You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ДҮНИЕ ЖҮРЕККЕ КІРСЕ, АДАМДЫ РУХАНИ АУРУ ЕТЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8052
ДҮНИЕ ЖҮРЕККЕ КІРСЕ, АДАМДЫ РУХАНИ АУРУ ЕТЕДІ

сіз дүниеге беріліп, оны қуған сайын, жүрегіңіз қарая береді, көптеген қиындыққа дөп келесіз. Ал осы қараңғылықтармен қиындықтардан құтылудың жолы Алланың айтқан және сүйген істерін істеу, тек осы ғана, басқа жол жоқ. Сондықтан исламда 'дүниені қолда ұста, жүректе ұстама, дүние жүрекке кірсе, бір зор дерт, жүрек тек Алла тұратын жер' дейді. Дүние үлдемен бүлдеге орана жасанып алған тым қорқынышты сыйқыршы кемпірге ұқсайды, ал адамдар оның әдемі киіміне қызығып қуалап жүр, басқа дәнеңе емес. Әр адамның 4 үлкен дұшпаны бар, олар нәпсі, хауа, дүние және шайтан, демек дүние сіздің ең үлкен 4 дұшпаныңыздың бірі, ендеше оны қалайша жүрекке кіргізуге болсын! Дүниенің бүлік-фитнасы аса зор, адамдар, достар, туыстар, отбасы ара келеңсіздіктердің көбі осы дүние себебінен туындайды. Кейбіреулер дін, иман, ар, ақиретін ақша-атақ сияқты дүнияуи нәрселерге айырбастап жатады, бұл тым жаман айырбас саудасы. Дүниенің бүлігі шайтанның бүлігінен асып түспесе, кем түспейді, адамдар 'шайтан, шайтан - дұшпан' дейді, иә, шайтан ең үлкен анық дұшпанның бірі, бірақ олар нәпсі, хауа және дүние сияқты шайтаннан да күшті 3 дұшпан жәйлы көп айтпайды. Ал кім осы 3 дұшпанға қарсы тұра алмаса, шайтанға қарсы тұра алуы мүмкін емес, олар тонның ішкі бауындай өзара байланысқан, иманды сақтау үшін олардың барлығынан бірдей сақтан, ал олардың ең үлкені нәпсі, сондықтан кім нәпсісіне тидау сала алса, қалғандарын жеңуі оңайырақ болады.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ХАЗІРЕТ

دۇنيە جۇرەككە كىرسە، ادامدى رۋحاني اۋرۋ ەتەدى

ءسىز دۇنيەگە بەرىلىپ، ونى قۋعان سايىن، جۇرەگىڭىز قارايا بەرەدى، كوپتەگەن قيىندىققا ءدوپ كەلەسىز. ال وسى قاراڭعىلىقتارمەن قيىندىقتاردان قۇتىلۋدىڭ جولى اللانىڭ ايتقان جانە سۇيگەن ىستەرىن ىستەۋ، تەك وسى عانا، باسقا جول جوق. سوندىقتان يسلامدا 'دۇنيەنى قولدا ۇستا، جۇرەكتە ۇستاما، دۇنيە جۇرەككە كىرسە، ءبىر زور دەرت، جۇرەك تەك اللا تۇراتىن جەر' دەيدى. دۇنيە ۇلدەمەن بۇلدەگە ورانا جاسانىپ العان تىم قورقىنىشتى سىيقىرشى كەمپىرگە ۇقسايدى، ال ادامدار ونىڭ ادەمى كيىمىنە قىزىعىپ قۋالاپ ءجۇر، باسقا دانەڭە ەمەس. ءار ادامنىڭ 4 ۇلكەن دۇشپانى بار، ولار ءناپسى، حاۋا، دۇنيە جانە شايتان، دەمەك دۇنيە ءسىزدىڭ ەڭ ۇلكەن 4 دۇشپانىڭىزدىڭ ءبىرى، ەندەشە ونى قالايشا جۇرەككە كىرگىزۋگە بولسىن! دۇنيەنىڭ بۇلىك-فيتناسى اسا زور، ادامدار، دوستار، تۋىستار، وتباسى ارا كەلەڭسىزدىكتەردىڭ كوبى وسى دۇنيە سەبەبىنەن تۋىندايدى. كەيبىرەۋلەر ءدىن، يمان، ار، اقيرەتىن اقشا-اتاق سياقتى ءدۇنياۋي نارسەلەرگە ايىرباستاپ جاتادى، بۇل تىم جامان ايىرباس ساۋداسى. دۇنيەنىڭ بۇلىگى شايتاننىڭ بۇلىگىنەن اسىپ تۇسپەسە، كەم تۇسپەيدى، ادامدار 'شايتان، شايتان - دۇشپان' دەيدى، ءيا، شايتان ەڭ ۇلكەن انىق دۇشپاننىڭ ءبىرى، ءبىراق ولار ءناپسى، حاۋا جانە دۇنيە سياقتى شايتاننان دا كۇشتى 3 دۇشپان ءجايلى كوپ ايتپايدى. ال كىم وسى 3 دۇشپانعا قارسى تۇرا الماسا، شايتانعا قارسى تۇرا الۋى مۇمكىن ەمەس، ولار توننىڭ ىشكى باۋىنداي ءوزارا بايلانىسقان، يماندى ساقتاۋ ءۇشىن ولاردىڭ بارلىعىنان بىردەي ساقتان، ال ولاردىڭ ەڭ ۇلكەنى ءناپسى، سوندىقتان كىم ناپسىسىنە تيداۋ سالا السا، قالعاندارىن جەڭۋى وڭايىراق بولادى.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت حازىرەت

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8052