Сұхбат: намазхан бола тұра, шайтанға ұқсап қалудан сақтан (2025.04.26 / Хижра 1446-жыл 28-Шауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8196
Сұхбат: намазхан бола тұра, шайтанға ұқсап қалудан сақтан (2025.04.26 / Хижра 1446-жыл 28-Шауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَخُلِقَ ٱلْإِنسَـٰنُ ضَعِيفًا» (және адам баласы әлсіз жаратылған) (құран 04:28), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ адам баласын әлсіз жаратты, еш адам, «мен мынадаймын, мен анадаймын» деп бөспесін, егер Алла ﷻ қаласа, әлсізді күшті, күштіні әлсіз ете алады, сондықтан, біз барлығымыз Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірінің астындамыз, сүбіханАллаһ, бүгін осы іс болды, және бұл іс адамның өте әлсіз екендігін көрсетеді, Алла ﷻ сіздерге риза болғай. Мен қазірге дейін ұйқылы күйде отырмын, шүкір-Алла, кемінде біз таң намазын қаза етпедік, бірақ барлық түнгі намаздардан қалдық, олар біздің қақпамызды қағып, бізді таң намазға оятты, демек Алла Әззә Уә-Жәллә қаласа, адам баласының ғафилетке (немқұрайлылыққа) түсуі оңай-ақ. Біз барша құлшылықтарымызды және барлық бойұсынуларымызды Алла ﷻ дың фазилетімен рахымында істеп жүрміз, сондықтан, біз Алла ﷻ ға шүкірліктер етелік, адамның ғафилетте қалуы да Алла ﷻ дың қалауымен болады, ол оның қалауы, біз істеп жатқан барлық іс Алла ﷻ дың рахымынан, ал, «мен бұны істей алдым, ал басқалар істей алмады» деп бөсу дұрыс іс емес.
Бір әйгілі әулие өткен еді, оның аты есімде қалмапты, ол бағдатта еді, ол бала кезінде әкесімен бірге таң намазынан бұрын тәхажұтқа тұрады, ол, «шүкір-Алла, біз тұрып алдық, ал қараңыз, барлық ел ғафилет ішінде ұйқы соғып жатыр, Алла ﷻ ға шүкір, біз тәхажұтқа тұрдық, олар ұйықтап жатыр» дейді, сол кезде әкесі оған, «егер сен де ұйықтап қалған болсаң, бұл сөзді айтпаған болар едің» дейді, демек бөсіп есу, мақтану қате іс. Барлығы Алла ﷻ дың фазилетімен рахымында туылады, іске асады, сіз тұрарсыз я ұйықтап жатарсыз немесе ғафилетке түсерсіз, бұлардың барлығы да Алла Әззә Уә-Жәлләдан, сондықтан, сопылық тәриқат дегеніміз әдеп, ал әдеп дегеніміз Алла ﷻ ға шүкірлік айту, алғыс айту, сіз ештеңені маңызды санамаңыз, ештеңені құнды көрмеңіз, демек біздің намаз-құлшылық және бойұсынулардың ешбір құнымен татырлығы жоқ. Егер Алла Әззә Уә-Жәллә оны (қабыл етуді) қаламаса, сіздің нәпсіңіз ең бірінші сізді өзгелермен салыстыра бастайды, «ол ондай, ол бұндай» дейді, бірақ бұл қате, өзіңізді салыстыру да шайтанның қулығынан, себебі шайтан сіздің нәпсіңіздің тіпті де үлкейіп, семіруі үшін солай айтады, ол, «сен тәхажұт намазға тұрдың, қиямул-ләйіл намаз оқыдың, сен түнде ұйықтамайсың, сен оны істейсің, бұны істейсің» деп мақтап, астыңызға көпшік қояды, ол сіздің тапқан сауаптарыңызды жоғалту үшін осындай айлалар істетеді.
