You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: адамдар телефонға, жасанды интеллектке құл болған заман (2025.04.18 / Хижра 1446-жыл 20-Шауал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8184
Сұхбат: адамдар телефонға, жасанды интеллектке құл болған заман (2025.04.18 / Хижра 1446-жыл 20-Шауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَى» (жүректері жауланылып бұзылған, және олар құпияда сөйлесер) (құран 21:03), садақал лахул ғазим, демек адамдардың жүректері басқа жақта, ойлары дөйдалада болар, міне осылай адамдар ұдайы ғафилетте (немқұрайлылықта) жүреді, ал осы замандағы ғафилет бұрынғы заманға қарағанда әлдеқайда ауыр болып отыр, бұрын адамдарды соншама қарбалас етіп ұстайтын нәрселер жоқ еді, әркім өз шаруасымен болатұғын, оқығысы келгендер оқитын, ал оқымайтындары өз жұмыстарын істеп, жүре беретін еді. Бірақ қазір барлығы ұқсас болып қалған, Алла Әззә Уә-Жәллә адамдарды әртүрлі етіп жаратты, олар ұқсамайды, бірақ адамдар өз ойлары бойынша оларды біркелкі форматтағы, ұқсас бір қалыптан құйылып шыққан тобыр еткісі келеді. Олар осы қалыбына келмейтін адамдарды зорлықпен оған салып, құйып шыққысы келеді, сонда бұл адамдардан жақсы ештеңе шықпайтын болады, ертедегі адамдар ақылды еді, қазіргілерде ақыл қалмады, интеллект қалмады.

Олар ақылдарын басқа темір-терсек құралдарға тапсырып қойды, олар, «жасанды интеллект» дер, олар тағы, «жұмысты бізге осы жасанды интеллект істеп береді, ал біз ойналық, қызық көрелік, сол бізге жетеді, өзімізден қызық көрелік, басқа ештеңені қаламаймыз, бұл құрал-машиналар бізге қарайды емеспе, қазірден бастап бізге ақылымызды істету қажетсіз, осы машиналар бізге қарайды, көңіл бөледі» дейді. Қазір кәрі я жас болсын, олардың барлығының қолында сол пәлекет (қолфон) бар, олар оны күн бойы ойнайды, басқа ештеңеге қарамайды, бұл ұқсас қағида сабақ үйреніп жүргендерге де келеді, олар да ештеңе түсінбейді, ештеңе үйренбейді, олардың жылдары босқа өтуде. Солай бола тұра, олар жақсы бірдеңе көргісі келеді, егер осындай мәселелер оқушылардың басында болса, олар оны (қолфонмен ойнауды) қойып, сабағына көңіл бөлуі керек, бұл машина сіз үшін бірдеңені ойлап бермеуі керек, егер олай болса, одан сізге пайда болмас, қазір балалар осы машиналарға жадыланып қалды, демек бұл құралдар оларды тұтқындап алды.

Бұл машина шектелінуде ұсталуы тиіс, оған шек қойылуы керек, ал бірақ қазір оған ешқандай шек немесе шегара қойылған жоқ, әр нәрсенің шегі бар емеспе, сіз сол шектен аспауыңыз керек, егер сіз бірдеңеден пайда алғыңыз келсе, онда мәлім шек болуы тиіс, бірақ сіз бұл шектен әрдайым асып кетсеңіз, сізді манағы нәрсе меңгеріп, басқарып алатын болады, демек сіз нәпсіңіз жағынан немесе осы машиналар жағынан меңгеруге алынатын боласыз. Бұрынғының адамдары мүлдем ұқсамайды, ол кезде шәкірттер өз үйлерінен алыс мектептерге оқуға кететін, бүгінгіге ұқсамайды, қазір оқушының ана-анасы баласына минут сайын сөйлейді, әр минутта олардың әпке-сіңлілері, достары немесе ана-мына адамдар оларға телефон шалып сөйлеседі, «не болды? онда не бар?» дер. Ертеде шәкірттер мектепке баратын, ол кезде машина, ұшақ сияқты ештеңе жоқ еді, бір хаттың жетуіне 6 ай кететүғын, әйгілі үлкен ғұлама әрі үлкен әулиенің бірі Имам Ғазали хазірет еді. Ол, «мен оқуға барған 6 айдан соң, маған отбасымнан хат келді, хатты ашпадым, одан соң тағы бір хат келді, одан соң тағы да келе берді» дейді, ал Имам Ғазали хазірет хаттарды ашып оқымай, үстіне бір-бірден қаттап, қоя береді, ол оны 7 жыл өткен соң ғана ашады.

