You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ПЕРІШТЕЛЕР БАҚҚАН БАЛА, ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАР ЖӘНЕ БИІК ҒИМАРАТТАР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8316
ПЕРІШТЕЛЕР БАҚҚАН БАЛА, ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАР ЖӘНЕ БИІК ҒИМАРАТТАР

сонау ертеде теңізде келе жатқан қайық дауылдан аударылды, онда сәби баламен отырған бір ана да суға кетті, бірақ оның шарбақтағы сәбиі аман қалды, өзі тұншығып өлді. Бұған Жебірейіл-Әзірейіл періштелер де тіксініп, балаға жандары ашыды. Ал Алла баланы аман қалдырып бір жерге әкелді, және аң-құс, періште-жын, жел-бұлытқа дейін, балаға қызмет еттіріп қойды. Ол ыстықтаса, бұлыттар оған көлеңке болды, оған жолбарыс серік болды, оны құстар айналып жүрді, періштелер желеп жебеді. Ол қиындық көрмей, жәйлы өмір өткізді, ол өте батыр, тым келбетті болып өсті. Алла сонша көп нығыметтерін артық етіп, оған үйіп берді. Ол жігіт болған соң, жан-жаққа сапар шегіп, әртүрлі елдерді көрді. Ал көптеген қауымдар оны көрген жерде оған бағынып, оны патша етіп алды, себебі батырлықпен келбетте оған ешкім тең келмеді. Ол патша болған соң, көп әскер бастап, барған жерлерін өзіне қаратты, оған ешкім шақ келмеді. Ол кейін жұрттың қолдан жасап алған мүсіндерін құдай етіп жүргенін көріп, оларға, 'жаны жоқ оны не қыласыңдар, оданда мына мен сияқты күштіні құдай көріңдер' деді, жұрт та құптап, оны құдай көріп кетті. Ал жетімнен осындай күштіге айналған бұл сәби әйгілі залым нимурт еді, ол сонша нығымет берген Алланы ұмытып, өзін құдай санады. Ол кейін, 'сен құдай емессің' деген ибраһим пайғамбарға кез келді, және ибраһимды отқа тастады, ал Алла ибраһимды құтқарды. Нимурт қазіргі орта шығыста бұлтқа жететін әйгілі нимурт мұнарасын салды. Ал қазір сол орта шығыста оның мұнарасына ұқсас бұруж халифа, және меккедегі бұқа мүйіз сағат мұнарасы сияқты нимурттың биік мұнаралары қаптап кетті. Олар осы нимуртқа еліктеуде, нимурттың симолы да бұқа мүйіз болған, меккедегі сағат мұнараның ұшында да сол бұқа мүйіз қойылған, ол исламның белгісі емес, бірақ нимурттың симолы. Ал осы нимурт кейін құдаймен соғысамын деп, басына бір ерекше маса кіріп кетті, ол содан. Яғни маса оның миын жеп, басы жарылғанда торғайдай болып ұшып кетті. Егер қазір Алла осы масаларға әмір берсе, олар әпсәтте адамзатты жеп, олардың қу қаңқасын ғана қалдырар еді. Ал Жебірейіл-Әзірейіл періштедерге Алладан, 'сендердің жандарың ашыған сәби бала, қазір Аллаға қарсы ең үлкен кәпір болды' делінді, бұл оларға да сабақ еді. Ал осыдан соң, олар Алла не істесе де, оған еш кейімей, 'бәрін Алла өзі білер' дейтін болды. Алла да адамдарға артық нығымет бермейтін болды, нығыметін азайтты, адамдардың жастары қысқарып, денелері кішірейе берді. Себебі нығымет асыра көп берілсе, кезкелген адамның өзін 'құдаймын' дейтіні белгілі еді. Сондықтан, нимурт, ферғауын, шыңғысқан, ысталинға таңғалмаңыз, егер сізге оларға берілген нығымет, күш, ұқық берілсе, сіз де олардан кем түспеуіңіз мүмкін.

