Сұхбат: қазір мұсылмандарда иман қалмағандықтан, нашар күйге түсті (2) (2025.02.07 / Хижра 1446-жыл 08-Шағбан)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8067
Сұхбат: қазір мұсылмандарда иман қалмағандықтан, нашар күйге түсті (2) (2025.02.07 / Хижра 1446-жыл 08-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(United Kingdom, Bradford, Madni Masjid-да айтылған сұхбат) Алла ﷻ язидкум уә шарафан (Алла ﷻ ұлықтықпен абыройда арттырғай), машалла, Алла ﷻ мұсылмандарға жәрдем етеді, бізге жәрдем бергей, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ «ақырзаманда мұсылмандар көп болар, әр елде, әр қалада мұсылмандар көп болар, бірақ олардың құны болмас, олар көпіршіген көбік сияқты болар» дейді, ол міне осылай айтып кетті. Судың көпіршігі болады, теңізден толқын келгенде, көпіршіктер пайда болады және ол лезде жоқ болып кетеді, еш әсері болмайды, міне бұл пайғамбарымыз ﷺ ның айтқаны еді, ол мұғжизасымен осы заман жәйлы айтып кеткен, біздің заман - қиын заман, не үшін? себебі қазір адамдар пайғамбарымыз ﷺ ға ермейді және оны құрметтемейді. Олар бәрін біледі, машалла, ғұламалар бар, олар барлығын біледі, бірақ шайтан оларға пайғамбарымыз ﷺ ды және оның құт-берекесін қабыл еттірмей жатыр, ал ақиқатында, әлі де болса, барша мұсылман пайғамбарымыз ﷺ ның құтымен, оның берекесімен, оның берген медет-қолдауымен жалғасып келе жатыр, ол болмаса, олар баяғыда құрып жоғалар еді, себебі сізде пайғамбарымыз ﷺ ға деген махаббат болмаса, иманыңыз нөлден де төмен түсіп кетеді, нөл емес, нөлден төмен болады.
Міне пайғамбарымыз ﷺ ның осы заман жәйлы, ақырзаман жәйлы баяндап кеткендері, ол осылай айтты, білмедік, бізде 2 милиярт, әлде одан көп я аз мұсылман бар, ең кемінде 2 милиярттай мұсылман бармыз, бірақ кішкене елдер, мәселен, европа елдерінің әсері бүкіл милиярттаған мұсылмандардан күшті болуда, бұнда яғни кейбір бей-мұсылман елдерінде шамамен 4-5 милион адам бар шығар, бірақ олардың дүниеге әсері манағы милиярттаған мұсылманнан күшті болуда. Ал бұның себебі сол, мұсылмандарда иман қалмады, мұсылмандар иманнан махрум болды, мұсылман үшін иман маңызды еді, ал пайғамбарымыз ﷺ ды құрметтей тұрып, оған махаббат болмай тұрып, ешқандай иман болмайды. Себебі мұсылмандар Алла ﷻ дың оларға жаратылыстарының ішіндегі ең жоғарысы етіп жаратқан пайғамбарымыз ﷺ ды қабыл етпеуде, Алла ﷻ жаратқан жаратылыстардың ішіндегі ең ұлығы, ең биігі, ең қасиеттісі пайғамбарымыз ﷺ, бірақ олар «жоқ, ол біз сияқты адам, біз де адам, ол да адам, ол өлді» дейді, міне бұл адамдар құрметсіз, тексіз, жақсы ибасы жоқ әдепсіз адамдар еді. Ал осы құбылыс дүниенің жер-жерінде туылуда, әсіресе мұсылман елдерінен тыс жерлерде болуда, мәселен, бұл істер европа және сол сияқты басқа жерлерде болып жатыр. Олар тіпті мұсылман елдерге де әсер етуде, олар мұсылман елдерін алдады, міне бұл шайтанның жолы-дүр, шайтан болса, олардың бойұсына исламға ергенін қаламайды, ол бұған риза емес, бірақ ол бір әдіс тауып, олардың иманын түсіріп, нөлден де төмен етіп жіберді.
Міне бұл біздің өміріміздегі маңызды нәрсе, өмірімізге қатысыты мәлімет құранда айтылған, онда «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُ» («расында, құлшылығым, құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің раббысы болған Алла үшін, Оның серігі жоқ» деп айт) (құран 06:162-163) делінген, садақал лахул ғазим, демек біздің өміріміз және өліміміз Алла Әззә Уә-Жәллә үшін, әмір етілгені міне осы, ол дүние үшін емес, қызық үшін емес. Әрине, біз өмірден ләззәт алып, қызық көруімізге болады, исламда рұхсат етілген қызықтар бар, пайғамбарымыз ﷺ істеген істер бар, біз оған ілесеміз, халалдан болған әр нәрсеге рұхсат бар, егер сіз осы халал істерді істесеңіз, пайғамбарымыз ﷺ сізге риза болады, сіз одан өзіңізді шектемеңіз. Үш сахаба болған еді, олар нәбауи мешітіне келер, олардың бірі, «мен түнде ұйықтамаймын, түні бойы құлшылық етемін» десе, екіншісі, «мен мүлдем үйленбеймін, тек ислам үшін жұмыс істеймін» дейді, ал үшінсіші болса, «мен оразамды бұзбаймын, өмір бойы ораза ұстаймын» дейді, олар осылай айтып отырды. Сол кезде пайғамбарымыз ﷺ оны естіп, оларға «мен ұйықтаймын және оянамын, ораза ұстаймын және оразамды ашамын, сонымен бірге мен үйленемін, үйлену - менің сүннетім, мен де үйленгем, бұндай нәрселерді қойыңдар» дейді.
