You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ЖЕРШАРЫДА АДАМ АТАНЫҢ КЕЛУІМЕН ТІРШІЛІК ҚАЙНАДЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8176
ЖЕРШАРЫДА АДАМ АТАНЫҢ КЕЛУІМЕН ТІРШІЛІК ҚАЙНАДЫ

адам ата күнәкар болып жерге айдалды, оны Жебірейіл періште бүгінгі сриланкаға алып түседі, ол ақ-құба өңді, алып денелі жас жігіт бейнемен әкелінді. Ал хауа ана арабиядағы жеддаға, ібліс шайтан хорасанға түсіріледі. Адам ата тас қараңғы өте суық түнде әкелінді, ол алғашқы түнін қатты қиналып, еңіреп жылаумен өткізеді. Жер беті адам ата келуден бұрын қурап жатқан еді, онда бәлендей жәйнап жатқан өмір жоқ болатын, бірақ оның келуімен жершарыға жан бітті. Адамның табаны жерге тиісімен жершарында лезде бұлақтар атып шығып, өзендер сарқырай ақты, ағаш-ормандар қаулады. Ол кезде барлық ағаш жеміс беретін, бірақ қабылдың абылды өлтіруі себепті, көптеген ағаштар тітіреп қорқып, жеміс бере алмай қалды. Адам ата тоқтамай 50 жыл жылай тәубе етті, оның аққан көз жастынан нәр алған өсмдіктер қызыл бұрыш, сарымсақ, пияз сияқты адамға емдік ролы бар көгеністерге айналды. Адам жәннат қақпасына Алла атымен бірге жазулы тұрған Мұхаммад пайғамбарымыздың атын көрген еді, ол оның аса ұлық адам екендігін біліп, пайғамбарымызды уәсила ете, Алладан кешірім сұрайды, сол кезде Алла оның тәубесін қабыл етеді. Тамақ жеген соң адамның іші қатты ауырып, жанын қоярға жер таппай, жер тепкілейді. Сол кезде Жебірейіл періште келіп, оның алдымен-артын теседі, оның қортылған асы сол тесіктерден сасып сыртқа шығады, ол тесіктер содан қалған, жәннатта ондай дәрет жоқ еді. Хауа ана жеддада адам атаның өзін іздеп келуін күтіп, тас үстінде көп жыл отырады, содан әйел затының жамбасы суық болды. Адам ата оны іздеп, жерді аралайды, ал ол отырып, демалып кеткен әр жерге кейінгі адам балалары қала салатындығы тағдыр етілді.

جەرشارىدا ادام اتانىڭ كەلۋىمەن تىرشىلىك قاينادى

ادام اتا كۇناكار بولىپ جەرگە ايدالدى، ونى جەبىرەيىل پەرىشتە بۇگىنگى سريلانكاعا الىپ تۇسەدى، ول اق-قۇبا ءوڭدى، الىپ دەنەلى جاس جىگىت بەينەمەن اكەلىندى. ال حاۋا انا ارابياداعى جەدداعا، ءىبلىس شايتان حوراسانعا تۇسىرىلەدى. ادام اتا تاس قاراڭعى وتە سۋىق تۇندە اكەلىندى، ول العاشقى ءتۇنىن قاتتى قينالىپ، ەڭىرەپ جىلاۋمەن وتكىزەدى. جەر بەتى ادام اتا كەلۋدەن بۇرىن قۋراپ جاتقان ەدى، وندا بالەندەي ءجايناپ جاتقان ءومىر جوق بولاتىن، ءبىراق ونىڭ كەلۋىمەن جەرشارىعا جان ءبىتتى. ادامنىڭ تابانى جەرگە تيىسىمەن جەرشارىندا لەزدە بۇلاقتار اتىپ شىعىپ، وزەندەر سارقىراي اقتى، اعاش-ورماندار قاۋلادى. ول كەزدە بارلىق اعاش جەمىس بەرەتىن، ءبىراق قابىلدىڭ ابىلدى ءولتىرۋى سەبەپتى، كوپتەگەن اعاشتار تىتىرەپ قورقىپ، جەمىس بەرە الماي قالدى. ادام اتا توقتاماي 50 جىل جىلاي تاۋبە ەتتى، ونىڭ اققان كوز جاستىنان ءنار العان وسمدىكتەر قىزىل بۇرىش، سارىمساق، پياز سياقتى ادامعا ەمدىك رولى بار كوگەنىستەرگە اينالدى. ادام ءجاننات قاقپاسىنا اللا اتىمەن بىرگە جازۋلى تۇرعان مۇحامماد پايعامبارىمىزدىڭ اتىن كورگەن ەدى، ول ونىڭ اسا ۇلىق ادام ەكەندىگىن ءبىلىپ، پايعامبارىمىزدى ءۋاسيلا ەتە، اللادان كەشىرىم سۇرايدى، سول كەزدە اللا ونىڭ تاۋبەسىن قابىل ەتەدى. تاماق جەگەن سوڭ ادامنىڭ ءىشى قاتتى اۋىرىپ، جانىن قويارعا جەر تاپپاي، جەر تەپكىلەيدى. سول كەزدە جەبىرەيىل پەرىشتە كەلىپ، ونىڭ الدىمەن-ارتىن تەسەدى، ونىڭ قورتىلعان اسى سول تەسىكتەردەن ساسىپ سىرتقا شىعادى، ول تەسىكتەر سودان قالعان، ءجانناتتا ونداي دارەت جوق ەدى. حاۋا انا جەددادا ادام اتانىڭ ءوزىن ىزدەپ كەلۋىن كۇتىپ، تاس ۇستىندە كوپ جىل وتىرادى، سودان ايەل زاتىنىڭ جامباسى سۋىق بولدى. ادام اتا ونى ىزدەپ، جەردى ارالايدى، ال ول وتىرىپ، دەمالىپ كەتكەن ءار جەرگە كەيىنگى ادام بالالارى قالا سالاتىندىعى تاعدىر ەتىلدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8176