اياعىڭنىڭ ءجانناتتا تۇرعانى مۇلدەم اقيقات بولسا دا، ءوزىڭدى اللانىڭ جوسپارىنان ءقاۋىپسىز سەزىنبە.
- ەلدىڭ ماقتاعانىنا بولا جۇرەگىڭ ءماز بولماسىن، سونىمەن بىرگە ەلدىڭ سىناعانى ءۇشىن دە كوڭىلسىز بولما.
- سۇلۋ ءجۇز نازار تارتادى، سۇلۋ مىنەز جۇرەك تارتادى.
- ءسوزىڭ ۇنسىزدىگىڭنەن ادەمى بولعان كەزدە عانا سويلە.
- جۇرەگىڭ جاتقان الىپ مۇحيتتاي ۇلكەن، باردا، سول مۇحيتتىڭ تەرەڭىنەن ءوزىڭدى تاۋىپ ال.
- ۇرەي، 'ەگەر سولاي بولسا قايتەم' دەيدى، ال يمان، 'ءتىپتى سولاي بولسا دا' دەيدى.
- ەگەر اينالاڭ تولا قاراڭعى بولسا، وندا قايتا قاراپ كور، مۇمكىن، جانىپ تۇرعان شىراق سەن شىعارسىڭ.
- ءاربىر دىندە ماحاببات بار، ءبىراق ماحابباتتا ءدىن جوق.
- ءوزىڭدى ۇسقىنسىز قوعامعا يكەمدەيمىن دەپ، سۇپ-سۇلۋ جانىڭدى بۇزىپ الما.
- رۋحىڭدى اللا ماحابباتىنا سۇڭگىتىپ عايىپ قىل، سەرت ەتەمىن، بۇدان باسقا ادەمى جول جوق.
- ەلدىڭ ايتقانىن ىستەپ ەدىم، سوقىر بولدىم، بىرەۋلەر شاقىرعاندا بارىپ ەدىم، اداسىپ كەتتىم. سودان ەلدىڭ ءبارىن تاستادىم، ءوزىمدى دە تاستاپ كەتتىم، ءبىر عاجابى سول، مەن سول كەزدە بارىپ، ەلدى دە، ءوزىمدى دە تاۋىپ الدىم.
- قابىر ءتانىڭدى الادى، وكىنىش جانىڭدى الادى. ولاردىڭ بىرەۋى سەنى تەز جەرلەپ، تىنىش تاپسا، بىرەۋى سەنى ءبىراق جۇتادى.
- كۋاگەر بول، كەسىمشى بولما، وزگەگە ەمەس، وزىڭە قارا، كوپكە ەمەس، جۇرەگىڭە قۇلاق سال.
- ادامدار ءبىزدى جارالامايدى، ءبىزدى ادامداردان كۇتكەن دامەمىز جارالايدى.
- ءۇيىڭدى قوناق كەلەتىندەي تازا ۇستا، جۇرەگىڭدى ءقازىر ولەتىندەي تازا ۇستا.
- بىردەڭە كەرەك بولعانى ءۇشىن ناماز وقىما، ءبىراق اللاعا ايتار سانسىز العىس بارلىعىن ءتۇسىنىپ، ناماز وقى.
- جۇزدەرى يمانمەن ءجايناپ تۇرعان ادامدارمەن بىرگە بول، سەبەبى ولاردىڭ كۇلىمسىرەگەنى ساعان كىتاپ ۇيرەتە المايتىن نارسەلەردى ۇيرەتەدى.
- كىمدەرمەن كوپ بىرگە بولساڭ، سولار سەنىڭ جۇرەگىڭمەن مىنەزىڭدى جاسايدى. ماسەلەن، شىنشىل تازا ادامنىڭ كورىنگەن ءجاي ءبىر بەينەسىنىڭ ءوزى سوزبەن ۇيرەتىپ بولا المايتىن نارسەنى ۇيرەتە بەرەدى.
- بەرەكە شۇكىرشىلىكپەن ارتادى، ال بەرەكە دەگەنىمىز اللادان ءبىر سىرلى سىيلىق، ونىڭ شەگى بولمايدى.
- اللا توبەمىزدەن قاراپ تۇر دەپ ويلايتىن شىعارسىڭ، ءبىراق اقيقاتىندا اللا ءبىزدى ءىش جاعىمىزدان كورىپ تۇرادى.
- دامە ەتۋدى قويىپ، توزىممەن قابىل ەتە بىلۋگە اۋىسقان كەزدە عانا مىنا ءومىرىڭ ءمامىراجاي تىنىش ومىرگە وزگەرەتىن بولادى.
- جۇرەگىڭدە تۇنىپ تۇرعان ءموپ-ءمولدىر مول ماحاببات بار، سول ماحابباتتان وزىڭە دە ءبىراز ۇلەس بەر.
- كەيدە ۇزاعىراق كۇتۋىڭ كەرەك، سەبەبى ساعان كەلە جاتقان بەرەكە دە ۇلكەنىرەك.
- توككەن مەيىرىمىڭ دە كىمنىڭ ۇستىنە توگىلىپ جاتقانىمەن ءىسى جوق جاۋىن سياقتى كەڭ بولسىن.
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8707