Сұхбат: пайдасыз білім қума, ал жүректі қалай тазартамыз? (2025.10.29 / Хижри 1447-жыл 07-Жұмадал Әл-Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8563
Сұхбат: пайдасыз білім қума, ал жүректі қалай тазартамыз? (2025.10.29 / Хижри 1447-жыл 07-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Chile, Limache-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бір сөзінде, «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لاَ يَنْفَعُ وَقَلْبٍ لاَ يَخْشَعُ» яғни (о Алла, пайдасы жоқ білімнен, Алладан қорықпайтын жүректен Сенен пана тілеймін) дейді. Бұнда пайғамбарымыз ﷺ, «о Алла, бізді Алладан қорықпайтын жүректен және пайдасыз білімнен аулақ ет» деп жатыр, ал жүрек жәйлы Алла Әззә уә-Жәллә, «ما وَسِعَني أرضي ولا سَمائي، ولكنْ وَسِعَني قَلبُ عبدي المُؤمِنِ» яғни (расында жермен көгім Мені өзіне сыйдыра алмас, бірақ мүмин құлымның жүрегі Мені өзіне сыйдыра алар) дейді. Алла Әззә уә-Жәллә бұны пайғамбарымыз ﷺ арқылы құдыси хадистерінде айтады, себебі ешқандай мекен Алла Әззә уә-Жәлләға жарамайды, Ол оларға сыймайды, демек сіз Алла Әззә уә-Жәлләның қандай екенін білмейсіз, Оны білу мүмкін емес. Алла Әззә уә-Жәллә, «мүмин құлымның жүрегінен басқа ештеңе Мені сыйдыра алмас» дейді, демек жүрек аса маңызды, Алла ﷻ, «ол Алланы өзіне сыйдыра алар» дейді, әрине, бұның мағынасы сол, мейлі материялдық немесе рухани жақтан болсын, жүрек адам баласының денесіндегі ең маңызды нәрсе.
Пайғамбарымыз ﷺ тағы да, «ألا وإنَّ في الجَسَدِ مُضْغَةً، إذا صَلَحَتْ، صَلَحَ الجَسَدُ كُلُّهُ، وإذا فَسَدَتْ، فَسَدَ الجَسَدُ كُلُّهُ، ألا وهي القَلْبُ» яғни (денеде бір парша ет бар, егер ол сау болса, бүкіл дене сау болар, егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылар, ол - жүрек) дейді. Демек денеде осы бір парша ет жақсы жұмыс істесе, бүкіл дене істейді, әйтпесе, бүкіл дененің шипасы бітеді, бұл тағы да сол екі нәрсеге, яғни материялдық және рухани тұрғыға қарата бірдей айтылған. Материялдық жағы сол, егер одан мәселе шықса, адамдар оған оператсия жасайды, оны түзеу үшін барлығын істейді, ал оны рухани жақта жөндеу үшін, өзіңіз күш шығарып, жұмыс істеуіңіз керек. Демек адамдар оны рухани тұрғыда жөндеу жәйлы ізденуі керек, ал материялдық тұрғыда көптеген адам оны күтіп, жөндей алады. Себебі қазіргі кезде дохтырлар өте білімді болып, оған керемет оператсия жасай алады, олар көптеген адамды өлімнен құтқарды, яғни олар адамдардың жүрегіне ремонт жасап, сосын ол адамдар жалғасты өмір сүреді. Егер жақсы болса, олар жалғаса берер, ал жаман болса, сонда да ұқсас жолымен жүре берер, дене үшін бұл мәселе емес, бірақ өлім уақыты келгенде, олар да кетер.
