You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ФАРМАТИКА-ЕМХАНАЛАР БИЗНЕСКЕ АЙНАЛҒАН ЗАМАНДА ТҰРМЫЗ, ОЛАР АҚШАҢДЫ СЫПЫРЫП АЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7995
ФАРМАТИКА-ЕМХАНАЛАР БИЗНЕСКЕ АЙНАЛҒАН ЗАМАНДА ТҰРМЫЗ, ОЛАР АҚШАҢДЫ СЫПЫРЫП АЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

адамдардың 95 пайыз ауруы тамақты көп жеумен өмір сүру дағдысының жақсы болмауынан туындайды, әрине, күнә да адамға ауру шақырады, күнә себебі де бар. Қазіргі көптеген дәрігерлер адамдардың қалай жақсы азықтануы жәйлы білмейді және олар адам денесі өзін-өзі емдей алатынына сенбейді. Олар 'мына батысша дәрі сені емдейді' деп, мәлім дәрілерді береді, бірақ бәлен ай өткен соң, бұл дәрілер өнім беруден қалады, содан дәрігерлер бұл дәрілердің мөлшерін арттыра береді, тағы біраз айдан соң, оның да әсері болмайды. Олар тағы басқа батысша дәрілерді бере береді, осылай түрлі дәріні көп тұтына берген соң, денсаулық тіпті бұзылады, ақырында олар рак-кансір ауруына ұшыратады, сонымен олар, 'енді операция жасаймыз' дейді. Ал операциясы басқа жанама ауру пайда қылады, дәрігерлер тағы басқа дәрілерді береді, ол да емдей алмайды, кейін бұл кеселдер жиналып, адамды өлімнің алдына бірақ сүйреп апарады. Қазіргі кезде емхана-фарматикалар бизниске айналып кеткендіктен, олар ақша табу үшін адамдарды ауру етіп, өздерінің тұрақты кіленттері етіп алғысы келеді, олар сақтандыру компанияларымен бірлесіп алған. Тамақты аздау я лайықты жеу керек, аурудың көбі астан келеді, ал ол ауруды дәрімен емдеуге келмейді, 2 уақ тамақ жеу ең жақсы азықтану дағдысы. Әрине, адам ауырса, емделуі керек, ислам діні адамдарға 'ем беруші Алла, ал дәрімен дәрігер себепші деген нық сеніммен шипа ізде, емделіп жазыл' дейді, Алла бұған да зор сауап жазады. Бірақ адам әуелі емханамен дәріге кірптар болмауға құлшынуы керек. Тіпті қазіргі кезде дәрі-уаксиндер адам өлтіретін қаруға айналған, мәселен, әмериканың кооуид 19-ға арналған файзыр уаксинасынан өлген адам кооуид 19-дың өзінен өлген адамнан көп болды. Файзыр уаксинасында маймылдың, шошқаның гендері бар болып, мәлім бұзық күштер олар арқылы адам тәбиғатын өзгетпек болған. Қазір файзыр уаксинасын салдырған адамдардың арасында аяқ астынан өлу жағдайы көбейген, себебі бұл уаксина нерв, қан, жүрек жолдарында тосын түйіршік пайда қылады, адам геніне көпір жасап ойнайтын, залалы көп уаксина. Қазір тамақ индустриясымен ғылым, фарматика, емхана индустриялары бірігіп ақша табатын болды, олардың біреуі тамағын беріп ауыртады, біреуі мәлім дәріні мақтап, ақшаға ғылыми мақала жазып береді, енді бірі сол дәрісін сатады, олар осындай кесірлі айналым-сайкыл жасап алған.

فارماتيكا-ەمحانالار بيزنەسكە اينالعان زاماندا تۇرمىز، ولار اقشاڭدى سىپىرىپ العىسى كەلەدى