Осы келген хаттардың бірінде, «сіздің анаңыз қайтыс болып кетті» деп жазылған екен, ол, «егер мен оны келе салғанда ашқан болсам, қазіргі білімдерімді ала алмаған болар едім, ойым бір жерде болмай, алжасар едім, еш игілікке жете алмас едім» дейді. Ойлап көріңізші, ол әр 6 айда келетін хаттың өзін ашып көрмепті! ал қазіргі адамдардың хәліне қарап көріңізші! олар қалай оқымақ? қалай білім үйренбек? қалай игілікке жетпек? Алла ﷻ бізді панасына алғай. Адамдар қазір мүлдем тұтқындалып қалды, олар оны тастай алмай жүр, құтыла алмауда, балаларға да ұқсас, оларға кемінде шек қойылуы керек, әсіресе медіреседе оқып жатқан оқушыларға солай болуы керек. Оларға, «саған медіресе керек пе, әлде телефон керек пе?» деңіздер, егер, «телефон керек» десе, «жарайды бауырым, телефоныңды алда, үйіңе кет, сонда барып, онымен қалағаныңша ойна» деп айтыңыз, ал олай болмаса, егер медіресені қаласаңыз, «онда телефонды тастаңыз, қазірден бастап телефон болмасын, егер ата-анаңа немесе ана-мына адамға хабарласпақ болсаң, телефоныңды аптасына бір рет 15-20 минут істетуіңе болады» деңіз, оларға осындай шарт қойыңыз, міне бұл медіресе үшін болмақ.

Басқа оқушылар үшін де осылай болуы тиіс, аптасына болмаса да, күніне 10-20 минут қана болсын, осы уақыт бір күнге жетіп асады, бұндайда олар үшін обалсынудың керегі жоқ, егер обалсынсаңыз, сылтау етсеңіз, онда оныңыз еш мейірімділік емес, кейін обалды болып, бейшараға айналатын адам дәл өзіңіз боласыз, сіз бұл хақында сақ болуыңыз керек, расында, отбасылар балаларына осы ыстратегияны істесін, бұл шектеуді қою маңызды. Жұрт, «еркіндік дегеніміз шектеу болмау, бірақ бұндай еркіндік жоқ» дер, егер шегі жоқ еркіндік берілсе, ол жаман нәрсеге айналып кетеді, сіз біреудің ұқығына қол сұғатын боласыз, одан өтіп кететін боласыз, сондықтан, сіз нәпсіңізді меңгеру үшін әр нәрсеге шек-шегара қойуыңыз керек, нәпсіңізге де шектеу қойыңыз, нәпсіңіздің ұқығы бар, және оның ұқығы кіріспейтін істер де бар, біз осы жәйлы сақ болайық. Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, расында, біз өте қиын заманда өмір сүріп жатырмыз, әр жер қауіпке толған, әр жерде жамандықпен кесір-кесапат өріп жүр, әсіресе осыбрі машиналарда (қолфондар) солай, оның ішінде қас-қағымда балалардың көз алдынан жаман нәрселер шыға келеді, ал бұрындары адамдар бұл нәрселерді тек үйленер кезде ғана білуші еді, бірақ қазір олар