پەرىشتەلەر باققان بالا، يبراھيم پايعامبار جانە بيىك عيماراتتار

سوناۋ ەرتەدە تەڭىزدە كەلە جاتقان قايىق داۋىلدان اۋدارىلدى، وندا ءسابي بالامەن وتىرعان ءبىر انا دا سۋعا كەتتى، ءبىراق ونىڭ شارباقتاعى ءسابيى امان قالدى، ءوزى تۇنشىعىپ ءولدى. بۇعان جەبىرەيىل-ازىرەيىل پەرىشتەلەر دە تىكسىنىپ، بالاعا جاندارى اشىدى. ال اللا بالانى امان قالدىرىپ ءبىر جەرگە اكەلدى، جانە اڭ-قۇس، پەرىشتە-جىن، جەل-بۇلىتقا دەيىن، بالاعا قىزمەت ەتتىرىپ قويدى. ول ىستىقتاسا، بۇلىتتار وعان كولەڭكە بولدى، وعان جولبارىس سەرىك بولدى، ونى قۇستار اينالىپ ءجۇردى، پەرىشتەلەر جەلەپ جەبەدى. ول قيىندىق كورمەي، ءجايلى ءومىر وتكىزدى، ول وتە باتىر، تىم كەلبەتتى بولىپ ءوستى. اللا سونشا كوپ نىعىمەتتەرىن ارتىق ەتىپ، وعان ءۇيىپ بەردى. ول جىگىت بولعان سوڭ، جان-جاققا ساپار شەگىپ، ءارتۇرلى ەلدەردى كوردى. ال كوپتەگەن قاۋىمدار ونى كورگەن جەردە وعان باعىنىپ، ونى پاتشا ەتىپ الدى، سەبەبى باتىرلىقپەن كەلبەتتە وعان ەشكىم تەڭ كەلمەدى. ول پاتشا بولعان سوڭ، كوپ اسكەر باستاپ، بارعان جەرلەرىن وزىنە قاراتتى، وعان ەشكىم شاق كەلمەدى. ول كەيىن جۇرتتىڭ قولدان جاساپ العان مۇسىندەرىن قۇداي ەتىپ جۇرگەنىن كورىپ، ولارعا، 'جانى جوق ونى نە قىلاسىڭدار، وداندا مىنا مەن سياقتى كۇشتىنى قۇداي كورىڭدەر' دەدى، جۇرت تا قۇپتاپ، ونى قۇداي كورىپ كەتتى. ال جەتىمنەن وسىنداي كۇشتىگە اينالعان بۇل ءسابي ايگىلى زالىم نيمۋرت ەدى، ول سونشا نىعىمەت بەرگەن اللانى ۇمىتىپ، ءوزىن قۇداي سانادى. ول كەيىن، 'سەن قۇداي ەمەسسىڭ' دەگەن يبراھيم پايعامبارعا كەز كەلدى، جانە يبراھيمدى وتقا تاستادى، ال اللا يبراھيمدى قۇتقاردى. نيمۋرت قازىرگى ورتا شىعىستا بۇلتقا جەتەتىن ايگىلى نيمۋرت مۇناراسىن سالدى. ال ءقازىر سول ورتا شىعىستا ونىڭ مۇناراسىنا ۇقساس بۇرۋج حاليفا، جانە مەككەدەگى بۇقا ءمۇيىز ساعات مۇناراسى سياقتى نيمۋرتتىڭ بيىك مۇنارالارى قاپتاپ كەتتى. ولار وسى نيمۋرتقا ەلىكتەۋدە، نيمۋرتتىڭ سيمولى دا بۇقا ءمۇيىز بولعان، مەككەدەگى ساعات مۇنارانىڭ ۇشىندا دا سول بۇقا ءمۇيىز قويىلعان، ول يسلامنىڭ بەلگىسى ەمەس، ءبىراق نيمۋرتتىڭ سيمولى. ال وسى نيمۋرت كەيىن قۇدايمەن سوعىسامىن دەپ، باسىنا ءبىر ەرەكشە ماسا كىرىپ كەتتى، ول سودان. ياعني ماسا ونىڭ ميىن جەپ، باسى جارىلعاندا تورعايداي بولىپ ۇشىپ كەتتى. ەگەر ءقازىر اللا وسى ماسالارعا ءامىر بەرسە، ولار اپساتتە ادامزاتتى جەپ، ولاردىڭ قۋ قاڭقاسىن عانا قالدىرار ەدى. ال جەبىرەيىل-ازىرەيىل پەرىشتەدەرگە اللادان، 'سەندەردىڭ جاندارىڭ اشىعان ءسابي بالا، ءقازىر اللاعا قارسى ەڭ ۇلكەن كاپىر بولدى' دەلىندى، بۇل ولارعا دا ساباق ەدى. ال وسىدان سوڭ، ولار اللا نە ىستەسە دە، وعان ەش كەيىمەي، 'ءبارىن اللا ءوزى بىلەر' دەيتىن بولدى. اللا دا ادامدارعا ارتىق نىعىمەت بەرمەيتىن بولدى، نىعىمەتىن ازايتتى، ادامداردىڭ جاستارى قىسقارىپ، دەنەلەرى كىشىرەيە بەردى. سەبەبى نىعىمەت اسىرا كوپ بەرىلسە، كەزكەلگەن ادامنىڭ ءوزىن 'قۇدايمىن' دەيتىنى بەلگىلى ەدى. سوندىقتان، نيمۋرت، فەرعاۋىن، شىڭعىسقان، ىستالينعا تاڭعالماڭىز، ەگەر سىزگە ولارعا بەرىلگەن نىعىمەت، كۇش، ۇقىق بەرىلسە، ءسىز دە ولاردان كەم تۇسپەۋىڭىز مۇمكىن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8316