Кейбір сопылық тәриқатқа кірген адамдар біраз уақыт өткен соң, «менің дәрежем қандай болды?» деп сұрайды, бұл да жосыннан немесе әдептен емес, сіз сопылық тәриқатқа кірдіңіз, әлдеқашан кірдіңіз, себебі бұл жол Алла Әззә Уә-Жәлләның жолы, ол нәпсіңізді тіпті де серпінді басқарып, тәрбиелеудің жолы, ондай сұрақ сұрамаңыз, ол жосынды емес я әдептен емес. Ал сіз не істейсіз? сол, сіз жолыңызды ары қарай жалғасты алып жүресіз, ұлық керемет дегеніміз, «أَجَلُّ الْكَرَامَاتِ دَوَامُ التَّوْفِيق» яғни жолда бастан ақыр тұрақты бола білу. Сіз Алла ﷻ ды мадақтаңыз, Алла ﷻ ға шүкірліктер етіңіз, және өзіңізді басқаларға салыстырмаңыз, себебі ақырымыздың қалай боларын бір Алла ﷻ Өзі біледі, бұндағы маңыздысы тұрақты бола білу, баяндылықты сақтау, егер сіз тұрақсыздық етсеңіз, сіз барлық құлшылықтарды істей бересіз, бірақ сүйте тұра шайтанға ұқсап қаласыз, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Мына жермен көкте шайтанның намаз оқымай, басы сәждеге тимей кеткен жері жоқ, бірақ ең ақырына барғанда, ол жаратылыстардың ішіндегі ең сорақы, ең сүйкімсіз, ең жексұрын, ең азғын жаратылыс болып кетті, сондықтан, оған ұқсап қалудан қашыңыз, Алла ﷻ жолынан таймай алға жүре беріңіз, бұл жолда тұрақты болыңыз, оған я бұған қарамаңыз, сұрамаңыз, «мен қаншалық істедім? мен қандай дәрежеге жеттім?» деп еш сұрамаңыз, Алла ﷻ бізді панасына алғай.
Кейде сіз тұрақты түрде баянды келе жатқанда, қалауыңыздан тыс кей жағдайлар туылады, бірақ сонда Алла Әззә Уә-Жәлләның фазилетімен рахымында құлшылықтарыңызға сол ұқсас жолмен сауаптар беріле береді. Тағы бір әңгіме бар, әулие Сәйдина әл-Бистами хазіретке бізге бүгін туылған іс сияқты іс туылады, яғни ол түнгі намаз уақытында ұйықтап қалады, тұра алмайды, ол мүмкін таң намазын өтеді я уақытында әзер өтеді, ал шайтан бұған қатты қуанады. Бистами хазірет қатты көңілсізденіп, көп жылайды, ол расында ерекше терең қайғымен қатты жылайды, бірақ сол кезде Алла Әззә Уә-Жәллә оған оның істей алмағаны үшін оның істеп жүрген құлшылығынан мың есе етіп, сауап жазып береді, ол ғайып әлемде болады, ал шайтан оны көрді. Кейін Бистами хазірет екінші рет тағы да солай ұйықтап қалады, сол кезде ол өзін біреудің оятып жатқанын көреді, ол қараса, оны оятып жатқан шайтан екен, шайтан оған, «тұр! намаз оқы! таң намазын өткізіп жіберетін болдың!» дейді, ал Бистами хазірет оған, «неге бұлай істедің? сен мені