You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АДАМ АТАНЫҢ ӨЗ ҰРПАҚТАРЫ АДАМ АТАНЫ ӨЛТІРМЕК БОЛДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8179
АДАМ АТАНЫҢ ӨЗ ҰРПАҚТАРЫ АДАМ АТАНЫ ӨЛТІРМЕК БОЛДЫ

адам ата бүгінгі сыриланкадан жұбайы хауа ананы іздеуге жолға шығады, екеуі екі жаққа түсірілген еді. Адам ата жер жүзін қоймай аралады, ол отырып демалған әр жерге Алла хикіметінде оның кейінгі ұрпақтары қала салды. Ол хауа ананы қазіргі арабиядағы минамен арафат арасындағы мұздалифадан табады, олар сонда кездесті. Қазіргі қажылықтағы мұздалифа содан қалған, ол жерде олар кездескен, мұздалифа сөзі 'кездесу' деген мағынаны білдіреді. Олар арафатта тәубе етіп, Алладан күнәларының кешірілуін сұрады, қажылықтағы арафат та содан қалған. Хауа ана әр жолы бір ұл, бір қыздан егіз туып отырды, Алла адамға ұқсамаған егіздердің ұлымен қызын үйлендіруге әмір етті және бірге туған егіз ұл-қызды үйлендіруді харам қылды. Хауа ана 42 егіз ұл-қыз туды, ал ең соңғы 43 інші сетих есімді ұлды жалқы туды. Кейін осы сетихққа пайғамбарлық келіп, адам атаның пайғамбарлығын жалғастырды. Адам ата 1000 жылдай жасады, оның ұрпағы өте көп өсті, бірақ ұрпағының жартысынан көбі адамға қарсы келіп, кәпір болды, Олар, 'адам атамыз Алла деген бірдеңені айтып, миды ашытты, оны өлтірейік, ол алжып кетті' дер. Олар адам атаны алдап, тойға шақырады, және сол жерде өлтірмек болғанда, Алла олардың тілін өзгертіп жібереді де, олар бірін-бірі түсіне алмай, өзара соғысып, жан-жаққа кетеді. Адам ата аман қалады, бірақ ол қайтыс болғанша ұрпақтарының азғындығын көзімен көріп, қайғырып өтті.

ادام اتانىڭ ءوز ۇرپاقتارى ادام اتانى ولتىرمەك بولدى

ادام اتا بۇگىنگى سىريلانكادان جۇبايى حاۋا انانى ىزدەۋگە جولعا شىعادى، ەكەۋى ەكى جاققا تۇسىرىلگەن ەدى. ادام اتا جەر ءجۇزىن قويماي ارالادى، ول وتىرىپ دەمالعان ءار جەرگە اللا حيكىمەتىندە ونىڭ كەيىنگى ۇرپاقتارى قالا سالدى. ول حاۋا انانى قازىرگى ارابياداعى مينامەن ارافات اراسىنداعى مۇزداليفادان تابادى، ولار سوندا كەزدەستى. قازىرگى قاجىلىقتاعى مۇزداليفا سودان قالعان، ول جەردە ولار كەزدەسكەن، مۇزداليفا ءسوزى 'كەزدەسۋ' دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى. ولار ارافاتتا تاۋبە ەتىپ، اللادان كۇنالارىنىڭ كەشىرىلۋىن سۇرادى، قاجىلىقتاعى ارافات تا سودان قالعان. حاۋا انا ءار جولى ءبىر ۇل، ءبىر قىزدان ەگىز تۋىپ وتىردى، اللا ادامعا ۇقساماعان ەگىزدەردىڭ ۇلىمەن قىزىن ۇيلەندىرۋگە ءامىر ەتتى جانە بىرگە تۋعان ەگىز ۇل-قىزدى ۇيلەندىرۋدى حارام قىلدى. حاۋا انا 42 ەگىز ۇل-قىز تۋدى، ال ەڭ سوڭعى 43 ءىنشى سەتيح ەسىمدى ۇلدى جالقى تۋدى. كەيىن وسى سەتيحققا پايعامبارلىق كەلىپ، ادام اتانىڭ پايعامبارلىعىن جالعاستىردى. ادام اتا 1000 جىلداي جاسادى، ونىڭ ۇرپاعى وتە كوپ ءوستى، ءبىراق ۇرپاعىنىڭ جارتىسىنان كوبى ادامعا قارسى كەلىپ، كاپىر بولدى، ولار، 'ادام اتامىز اللا دەگەن بىردەڭەنى ايتىپ، ميدى اشىتتى، ونى ولتىرەيىك، ول الجىپ كەتتى' دەر. ولار ادام اتانى الداپ، تويعا شاقىرادى، جانە سول جەردە ولتىرمەك بولعاندا، اللا ولاردىڭ ءتىلىن وزگەرتىپ جىبەرەدى دە، ولار ءبىرىن-ءبىرى تۇسىنە الماي، ءوزارا سوعىسىپ، جان-جاققا كەتەدى. ادام اتا امان قالادى، ءبىراق ول قايتىس بولعانشا ۇرپاقتارىنىڭ ازعىندىعىن كوزىمەن كورىپ، قايعىرىپ ءوتتى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8179