Сондықтан пайғамбарымыз ﷺ адамдарға істі қиындастыруды жақсы көрмейді, бірақ бұнда маңыздысы оған еру, халал нәрсені харам нәрсе етіп алмау болмақ, бұл шектелінген іс, харам іс, демек халалды харам, ал харамды халал ету харам-дүр, бұған шектеу қойылған. Манағы әңгімедегі ең маңызды іс және олар білмеген, көңіл бөлмеген іс, пайғамбарымыз ﷺ ның сүннетіне еру еді, ол сүйгенді сүю, ол жек көргенді жек көру еді, басқа шаруа жоқ. Пайғамбарымыз ﷺ жұртты, әсіресе жастарды сүйеді, сіз сахабалар жәйлы естігенде «олар 60 жас немесе ең кемінде 40 жастағы адамдар шығар» деп ойларсыз, бірақ пайғамбарымыз ﷺ мен бірге болып, соғыста жүргендердің барлығы дерлік 16 жас арасында, кейбірі 14 жас, ал кейбірі 18 жастар шамасында болған. Олар үлкен армиаға қарсы соғысып, жеңіп алатын еді, осы маңызды, пайғамбарымыз ﷺ жастарға махаббатын арнап, ден қоятын, ол мұғжизасымен осы жастардың, осы адамдардың өз сүннетімен оның жолын, ислам жолын дүниеге тарататынын білген еді. Ол осы жастар есейіп, қартайғанда дейін пайғамбарымыз ﷺ ның нені ұнататынын, оның кім екендігін, оның не істегенін, нені ұнатпайтындығын, істі қалай тындыратындығын саналарына құйып өсірді, және бұны біреуінен тағы біреуіне жеткізіп, үйретіп отырды.
Бұны басқа ешбір пайғамбарлардан көре алмайсыз, мүмкін сіз Сәйдина Иса, Сәйдина Мұса немесе басқалар жәйлы естіген шығарсыз, олардың не істегенін, қалай істегін естіген боларсыз, бірақ біздің пайғамбарымыз ﷺ ның әр қимылы, әр минуты сахабалар арқылы естелікке алынып, тіркелініп келген, себебі сахабалар өте алғыр, тым зейінді, асқан зерек жандар еді, олар пайғамбарымыз ﷺ ның дұғасымен солай болды. Сахаба Сәйдина Дахя әл-Қалби хазіреттің жас кезі еді, ол кезде ол 17 жаста болса керек, пайғамбарымыз ﷺ оған, «сен иврит (яхуди) тілін үйренуің керек» деп, әмір етеді, яхуди тілі үйренуге қиын тіл, бірақ ол 15 күнде яхуди тілін яхудилердей сөйлеп кетеді, жазуын да солардай жазатын болды, міне бұл сахабалардың қандай екенін көрсетеді. Алла ﷻ сізге бере алады, егер сіз пайғамбарымыз ﷺ ның сүннетіне ерсеңіз, сіз барлығын істей аласыз, бірақ бұл күндері барлық жастар болсын, кәрілер болсын, қолдарына кішкене машинаны (қолфонды) алып, соған телмірумен күнін кетіреді, түннен таң намазға дейін ұйықтамайды, олар соған қарап, уақытын өткізеді, одан соң сағат төрт кезде ұйқыға кіреді, одан тұрып, бургер я басқа нәрселерді жейді, былшыйып семіреді, майдың үстіне май қосады, сорпа ішпейді, күріш жемейді. Біз медіреседе жүргенде біздің машайықтар «البطنة تُذهِبُ الْفِطنَة» (көп жесең, көп түсінбейсің) деуші еді, оның мағынасы сол, асқазаның үлкейген сайын, зеректігің жоғалады.
Сондықтан, әлхамдулилла, жастарымыз үшін нәпсілерін меңгеру және отбасына бойұсыну өте маңызды істерден болмақ, мен балаларымды (және немерелерді) да оларды (қолфон) аз істетуге күштеп үйреткем, мен оларға (қолфонды) әркүні емес, аптасына жарты сағат қана ұстаттым, олар сол жарты я бір сағатты күтуші еді, бірақ қазір адамдар балаларына тіпті бір жас, екі жас, үшін жастан бастап жеке қолфон береді, ал одан соң олар келіп, «ох, менің балам сөйлемейтін тұйықтық ауруы (аутист) болды» дейді. Бұл нәрсе сол машинадан (қолфоннан) келген, ауадан келген жоқ, сіз өзіңізге оңай болу үшін баланы телефонмен қалдырып қойдыңыз, бірақ оңайлықтан соң, қиындық келеді емеспе, егер алдымен қиындық келсе, онан соң оңайлық, жеңілдік келетін болады, міне бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның құранда айтқан заңы, онда «فَإِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا إِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا» (расында, қиндық кетеді, расында қиындық жеңілдейді) (құран 94:05-06) делінген. Онда екі рет қиындықтан соң жеңілдік келетіндігі айтылған, оны тағы да тұрақтандыру үшін екінші рет тағы да «қиындықтан соң жеңілдік келеді» деп айтылды, демек оңайлық келе жатыр, ал қазір адамдар тек өздерінің жәйлы жүруін ғана ойлайды, басқа ештеңені ойламайды. Бірақ жұрт арасында оған қатысыты жазғы шегірткенің көне хикаясы бар емеспе, шегіртке жаз бойы ән айтады да, қыста өліп қалады, ал құмырсқа әрдайым жұмыс істейді, азық жинайды, ал оның жиғаны талай қысқа жетеді, міне бұл ертеден қалған әңгіме, олар осы арқылы адамдарға жақсы ғыйбырат айтуда, бірақ адамдар манағы жұмыстан қашады және бұнысын мәлім бірдеңе ұтып алатындай сезінеді.