оны 2-3 жас балаларға көрсетеді, Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, Алла ﷻ оларды панасына алғай, Алла ﷻ тезден Сахибул Заман Мұхаммад Әл-Мәхди хазіретті жібергей, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ادامدار تەلەفونعا، جاساندى ينتەللەكتكە قۇل بولعان زامان (2025.04.18 / حيجرا 1446-جىل 20-شاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا۟ ٱلنَّجْوَى» (جۇرەكتەرى جاۋلانىلىپ بۇزىلعان، جانە ولار قۇپيادا سويلەسەر) (قۇران 21:03)، ساداقال لاحۋل عازيم، دەمەك ادامداردىڭ جۇرەكتەرى باسقا جاقتا، ويلارى ءدويدالادا بولار، مىنە وسىلاي ادامدار ۇدايى عافيلەتتە (نەمقۇرايلىلىقتا) جۇرەدى، ال وسى زامانداعى عافيلەت بۇرىنعى زامانعا قاراعاندا الدەقايدا اۋىر بولىپ وتىر، بۇرىن ادامداردى سونشاما قاربالاس ەتىپ ۇستايتىن نارسەلەر جوق ەدى، اركىم ءوز شارۋاسىمەن بولاتۇعىن، وقىعىسى كەلگەندەر وقيتىن، ال وقىمايتىندارى ءوز جۇمىستارىن ىستەپ، جۇرە بەرەتىن ەدى. ءبىراق ءقازىر بارلىعى ۇقساس بولىپ قالعان، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى ءارتۇرلى ەتىپ جاراتتى، ولار ۇقسامايدى، ءبىراق ادامدار ءوز ويلارى بويىنشا ولاردى بىركەلكى فورماتتاعى، ۇقساس ءبىر قالىپتان قۇيىلىپ شىققان توبىر ەتكىسى كەلەدى. ولار وسى قالىبىنا كەلمەيتىن ادامداردى زورلىقپەن وعان سالىپ، قۇيىپ شىققىسى كەلەدى، سوندا بۇل ادامداردان جاقسى ەشتەڭە شىقپايتىن بولادى، ەرتەدەگى ادامدار اقىلدى ەدى، قازىرگىلەردە اقىل قالمادى، ينتەللەكت قالمادى.

ولار اقىلدارىن باسقا تەمىر-تەرسەك قۇرالدارعا تاپسىرىپ قويدى، ولار، «جاساندى ينتەللەكت» دەر، ولار تاعى، «جۇمىستى بىزگە وسى جاساندى ينتەللەكت ىستەپ بەرەدى، ال ءبىز وينالىق، قىزىق كورەلىك، سول بىزگە جەتەدى، وزىمىزدەن قىزىق كورەلىك، باسقا ەشتەڭەنى قالامايمىز، بۇل قۇرال-ماشينالار بىزگە قارايدى ەمەسپە، قازىردەن باستاپ بىزگە اقىلىمىزدى ىستەتۋ قاجەتسىز، وسى ماشينالار بىزگە قارايدى، كوڭىل بولەدى» دەيدى. ءقازىر كارى يا جاس بولسىن، ولاردىڭ بارلىعىنىڭ قولىندا سول پالەكەت (قولفون) بار، ولار ونى كۇن بويى وينايدى، باسقا ەشتەڭەگە قارامايدى، بۇل ۇقساس قاعيدا ساباق ۇيرەنىپ جۇرگەندەرگە دە كەلەدى، ولار دا ەشتەڭە تۇسىنبەيدى، ەشتەڭە ۇيرەنبەيدى، ولاردىڭ جىلدارى بوسقا وتۋدە. سولاي بولا تۇرا، ولار جاقسى بىردەڭە كورگىسى كەلەدى، ەگەر وسىنداي ماسەلەلەر وقۋشىلاردىڭ باسىندا بولسا، ولار ونى (قولفونمەن ويناۋدى) قويىپ، ساباعىنا كوڭىل ءبولۋى كەرەك، بۇل ماشينا ءسىز ءۇشىن بىردەڭەنى ويلاپ بەرمەۋى كەرەك، ەگەر ولاي بولسا، ودان سىزگە پايدا بولماس، ءقازىر بالالار وسى ماشينالارعا جادىلانىپ قالدى، دەمەك بۇل قۇرالدار ولاردى تۇتقىنداپ الدى.