Алайда жүректің руханияты тіпті де маңызды болмақ, сондықтан жүректі рухани тұрғыда түзеп, ремонттауыңыз керек, демек сіз пайғамбарымыз ﷺға еру арқылы, жүрегіңізді жөндеуге құлшынуыңыз керек, оның жолы жүректі түзейді, ондағы барша ауру-кеселді, қараңғылықты, және барша жаман нәрселерді алып кетеді. Онан соң барып, Алла ﷻ сіздің жүрегіңізге кіретін болады, демек ең бірінші осы жүрегіңіз таза болуы керек, ал оны қалай істейміз? әрине, ең бірінші, пайғамбарымыз ﷺ оны бізге көрсетіп кетті. Ол, «‘قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ» яғни (егер сендер Алланы сүйсеңдер, онда маған еріңдер, сонда Алла сендерді сүйер) дейді, (құран 3інші сүре 31інші аят). Демек, бұнда сіз пайғамбарымыз ﷺға еріңіз, оны тек өзіңізбен қалып істей алмайсыз, осы жолды сізге көрсететін мәлім адам керек, ұзақ жолда жол көрсетуші болуы керек, ал жол көрсетуші болмаса, сіз адасып кететін боласыз.
Тіпті осы дүниеде де, мәселен, осындай кішкене жерде де, мына жол көрсетуші Әбдул-мәтин мырза болмаса, бұнда адасып, қайда барарымызды білмес едік, сол үшін ол бізге жол көрсетеді. Бұл аса маңызды, себебі адамдар шайтан жағынан алданып, олар, «бізге пір шайық керек емес, сахаба керек емес» деп жүр, тіпті олар пайғамбарымыз ﷺды керек еткісі келмей жүр. Олар, «біз құранға қарап, жолымызды таба аламыз» дейді, бірақ бұл адамдар, әуел баста, ең бірінші қадамда-ақ биіктен түбі жоқ тереңге құлап кетті. Демек бұл жолда жүрмегендер, сонау бірінші қадамның өзінде өздерінің шипасын бітіріп болды, Алла ﷻ оларға ешқашан риза болмайды. Ал манағы хадистің жалғасы, «مِنْ عِلْمٍ لاَ يَنْفَعُ» яғни (о Алла, пайдасы жоқ білім үшін Сенен пана тілеймін) деген бөлімі еді. Демек пайдасы жоқ білім сізге еш пайда бере алмайды, ал манағы адамдар көп нәрсені оқи береді, оқи береді, соңында, «бізге жол көрсетуші пір керек емес, мен өзіме еремін, ешкімге ерудің керегі жоқ» деп ойлайды. Ал қазіргі кезде осыдай адамдар дүниенің әр жерінде қаптап жүр.
Ал адамдарға рухани ұстаз-пір керек, олар руханиятпен ғана қанағат, қуаныш және бақыт таба алады, сондықтан жұрт мүминдерге келіп, өздеріне жол көрсетуді сұрайды. Оларға көптеген адамдар келеді, бірақ шайтан оған риза емес, сол үшін олар құраннан, хадистен мысал беріп жүр. Олардың шайықтары, «қара, ол дәл сондай, ол құранда, және кейбір хадисте жазылған, бұны сен істеме, оны өзің іздеуің керек, ешкімге ерме» дейді. Ал жұрт арасында мәселе туылғанда Сәйдина Әли хазірет не деп еді, ол, «كَلِمَةُ حَقٍّ يُرَادُ بِهَا بَاطِلٌ» яғни (өтірікті мақсат еткен шын сөз бар) дейді. Демек, мәлім сөз шын бар, ол - хақ, бірақ ол сөз жалғандық үшін айтылады, яғни ол сөз шын, бірақ оның мағынасы өтірік түсіндіріледі, мағынасы жаман болып кетеді. Сондықтан, көптеген адам алданады, әсіресе араптар ең көп алданды, себебі олар арапша біледі, яғни манағы қыңыр адамдар арапша сөйлейтіндерден еді, олар, «қараңдар, ол бұлай, ол солай» дейді. Және олар, «иә, сол дұрыс» дейді, ал шындығында олар алданып қалды, сондықтан олар Алла Әззә уә-Жәллә берген нәрселерден айырылды.
