You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

БІЛІМ БӨЛЕК, ХИКІМЕТ БӨЛЕК, БІЛІМ БАСТАН, ХИКІМЕТ ЖҮРЕКТЕН КЕЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8510
БІЛІМ БӨЛЕК, ХИКІМЕТ БӨЛЕК, БІЛІМ БАСТАН, ХИКІМЕТ ЖҮРЕКТЕН КЕЛЕДІ

Бізге ең керек нәрсе хикімет яғни даналық, бұнда хикімет бөлек, білім бөлек, олар ұқсамайды. Білім көп, толып жатыр, оны әр жерден үйренуге болады. Ал хикімет тіл арқылы жүректен төте келеді, Алла хикіметті қалаған құлына береді, ол еш оқымаған адамда болуы да мүмкін. Кейбір хикімет кітапта жазылған, бірақ хикімет хатқа түскен соң, хикіметтік қасиетін жоғалтып, білімнің бір бөлімі болып кетеді. Оны да істетуге болар, бірақ маңыздысы хикімет. Хикіметті біреудің сыртқы бейнесіне қарап таба алмайсыз, оны күтпеген адамнан табуға болады. Ал хикіметке жету үшін сізде кішпейілділік деген жақсы қасиет болу керек, сонда ғана хикімет үйреніп, хикіметті адамға яғни данаға айналасыз. Адамның хикіметі артқан сайын, кішпейіл болады. Мүмкін сізде білім көп болғанымен, бірақ еш хикімет болмауы әбден мүмкін. Осы кездегі адамдардың хәлі осындай, оларда білім көп, бірақ хикімет жоқ, даналық жоқ. Мәселен, батыста, европа, әмерика бәрінде білім бар, бірақ хикімет жоқ. Сондықтан олар хикіметке келгенде шығысқа қарап, көзін сүзеді. Бізге хикімет керек, егер білімді ұшақ десек, хикімет жанармай болар. Ал жанармай болмаса, ұшақ ұша алмас. Қазір осы жанармайды күтіп тұрған ұшақтар яғни ғұламалар көп, оларда білім бар, бірақ хикімет жоқ. Олар біліміне мақтанады, бұл да хикімет жоқтықтан болған надандық, олар білім тек кітапта ғана деп ойлайды. Ал біз кітапта жазылған нәрселерді 'ойдың өнімдері' деп атаймыз. Ал осы ой өнімдері көбейген сайын, оны басқа салып жүру ауырласа береді. Адамның басы шекті, және уақыт өткен сайын ол қартайып, жинағанын ұмытады. Кітаптарыңды алып, біліміңді көтеріп жүресің, білімді ұмытпас үшін оны қайта қайта оқисың, ол шаршатады. Бірақ хикіметті болсаң, оны көтермейсіз, керісінше хикімет сізді көтеріп жүреді. Білім баста, хикімет жүректе болады, уақыт өткен сайын білім ұмтылады, азаяды. Бірақ хикімет уақыт өткен сайын артады, еш ұмытылмайды. Пайғамбарымыз, 'білімнің апаты - ұмыту' дейді, демек ұмыту білімді құртады, сондықтан ғұлама-ғалымдар қартайған сайын білімін ұмытып қалудан қатты алаңдайды. Кәрілік олардың еске сақтау қабілетін түсіріп, білімін жеп кетеді. Кім нәпсісіне ерсе, оның еске сақтау қабілеті түседі, ал кім нәпсісіне ермей, жүрегіне ерсе, ол ештеңені ұмытпайтын болады. Оның хикіметі жас ұлғайған сайын артады, оларды еш ұмытпайды. Жүректі істете біл, ол еске сақтау қабілет сияқты жас ұлғайған сайын әлсіремейді, бірақ арта береді. Жүрегін істете алатын адам сонау туылғанынан бастап, өмірінің соңына дейінгі әрбір ісімен сөзін анық біледі. Бұл жәйлы әйгілі әулие Бистами хазірет, 'о ғұламалар, сендер білімім түсіп қалмасын деп, күнде кітап көресіңдер, том том кітаптарыңды алып жүресіңдер, сендер жүк артқан атқа ұқсайсыңдар, қартайған сайын, білімдерің азаяды. Ал біздегі білім бізді алып жүреді, біз кітап көтермейміз, сендер сияқты шаршамаймыз' дейді.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءبىلىم بولەك، حيكىمەت بولەك، ءبىلىم باستان، حيكىمەت جۇرەكتەن كەلەدى