Ертеде, пайғамбарымыз ﷺ ның кезінде жұма күні демалыс болмаған, ол кезде сіз жеті күн бойы тынбай жұмыс істейсіз, шама келгенінше шаруалар атқарасыз, егер жұмыс істемек болсаңыз, оны істеуіңізге болатын, тек жұма күні жарты немесе бір сағат жұмыс істеу шектелінген, ал бұл уақыт қай кезде болған? ол жұма күні жұма намазы уақытында солай болған, бұл кезде сіз жұмысыңызды тастап, намазға барыңыз, оны өтеп болған соң жұмысыңызды жалғастырңыз, себебі сіз білесіз, мұсылман мемлекеттерде жұма күні демалыс. Сол күні олар барлығын жабады, ал басқа мемлекеттерде сенбі-жексенбі күндері жабады, әдетте, Алла ﷻ адамдарға әркүні шама келгенінше жұмыс істейтін еткен еді, бірақ қазір адамдар осындай демалыс уақыттар жасап, адамдарға жұмысты аз істетіп, олардың нәпсілерімен шайтанның соңынан көптеп жүгіруге арнайы уақыттар шығарып берді. Мәуләнә Шайық Назым хазірет «шайтан еш жұмыс істемейтін адамның қасына келеді» деп, айтып отыратын, демек егер сіз жұмыспен қарбалас болсаңыз, шайтанмен танысып, сұхбаттасып отыруға уақыт таба алмас едіңіз, егер сіз ештеңе істемесеңіз, өзіңізбен қалып, ойнауға уақыт шығады, сол кезде шайтан сізді ұстайды. Сондықтан адамдарға жәрдем етіңіз, ештеңе істемей, бос отырмаңыз, ең кемінде құран оқыңыз, кітап көріңіз, жүріңіз, адамдарға жәрдемдесіңіз, ештеңе істемей, бос қалмаңыз, әсіресе, жастар солай болуы керек, олар көптеп жұмыс істесін, ата-анасына жәрдемдессін, елге көмектессін, білім үйренсін, тек оқи бермесін, қазір кім оқымайды, барлығы оқиды, бірақ одан пайда жоқ, бірақ егер сіз өзіңіз риза болатын нәрсе тапсаңыз, ол сізге де, жұртқа да, отбасыңызға да пайдалы болмақ, Алла ﷻ да сізге риза болады, бұл болмаса, күні бойы шайтанның нәрсесіне (қолфонға) телмірумен өтетін боласыз.
Біз көптеген жаман әңгімелерді естідік, олар онымен ойнап қана отырған жоқ, олар бірдеңе істеп отыр, ол нәрселер адамдарды мисыз етті де, олар өздері үшін де, өзгелер үшін де ештеңе істемейтін болды, міне қазір келе жатқан онан арман қауіпті нәрселер, бұзық топтар адамзатты меңгеріп, оларды өздерінің құлы еткісі келеді, әдетте бұны істеп жүргендер, өзіне, өз нәпсісіне құл болады, себебі олар бұл жаман нәрсені қолынан тастамай жатыр, ол оны да, отбасыларын да құртатын болады. Алла ﷻ жақсы білуші, бірақ әлхамдулилла, біз мұсылманбыз, біз осыбір қараңғылықтан соң, жарықтың келетінін білеміз, бізге біреу келіп жәрдемдесетін болады. Себебі көптеген әртүрлі әулиелер бар, рижал яғни Алла ﷻ дың адамдары бар, олардың кейбірі ештеңеге араласпайды, ал осы түрдегі әулиелер сіз отқа күйіп жатсаңыз да, жығылып жатсаңыз да, адамдар сізді қинап жатса да я басқа іс болып жатса да қарамайды, не үшін? себебі олар «бұл Алла ﷻ дың қалауы» дейді. Олар тіпті саусағын да қозғалытпайды, міне осындай әулиелермен рижалдар да бар, ал одан басқа түрдегі әулиелермен рижалдар адамдарға жәрдем береді, бірақ олар да әмірді күтіп отыр, ал әмір-бұйрық Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен келеді, онсыз, ешкім де, еш адам да мына дүниеге үміт әкеле алмайды, Мәхди әлейхис-салам шыққанда осы дүниені құтқаратын болады.