Айтып өткеніміздей, жүрегіңізді тазарту қиын емес, әлхамдулилла, біз исламмен адамгершіліктің ешкімге залал әкелмеу, ешкімді алдамау, ешкімнен ештеңе ұрламау, адамдарға еш жамандық істемеудей қалыпты білімдеріне ілесудеміз. Біз жалғасты бес уақ құлшылық өтей береміз, ол қиын емес, міне осылай етсек, жүрек тазаратын болады, содан соң ол Алла Әззә уә-Жәлләға даяр тұрады. Бұл жүрек басқалардың жүрегіне ұқсамайды, әсіресе, жүрегі кекпен жек көруге толған, ешкімді құрметтемейтін, бәрінен бұрын пайғамбарымыз ﷺды құрметтемейтін адамдарға ұқсамайды. Осыбір қыңыр адамдардың айтқаны есіме түскенде, оларға ашуланамын, себебі бұндағы ең бірінші маңызды іс, пайғамбарымыз ﷺды құрметтеу еді. Себебі пайғамбарымыз ﷺ, «сендер мені өздеріңнен, отбасыларыңнан, ата-аналарыңнан артық сүймей тұрып, шын мүмин бола алмайсыңдар» дейді. Міне бұл пайғамбарымыз ﷺның әмірі, әлхамдулилла, біз оны сүйеміз, оны сүйгеннен ештеңе жоғалтып алмаймыз, қайта әлхамдулилла, осыбір шын махаббаттың арқасында біз ұтылмаймыз, ештеңе жоғалытпаймыз.
Ал манағы адамдар неге сонша ашуланады? себебі оларда көре алмастық бар, ал көре алмастық шайтанның ең үлкен қасиеті, шайтан осы көре алмастығы себепті жәннаттан қуылды. Сол кезде шайтан, «мен барлық адамдарды өзім сияқты етіп жіберемін» деді, сондықтан, ол қолынан келетінін істеуде, егер адамдар мүмин болмаса, ол, «жарайды, бұл адамдар менікі» дейді. Ал егер олар мүмин болса, ол олардың жүрегіне ауру-кесел салады, олардың жүрегін қараңғылыққа, жаман нәрселерге, ластыққа, кеселге толтырады, олардың жүрегіне бүкіл кесір атаулыны салады. Содан соң олардың жүрегіндегі осы нәрселер олардың жүздерінен көріне бастайды. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «عبوس الوجه، كريه المنظر» деп ұдайы айтып отырушы еді, бұл сөздің мағынасы сол, оның жүзі ұсқынсыз, ашулы демекілік-дүр, шайтанның адамдарға істейтіні міне осы. Ал сопылық тәриқат осыларды тазалайды, Алла ﷻ сопылық тәриқатты пайғамбарымыз ﷺ арқылы әкелді, сол арқылы жасады, ол бір құтты жол, берекелі жол, әлхамдулилла, сол үшін осындай берекелі жерде отырмыз.
Біз Алла ﷻға осы үшін алғыс айтамыз, Алла ﷻдың нұры осы жерден өсіп жатыр, себебі мешіт бәйтулла, яғни мешіт - Алланың үйі, барлық мешіттер Алланың үйі делінеді, оған әркім келуіне болады, оларды ешкім тоспайды. Бізде міне осындай, сопылық тәриқатта адамдарға мәңгілік бақытты беруге тырысады, ол аз бақытты болған соң, жоқ болып кететін нәрсе емес, ал біз адамдарға ештеңеге алаң болмау жәйлы жақсы шүйіншілі хабар береміз, себебі басқа топтар адамдардың барлығын тозаққа салып қойды. Мәуләнә хазірет құран әзиму-шәндағы, «وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ» яғни (Алла бейбітшілік үйіне шақырады) деген аятты көп айтушы еді, (құран 10інші сүре 25інші аят). Демек, Алла ﷻ адамдардың жәннәтқа келуін сұрауда, иншалла, біз барлығымыз жәннәтқа барамыз, иншалла, Алла ﷻ көптеген адамдарды жәннәтқа кіргізгей, иншалла. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, панасына алғай, және сіздерді осыбір елдің хидаятқа келуіне себеп еткей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: پايداسىز ءبىلىم قۋما، ال جۇرەكتى قالاي تازارتامىز؟ (2025.10.29 / حيجري 1447-جىل 07-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Chile، Limache-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ ءبىر سوزىندە، «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عِلْمٍ لاَ يَنْفَعُ وَقَلْبٍ لاَ يَخْشَعُ» ياعني (و اللا، پايداسى جوق بىلىمنەن، اللادان قورىقپايتىن جۇرەكتەن سەنەن پانا تىلەيمىن) دەيدى. بۇندا پايعامبارىمىز ﷺ، «و اللا، ءبىزدى اللادان قورىقپايتىن جۇرەكتەن جانە پايداسىز بىلىمنەن اۋلاق ەت» دەپ جاتىر، ال جۇرەك ءجايلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ما وَسِعَني أرضي ولا سَمائي، ولكنْ وَسِعَني قَلبُ عبدي المُؤمِنِ» ياعني (راسىندا جەرمەن كوگىم مەنى وزىنە سىيدىرا الماس، ءبىراق ءمۇمين قۇلىمنىڭ جۇرەگى مەنى وزىنە سىيدىرا الار) دەيدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇنى پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى قۇدىسي حاديستەرىندە ايتادى، سەبەبى ەشقانداي مەكەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا جارامايدى، ول ولارعا سىيمايدى، دەمەك ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قانداي ەكەنىن بىلمەيسىز، ونى ءبىلۋ مۇمكىن ەمەس. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ءمۇمين قۇلىمنىڭ جۇرەگىنەن باسقا ەشتەڭە مەنى سىيدىرا الماس» دەيدى، دەمەك جۇرەك اسا ماڭىزدى، اللا ﷻ، «ول اللانى وزىنە سىيدىرا الار» دەيدى، ارينە، بۇنىڭ ماعىناسى سول، مەيلى ماتەريالدىق نەمەسە رۋحاني جاقتان بولسىن، جۇرەك ادام بالاسىنىڭ دەنەسىندەگى ەڭ ماڭىزدى نارسە.
پايعامبارىمىز ﷺ تاعى دا، «ألا وإنَّ في الجَسَدِ مُضْغَةً، إذا صَلَحَتْ، صَلَحَ الجَسَدُ كُلُّهُ، وإذا فَسَدَتْ، فَسَدَ الجَسَدُ كُلُّهُ، ألا وهي القَلْبُ» ياعني (دەنەدە ءبىر پارشا ەت بار، ەگەر ول ساۋ بولسا، بۇكىل دەنە ساۋ بولار، ەگەر ول بۇزىلسا، بۇكىل دەنە بۇزىلار، ول - جۇرەك) دەيدى. دەمەك دەنەدە وسى ءبىر پارشا ەت جاقسى جۇمىس ىستەسە، بۇكىل دەنە ىستەيدى، ايتپەسە، بۇكىل دەنەنىڭ شيپاسى بىتەدى، بۇل تاعى دا سول ەكى نارسەگە، ياعني ماتەريالدىق جانە رۋحاني تۇرعىعا قاراتا بىردەي ايتىلعان. ماتەريالدىق جاعى سول، ەگەر ودان ماسەلە شىقسا، ادامدار وعان وپەراتسيا جاسايدى، ونى تۇزەۋ ءۇشىن بارلىعىن ىستەيدى، ال ونى رۋحاني جاقتا جوندەۋ ءۇشىن، ءوزىڭىز كۇش شىعارىپ، جۇمىس ىستەۋىڭىز كەرەك. دەمەك ادامدار ونى رۋحاني تۇرعىدا جوندەۋ ءجايلى ىزدەنۋى كەرەك، ال ماتەريالدىق تۇرعىدا كوپتەگەن ادام ونى كۇتىپ، جوندەي الادى. سەبەبى قازىرگى كەزدە دوحتىرلار وتە ءبىلىمدى بولىپ، وعان كەرەمەت وپەراتسيا جاساي الادى، ولار كوپتەگەن ادامدى ولىمنەن قۇتقاردى، ياعني ولار ادامداردىڭ جۇرەگىنە رەمونت جاساپ، سوسىن ول ادامدار جالعاستى ءومىر سۇرەدى. ەگەر جاقسى بولسا، ولار جالعاسا بەرەر، ال جامان بولسا، سوندا دا ۇقساس جولىمەن جۇرە بەرەر، دەنە ءۇشىن بۇل ماسەلە ەمەس، ءبىراق ءولىم ۋاقىتى كەلگەندە، ولار دا كەتەر.
