You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ҚАБЫРДАҒЫ ӨЛІНІ ТІРІЛДІРГЕН АБДУЛ-ҚАДІР ҒЕЙЛАНИ ӘУЛИЕ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8223
ҚАБЫРДАҒЫ ӨЛІНІ ТІРІЛДІРГЕН АБДУЛ-ҚАДІР ҒЕЙЛАНИ ӘУЛИЕ

бір христиан бір мұсылманға, 'біздің пайғамбарымыз иса хазірет өлген адамдарды, жануарларды Алланың атымен тірілдіре берген, ал сендердің пайғамбарда бұл жоқ, біздің пайғамбар сендердің пайғамбардан ұлы' дейді. Шындығында пайғамбарымыздың ондай мұғжизалары көп, одан да әлдеқайда үлкен мұғжизалары көп еді. Ал манағы арадан өтіп бара жатқан әйгілі әулие абдул-қадір ғейлани хазірет олардың жаңжалын естіп қалады, ол олардың қасына келеді. Мұсылман кісі болған жәйды айтады, христан кісі, 'біздің пайғамбарымыз өліні тірілдірген, біздікі ұлық пайғамбар' дейді. Ал әбдул-қадір ғейлани хазірет, 'мен пайғамбар емеспін, бірақ пайғамбарымыз мұхаммад әлейхис саламға мойын ұсынған бір жәй мұсылманмын, егер мен өліні тірілдірсем, сен ислам қабылдап, мұсылман боласыңба? Маған қабыр көрсеіңдер, мен саған біздің пайғамбарымыздың ұлылығын көрсетейін' дейді. Христиан кісі оған қосылады, олар бір көне қабырға келді. Әбдул-қадір ғейлани хазірет қабырға қарап, 'Алланың қалауында орныңнан тұр' деп, әмір етеді, сол кезде қабыр қақ жарылып, ортасынан бір өлі адам тіріліп шыға келеді. Бұндай ақылдан тыс кереметті көрген христан пайғамбарымыздың ұлылығын мойындап, ислам қабылдайды, мұсылман болады. Христан кісі пайғамбарымыз түгілі оның үмбеті болған кейбір мұсылманның өліні тірілдіре алатындығына таңғалады. Әрине абдул-қадір ғейлани хазірет әулиелердің сұлтаны еді, оған бұндай кереметтер үлкен іс емес. Әулие кереметіне сену де ислам ақидасынан, кім әулие кереметіне иман етпесе, оның ақидасы толық ақида болмайды, кемтар ақида болады, иманы түседі.

قابىرداعى ءولىنى تىرىلدىرگەن ابدۋل-ءقادىر عەيلاني اۋليە

ءبىر حريستيان ءبىر مۇسىلمانعا، 'ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز يسا حازىرەت ولگەن ادامداردى، جانۋارلاردى اللانىڭ اتىمەن تىرىلدىرە بەرگەن، ال سەندەردىڭ پايعامباردا بۇل جوق، ءبىزدىڭ پايعامبار سەندەردىڭ پايعامباردان ۇلى' دەيدى. شىندىعىندا پايعامبارىمىزدىڭ ونداي مۇعجيزالارى كوپ، ودان دا الدەقايدا ۇلكەن مۇعجيزالارى كوپ ەدى. ال ماناعى ارادان ءوتىپ بارا جاتقان ايگىلى اۋليە ابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت ولاردىڭ جاڭجالىن ەستىپ قالادى، ول ولاردىڭ قاسىنا كەلەدى. مۇسىلمان كىسى بولعان ءجايدى ايتادى، حريستان كىسى، 'ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ءولىنى تىرىلدىرگەن، بىزدىكى ۇلىق پايعامبار' دەيدى. ال ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت، 'مەن پايعامبار ەمەسپىن، ءبىراق پايعامبارىمىز مۇحامماد الەيحيس سالامعا مويىن ۇسىنعان ءبىر ءجاي مۇسىلمانمىن، ەگەر مەن ءولىنى تىرىلدىرسەم، سەن يسلام قابىلداپ، مۇسىلمان بولاسىڭبا؟ ماعان قابىر كورسەىڭدەر، مەن ساعان ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزدىڭ ۇلىلىعىن كورسەتەيىن' دەيدى. حريستيان كىسى وعان قوسىلادى، ولار ءبىر كونە قابىرعا كەلدى. ءابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت قابىرعا قاراپ، 'اللانىڭ قالاۋىندا ورنىڭنان تۇر' دەپ، ءامىر ەتەدى، سول كەزدە قابىر قاق جارىلىپ، ورتاسىنان ءبىر ءولى ادام ءتىرىلىپ شىعا كەلەدى. بۇنداي اقىلدان تىس كەرەمەتتى كورگەن حريستان پايعامبارىمىزدىڭ ۇلىلىعىن مويىنداپ، يسلام قابىلدايدى، مۇسىلمان بولادى. حريستان كىسى پايعامبارىمىز تۇگىلى ونىڭ ۇمبەتى بولعان كەيبىر مۇسىلماننىڭ ءولىنى تىرىلدىرە الاتىندىعىنا تاڭعالادى. ارينە ابدۋل-ءقادىر عەيلاني حازىرەت اۋليەلەردىڭ سۇلتانى ەدى، وعان بۇنداي كەرەمەتتەر ۇلكەن ءىس ەمەس. اۋليە كەرەمەتىنە سەنۋ دە يسلام اقيداسىنان، كىم اۋليە كەرەمەتىنە يمان ەتپەسە، ونىڭ اقيداسى تولىق اقيدا بولمايدى، كەمتار اقيدا بولادى، يمانى تۇسەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8223