بۇل ماشينا شەكتەلىنۋدە ۇستالۋى ءتيىس، وعان شەك قويىلۋى كەرەك، ال ءبىراق ءقازىر وعان ەشقانداي شەك نەمەسە شەگارا قويىلعان جوق، ءار نارسەنىڭ شەگى بار ەمەسپە، ءسىز سول شەكتەن اسپاۋىڭىز كەرەك، ەگەر ءسىز بىردەڭەدەن پايدا العىڭىز كەلسە، وندا ءمالىم شەك بولۋى ءتيىس، ءبىراق ءسىز بۇل شەكتەن ءاردايىم اسىپ كەتسەڭىز، ءسىزدى ماناعى نارسە مەڭگەرىپ، باسقارىپ الاتىن بولادى، دەمەك ءسىز ءناپسىڭىز جاعىنان نەمەسە وسى ماشينالار جاعىنان مەڭگەرۋگە الىناتىن بولاسىز. بۇرىنعىنىڭ ادامدارى مۇلدەم ۇقسامايدى، ول كەزدە شاكىرتتەر ءوز ۇيلەرىنەن الىس مەكتەپتەرگە وقۋعا كەتەتىن، بۇگىنگىگە ۇقسامايدى، ءقازىر وقۋشىنىڭ انا-اناسى بالاسىنا مينۋت سايىن سويلەيدى، ءار مينۋتتا ولاردىڭ اپكە-سىڭلىلەرى، دوستارى نەمەسە انا-مىنا ادامدار ولارعا تەلەفون شالىپ سويلەسەدى، «نە بولدى؟ وندا نە بار؟» دەر. ەرتەدە شاكىرتتەر مەكتەپكە باراتىن، ول كەزدە ماشينا، ۇشاق سياقتى ەشتەڭە جوق ەدى، ءبىر حاتتىڭ جەتۋىنە 6 اي كەتەتۇعىن، ايگىلى ۇلكەن عۇلاما ءارى ۇلكەن اۋليەنىڭ ءبىرى يمام عازالي حازىرەت ەدى. ول، «مەن وقۋعا بارعان 6 ايدان سوڭ، ماعان وتباسىمنان حات كەلدى، حاتتى اشپادىم، ودان سوڭ تاعى ءبىر حات كەلدى، ودان سوڭ تاعى دا كەلە بەردى» دەيدى، ال يمام عازالي حازىرەت حاتتاردى اشىپ وقىماي، ۇستىنە ءبىر-بىردەن قاتتاپ، قويا بەرەدى، ول ونى 7 جىل وتكەن سوڭ عانا اشادى.

وسى كەلگەن حاتتاردىڭ بىرىندە، «ءسىزدىڭ اناڭىز قايتىس بولىپ كەتتى» دەپ جازىلعان ەكەن، ول، «ەگەر مەن ونى كەلە سالعاندا اشقان بولسام، قازىرگى بىلىمدەرىمدى الا الماعان بولار ەدىم، ويىم ءبىر جەردە بولماي، الجاسار ەدىم، ەش يگىلىككە جەتە الماس ەدىم» دەيدى. ويلاپ كورىڭىزشى، ول ءار 6 ايدا كەلەتىن حاتتىڭ ءوزىن اشىپ كورمەپتى! ال قازىرگى ادامداردىڭ حالىنە قاراپ كورىڭىزشى! ولار قالاي وقىماق؟ قالاي ءبىلىم ۇيرەنبەك؟ قالاي يگىلىككە جەتپەك؟ اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. ادامدار ءقازىر مۇلدەم تۇتقىندالىپ قالدى، ولار ونى تاستاي الماي ءجۇر، قۇتىلا الماۋدا، بالالارعا دا ۇقساس، ولارعا كەمىندە شەك قويىلۋى كەرەك، اسىرەسە مەدىرەسەدە وقىپ جاتقان وقۋشىلارعا سولاي بولۋى كەرەك. ولارعا، «ساعان مەدىرەسە كەرەك پە، الدە تەلەفون كەرەك پە؟» دەڭىزدەر، ەگەر، «تەلەفون كەرەك» دەسە، «جارايدى باۋىرىم، تەلەفونىڭدى الدا، ۇيىڭە كەت، سوندا بارىپ، ونىمەن قالاعانىڭشا وينا» دەپ ايتىڭىز، ال ولاي بولماسا، ەگەر مەدىرەسەنى قالاساڭىز، «وندا تەلەفوندى تاستاڭىز، قازىردەن باستاپ تەلەفون بولماسىن، ەگەر اتا-اناڭا نەمەسە انا-مىنا ادامعا حابارلاسپاق بولساڭ، تەلەفونىڭدى اپتاسىنا ءبىر رەت 15-20 مينۋت ىستەتۋىڭە بولادى» دەڭىز، ولارعا وسىنداي شارت قويىڭىز، مىنە بۇل مەدىرەسە ءۇشىن بولماق.

باسقا وقۋشىلار ءۇشىن دە وسىلاي بولۋى ءتيىس، اپتاسىنا بولماسا دا، كۇنىنە 10-20 مينۋت قانا بولسىن، وسى ۋاقىت ءبىر كۇنگە جەتىپ اسادى، بۇندايدا ولار ءۇشىن وبالسىنۋدىڭ كەرەگى جوق، ەگەر وبالسىنساڭىز، سىلتاۋ ەتسەڭىز، وندا ونىڭىز ەش مەيىرىمدىلىك ەمەس، كەيىن وبالدى بولىپ، بەيشاراعا اينالاتىن ادام ءدال ءوزىڭىز بولاسىز، ءسىز بۇل حاقىندا ساق بولۋىڭىز كەرەك، راسىندا، وتباسىلار بالالارىنا وسى ىستراتەگيانى ىستەسىن، بۇل شەكتەۋدى قويۋ ماڭىزدى. جۇرت، «ەركىندىك دەگەنىمىز شەكتەۋ بولماۋ، ءبىراق بۇنداي ەركىندىك جوق» دەر، ەگەر شەگى جوق ەركىندىك بەرىلسە، ول جامان نارسەگە اينالىپ كەتەدى، ءسىز بىرەۋدىڭ ۇقىعىنا قول سۇعاتىن بولاسىز، ودان ءوتىپ كەتەتىن بولاسىز، سوندىقتان، ءسىز ءناپسىڭىزدى مەڭگەرۋ ءۇشىن ءار نارسەگە شەك-شەگارا قويۋىڭىز كەرەك، ناپسىڭىزگە دە شەكتەۋ قويىڭىز، ءناپسىڭىزدىڭ ۇقىعى بار، جانە ونىڭ ۇقىعى كىرىسپەيتىن ىستەر دە بار، ءبىز وسى ءجايلى ساق بولايىق. اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، راسىندا، ءبىز وتە قيىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءار جەر قاۋىپكە تولعان، ءار جەردە جاماندىقپەن كەسىر-كەساپات ءورىپ ءجۇر، اسىرەسە ءوسىبرى ماشينالاردا (قولفوندار) سولاي، ونىڭ ىشىندە قاس-قاعىمدا بالالاردىڭ كوز الدىنان جامان نارسەلەر شىعا كەلەدى، ال بۇرىندارى ادامدار بۇل نارسەلەردى تەك ۇيلەنەر كەزدە عانا ءبىلۋشى ەدى، ءبىراق ءقازىر ولار ونى 2-3 جاس بالالارعا كورسەتەدى، اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، اللا ﷻ ولاردى پاناسىنا العاي، اللا ﷻ تەزدەن ساحيبۋل زامان مۇحامماد ءال-ءماحدي حازىرەتتى جىبەرگەي، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8184