ادامداردىڭ 95 پايىز اۋرۋى تاماقتى كوپ جەۋمەن ءومىر ءسۇرۋ داعدىسىنىڭ جاقسى بولماۋىنان تۋىندايدى، ارينە، كۇنا دا ادامعا اۋرۋ شاقىرادى، كۇنا سەبەبى دە بار. قازىرگى كوپتەگەن دارىگەرلەر ادامداردىڭ قالاي جاقسى ازىقتانۋى ءجايلى بىلمەيدى جانە ولار ادام دەنەسى ءوزىن-ءوزى ەمدەي الاتىنىنا سەنبەيدى. ولار 'مىنا باتىسشا ءدارى سەنى ەمدەيدى' دەپ، ءمالىم دارىلەردى بەرەدى، ءبىراق بالەن اي وتكەن سوڭ، بۇل دارىلەر ءونىم بەرۋدەن قالادى، سودان دارىگەرلەر بۇل دارىلەردىڭ مولشەرىن ارتتىرا بەرەدى، تاعى ءبىراز ايدان سوڭ، ونىڭ دا اسەرى بولمايدى. ولار تاعى باسقا باتىسشا دارىلەردى بەرە بەرەدى، وسىلاي ءتۇرلى ءدارىنى كوپ تۇتىنا بەرگەن سوڭ، دەنساۋلىق ءتىپتى بۇزىلادى، اقىرىندا ولار راك-كانسىر اۋرۋىنا ۇشىراتادى، سونىمەن ولار، 'ەندى وپەراتسيا جاسايمىز' دەيدى. ال وپەراتسياسى باسقا جاناما اۋرۋ پايدا قىلادى، دارىگەرلەر تاعى باسقا دارىلەردى بەرەدى، ول دا ەمدەي المايدى، كەيىن بۇل كەسەلدەر جينالىپ، ادامدى ءولىمنىڭ الدىنا ءبىراق سۇيرەپ اپارادى. قازىرگى كەزدە ەمحانا-فارماتيكالار بيزنيسكە اينالىپ كەتكەندىكتەن، ولار اقشا تابۋ ءۇشىن ادامداردى اۋرۋ ەتىپ، وزدەرىنىڭ تۇراقتى كىلەنتتەرى ەتىپ العىسى كەلەدى، ولار ساقتاندىرۋ كومپانيالارىمەن بىرلەسىپ العان. تاماقتى ازداۋ يا لايىقتى جەۋ كەرەك، اۋرۋدىڭ كوبى استان كەلەدى، ال ول اۋرۋدى دارىمەن ەمدەۋگە كەلمەيدى، 2 ۋاق تاماق جەۋ ەڭ جاقسى ازىقتانۋ داعدىسى. ارينە، ادام اۋىرسا، ەمدەلۋى كەرەك، يسلام ءدىنى ادامدارعا 'ەم بەرۋشى اللا، ال دارىمەن دارىگەر سەبەپشى دەگەن نىق سەنىممەن شيپا ىزدە، ەمدەلىپ جازىل' دەيدى، اللا بۇعان دا زور ساۋاپ جازادى. ءبىراق ادام اۋەلى ەمحانامەن دارىگە كىرپتار بولماۋعا قۇلشىنۋى كەرەك. ءتىپتى قازىرگى كەزدە ءدارى-ۋاكسيندەر ادام ولتىرەتىن قارۋعا اينالعان، ماسەلەن، امەريكانىڭ كووۋيد 19-عا ارنالعان فايزىر ۋاكسيناسىنان ولگەن ادام كووۋيد 19-دىڭ وزىنەن ولگەن ادامنان كوپ بولدى. فايزىر ۋاكسيناسىندا مايمىلدىڭ، شوشقانىڭ گەندەرى بار بولىپ، ءمالىم بۇزىق كۇشتەر ولار ارقىلى ادام ءتابيعاتىن وزگەتپەك بولعان. ءقازىر فايزىر ۋاكسيناسىن سالدىرعان ادامداردىڭ اراسىندا اياق استىنان ءولۋ جاعدايى كوبەيگەن، سەبەبى بۇل ۋاكسينا نەرۆ، قان، جۇرەك جولدارىندا توسىن تۇيىرشىك پايدا قىلادى، ادام گەنىنە كوپىر جاساپ وينايتىن، زالالى كوپ ۋاكسينا. ءقازىر تاماق يندۋسترياسىمەن عىلىم، فارماتيكا، ەمحانا يندۋستريالارى بىرىگىپ اقشا تاباتىن بولدى، ولاردىڭ بىرەۋى تاماعىن بەرىپ اۋىرتادى، بىرەۋى ءمالىم ءدارىنى ماقتاپ، اقشاعا عىلىمي ماقالا جازىپ بەرەدى، ەندى ءبىرى سول ءدارىسىن ساتادى، ولار وسىنداي كەسىرلى اينالىم-سايكىل جاساپ العان.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7995