You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

СҮЛЕЙМЕН ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҰШПА КІЛЕМІ НЕГЕ СІЛКІНДІ?



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8314
СҮЛЕЙМЕН ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҰШПА КІЛЕМІ НЕГЕ СІЛКІНДІ?

бүкіл адам-жын, аң-құсқа патша болған сүлеймен пайғамбар бірде аспанға өте алып ұшпа кілем жаяды. Және оған көптеген адам, жын, сан түрлі аң, құс, жануар, жәндіктерді отырғызып, бұлттармен қатарласа аспанда салтанатпен ұшады. Олардың аспанда ұшқаны аса айбынды, аса салтанатты болып, қараса көз тоймастай, айтса сөз жетпестей хәлде еді. Ал сүлеймен пайғамбар сол кілемнің ортасына тағын қойып, ортада отырды, ол да осыбір аса салтанатты көрніске қатты риза болды. Бірақ осы кезде ол сәл паңданып, оның жүрегінде 'ох, осындай салтанатты жүрген менен басқа кім бар екен' деген ойдың құйрығы қылаң ете түсті. Бұл ой оның жүрегінде бұлаң етісі сол екен, манағы ұшып келе жатқан кілемі сілкініп, мөңки берді, орнықты ұшпай, аударылардай болады, егер ол аударылса, үстіндегілер түгел құлап өлер еді. Сүлеймен пайғамбар кілемге ашуланып, жөндеп ұшуға әмір етеді, бірақ ұшпа кілемге тіл бітіп, 'о патша ием, мәселе менде емес, сізде сияқты, Аллаға тезірек тәубе етпесеңіз, мен жөнді ұша алар емеспін' дейді. Ал Сүлеймен пайғамбар болса, манағы паңданып, жүрегіне қыл ұшындай мақтан кіргізгенін дереу есіне түсіреді. Және лезде тағынан түсіп, басын сәждеге қояды, Алладан кешірім сұрап, ғапу өтінеді, тәубе қылады. Ұшпа кілем де осыдан соң ғана, сілкінуін қойып, қайтадан орнықты ұша бастайды. Әрине, сүлеймен пайғамбарға сондай ұлық патшалық нығыметін Алла сыйлаған, ал манағы іс адамдарға ғибрат болуы үшін туылған еді. Әдетте, пайғамбарлар өзі қателік істемейді, олар сәт сайын анадан жаңа туылған сәби сияқты күнәсіз болады, алайда Алла басқа адамдарға ғибрат болсын деп, кейде кейбір пайғамбарларға мәлім қателікті қылдырады. Әрине, барлығымызға өзіміздегі барша нығыметтерді сыйлаған бір Алла өзі, алайда кім тәкаппарлық етсе, мақтанса, олардың қадірін білмесе, кішпейіл болмаса, Алла ол нығыметтерді біртіндеп алып кететін болады. Ал кім шүкірлік етсе, риза болса, қанағат етсе, Алла ол нығыметтерді сол адамға тіпті де көптеп беретін болады, оларды арттырады, алып кетпейді. Сондықтан ислам, 'бақытты сезінем десең, қолыңда барыңа риза бол, әрдайым шүкір ет, кішпейіл бол' дейді.