Қазір өте қауіпті заман, бірақ сонымен бірге ақирет саудасын келістіріп жасайтын заман, демек бұл заманда Алла ﷻ өзге замандарға қарағанда 1000 есе сауап береді, себебі сіз Алла ﷻ бойұсынып, Оның қалауын істеп жатсыз, сондықтан, әсіресе жастарға біздің айтарымыз сол, олар осы жолда болсын, себебі жастар құлшылық етсе, Алла ﷻ илаһи құзіретінде тіпті де оңай қабыл етілетін болады, міне бұл пайғамбарымыз ﷺ ның айтып кеткендері. Алла ﷻ оларға жәрдем еткей, оларды есендікте сақтағай, осында болсын, әлде дүниенің әр жерінде болсын, мұсылман я бей-мұсылман болсын, олар ұқсас болып қалған, парқы жоқ, сондықтан біз Алла ﷻ дың балаларымызды, жастарды жамандықтан, шайтаннан және шайтанның ерушілерінен қорғауын сұраймыз, солай дұға етеміз. Расында, оларға жанымыз ашиды, себебі бұл заманда біз істерлік оңды іс таба алмай жүрміз, бірақ адамдарға жаман іс істеу өте-өте оңай етіліп қойған, сондықтан біз осы нәрселерден аулақ болсақ, Алла ﷻ оларға бұрынғы біздің кездегіге қарағанда, мың-мың еселеп сауаптар береді, Алла ﷻ сіздері берекесіндей еткей, Алла ﷻ, иншалла, Сәйдна Әл-Мәхди ән-Қарибул Заман хазіретке тезден кездесуді нәсіп еткей, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءقازىر مۇسىلمانداردا يمان قالماعاندىقتان، ناشار كۇيگە ءتۇستى (2) (2025.02.07 / حيجرا 1446-جىل 08-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(United Kingdom، Bradford، Madni Masjid-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ﷻ يازيدكۋم ءۋا شارافان (اللا ﷻ ۇلىقتىقپەن ابىرويدا ارتتىرعاي)، ماشاللا، اللا ﷻ مۇسىلماندارعا جاردەم ەتەدى، بىزگە جاردەم بەرگەي، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺ «اقىرزاماندا مۇسىلماندار كوپ بولار، ءار ەلدە، ءار قالادا مۇسىلماندار كوپ بولار، ءبىراق ولاردىڭ قۇنى بولماس، ولار كوپىرشىگەن كوبىك سياقتى بولار» دەيدى، ول مىنە وسىلاي ايتىپ كەتتى. سۋدىڭ كوپىرشىگى بولادى، تەڭىزدەن تولقىن كەلگەندە، كوپىرشىكتەر پايدا بولادى جانە ول لەزدە جوق بولىپ كەتەدى، ەش اسەرى بولمايدى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقانى ەدى، ول مۇعجيزاسىمەن وسى زامان ءجايلى ايتىپ كەتكەن، ءبىزدىڭ زامان - قيىن زامان، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ءقازىر ادامدار پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرمەيدى جانە ونى قۇرمەتتەمەيدى. ولار ءبارىن بىلەدى، ماشاللا، عۇلامالار بار، ولار بارلىعىن بىلەدى، ءبىراق شايتان ولارعا پايعامبارىمىز ﷺ دى جانە ونىڭ قۇت-بەرەكەسىن قابىل ەتتىرمەي جاتىر، ال اقيقاتىندا، ءالى دە بولسا، بارشا مۇسىلمان پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ قۇتىمەن، ونىڭ بەرەكەسىمەن، ونىڭ بەرگەن مەدەت-قولداۋىمەن جالعاسىپ كەلە جاتىر، ول بولماسا، ولار باياعىدا قۇرىپ جوعالار ەدى، سەبەبى سىزدە پايعامبارىمىز ﷺ عا دەگەن ماحاببات بولماسا، يمانىڭىز نولدەن دە تومەن ءتۇسىپ كەتەدى، ءنول ەمەس، نولدەن تومەن بولادى.
مىنە پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ وسى زامان ءجايلى، اقىرزامان ءجايلى بايانداپ كەتكەندەرى، ول وسىلاي ايتتى، بىلمەدىك، بىزدە 2 ميليارت، الدە ودان كوپ يا از مۇسىلمان بار، ەڭ كەمىندە 2 ميليارتتاي مۇسىلمان بارمىز، ءبىراق كىشكەنە ەلدەر، ماسەلەن، ەۆروپا ەلدەرىنىڭ اسەرى بۇكىل ميليارتتاعان مۇسىلمانداردان كۇشتى بولۋدا، بۇندا ياعني كەيبىر بەي-مۇسىلمان ەلدەرىندە شامامەن 4-5 ميليون ادام بار شىعار، ءبىراق ولاردىڭ دۇنيەگە اسەرى ماناعى ميليارتتاعان مۇسىلماننان كۇشتى بولۋدا. ال بۇنىڭ سەبەبى سول، مۇسىلمانداردا يمان قالمادى، مۇسىلماندار يماننان ماحرۋم بولدى، مۇسىلمان ءۇشىن يمان ماڭىزدى ەدى، ال پايعامبارىمىز ﷺ دى قۇرمەتتەي تۇرىپ، وعان ماحاببات بولماي تۇرىپ، ەشقانداي يمان بولمايدى. سەبەبى مۇسىلماندار اللا ﷻ دىڭ ولارعا جاراتىلىستارىنىڭ ىشىندەگى ەڭ جوعارىسى ەتىپ جاراتقان پايعامبارىمىز ﷺ دى قابىل ەتپەۋدە، اللا ﷻ جاراتقان جاراتىلىستاردىڭ ىشىندەگى ەڭ ۇلىعى، ەڭ بيىگى، ەڭ قاسيەتتىسى پايعامبارىمىز ﷺ، ءبىراق ولار «جوق، ول ءبىز سياقتى ادام، ءبىز دە ادام، ول دا ادام، ول ءولدى» دەيدى، مىنە بۇل ادامدار قۇرمەتسىز، تەكسىز، جاقسى يباسى جوق ادەپسىز ادامدار ەدى. ال وسى قۇبىلىس دۇنيەنىڭ جەر-جەرىندە تۋىلۋدا، اسىرەسە مۇسىلمان ەلدەرىنەن تىس جەرلەردە بولۋدا، ماسەلەن، بۇل ىستەر ەۆروپا جانە سول سياقتى باسقا جەرلەردە بولىپ جاتىر. ولار ءتىپتى مۇسىلمان ەلدەرگە دە اسەر ەتۋدە، ولار مۇسىلمان ەلدەرىن الدادى، مىنە بۇل شايتاننىڭ جولى-ءدۇر، شايتان بولسا، ولاردىڭ بويۇسىنا يسلامعا ەرگەنىن قالامايدى، ول بۇعان ريزا ەمەس، ءبىراق ول ءبىر ءادىس تاۋىپ، ولاردىڭ يمانىن ءتۇسىرىپ، نولدەن دە تومەن ەتىپ جىبەردى.
