ҚАДІР ТҮНІН БЫЛАЙ ӨТІКІЗГЕН АБЗАЛ БОЛМАҚ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8694
ҚАДІР ТҮНІН БЫЛАЙ ӨТІКІЗГЕН АБЗАЛ БОЛМАҚ
бүгін кеш (2026.03.16) қасиетті құран кәрим түскен әрі жұмбақ әрі қасиетті қадір түндерінің бірі. осы күні пайғамбарымызға Алладан Жебірейіл періште арқылы уахи түсті. осы түннің құрметі үшін жасаған құлшылықтарыңызбен дұғаларыңыз қабыл болғай. Ал бүгін кешті қадір түні болған түндер ретінде құрметтеп, мына амалдарды өтеген абзал болмақ.
- құптаннан соң тарауих намазы оқылады
- одан тәсбих намазы
- одан шүкір намазы
- одан екі ракат қадір түні сүннет намазы
- одан үтір уәжіп намазы оқылады
- мүмкін болса, зікір етіңіз, дұға жасаңыз
- ал ұйқы келгенде дәрет алып, екі ракат қиямул ләйл намазын өтеп ұйықтаңыз
- одан таңғы азаннан бұрын тұрып, кемінде екі ракат тәхажұт намаз өтеңіз
Сонда түні бойы ұйықтап жатқан уақытыңызға түні бойы ұйықтамай намаз өтегендей сауап беріледі. Алла осындай ерекше мейірімді, аса кең, аса жомарт, Ол адамға жеңілдік қалайды. Сіз түні бойы тік тұрып намаз оқи алмайсыз, оған адам тәні шыдамайды, оны шәриғат та талап етпейді, шәриғат жеңілдікті талап етеді, қиындатуды қаламайды. Бұндай жеңілдікті пайғамбарымыз бізге көрсетіп кеткен. Қадір түнін осылай өткізіңіз, иншалла.
ءقادىر ءتۇنىن بىلاي وتىكىزگەن ابزال بولماق
بۇگىن كەش (2026.03.16) قاسيەتتى قۇران كاريم تۇسكەن ءارى جۇمباق ءارى قاسيەتتى ءقادىر تۇندەرىنىڭ ءبىرى. وسى كۇنى پايعامبارىمىزعا اللادان جەبىرەيىل پەرىشتە ارقىلى ۋاحي ءتۇستى. وسى ءتۇننىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاساعان قۇلشىلىقتارىڭىزبەن دۇعالارىڭىز قابىل بولعاي. ال بۇگىن كەشتى ءقادىر ءتۇنى بولعان تۇندەر رەتىندە قۇرمەتتەپ، مىنا امالداردى وتەگەن ابزال بولماق.
- قۇپتاننان سوڭ تاراۋيح نامازى وقىلادى
- ودان ءتاسبيح نامازى
- ودان شۇكىر نامازى
- ودان ەكى راكات ءقادىر ءتۇنى سۇننەت نامازى
- ودان ءۇتىر ءۋاجىپ نامازى وقىلادى
- مۇمكىن بولسا، زىكىر ەتىڭىز، دۇعا جاساڭىز
- ال ۇيقى كەلگەندە دارەت الىپ، ەكى راكات قيامۋل ءلايل نامازىن وتەپ ۇيىقتاڭىز
- ودان تاڭعى ازاننان بۇرىن تۇرىپ، كەمىندە ەكى راكات ءتاحاجۇت ناماز وتەڭىز
سوندا ءتۇنى بويى ۇيىقتاپ جاتقان ۋاقىتىڭىزعا ءتۇنى بويى ۇيىقتاماي ناماز وتەگەندەي ساۋاپ بەرىلەدى. اللا وسىنداي ەرەكشە مەيىرىمدى، اسا كەڭ، اسا جومارت، ول ادامعا جەڭىلدىك قالايدى. ءسىز ءتۇنى بويى تىك تۇرىپ ناماز وقي المايسىز، وعان ادام ءتانى شىدامايدى، ونى ءشاريعات تا تالاپ ەتپەيدى، ءشاريعات جەڭىلدىكتى تالاپ ەتەدى، قيىنداتۋدى قالامايدى. بۇنداي جەڭىلدىكتى پايعامبارىمىز بىزگە كورسەتىپ كەتكەن. ءقادىر ءتۇنىن وسىلاي وتكىزىڭىز، ينشاللا.
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8694