الايدا جۇرەكتىڭ رۋحانياتى ءتىپتى دە ماڭىزدى بولماق، سوندىقتان جۇرەكتى رۋحاني تۇرعىدا تۇزەپ، رەمونتتاۋىڭىز كەرەك، دەمەك ءسىز پايعامبارىمىز ﷺعا ەرۋ ارقىلى، جۇرەگىڭىزدى جوندەۋگە قۇلشىنۋىڭىز كەرەك، ونىڭ جولى جۇرەكتى تۇزەيدى، ونداعى بارشا اۋرۋ-كەسەلدى، قاراڭعىلىقتى، جانە بارشا جامان نارسەلەردى الىپ كەتەدى. ونان سوڭ بارىپ، اللا ﷻ ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزگە كىرەتىن بولادى، دەمەك ەڭ ءبىرىنشى وسى جۇرەگىڭىز تازا بولۋى كەرەك، ال ونى قالاي ىستەيمىز؟ ارينە، ەڭ ءبىرىنشى، پايعامبارىمىز ﷺ ونى بىزگە كورسەتىپ كەتتى. ول، «‘قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ» ياعني (ەگەر سەندەر اللانى سۇيسەڭدەر، وندا ماعان ەرىڭدەر، سوندا اللا سەندەردى سۇيەر) دەيدى، (قۇران 3ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات). دەمەك، بۇندا ءسىز پايعامبارىمىز ﷺعا ەرىڭىز، ونى تەك وزىڭىزبەن قالىپ ىستەي المايسىز، وسى جولدى سىزگە كورسەتەتىن ءمالىم ادام كەرەك، ۇزاق جولدا جول كورسەتۋشى بولۋى كەرەك، ال جول كورسەتۋشى بولماسا، ءسىز اداسىپ كەتەتىن بولاسىز.
ءتىپتى وسى دۇنيەدە دە، ماسەلەن، وسىنداي كىشكەنە جەردە دە، مىنا جول كورسەتۋشى ءابدۋل-ءماتين مىرزا بولماسا، بۇندا اداسىپ، قايدا بارارىمىزدى بىلمەس ەدىك، سول ءۇشىن ول بىزگە جول كورسەتەدى. بۇل اسا ماڭىزدى، سەبەبى ادامدار شايتان جاعىنان الدانىپ، ولار، «بىزگە ءپىر شايىق كەرەك ەمەس، ساحابا كەرەك ەمەس» دەپ ءجۇر، ءتىپتى ولار پايعامبارىمىز ﷺدى كەرەك ەتكىسى كەلمەي ءجۇر. ولار، «ءبىز قۇرانعا قاراپ، جولىمىزدى تابا الامىز» دەيدى، ءبىراق بۇل ادامدار، اۋەل باستا، ەڭ ءبىرىنشى قادامدا-اق بيىكتەن ءتۇبى جوق تەرەڭگە قۇلاپ كەتتى. دەمەك بۇل جولدا جۇرمەگەندەر، سوناۋ ءبىرىنشى قادامنىڭ وزىندە وزدەرىنىڭ شيپاسىن ءبىتىرىپ بولدى، اللا ﷻ ولارعا ەشقاشان ريزا بولمايدى. ال ماناعى ءحاديستىڭ جالعاسى، «مِنْ عِلْمٍ لاَ يَنْفَعُ» ياعني (و اللا، پايداسى جوق ءبىلىم ءۇشىن سەنەن پانا تىلەيمىن) دەگەن ءبولىمى ەدى. دەمەك پايداسى جوق ءبىلىم سىزگە ەش پايدا بەرە المايدى، ال ماناعى ادامدار كوپ نارسەنى وقي بەرەدى، وقي بەرەدى، سوڭىندا، «بىزگە جول كورسەتۋشى ءپىر كەرەك ەمەس، مەن وزىمە ەرەمىن، ەشكىمگە ەرۋدىڭ كەرەگى جوق» دەپ ويلايدى. ال قازىرگى كەزدە وسىداي ادامدار دۇنيەنىڭ ءار جەرىندە قاپتاپ ءجۇر.