مىنە بۇل ءبىزدىڭ ومىرىمىزدەگى ماڭىزدى نارسە، ومىرىمىزگە قاتىسىتى مالىمەت قۇراندا ايتىلعان، وندا «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ لَا شَرِيكَ لَهُ» («راسىندا، قۇلشىلىعىم، قۇرباندىعىم، ءومىرىم جانە ءولىمىم الەمدەردىڭ راببىسى بولعان اللا ءۇشىن، ونىڭ سەرىگى جوق» دەپ ايت) (قۇران 06:162-163) دەلىنگەن، ساداقال لاحۋل عازيم، دەمەك ءبىزدىڭ ءومىرىمىز جانە ءولىمىمىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن، ءامىر ەتىلگەنى مىنە وسى، ول دۇنيە ءۇشىن ەمەس، قىزىق ءۇشىن ەمەس. ارينە، ءبىز ومىردەن ءلاززات الىپ، قىزىق كورۋىمىزگە بولادى، يسلامدا رۇحسات ەتىلگەن قىزىقتار بار، پايعامبارىمىز ﷺ ىستەگەن ىستەر بار، ءبىز وعان ىلەسەمىز، حالالدان بولعان ءار نارسەگە رۇحسات بار، ەگەر ءسىز وسى حالال ىستەردى ىستەسەڭىز، پايعامبارىمىز ﷺ سىزگە ريزا بولادى، ءسىز ودان ءوزىڭىزدى شەكتەمەڭىز. ءۇش ساحابا بولعان ەدى، ولار ءناباۋي مەشىتىنە كەلەر، ولاردىڭ ءبىرى، «مەن تۇندە ۇيىقتامايمىن، ءتۇنى بويى قۇلشىلىق ەتەمىن» دەسە، ەكىنشىسى، «مەن مۇلدەم ۇيلەنبەيمىن، تەك يسلام ءۇشىن جۇمىس ىستەيمىن» دەيدى، ال ءۇشىنسىشى بولسا، «مەن ورازامدى بۇزبايمىن، ءومىر بويى ورازا ۇستايمىن» دەيدى، ولار وسىلاي ايتىپ وتىردى. سول كەزدە پايعامبارىمىز ﷺ ونى ەستىپ، ولارعا «مەن ۇيىقتايمىن جانە ويانامىن، ورازا ۇستايمىن جانە ورازامدى اشامىن، سونىمەن بىرگە مەن ۇيلەنەمىن، ۇيلەنۋ - مەنىڭ سۇننەتىم، مەن دە ۇيلەنگەم، بۇنداي نارسەلەردى قويىڭدار» دەيدى.
سوندىقتان پايعامبارىمىز ﷺ ادامدارعا ءىستى قيىنداستىرۋدى جاقسى كورمەيدى، ءبىراق بۇندا ماڭىزدىسى وعان ەرۋ، حالال نارسەنى حارام نارسە ەتىپ الماۋ بولماق، بۇل شەكتەلىنگەن ءىس، حارام ءىس، دەمەك حالالدى حارام، ال حارامدى حالال ەتۋ حارام-ءدۇر، بۇعان شەكتەۋ قويىلعان. ماناعى اڭگىمەدەگى ەڭ ماڭىزدى ءىس جانە ولار بىلمەگەن، كوڭىل بولمەگەن ءىس، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ سۇننەتىنە ەرۋ ەدى، ول سۇيگەندى ءسۇيۋ، ول جەك كورگەندى جەك كورۋ ەدى، باسقا شارۋا جوق. پايعامبارىمىز ﷺ جۇرتتى، اسىرەسە جاستاردى سۇيەدى، ءسىز ساحابالار ءجايلى ەستىگەندە «ولار 60 جاس نەمەسە ەڭ كەمىندە 40 جاستاعى ادامدار شىعار» دەپ ويلارسىز، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ مەن بىرگە بولىپ، سوعىستا جۇرگەندەردىڭ بارلىعى دەرلىك 16 جاس اراسىندا، كەيبىرى 14 جاس، ال كەيبىرى 18 جاستار شاماسىندا بولعان. ولار ۇلكەن ارمياعا قارسى سوعىسىپ، جەڭىپ الاتىن ەدى، وسى ماڭىزدى، پايعامبارىمىز ﷺ جاستارعا ماحابباتىن ارناپ، دەن قوياتىن، ول مۇعجيزاسىمەن وسى جاستاردىڭ، وسى ادامداردىڭ ءوز سۇننەتىمەن ونىڭ جولىن، يسلام جولىن دۇنيەگە تاراتاتىنىن بىلگەن ەدى. ول وسى جاستار ەسەيىپ، قارتايعاندا دەيىن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ نەنى ۇناتاتىنىن، ونىڭ كىم ەكەندىگىن، ونىڭ نە ىستەگەنىن، نەنى ۇناتپايتىندىعىن، ءىستى قالاي تىندىراتىندىعىن سانالارىنا قۇيىپ ءوسىردى، جانە بۇنى بىرەۋىنەن تاعى بىرەۋىنە جەتكىزىپ، ۇيرەتىپ وتىردى.