سۇلەيمەن پايعامباردىڭ ۇشپا كىلەمى نەگە سىلكىندى؟

بۇكىل ادام-جىن، اڭ-قۇسقا پاتشا بولعان سۇلەيمەن پايعامبار بىردە اسپانعا وتە الىپ ۇشپا كىلەم جايادى. جانە وعان كوپتەگەن ادام، جىن، سان ءتۇرلى اڭ، قۇس، جانۋار، جاندىكتەردى وتىرعىزىپ، بۇلتتارمەن قاتارلاسا اسپاندا سالتاناتپەن ۇشادى. ولاردىڭ اسپاندا ۇشقانى اسا ايبىندى، اسا سالتاناتتى بولىپ، قاراسا كوز تويماستاي، ايتسا ءسوز جەتپەستەي حالدە ەدى. ال سۇلەيمەن پايعامبار سول كىلەمنىڭ ورتاسىنا تاعىن قويىپ، ورتادا وتىردى، ول دا ءوسىبىر اسا سالتاناتتى كورنىسكە قاتتى ريزا بولدى. ءبىراق وسى كەزدە ول ءسال پاڭدانىپ، ونىڭ جۇرەگىندە 'وح، وسىنداي سالتاناتتى جۇرگەن مەنەن باسقا كىم بار ەكەن' دەگەن ويدىڭ قۇيرىعى قىلاڭ ەتە ءتۇستى. بۇل وي ونىڭ جۇرەگىندە بۇلاڭ ەتىسى سول ەكەن، ماناعى ۇشىپ كەلە جاتقان كىلەمى سىلكىنىپ، موڭكي بەردى، ورنىقتى ۇشپاي، اۋدارىلارداي بولادى، ەگەر ول اۋدارىلسا، ۇستىندەگىلەر تۇگەل قۇلاپ ولەر ەدى. سۇلەيمەن پايعامبار كىلەمگە اشۋلانىپ، جوندەپ ۇشۋعا ءامىر ەتەدى، ءبىراق ۇشپا كىلەمگە ءتىل ءبىتىپ، 'و پاتشا يەم، ماسەلە مەندە ەمەس، سىزدە سياقتى، اللاعا تەزىرەك تاۋبە ەتپەسەڭىز، مەن ءجوندى ۇشا الار ەمەسپىن' دەيدى. ال سۇلەيمەن پايعامبار بولسا، ماناعى پاڭدانىپ، جۇرەگىنە قىل ۇشىنداي ماقتان كىرگىزگەنىن دەرەۋ ەسىنە تۇسىرەدى. جانە لەزدە تاعىنان ءتۇسىپ، باسىن ساجدەگە قويادى، اللادان كەشىرىم سۇراپ، عاپۋ وتىنەدى، تاۋبە قىلادى. ۇشپا كىلەم دە وسىدان سوڭ عانا، سىلكىنۋىن قويىپ، قايتادان ورنىقتى ۇشا باستايدى. ارينە، سۇلەيمەن پايعامبارعا سونداي ۇلىق پاتشالىق نىعىمەتىن اللا سىيلاعان، ال ماناعى ءىس ادامدارعا عيبرات بولۋى ءۇشىن تۋىلعان ەدى. ادەتتە، پايعامبارلار ءوزى قاتەلىك ىستەمەيدى، ولار ءسات سايىن انادان جاڭا تۋىلعان ءسابي سياقتى كۇناسىز بولادى، الايدا اللا باسقا ادامدارعا عيبرات بولسىن دەپ، كەيدە كەيبىر پايعامبارلارعا ءمالىم قاتەلىكتى قىلدىرادى. ارينە، بارلىعىمىزعا وزىمىزدەگى بارشا نىعىمەتتەردى سىيلاعان ءبىر اللا ءوزى، الايدا كىم تاكاپپارلىق ەتسە، ماقتانسا، ولاردىڭ ءقادىرىن بىلمەسە، كىشپەيىل بولماسا، اللا ول نىعىمەتتەردى بىرتىندەپ الىپ كەتەتىن بولادى. ال كىم شۇكىرلىك ەتسە، ريزا بولسا، قاناعات ەتسە، اللا ول نىعىمەتتەردى سول ادامعا ءتىپتى دە كوپتەپ بەرەتىن بولادى، ولاردى ارتتىرادى، الىپ كەتپەيدى. سوندىقتان يسلام، 'باقىتتى سەزىنەم دەسەڭ، قولىڭدا بارىڭا ريزا بول، ءاردايىم شۇكىر ەت، كىشپەيىل بول' دەيدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8314