онан арман ұйықтата түсуің керек емеспе» дейді. Шайтан болса, «өткен жолы мен сені ұйқыға батырған едім, бірақ сен оған бола мың есе сауап алдың, сондықтан, қазір тұр, біз ондай көп беруге себепші болғымыз келмейді, бізге бір сауап алғаның қайырлы, біз осындай ғана істейміз, одан көп болмауы керек» дейді. Сондықтан, адам кейде мезеттік ғафилетке түсіп кетсе, ауырса я намазын өткізіп алса, Алла ﷻ оған ұқсас сауаптармен сауғаларды жаза беретін болады, Алла ﷻ барлығымызды кешіргей, Алла ﷻ сіздерге де риза болғай, сіздер бізді бұнда көп тостыңыздар.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: نامازحان بولا تۇرا، شايتانعا ۇقساپ قالۋدان ساقتان (2025.04.26 / حيجرا 1446-جىل 28-شاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَخُلِقَ ٱلْإِنسَـٰنُ ضَعِيفًا» (جانە ادام بالاسى ءالسىز جاراتىلعان) (قۇران 04:28)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ﷻ ادام بالاسىن ءالسىز جاراتتى، ەش ادام، «مەن مىنادايمىن، مەن انادايمىن» دەپ بوسپەسىن، ەگەر اللا ﷻ قالاسا، ءالسىزدى كۇشتى، كۇشتىنى ءالسىز ەتە الادى، سوندىقتان، ءبىز بارلىعىمىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرىنىڭ استىندامىز، ءسۇبىحاناللاھ، بۇگىن وسى ءىس بولدى، جانە بۇل ءىس ادامنىڭ وتە ءالسىز ەكەندىگىن كورسەتەدى، اللا ﷻ سىزدەرگە ريزا بولعاي. مەن قازىرگە دەيىن ۇيقىلى كۇيدە وتىرمىن، شۇكىر-اللا، كەمىندە ءبىز تاڭ نامازىن قازا ەتپەدىك، ءبىراق بارلىق تۇنگى نامازداردان قالدىق، ولار ءبىزدىڭ قاقپامىزدى قاعىپ، ءبىزدى تاڭ نامازعا وياتتى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قالاسا، ادام بالاسىنىڭ عافيلەتكە (نەمقۇرايلىلىققا) ءتۇسۋى وڭاي-اق. ءبىز بارشا قۇلشىلىقتارىمىزدى جانە بارلىق بويۇسىنۋلارىمىزدى اللا ﷻ دىڭ فازيلەتىمەن راحىمىندا ىستەپ ءجۇرمىز، سوندىقتان، ءبىز اللا ﷻ عا شۇكىرلىكتەر ەتەلىك، ادامنىڭ عافيلەتتە قالۋى دا اللا ﷻ دىڭ قالاۋىمەن بولادى، ول ونىڭ قالاۋى، ءبىز ىستەپ جاتقان بارلىق ءىس اللا ﷻ دىڭ راحىمىنان، ال، «مەن بۇنى ىستەي الدىم، ال باسقالار ىستەي المادى» دەپ ءبوسۋ دۇرىس ءىس ەمەس.
ءبىر ايگىلى اۋليە وتكەن ەدى، ونىڭ اتى ەسىمدە قالماپتى، ول باعداتتا ەدى، ول بالا كەزىندە اكەسىمەن بىرگە تاڭ نامازىنان بۇرىن ءتاحاجۇتقا تۇرادى، ول، «شۇكىر-اللا، ءبىز تۇرىپ الدىق، ال قاراڭىز، بارلىق ەل عافيلەت ىشىندە ۇيقى سوعىپ جاتىر، اللا ﷻ عا شۇكىر، ءبىز ءتاحاجۇتقا تۇردىق، ولار ۇيىقتاپ جاتىر» دەيدى، سول كەزدە اكەسى وعان، «ەگەر سەن دە ۇيىقتاپ قالعان بولساڭ، بۇل ءسوزدى ايتپاعان بولار ەدىڭ» دەيدى، دەمەك ءبوسىپ ەسۋ، ماقتانۋ قاتە ءىس. بارلىعى اللا ﷻ دىڭ فازيلەتىمەن راحىمىندا تۋىلادى، ىسكە اسادى، ءسىز تۇرارسىز يا ۇيىقتاپ جاتارسىز نەمەسە عافيلەتكە تۇسەرسىز، بۇلاردىڭ بارلىعى دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز ادەپ، ال ادەپ دەگەنىمىز اللا ﷻ عا شۇكىرلىك ايتۋ، العىس ايتۋ، ءسىز ەشتەڭەنى ماڭىزدى ساناماڭىز، ەشتەڭەنى قۇندى كورمەڭىز، دەمەك ءبىزدىڭ ناماز-قۇلشىلىق جانە بويۇسىنۋلاردىڭ ەشبىر قۇنىمەن تاتىرلىعى جوق. ەگەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى (قابىل ەتۋدى) قالاماسا، ءسىزدىڭ ءناپسىڭىز ەڭ ءبىرىنشى ءسىزدى وزگەلەرمەن سالىستىرا باستايدى، «ول ونداي، ول بۇنداي» دەيدى، ءبىراق بۇل قاتە، ءوزىڭىزدى سالىستىرۋ دا شايتاننىڭ قۋلىعىنان، سەبەبى شايتان ءسىزدىڭ ءناپسىڭىزدىڭ ءتىپتى دە ۇلكەيىپ، سەمىرۋى ءۇشىن سولاي ايتادى، ول، «سەن ءتاحاجۇت نامازعا تۇردىڭ، قيامۋل-ءلايىل ناماز وقىدىڭ، سەن تۇندە ۇيىقتامايسىڭ، سەن ونى ىستەيسىڭ، بۇنى ىستەيسىڭ» دەپ ماقتاپ، استىڭىزعا كوپشىك قويادى، ول ءسىزدىڭ تاپقان ساۋاپتارىڭىزدى جوعالتۋ ءۇشىن وسىنداي ايلالار ىستەتەدى.
كەيبىر سوپىلىق ءتاريقاتقا كىرگەن ادامدار ءبىراز ۋاقىت وتكەن سوڭ، «مەنىڭ دارەجەم قانداي بولدى؟» دەپ سۇرايدى، بۇل دا جوسىننان نەمەسە ادەپتەن ەمەس، ءسىز سوپىلىق ءتاريقاتقا كىردىڭىز، الدەقاشان كىردىڭىز، سەبەبى بۇل جول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولى، ول ءناپسىڭىزدى ءتىپتى دە سەرپىندى باسقارىپ، تاربيەلەۋدىڭ جولى، ونداي سۇراق سۇراماڭىز، ول جوسىندى ەمەس يا ادەپتەن ەمەس. ال ءسىز نە ىستەيسىز؟ سول، ءسىز جولىڭىزدى ارى قاراي جالعاستى الىپ جۇرەسىز، ۇلىق كەرەمەت دەگەنىمىز، «أَجَلُّ الْكَرَامَاتِ دَوَامُ التَّوْفِيق» ياعني جولدا باستان اقىر تۇراقتى بولا ءبىلۋ. ءسىز اللا ﷻ دى ماداقتاڭىز، اللا ﷻ عا شۇكىرلىكتەر ەتىڭىز، جانە ءوزىڭىزدى باسقالارعا سالىستىرماڭىز، سەبەبى اقىرىمىزدىڭ قالاي بولارىن ءبىر اللا ﷻ ءوزى بىلەدى، بۇنداعى ماڭىزدىسى تۇراقتى بولا ءبىلۋ، باياندىلىقتى ساقتاۋ، ەگەر ءسىز تۇراقسىزدىق ەتسەڭىز، ءسىز بارلىق قۇلشىلىقتاردى ىستەي بەرەسىز، ءبىراق سۇيتە تۇرا شايتانعا ۇقساپ قالاسىز، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. مىنا جەرمەن كوكتە شايتاننىڭ ناماز وقىماي، باسى ساجدەگە تيمەي كەتكەن جەرى جوق، ءبىراق ەڭ اقىرىنا بارعاندا، ول جاراتىلىستاردىڭ ىشىندەگى ەڭ سوراقى، ەڭ سۇيكىمسىز، ەڭ جەكسۇرىن، ەڭ ازعىن جاراتىلىس بولىپ كەتتى، سوندىقتان، وعان ۇقساپ قالۋدان قاشىڭىز، اللا ﷻ جولىنان تايماي العا جۇرە بەرىڭىز، بۇل جولدا تۇراقتى بولىڭىز، وعان يا بۇعان قاراماڭىز، سۇراماڭىز، «مەن قانشالىق ىستەدىم؟ مەن قانداي دارەجەگە جەتتىم؟» دەپ ەش سۇراماڭىز، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.