بىزگە ەڭ كەرەك نارسە حيكىمەت ياعني دانالىق، بۇندا حيكىمەت بولەك، ءبىلىم بولەك، ولار ۇقسامايدى. ءبىلىم كوپ، تولىپ جاتىر، ونى ءار جەردەن ۇيرەنۋگە بولادى. ال حيكىمەت ءتىل ارقىلى جۇرەكتەن توتە كەلەدى، اللا حيكىمەتتى قالاعان قۇلىنا بەرەدى، ول ەش وقىماعان ادامدا بولۋى دا مۇمكىن. كەيبىر حيكىمەت كىتاپتا جازىلعان، ءبىراق حيكىمەت حاتقا تۇسكەن سوڭ، حيكىمەتتىك قاسيەتىن جوعالتىپ، ءبىلىمنىڭ ءبىر ءبولىمى بولىپ كەتەدى. ونى دا ىستەتۋگە بولار، ءبىراق ماڭىزدىسى حيكىمەت. حيكىمەتتى بىرەۋدىڭ سىرتقى بەينەسىنە قاراپ تابا المايسىز، ونى كۇتپەگەن ادامنان تابۋعا بولادى. ال حيكىمەتكە جەتۋ ءۇشىن سىزدە كىشپەيىلدىلىك دەگەن جاقسى قاسيەت بولۋ كەرەك، سوندا عانا حيكىمەت ۇيرەنىپ، حيكىمەتتى ادامعا ياعني داناعا اينالاسىز. ادامنىڭ حيكىمەتى ارتقان سايىن، كىشپەيىل بولادى. مۇمكىن سىزدە ءبىلىم كوپ بولعانىمەن، ءبىراق ەش حيكىمەت بولماۋى ابدەن مۇمكىن. وسى كەزدەگى ادامداردىڭ ءحالى وسىنداي، ولاردا ءبىلىم كوپ، ءبىراق حيكىمەت جوق، دانالىق جوق. ماسەلەن، باتىستا، ەۆروپا، امەريكا بارىندە ءبىلىم بار، ءبىراق حيكىمەت جوق. سوندىقتان ولار حيكىمەتكە كەلگەندە شىعىسقا قاراپ، كوزىن سۇزەدى. بىزگە حيكىمەت كەرەك، ەگەر ءبىلىمدى ۇشاق دەسەك، حيكىمەت جانارماي بولار. ال جانارماي بولماسا، ۇشاق ۇشا الماس. ءقازىر وسى جانارمايدى كۇتىپ تۇرعان ۇشاقتار ياعني عۇلامالار كوپ، ولاردا ءبىلىم بار، ءبىراق حيكىمەت جوق. ولار بىلىمىنە ماقتانادى، بۇل دا حيكىمەت جوقتىقتان بولعان ناداندىق، ولار ءبىلىم تەك كىتاپتا عانا دەپ ويلايدى. ال ءبىز كىتاپتا جازىلعان نارسەلەردى 'ويدىڭ ونىمدەرى' دەپ اتايمىز. ال وسى وي ونىمدەرى كوبەيگەن سايىن، ونى باسقا سالىپ ءجۇرۋ اۋىرلاسا بەرەدى. ادامنىڭ باسى شەكتى، جانە ۋاقىت وتكەن سايىن ول قارتايىپ، جيناعانىن ۇمىتادى. كىتاپتارىڭدى الىپ، ءبىلىمىڭدى كوتەرىپ جۇرەسىڭ، ءبىلىمدى ۇمىتپاس ءۇشىن ونى قايتا قايتا وقيسىڭ، ول شارشاتادى. ءبىراق حيكىمەتتى بولساڭ، ونى كوتەرمەيسىز، كەرىسىنشە حيكىمەت ءسىزدى كوتەرىپ جۇرەدى. ءبىلىم باستا، حيكىمەت جۇرەكتە بولادى، ۋاقىت وتكەن سايىن ءبىلىم ۇمتىلادى، ازايادى. ءبىراق حيكىمەت ۋاقىت وتكەن سايىن ارتادى، ەش ۇمىتىلمايدى. پايعامبارىمىز، 'ءبىلىمنىڭ اپاتى - ۇمىتۋ' دەيدى، دەمەك ۇمىتۋ ءبىلىمدى قۇرتادى، سوندىقتان عۇلاما-عالىمدار قارتايعان سايىن ءبىلىمىن ۇمىتىپ قالۋدان قاتتى الاڭدايدى. كارىلىك ولاردىڭ ەسكە ساقتاۋ قابىلەتىن ءتۇسىرىپ، ءبىلىمىن جەپ كەتەدى. كىم ناپسىسىنە ەرسە، ونىڭ ەسكە ساقتاۋ قابىلەتى تۇسەدى، ال كىم ناپسىسىنە ەرمەي، جۇرەگىنە ەرسە، ول ەشتەڭەنى ۇمىتپايتىن بولادى. ونىڭ حيكىمەتى جاس ۇلعايعان سايىن ارتادى، ولاردى ەش ۇمىتپايدى. جۇرەكتى ىستەتە ءبىل، ول ەسكە ساقتاۋ قابىلەت سياقتى جاس ۇلعايعان سايىن السىرەمەيدى، ءبىراق ارتا بەرەدى. جۇرەگىن ىستەتە الاتىن ادام سوناۋ تۋىلعانىنان باستاپ، ءومىرىنىڭ سوڭىنا دەيىنگى ءاربىر ىسىمەن ءسوزىن انىق بىلەدى. بۇل ءجايلى ايگىلى اۋليە بيستامي حازىرەت، 'و عۇلامالار، سەندەر ءبىلىمىم ءتۇسىپ قالماسىن دەپ، كۇندە كىتاپ كورەسىڭدەر، توم توم كىتاپتارىڭدى الىپ جۇرەسىڭدەر، سەندەر جۇك ارتقان اتقا ۇقسايسىڭدار، قارتايعان سايىن، بىلىمدەرىڭ ازايادى. ال بىزدەگى ءبىلىم ءبىزدى الىپ جۇرەدى، ءبىز كىتاپ كوتەرمەيمىز، سەندەر سياقتى شارشامايمىز' دەيدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8510