بۇنى باسقا ەشبىر پايعامبارلاردان كورە المايسىز، مۇمكىن ءسىز ءسايدينا يسا، ءسايدينا مۇسا نەمەسە باسقالار ءجايلى ەستىگەن شىعارسىز، ولاردىڭ نە ىستەگەنىن، قالاي ىستەگىن ەستىگەن بولارسىز، ءبىراق ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ءار قيمىلى، ءار مينۋتى ساحابالار ارقىلى ەستەلىككە الىنىپ، تىركەلىنىپ كەلگەن، سەبەبى ساحابالار وتە العىر، تىم زەيىندى، اسقان زەرەك جاندار ەدى، ولار پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ دۇعاسىمەن سولاي بولدى. ساحابا ءسايدينا داحيا ءال-قالبي حازىرەتتىڭ جاس كەزى ەدى، ول كەزدە ول 17 جاستا بولسا كەرەك، پايعامبارىمىز ﷺ وعان، «سەن يۆريت (ياحۋدي) ءتىلىن ۇيرەنۋىڭ كەرەك» دەپ، ءامىر ەتەدى، ياحۋدي ءتىلى ۇيرەنۋگە قيىن ءتىل، ءبىراق ول 15 كۇندە ياحۋدي ءتىلىن ياحۋديلەردەي سويلەپ كەتەدى، جازۋىن دا سولارداي جازاتىن بولدى، مىنە بۇل ساحابالاردىڭ قانداي ەكەنىن كورسەتەدى. اللا ﷻ سىزگە بەرە الادى، ەگەر ءسىز پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ سۇننەتىنە ەرسەڭىز، ءسىز بارلىعىن ىستەي الاسىز، ءبىراق بۇل كۇندەرى بارلىق جاستار بولسىن، كارىلەر بولسىن، قولدارىنا كىشكەنە ماشينانى (قولفوندى) الىپ، سوعان تەلمىرۋمەن كۇنىن كەتىرەدى، تۇننەن تاڭ نامازعا دەيىن ۇيىقتامايدى، ولار سوعان قاراپ، ۋاقىتىن وتكىزەدى، ودان سوڭ ساعات ءتورت كەزدە ۇيقىعا كىرەدى، ودان تۇرىپ، بۋرگەر يا باسقا نارسەلەردى جەيدى، بىلشىيىپ سەمىرەدى، مايدىڭ ۇستىنە ماي قوسادى، سورپا ىشپەيدى، كۇرىش جەمەيدى. ءبىز مەدىرەسەدە جۇرگەندە ءبىزدىڭ ماشايىقتار «البطنة تُذهِبُ الْفِطنَة» (كوپ جەسەڭ، كوپ تۇسىنبەيسىڭ) دەۋشى ەدى، ونىڭ ماعىناسى سول، اسقازانىڭ ۇلكەيگەن سايىن، زەرەكتىگىڭ جوعالادى.
سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، جاستارىمىز ءۇشىن ناپسىلەرىن مەڭگەرۋ جانە وتباسىنا بويۇسىنۋ وتە ماڭىزدى ىستەردەن بولماق، مەن بالالارىمدى (جانە نەمەرەلەردى) دا ولاردى (قولفون) از ىستەتۋگە كۇشتەپ ۇيرەتكەم، مەن ولارعا (قولفوندى) اركۇنى ەمەس، اپتاسىنا جارتى ساعات قانا ۇستاتتىم، ولار سول جارتى يا ءبىر ساعاتتى كۇتۋشى ەدى، ءبىراق ءقازىر ادامدار بالالارىنا ءتىپتى ءبىر جاس، ەكى جاس، ءۇشىن جاستان باستاپ جەكە قولفون بەرەدى، ال ودان سوڭ ولار كەلىپ، «وح، مەنىڭ بالام سويلەمەيتىن تۇيىقتىق اۋرۋى (اۋتيست) بولدى» دەيدى. بۇل نارسە سول ماشينادان (قولفوننان) كەلگەن، اۋادان كەلگەن جوق، ءسىز وزىڭىزگە وڭاي بولۋ ءۇشىن بالانى تەلەفونمەن قالدىرىپ قويدىڭىز، ءبىراق وڭايلىقتان سوڭ، قيىندىق كەلەدى ەمەسپە، ەگەر الدىمەن قيىندىق كەلسە، ونان سوڭ وڭايلىق، جەڭىلدىك كەلەتىن بولادى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇراندا ايتقان زاڭى، وندا «فَإِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا إِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا» (راسىندا، قيندىق كەتەدى، راسىندا قيىندىق جەڭىلدەيدى) (قۇران 94:05-06) دەلىنگەن. وندا ەكى رەت قيىندىقتان سوڭ جەڭىلدىك كەلەتىندىگى ايتىلعان، ونى تاعى دا تۇراقتاندىرۋ ءۇشىن ەكىنشى رەت تاعى دا «قيىندىقتان سوڭ جەڭىلدىك كەلەدى» دەپ ايتىلدى، دەمەك وڭايلىق كەلە جاتىر، ال ءقازىر ادامدار تەك وزدەرىنىڭ ءجايلى ءجۇرۋىن عانا ويلايدى، باسقا ەشتەڭەنى ويلامايدى. ءبىراق جۇرت اراسىندا وعان قاتىسىتى جازعى شەگىرتكەنىڭ كونە حيكاياسى بار ەمەسپە، شەگىرتكە جاز بويى ءان ايتادى دا، قىستا ءولىپ قالادى، ال قۇمىرسقا ءاردايىم جۇمىس ىستەيدى، ازىق جينايدى، ال ونىڭ جيعانى تالاي قىسقا جەتەدى، مىنە بۇل ەرتەدەن قالعان اڭگىمە، ولار وسى ارقىلى ادامدارعا جاقسى عىيبىرات ايتۋدا، ءبىراق ادامدار ماناعى جۇمىستان قاشادى جانە بۇنىسىن ءمالىم بىردەڭە ۇتىپ الاتىنداي سەزىنەدى.
ەرتەدە، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ كەزىندە جۇما كۇنى دەمالىس بولماعان، ول كەزدە ءسىز جەتى كۇن بويى تىنباي جۇمىس ىستەيسىز، شاما كەلگەنىنشە شارۋالار اتقاراسىز، ەگەر جۇمىس ىستەمەك بولساڭىز، ونى ىستەۋىڭىزگە بولاتىن، تەك جۇما كۇنى جارتى نەمەسە ءبىر ساعات جۇمىس ىستەۋ شەكتەلىنگەن، ال بۇل ۋاقىت قاي كەزدە بولعان؟ ول جۇما كۇنى جۇما نامازى ۋاقىتىندا سولاي بولعان، بۇل كەزدە ءسىز جۇمىسىڭىزدى تاستاپ، نامازعا بارىڭىز، ونى وتەپ بولعان سوڭ جۇمىسىڭىزدى جالعاستىرڭىز، سەبەبى ءسىز بىلەسىز، مۇسىلمان مەملەكەتتەردە جۇما كۇنى دەمالىس. سول كۇنى ولار بارلىعىن جابادى، ال باسقا مەملەكەتتەردە سەنبى-جەكسەنبى كۇندەرى جابادى، ادەتتە، اللا ﷻ ادامدارعا اركۇنى شاما كەلگەنىنشە جۇمىس ىستەيتىن ەتكەن ەدى، ءبىراق ءقازىر ادامدار وسىنداي دەمالىس ۋاقىتتار جاساپ، ادامدارعا جۇمىستى از ىستەتىپ، ولاردىڭ ناپسىلەرىمەن شايتاننىڭ سوڭىنان كوپتەپ جۇگىرۋگە ارنايى ۋاقىتتار شىعارىپ بەردى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت «شايتان ەش جۇمىس ىستەمەيتىن ادامنىڭ قاسىنا كەلەدى» دەپ، ايتىپ وتىراتىن، دەمەك ەگەر ءسىز جۇمىسپەن قاربالاس بولساڭىز، شايتانمەن تانىسىپ، سۇحباتتاسىپ وتىرۋعا ۋاقىت تابا الماس ەدىڭىز، ەگەر ءسىز ەشتەڭە ىستەمەسەڭىز، وزىڭىزبەن قالىپ، ويناۋعا ۋاقىت شىعادى، سول كەزدە شايتان ءسىزدى ۇستايدى. سوندىقتان ادامدارعا جاردەم ەتىڭىز، ەشتەڭە ىستەمەي، بوس وتىرماڭىز، ەڭ كەمىندە قۇران وقىڭىز، كىتاپ كورىڭىز، ءجۇرىڭىز، ادامدارعا جاردەمدەسىڭىز، ەشتەڭە ىستەمەي، بوس قالماڭىز، اسىرەسە، جاستار سولاي بولۋى كەرەك، ولار كوپتەپ جۇمىس ىستەسىن، اتا-اناسىنا جاردەمدەسسىن، ەلگە كومەكتەسسىن، ءبىلىم ۇيرەنسىن، تەك وقي بەرمەسىن، ءقازىر كىم وقىمايدى، بارلىعى وقيدى، ءبىراق ودان پايدا جوق، ءبىراق ەگەر ءسىز ءوزىڭىز ريزا بولاتىن نارسە تاپساڭىز، ول سىزگە دە، جۇرتقا دا، وتباسىڭىزعا دا پايدالى بولماق، اللا ﷻ دا سىزگە ريزا بولادى، بۇل بولماسا، كۇنى بويى شايتاننىڭ نارسەسىنە (قولفونعا) تەلمىرۋمەن وتەتىن بولاسىز.
