You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Үмітсіз болмаңыздар ( 2021.08.09)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=80
Үмітсіз болмаңыздар ( 2021.08.09)


Келген күндер беркемен жақсылыққа толсын. Иншалла, бұл жыл жақсы басталып, соңы ислам үшін жеңіспен аяқталады, күпірлік жеңіліп жер болғай. Күпірлік әр жерге өте көп таралуда, алайда, үкім алла тағаладан, ешкім алла тағаланың үкіміне қарсы шыға алмақ емес. Қасиетті пайғамбармыз ең қиын кезде Меккеден кетіп, ең нашар жағдайларда нұрды жер жүзіне тарата білді. Олар біздің пайғамбарды өлтіріп, оның жұмысын жоқ етеміз деп ойлады, бірақ олар қазіргілерден ақылдырақ еді, себебі ол кезде олар өлтірмек болған адам біреу ғана еді. Алла тағала біреуді қорғағысы келеді екен, ешқандай нәрсе ол адамға қарсы келе алмайды.

Қазір олар жер бетіндегі мұсылмандарды жоқ етіп жібергісі келеді, алайда, алла тағаланың рұқсатында ислам жоғалмайды, ең соңында ислам жеңіске жетеді. Алла тағалаға сенген және оған көмек еткісі келетіндерге алла тағалада көмек етеді. Биссимилахир Рахманир Рахим: «وَلَيَنصُرَنَّ اللَّهُ مَن يَنصُرُهُ» (Құран 22:40), құранда «алла тағала өзіне көмек еткендерге сөзсіз көмектеседі ...» дейді, алла тағаланың жолында болғандармен алла тағаланың сөзін көтергісі келгендерге алла тағала жардем беретін болады, алла тағаланың көмегі солармен бірге, бұны алла тағала айтқан-ды.  Мұсылмандар қазіргі жағдайға қарап үмітсізденбеу керек, біз бөлініп кеттік де, бір-бірімізбен ұрысып, шығыса алмайтын болып қалдық. Қай жерде мұсылман болса, сол жерде бүлік-фитна бар, алайда, алла тағала бізге бұған бола күдерлеріңді үзіп, үмітсіздікке салынбаңдар дейді.

Қасиетті пайғамбарымыз біз үшін ең үлкен мисал болмақ-дүр. Ол ешқашан күпірліктен жығылмады, керісінше шыңдалып, қайраттана түсті. Ол өзінің сүйікті туған жері Меккеден басқа жаққа көшті, көшу оңай іс емес еді, алайда, пайғамбарымыз алла тағаланың ризалығы үшін осы барлық қиыншылықтарды бастан өткерді. Алла тағала оған жәрдем етті, ол соңында өз туған жері Мекке-Қағбаға жеңіспен кірді. Алла тағала бүккіл дүниемен барша әлемді пайғамбарымызға берген яғни  тарту еткен еді.

Қазіргі ахуал расында адамдардың зығырданын қайнататындай күйде, соншама күпірліктермен қарсылықтар белең алған. Бұл күні адамдар атамыз Адам әлеихиссалам уақытынан бергі ең сорақы кезде тұр, барлық арсыздықтар, күпірліктер, керағарлықтар, алла тағалаға қарсылықтармен оны жоққа шығарушылықтар аса кең түрде таралды, ой жетер сұмдықтың барлығы болуда, мына ақырзаман уақытында олардың жайы күннен күнге төмендеуде. Алайда, бұлар еш маңызды емес, бұның барлығы - сынақтар, бұған бола адамдар үміт үзссе болмайды. «لَا تَقْنَطُوا مِن رَّحْمَةِ اللَّهِ» (Құран 39:53), бұнда «алла тағаланың мейірімінен үміт үзбеңдер.» дейді. Ұмітсіз болмау - бізге берілген әмірлерден, сондықтан, үмітсіз болмау керек, алла тағала әлбетте мұсылман-мүминдермен бірге. Бұл жыл жақсылықтарға толса екен дейміз, бұл жылға біз құлшылықпен кірдік, иншалла, осылай еткендер береке, амандықпен саулық ішінде болмақ және адамдар жасаған ғажап кеселден қорғалмақ. Бұл кеселді жасағандардың жамандығы өздеріне қайтатын болады, жамандық еткендерді жамандық, жақсылық еткендерді жақсылық қуып жетеді, иншалла.


Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.08.09, Ыстанбұл, Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф

ءۇمىتسىز بولماڭىزدار ( 2021.08.09)

كەلگەن كۇندەر بەركەمەن جاقسىلىققا تولسىن. ينشاللا، بۇل جىل جاقسى باستالىپ، سوڭى يسلام ءۇشىن جەڭىسپەن اياقتالادى، كۇپىرلىك جەڭىلىپ جەر بولعاي. كۇپىرلىك ءار جەرگە وتە كوپ تارالۋدا، الايدا، ۇكىم اللا تاعالادان، ەشكىم اللا تاعالانىڭ ۇكىمىنە قارسى شىعا الماق ەمەس. قاسيەتتى پايعامبارمىز ەڭ قيىن كەزدە مەككەدەن كەتىپ، ەڭ ناشار جاعدايلاردا نۇردى جەر جۇزىنە تاراتا ءبىلدى. ولار ءبىزدىڭ پايعامباردى ءولتىرىپ، ونىڭ جۇمىسىن جوق ەتەمىز دەپ ويلادى، بىراق ولار قازىرگىلەردەن اقىلدىراق ەدى، سەبەبى ول كەزدە ولار ولتىرمەك بولعان ادام بىرەۋ عانا ەدى. اللا تاعالا بىرەۋدى قورعاعىسى كەلەدى ەكەن، ەشقانداي نارسە ول ادامعا قارسى كەلە المايدى.

