ӘУЛИЕ ӨЗІНЕ КІМНІҢ ЕРЕТІНІН ӘЛМИСАҚТАН БІЛЕДІ, АЛ ӘУЛИЕГЕ ЕРУ ЗОР БАҚ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8362
ӘУЛИЕ ӨЗІНЕ КІМНІҢ ЕРЕТІНІН ӘЛМИСАҚТАН БІЛЕДІ, АЛ ӘУЛИЕГЕ ЕРУ ЗОР БАҚ
нақышбанд сопылық тәриқатының 41інші әулие пірі мәуләнә шайық мехмет әділ әр-раббани хазірет, 'кім әулиеге ергісі келсе, оны сұрасын, ал сұрамаған адам әулиеге кездеспейді, әулиенің сені көруінің өзі де саған Алладан келген бір хидаят' дейді. Демек, әулиеге еріп, оның берекесімен Алла жолында жүргіңіз келсе, онда шын ықласпен Алладан өз досы әулиені кездестіруіне дұға етіңіз. Әулиеге ере білу ниет тазалығымен, бақ-тәлейге де байланысты, яғни ол құпияға толы тағдыр ісі. Егер таза ниетпен әулиеге ергіңіз келсе, оны сұрасаңыз, әулиеге сөзсіз кездесесіз, және оған еретін боласыз. Енді бірі бақ-тәлейге байланысты, кейбір адам әулиеге оңай кездеседі, және ол нәпсісіне алданбастан әулиеге еріп кетеді, Алла жолына оңай түседі. Исламда бақ-тәлей де аса маңызды, сондықтан дұғада ұдайы Алладан өзіңізге, отбасыңызға, балаларыңызға бақ-тәлей сұраңыз. Алла біреуге бақ-тәлей қаласа, ол адамды Алла досы әулиеге ергізіп қояды, әулиеге жақын етеді, оның иманын осылай қуаттайды. Себебі мына дүниеде иманның күшейуінен асқан бақ-тәлей жоқ. Ал ақша, байлық, дүние бақ-тәлей емес, олар жәй материал, егер олар Алла жолына істетілмесе, олар қарғысқа өзгеріп, адамның сорына айналатын болады. Бақ-тәлей дегеніміз Алланың сізге сұратпастан бере салған бақытымен нығыметтері, ал сіз оған қиналмастан ие болдыңыз. Мәселен, сіздің адам болып жаралуыңыз, мұсылман отбасында туылуыңыз үлкен баққа жатады. Алла өзі сізге осы игілікті қалады, ал Алла сізді хайуан етіп жаратса да, кәпір отбасында дүниеге әкелсе де, ештеңе білмей жүре берер едіңіз. Мысалы, пайғамбарымызға сахаба болу бақыты есепсіз адамның ішінде 124000 адамға ғана бұйырды, бұл аса зор бақ. Ал әулие пайғамбарымыздың адамдар арасындағы тірі мұрагері, Алланың жердегі нағыз халифасы. Сондықтан, әулиеге кездесу, оның құзіретінде болу, оған еру де аса зор бақ-тәлей болмақ. Мәселен, қазір неше милиярт мұсылман бар, бірақ олардың ішінде пайғамбарымыздың таза жолы болған сопылық тәриқатты ұстанатын, әулиені білетін, әулиеге еретін мұсылмандар өте аз. Ал егер сіз осылардың арасынан болсаңыз, сіз де бақ-тәлейі зор жандардан боласыз. Мұсылман үмбетінен болуы, бір зор бақ-тәлей, ал әулиеге еріп, мүмин болу онан да ұлық бақ-тәлейге жатады. Бақ-тәлей, Алланың сұратпай бере салған нығыметі. Сондықтан ел арасында, 'бағы барға ешкімнің жоқ таласы', немесе, 'таудай талап бергенше, тарыдай бақ бер' деген сияқты сөздер қалған. Әрине, адам бақ-тәлей күтіп жатпай, шамасы келгенше жақсы іске амал етуі керек. Алла еңбекқорды ұнатады, жалқауды ұнатпайды. Ал нағыз әулие өзіне кімдердің еретінін анық біледі, ол сонау әлмисақтан бері оған белгілі, олардың есімі лаухул мағфузда жазулы. Сондықтан, әулие ешкімге, 'маған ер' демейді, олар өзіне кімнің еретінін өте жақсы біледі. Егер оған еретін адам сонау гималай тауында тұрса да, бір күні ол осы әулиені іздеп келетін болады.