كەيدە ءسىز تۇراقتى تۇردە باياندى كەلە جاتقاندا، قالاۋىڭىزدان تىس كەي جاعدايلار تۋىلادى، ءبىراق سوندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ فازيلەتىمەن راحىمىندا قۇلشىلىقتارىڭىزعا سول ۇقساس جولمەن ساۋاپتار بەرىلە بەرەدى. تاعى ءبىر اڭگىمە بار، اۋليە ءسايدينا ءال-بيستامي حازىرەتكە بىزگە بۇگىن تۋىلعان ءىس سياقتى ءىس تۋىلادى، ياعني ول تۇنگى ناماز ۋاقىتىندا ۇيىقتاپ قالادى، تۇرا المايدى، ول مۇمكىن تاڭ نامازىن وتەدى يا ۋاقىتىندا ازەر وتەدى، ال شايتان بۇعان قاتتى قۋانادى. بيستامي حازىرەت قاتتى كوڭىلسىزدەنىپ، كوپ جىلايدى، ول راسىندا ەرەكشە تەرەڭ قايعىمەن قاتتى جىلايدى، ءبىراق سول كەزدە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وعان ونىڭ ىستەي الماعانى ءۇشىن ونىڭ ىستەپ جۇرگەن قۇلشىلىعىنان مىڭ ەسە ەتىپ، ساۋاپ جازىپ بەرەدى، ول عايىپ الەمدە بولادى، ال شايتان ونى كوردى. كەيىن بيستامي حازىرەت ەكىنشى رەت تاعى دا سولاي ۇيىقتاپ قالادى، سول كەزدە ول ءوزىن بىرەۋدىڭ وياتىپ جاتقانىن كورەدى، ول قاراسا، ونى وياتىپ جاتقان شايتان ەكەن، شايتان وعان، «تۇر! ناماز وقى! تاڭ نامازىن وتكىزىپ جىبەرەتىن بولدىڭ!» دەيدى، ال بيستامي حازىرەت وعان، «نەگە بۇلاي ىستەدىڭ؟ سەن مەنى ونان ارمان ۇيىقتاتا ءتۇسۋىڭ كەرەك ەمەسپە» دەيدى. شايتان بولسا، «وتكەن جولى مەن سەنى ۇيقىعا باتىرعان ەدىم، ءبىراق سەن وعان بولا مىڭ ەسە ساۋاپ الدىڭ، سوندىقتان، ءقازىر تۇر، ءبىز ونداي كوپ بەرۋگە سەبەپشى بولعىمىز كەلمەيدى، بىزگە ءبىر ساۋاپ العانىڭ قايىرلى، ءبىز وسىنداي عانا ىستەيمىز، ودان كوپ بولماۋى كەرەك» دەيدى. سوندىقتان، ادام كەيدە مەزەتتىك عافيلەتكە ءتۇسىپ كەتسە، اۋىرسا يا نامازىن وتكىزىپ السا، اللا ﷻ وعان ۇقساس ساۋاپتارمەن ساۋعالاردى جازا بەرەتىن بولادى، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى كەشىرگەي، اللا ﷻ سىزدەرگە دە ريزا بولعاي، سىزدەر ءبىزدى بۇندا كوپ توستىڭىزدار.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8196