قازىر ولار جەر بەتىندەگى مۇسىلمانداردى جوق ەتىپ جىبەرگىسى كەلەدى، الايدا، اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا يسلام جوعالمايدى، ەڭ سوڭىندا يسلام جەڭىسكە جەتەدى. اللا تاعالاعا سەنگەن جانە وعان كومەك ەتكىسى كەلەتىندەرگە اللا تاعالادا كومەك ەتەدى. بيسسيميلاحير راحمانير راحيم: «وَلَيَنصُرَنَّ اللَّهُ مَن يَنصُرُهُ» (قۇران 22:40)، قۇراندا «اللا تاعالا وزىنە كومەك ەتكەندەرگە ءسوزسىز كومەكتەسەدى ...» دەيدى، اللا تاعالانىڭ جولىندا بولعاندارمەن اللا تاعالانىڭ ءسوزىن كوتەرگىسى كەلگەندەرگە اللا تاعالا جاردەم بەرەتىن بولادى، اللا تاعالانىڭ كومەگى سولارمەن بىرگە، بۇنى اللا تاعالا ايتقان-دى. مۇسىلماندار قازىرگى جاعدايعا قاراپ ۇمىتسىزدەنبەۋ كەرەك، ءبىز ءبولىنىپ كەتتىك دە، ءبىر-بىرىمىزبەن ۇرىسىپ، شىعىسا المايتىن بولىپ قالدىق. قاي جەردە مۇسىلمان بولسا، سول جەردە بۇلىك-فيتنا بار، الايدا، اللا تاعالا بىزگە بۇعان بولا كۇدەرلەرىڭدى ءۇزىپ، ۇمىتسىزدىككە سالىنباڭدار دەيدى.

قاسيەتتى پايعامبارىمىز ءبىز ءۇشىن ەڭ ۇلكەن ميسال بولماق-ءدۇر. ول ەشقاشان كۇپىرلىكتەن جىعىلمادى، كەرىسىنشە شىڭدالىپ، قايراتتانا ءتۇستى. ول ءوزىنىڭ سۇيىكتى تۋعان جەرى مەككەدەن باسقا جاققا كوشتى، كوشۋ وڭاي ءىس ەمەس ەدى، الايدا، پايعامبارىمىز اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن وسى بارلىق قيىنشىلىقتاردى باستان وتكەردى. اللا تاعالا وعان جاردەم ەتتى، ول سوڭىندا ءوز تۋعان جەرى مەككە-قاعباعا جەڭىسپەن كىردى. اللا تاعالا بۇككىل دۇنيەمەن بارشا الەمدى پايعامبارىمىزعا بەرگەن ياعني تارتۋ ەتكەن ەدى.

قازىرگى احۋال راسىندا ادامداردىڭ زىعىردانىن قايناتاتىنداي كۇيدە، سونشاما كۇپىرلىكتەرمەن قارسىلىقتار بەلەڭ العان. بۇل كۇنى ادامدار اتامىز ادام الەيحيسسالام ۋاقىتىنان بەرگى ەڭ سوراقى كەزدە تۇر، بارلىق ارسىزدىقتار، كۇپىرلىكتەر، كەراعارلىقتار، اللا تاعالاعا قارسىلىقتارمەن ونى جوققا شىعارۋشىلىقتار اسا كەڭ تۇردە تارالدى، وي جەتەر سۇمدىقتىڭ بارلىعى بولۋدا، مىنا اقىرزامان ۋاقىتىندا ولاردىڭ جايى كۇننەن كۇنگە تومەندەۋدە. الايدا، بۇلار ەش ماڭىزدى ەمەس، بۇنىڭ بارلىعى - سىناقتار، بۇعان بولا ادامدار ءۇمىت ۇزسسە بولمايدى. «لَا تَقْنَطُوا مِن رَّحْمَةِ اللَّهِ» (قۇران 39:53)، بۇندا «اللا تاعالانىڭ مەيىرىمىنەن ءۇمىت ۇزبەڭدەر.» دەيدى. ءۇمىتسىز بولماۋ - بىزگە بەرىلگەن امىرلەردەن، سوندىقتان، ءۇمىتسىز بولماۋ كەرەك، اللا تاعالا البەتتە مۇسىلمان-مۇميندەرمەن بىرگە. بۇل جىل جاقسىلىقتارعا تولسا ەكەن دەيمىز، بۇل جىلعا ءبىز قۇلشىلىقپەن كىردىك، ينشاللا، وسىلاي ەتكەندەر بەرەكە، اماندىقپەن ساۋلىق ىشىندە بولماق جانە ادامدار جاساعان عاجاپ كەسەلدەن قورعالماق. بۇل كەسەلدى جاساعانداردىڭ جاماندىعى وزدەرىنە قايتاتىن بولادى، جاماندىق ەتكەندەردى جاماندىق، جاقسىلىق ەتكەندەردى جاقسىلىق قۋىپ جەتەدى، ينشاللا.


ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.08.09، ىستانبۇل، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=80