اۋليە وزىنە كىمنىڭ ەرەتىنىن ءالميساقتان بىلەدى، ال اۋليەگە ەرۋ زور باق
ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىرى ءماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، 'كىم اۋليەگە ەرگىسى كەلسە، ونى سۇراسىن، ال سۇراماعان ادام اۋليەگە كەزدەسپەيدى، اۋليەنىڭ سەنى كورۋىنىڭ ءوزى دە ساعان اللادان كەلگەن ءبىر حيدايات' دەيدى. دەمەك، اۋليەگە ەرىپ، ونىڭ بەرەكەسىمەن اللا جولىندا جۇرگىڭىز كەلسە، وندا شىن ىقلاسپەن اللادان ءوز دوسى اۋليەنى كەزدەستىرۋىنە دۇعا ەتىڭىز. اۋليەگە ەرە ءبىلۋ نيەت تازالىعىمەن، باق-تالەيگە دە بايلانىستى، ياعني ول قۇپياعا تولى تاعدىر ءىسى. ەگەر تازا نيەتپەن اۋليەگە ەرگىڭىز كەلسە، ونى سۇراساڭىز، اۋليەگە ءسوزسىز كەزدەسەسىز، جانە وعان ەرەتىن بولاسىز. ەندى ءبىرى باق-تالەيگە بايلانىستى، كەيبىر ادام اۋليەگە وڭاي كەزدەسەدى، جانە ول ناپسىسىنە الدانباستان اۋليەگە ەرىپ كەتەدى، اللا جولىنا وڭاي تۇسەدى. يسلامدا باق-تالەي دە اسا ماڭىزدى، سوندىقتان دۇعادا ۇدايى اللادان وزىڭىزگە، وتباسىڭىزعا، بالالارىڭىزعا باق-تالەي سۇراڭىز. اللا بىرەۋگە باق-تالەي قالاسا، ول ادامدى اللا دوسى اۋليەگە ەرگىزىپ قويادى، اۋليەگە جاقىن ەتەدى، ونىڭ يمانىن وسىلاي قۋاتتايدى. سەبەبى مىنا دۇنيەدە يماننىڭ كۇشەيۋىنەن اسقان باق-تالەي جوق. ال اقشا، بايلىق، دۇنيە باق-تالەي ەمەس، ولار ءجاي ماتەريال، ەگەر ولار اللا جولىنا ىستەتىلمەسە، ولار قارعىسقا وزگەرىپ، ادامنىڭ سورىنا اينالاتىن بولادى. باق-تالەي دەگەنىمىز اللانىڭ سىزگە سۇراتپاستان بەرە سالعان باقىتىمەن نىعىمەتتەرى، ال ءسىز وعان قينالماستان يە بولدىڭىز. ماسەلەن، ءسىزدىڭ ادام بولىپ جارالۋىڭىز، مۇسىلمان وتباسىندا تۋىلۋىڭىز ۇلكەن باققا جاتادى. اللا ءوزى سىزگە وسى يگىلىكتى قالادى، ال اللا ءسىزدى حايۋان ەتىپ جاراتسا دا، كاپىر وتباسىندا دۇنيەگە اكەلسە دە، ەشتەڭە بىلمەي جۇرە بەرەر ەدىڭىز. مىسالى، پايعامبارىمىزعا ساحابا بولۋ باقىتى ەسەپسىز ادامنىڭ ىشىندە 124000 ادامعا عانا بۇيىردى، بۇل اسا زور باق. ال اۋليە پايعامبارىمىزدىڭ ادامدار اراسىنداعى ءتىرى مۇراگەرى، اللانىڭ جەردەگى ناعىز حاليفاسى. سوندىقتان، اۋليەگە كەزدەسۋ، ونىڭ قۇزىرەتىندە بولۋ، وعان ەرۋ دە اسا زور باق-تالەي بولماق. ماسەلەن، ءقازىر نەشە ميليارت مۇسىلمان بار، ءبىراق ولاردىڭ ىشىندە پايعامبارىمىزدىڭ تازا جولى بولعان سوپىلىق ءتاريقاتتى ۇستاناتىن، اۋليەنى بىلەتىن، اۋليەگە ەرەتىن مۇسىلماندار وتە از. ال ەگەر ءسىز وسىلاردىڭ اراسىنان بولساڭىز، ءسىز دە باق-تالەيى زور جانداردان بولاسىز. مۇسىلمان ۇمبەتىنەن بولۋى، ءبىر زور باق-تالەي، ال اۋليەگە ەرىپ، ءمۇمين بولۋ ونان دا ۇلىق باق-تالەيگە جاتادى. باق-تالەي، اللانىڭ سۇراتپاي بەرە سالعان نىعىمەتى. سوندىقتان ەل اراسىندا، 'باعى بارعا ەشكىمنىڭ جوق تالاسى'، نەمەسە، 'تاۋداي تالاپ بەرگەنشە، تارىداي باق بەر' دەگەن سياقتى سوزدەر قالعان. ارينە، ادام باق-تالەي كۇتىپ جاتپاي، شاماسى كەلگەنشە جاقسى ىسكە امال ەتۋى كەرەك. اللا ەڭبەكقوردى ۇناتادى، جالقاۋدى ۇناتپايدى. ال ناعىز اۋليە وزىنە كىمدەردىڭ ەرەتىنىن انىق بىلەدى، ول سوناۋ ءالميساقتان بەرى وعان بەلگىلى، ولاردىڭ ەسىمى لاۋحۋل ماعفۋزدا جازۋلى. سوندىقتان، اۋليە ەشكىمگە، 'ماعان ەر' دەمەيدى، ولار وزىنە كىمنىڭ ەرەتىنىن وتە جاقسى بىلەدى. ەگەر وعان ەرەتىن ادام سوناۋ گيمالاي تاۋىندا تۇرسا دا، ءبىر كۇنى ول وسى اۋليەنى ىزدەپ كەلەتىن بولادى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8362