ال ادامدارعا رۋحاني ۇستاز-ءپىر كەرەك، ولار رۋحانياتپەن عانا قاناعات، قۋانىش جانە باقىت تابا الادى، سوندىقتان جۇرت مۇميندەرگە كەلىپ، وزدەرىنە جول كورسەتۋدى سۇرايدى. ولارعا كوپتەگەن ادامدار كەلەدى، ءبىراق شايتان وعان ريزا ەمەس، سول ءۇشىن ولار قۇراننان، حاديستەن مىسال بەرىپ ءجۇر. ولاردىڭ شايىقتارى، «قارا، ول ءدال سونداي، ول قۇراندا، جانە كەيبىر حاديستە جازىلعان، بۇنى سەن ىستەمە، ونى ءوزىڭ ىزدەۋىڭ كەرەك، ەشكىمگە ەرمە» دەيدى. ال جۇرت اراسىندا ماسەلە تۋىلعاندا ءسايدينا ءالي حازىرەت نە دەپ ەدى، ول، «كَلِمَةُ حَقٍّ يُرَادُ بِهَا بَاطِلٌ» ياعني (وتىرىكتى ماقسات ەتكەن شىن ءسوز بار) دەيدى. دەمەك، ءمالىم ءسوز شىن بار، ول - حاق، ءبىراق ول ءسوز جالعاندىق ءۇشىن ايتىلادى، ياعني ول ءسوز شىن، ءبىراق ونىڭ ماعىناسى وتىرىك تۇسىندىرىلەدى، ماعىناسى جامان بولىپ كەتەدى. سوندىقتان، كوپتەگەن ادام الدانادى، اسىرەسە اراپتار ەڭ كوپ الداندى، سەبەبى ولار اراپشا بىلەدى، ياعني ماناعى قىڭىر ادامدار اراپشا سويلەيتىندەردەن ەدى، ولار، «قاراڭدار، ول بۇلاي، ول سولاي» دەيدى. جانە ولار، «ءيا، سول دۇرىس» دەيدى، ال شىندىعىندا ولار الدانىپ قالدى، سوندىقتان ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بەرگەن نارسەلەردەن ايىرىلدى.
ايتىپ وتكەنىمىزدەي، جۇرەگىڭىزدى تازارتۋ قيىن ەمەس، ءالحامدۋليللا، ءبىز يسلاممەن ادامگەرشىلىكتىڭ ەشكىمگە زالال اكەلمەۋ، ەشكىمدى الداماۋ، ەشكىمنەن ەشتەڭە ۇرلاماۋ، ادامدارعا ەش جاماندىق ىستەمەۋدەي قالىپتى بىلىمدەرىنە ىلەسۋدەمىز. ءبىز جالعاستى بەس ۋاق قۇلشىلىق وتەي بەرەمىز، ول قيىن ەمەس، مىنە وسىلاي ەتسەك، جۇرەك تازاراتىن بولادى، سودان سوڭ ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا دايار تۇرادى. بۇل جۇرەك باسقالاردىڭ جۇرەگىنە ۇقسامايدى، اسىرەسە، جۇرەگى كەكپەن جەك كورۋگە تولعان، ەشكىمدى قۇرمەتتەمەيتىن، بارىنەن بۇرىن پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەمەيتىن ادامدارعا ۇقسامايدى. ءوسىبىر قىڭىر ادامداردىڭ ايتقانى ەسىمە تۇسكەندە، ولارعا اشۋلانامىن، سەبەبى بۇنداعى ەڭ ءبىرىنشى ماڭىزدى ءىس، پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەۋ ەدى. سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ، «سەندەر مەنى وزدەرىڭنەن، وتباسىلارىڭنان، اتا-انالارىڭنان ارتىق سۇيمەي تۇرىپ، شىن ءمۇمين بولا المايسىڭدار» دەيدى. مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءامىرى، ءالحامدۋليللا، ءبىز ونى سۇيەمىز، ونى سۇيگەننەن ەشتەڭە جوعالتىپ المايمىز، قايتا ءالحامدۋليللا، ءوسىبىر شىن ماحابباتتىڭ ارقاسىندا ءبىز ۇتىلمايمىز، ەشتەڭە جوعالىتپايمىز.
