You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

СӘУІР ЯҒНИ ӘПІРЕЛ АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНЫНДА ШИПА БАР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8705
СӘУІР ЯҒНИ ӘПІРЕЛ АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНЫНДА ШИПА БАР

СӘУІР АЙЫНЫҢ ЖАУЫНЫ ҚАСИЕТКЕ ТОЛЫ ЖАУЫН, әсіресе СӘУІРДІҢ ең АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНЫНДА көп нәрсеге ЕМ БАР. Ол ерекше жауын, сондықтан қазақ ата-бабаларымыз 'СӘУІР БОЛМАЙ, ТӘУІР БОЛМАС' деген екен, қазақтың бұл сөзі исламнан келген. Күллі әлем, аршы-күрсі, барша жаратылыс пайғамбарымыздың нұрының құрметі үшін жаратылды, сол нұрдан жаратылды. Демек, әрбір жаратылыс пайғамбарымыздың нұрын алып жүреді, сондықтан әрбір жаратылысты аялау керек, орынсыз өлтірмеу керек. Пайғамбарымыз көктемнің сәуір айында дүниеге келген, сондықтан, Алла сәуір айын әуелде құтты етіп қойған, ал осы айда Алла жоғары әлемнен яғни аршыдан қасиетке толы сырлы жаңбыр жібереді. Егер оның бір тамшысы жердегі бұлтқа тисе, бүкіл жаңбыр берекеленіп, тіршілікке ем-шипа болатын қасиетке ие болады. Демек, сәуір жауынына жәннаттан келген жауын араласқан. Бұл жаңбыр құт-береке әкеліп, жан-жануар, өсімдік және адамдарға жаңа тыныс, тың өмір сыйлайды, адамды жүгінен арылтады. Осы сырды білетіндер сәуір жауыны жауғанда, бүкіл денесін жауын суына малады және оны ішеді. Бұл жауынға малынбақ болып, бүкіл жан-жануарлар да жүгіреді, олар сәуір жауынын күтеді, теңіздегі балықтар да аузын ашып, сәуір жауынын ішпек болады. Жылан да осы жауынды ішуге ұмтылады, ол одан күш алып, уытын жасайды, ал одан құр қалса, ол уытын жасай алмайды, осылпйша бүкіл тіршілік сәуір жауынымен қуаттанады. Бұнда сәуірдің ең алғашқы жауыны ең жақсы, ал сәуірде жауын жаумаса, жерді құрғақшылық жәйлап, ештеңе өспейді. Сәуір жауынында осындай берекемен шипа бар, сондықтан, мүмкіндік болса, оған малынған абзал, және оны таза ыдысқа жинап, Алладан ем және береке сұрау ниетімен ішкен абзал, ол күш береді, ем-шипа болады. Әсіресе, сәуірдің бірінші жауған жауыны ең қасиетті, ең берекелі, сондықтан, оның берекесінен игіліктенуге ұмтылу керек.

ءساۋىر ياعني اپىرەل ايىنىڭ العاشقى جاۋىنىندا شيپا بار

ءساۋىر ايىنىڭ جاۋىنى قاسيەتكە تولى جاۋىن، اسىرەسە ءساۋىردىڭ ەڭ العاشقى جاۋىنىندا كوپ نارسەگە ەم بار. ول ەرەكشە جاۋىن، سوندىقتان قازاق اتا-بابالارىمىز 'ءساۋىر بولماي، ءتاۋىر بولماس' دەگەن ەكەن، قازاقتىڭ بۇل ءسوزى يسلامنان كەلگەن. كۇللى الەم، ارشى-كۇرسى، بارشا جاراتىلىس پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاراتىلدى، سول نۇردان جاراتىلدى. دەمەك، ءاربىر جاراتىلىس پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىن الىپ جۇرەدى، سوندىقتان ءاربىر جاراتىلىستى ايالاۋ كەرەك، ورىنسىز ولتىرمەۋ كەرەك. پايعامبارىمىز كوكتەمنىڭ ءساۋىر ايىندا دۇنيەگە كەلگەن، سوندىقتان، اللا ءساۋىر ايىن اۋەلدە قۇتتى ەتىپ قويعان، ال وسى ايدا اللا جوعارى الەمنەن ياعني ارشىدان قاسيەتكە تولى سىرلى جاڭبىر جىبەرەدى. ەگەر ونىڭ ءبىر تامشىسى جەردەگى بۇلتقا تيسە، بۇكىل جاڭبىر بەرەكەلەنىپ، تىرشىلىككە ەم-شيپا بولاتىن قاسيەتكە يە بولادى. دەمەك، ءساۋىر جاۋىنىنا ءجانناتتان كەلگەن جاۋىن ارالاسقان. بۇل جاڭبىر قۇت-بەرەكە اكەلىپ، جان-جانۋار، وسىمدىك جانە ادامدارعا جاڭا تىنىس، تىڭ ءومىر سىيلايدى، ادامدى جۇگىنەن ارىلتادى. وسى سىردى بىلەتىندەر ءساۋىر جاۋىنى جاۋعاندا، بۇكىل دەنەسىن جاۋىن سۋىنا مالادى جانە ونى ىشەدى. بۇل جاۋىنعا مالىنباق بولىپ، بۇكىل جان-جانۋارلار دا جۇگىرەدى، ولار ءساۋىر جاۋىنىن كۇتەدى، تەڭىزدەگى بالىقتار دا اۋزىن اشىپ، ءساۋىر جاۋىنىن ىشپەك بولادى. جىلان دا وسى جاۋىندى ىشۋگە ۇمتىلادى، ول ودان كۇش الىپ، ۋىتىن جاسايدى، ال ودان قۇر قالسا، ول ۋىتىن جاساي المايدى، وسىلپيشا بۇكىل تىرشىلىك ءساۋىر جاۋىنىمەن قۋاتتانادى. بۇندا ءساۋىردىڭ ەڭ العاشقى جاۋىنى ەڭ جاقسى، ال ساۋىردە جاۋىن جاۋماسا، جەردى قۇرعاقشىلىق ءجايلاپ، ەشتەڭە وسپەيدى. ءساۋىر جاۋىنىندا وسىنداي بەرەكەمەن شيپا بار، سوندىقتان، مۇمكىندىك بولسا، وعان مالىنعان ابزال، جانە ونى تازا ىدىسقا جيناپ، اللادان ەم جانە بەرەكە سۇراۋ نيەتىمەن ىشكەن ابزال، ول كۇش بەرەدى، ەم-شيپا بولادى. اسىرەسە، ءساۋىردىڭ ءبىرىنشى جاۋعان جاۋىنى ەڭ قاسيەتتى، ەڭ بەرەكەلى، سوندىقتان، ونىڭ بەرەكەسىنەن يگىلىكتەنۋگە ۇمتىلۋ كەرەك.

#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8705