ءبىز كوپتەگەن جامان اڭگىمەلەردى ەستىدىك، ولار ونىمەن ويناپ قانا وتىرعان جوق، ولار بىردەڭە ىستەپ وتىر، ول نارسەلەر ادامداردى ميسىز ەتتى دە، ولار وزدەرى ءۇشىن دە، وزگەلەر ءۇشىن دە ەشتەڭە ىستەمەيتىن بولدى، مىنە ءقازىر كەلە جاتقان ونان ارمان ءقاۋىپتى نارسەلەر، بۇزىق توپتار ادامزاتتى مەڭگەرىپ، ولاردى وزدەرىنىڭ قۇلى ەتكىسى كەلەدى، ادەتتە بۇنى ىستەپ جۇرگەندەر، وزىنە، ءوز ناپسىسىنە قۇل بولادى، سەبەبى ولار بۇل جامان نارسەنى قولىنان تاستاماي جاتىر، ول ونى دا، وتباسىلارىن دا قۇرتاتىن بولادى. اللا ﷻ جاقسى ءبىلۋشى، ءبىراق ءالحامدۋليللا، ءبىز مۇسىلمانبىز، ءبىز ءوسىبىر قاراڭعىلىقتان سوڭ، جارىقتىڭ كەلەتىنىن بىلەمىز، بىزگە بىرەۋ كەلىپ جاردەمدەسەتىن بولادى. سەبەبى كوپتەگەن ءارتۇرلى اۋليەلەر بار، ريجال ياعني اللا ﷻ دىڭ ادامدارى بار، ولاردىڭ كەيبىرى ەشتەڭەگە ارالاسپايدى، ال وسى تۇردەگى اۋليەلەر ءسىز وتقا كۇيىپ جاتساڭىز دا، جىعىلىپ جاتساڭىز دا، ادامدار ءسىزدى قيناپ جاتسا دا يا باسقا ءىس بولىپ جاتسا دا قارامايدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولار «بۇل اللا ﷻ دىڭ قالاۋى» دەيدى. ولار ءتىپتى ساۋساعىن دا قوزعالىتپايدى، مىنە وسىنداي اۋليەلەرمەن ريجالدار دا بار، ال ودان باسقا تۇردەگى اۋليەلەرمەن ريجالدار ادامدارعا جاردەم بەرەدى، ءبىراق ولار دا ءامىردى كۇتىپ وتىر، ال ءامىر-بۇيرىق ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن كەلەدى، ونسىز، ەشكىم دە، ەش ادام دا مىنا دۇنيەگە ءۇمىت اكەلە المايدى، ءماحدي الەيحيس-سالام شىققاندا وسى دۇنيەنى قۇتقاراتىن بولادى.
ءقازىر وتە ءقاۋىپتى زامان، ءبىراق سونىمەن بىرگە اقيرەت ساۋداسىن كەلىستىرىپ جاسايتىن زامان، دەمەك بۇل زاماندا اللا ﷻ وزگە زاماندارعا قاراعاندا 1000 ەسە ساۋاپ بەرەدى، سەبەبى ءسىز اللا ﷻ بويۇسىنىپ، ونىڭ قالاۋىن ىستەپ جاتسىز، سوندىقتان، اسىرەسە جاستارعا ءبىزدىڭ ايتارىمىز سول، ولار وسى جولدا بولسىن، سەبەبى جاستار قۇلشىلىق ەتسە، اللا ﷻ يلاھي قۇزىرەتىندە ءتىپتى دە وڭاي قابىل ەتىلەتىن بولادى، مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتىپ كەتكەندەرى. اللا ﷻ ولارعا جاردەم ەتكەي، ولاردى ەسەندىكتە ساقتاعاي، وسىندا بولسىن، الدە دۇنيەنىڭ ءار جەرىندە بولسىن، مۇسىلمان يا بەي-مۇسىلمان بولسىن، ولار ۇقساس بولىپ قالعان، پارقى جوق، سوندىقتان ءبىز اللا ﷻ دىڭ بالالارىمىزدى، جاستاردى جاماندىقتان، شايتاننان جانە شايتاننىڭ ەرۋشىلەرىنەن قورعاۋىن سۇرايمىز، سولاي دۇعا ەتەمىز. راسىندا، ولارعا جانىمىز اشيدى، سەبەبى بۇل زاماندا ءبىز ىستەرلىك وڭدى ءىس تابا الماي ءجۇرمىز، ءبىراق ادامدارعا جامان ءىس ىستەۋ وتە-وتە وڭاي ەتىلىپ قويعان، سوندىقتان ءبىز وسى نارسەلەردەن اۋلاق بولساق، اللا ﷻ ولارعا بۇرىنعى ءبىزدىڭ كەزدەگىگە قاراعاندا، مىڭ-مىڭ ەسەلەپ ساۋاپتار بەرەدى، اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەسىندەي ەتكەي، اللا ﷻ، ينشاللا، ءسايدنا ءال-ءماحدي ءان-قاريبۋل زامان حازىرەتكە تەزدەن كەزدەسۋدى ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8067