ال ماناعى ادامدار نەگە سونشا اشۋلانادى؟ سەبەبى ولاردا كورە الماستىق بار، ال كورە الماستىق شايتاننىڭ ەڭ ۇلكەن قاسيەتى، شايتان وسى كورە الماستىعى سەبەپتى ءجانناتتان قۋىلدى. سول كەزدە شايتان، «مەن بارلىق ادامداردى ءوزىم سياقتى ەتىپ جىبەرەمىن» دەدى، سوندىقتان، ول قولىنان كەلەتىنىن ىستەۋدە، ەگەر ادامدار ءمۇمين بولماسا، ول، «جارايدى، بۇل ادامدار مەنىكى» دەيدى. ال ەگەر ولار ءمۇمين بولسا، ول ولاردىڭ جۇرەگىنە اۋرۋ-كەسەل سالادى، ولاردىڭ جۇرەگىن قاراڭعىلىققا، جامان نارسەلەرگە، لاستىققا، كەسەلگە تولتىرادى، ولاردىڭ جۇرەگىنە بۇكىل كەسىر اتاۋلىنى سالادى. سودان سوڭ ولاردىڭ جۇرەگىندەگى وسى نارسەلەر ولاردىڭ جۇزدەرىنەن كورىنە باستايدى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «عبوس الوجه، كريه المنظر» دەپ ۇدايى ايتىپ وتىرۋشى ەدى، بۇل ءسوزدىڭ ماعىناسى سول، ونىڭ ءجۇزى ۇسقىنسىز، اشۋلى دەمەكىلىك-ءدۇر، شايتاننىڭ ادامدارعا ىستەيتىنى مىنە وسى. ال سوپىلىق ءتاريقات وسىلاردى تازالايدى، اللا ﷻ سوپىلىق ءتاريقاتتى پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى اكەلدى، سول ارقىلى جاسادى، ول ءبىر قۇتتى جول، بەرەكەلى جول، ءالحامدۋليللا، سول ءۇشىن وسىنداي بەرەكەلى جەردە وتىرمىز.
ءبىز اللا ﷻعا وسى ءۇشىن العىس ايتامىز، اللا ﷻدىڭ نۇرى وسى جەردەن ءوسىپ جاتىر، سەبەبى مەشىت ءبايتۋللا، ياعني مەشىت - اللانىڭ ءۇيى، بارلىق مەشىتتەر اللانىڭ ءۇيى دەلىنەدى، وعان اركىم كەلۋىنە بولادى، ولاردى ەشكىم توسپايدى. بىزدە مىنە وسىنداي، سوپىلىق ءتاريقاتتا ادامدارعا ماڭگىلىك باقىتتى بەرۋگە تىرىسادى، ول از باقىتتى بولعان سوڭ، جوق بولىپ كەتەتىن نارسە ەمەس، ال ءبىز ادامدارعا ەشتەڭەگە الاڭ بولماۋ ءجايلى جاقسى ءشۇيىنشىلى حابار بەرەمىز، سەبەبى باسقا توپتار ادامداردىڭ بارلىعىن توزاققا سالىپ قويدى. ءماۋلانا حازىرەت قۇران ءازيمۋ-ءشانداعى، «وَاللَّهُ يَدْعُو إِلَىٰ دَارِ السَّلَامِ» ياعني (اللا بەيبىتشىلىك ۇيىنە شاقىرادى) دەگەن اياتتى كوپ ايتۋشى ەدى، (قۇران 10ءىنشى سۇرە 25ءىنشى ايات). دەمەك، اللا ﷻ ادامداردىڭ ءجانناتقا كەلۋىن سۇراۋدا، ينشاللا، ءبىز بارلىعىمىز ءجانناتقا بارامىز، ينشاللا، اللا ﷻ كوپتەگەن ادامداردى ءجانناتقا كىرگىزگەي، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، پاناسىنا العاي، جانە سىزدەردى ءوسىبىر ەلدىڭ حيداياتقا كەلۋىنە سەبەپ ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8563