You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ҮЙІҢІЗДІ АЛЛА ҚОРҒАНЫ АСТЫНДА ЕТЕТІН ОҢАЙ АМАЛ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7992
ҮЙІҢІЗДІ АЛЛА ҚОРҒАНЫ АСТЫНДА ЕТЕТІН ОҢАЙ АМАЛ

үйіңіздің есігіне 'بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِ, يَا مَالِكَ الْمُلْكِ' - 'бисмиллахир рахманир рахим, я мәликул мүлік, біз мұсылманбыз' деген сөзді іліп қойыңыз. Оны көрген періштелер 'бұл үйде мұсылмандар бар екен' деп кіреді, бұндағы 'يا مالك الملك' (я мәликул мүлік) сөзі де аса маңызды, ол Алланы ұлықтауды білдіреді. Ол тұрған үй бәле-қаладан аулақ болады, дүние сілкінсе де, ол үйге ештеңе болмас, оларға Алланың рахымымен қорғаны түсіп тұрады. Ерекше жағдайлармен үрейлер болса, ары-бері жүгірмеңіз, жәйнамазды жәйып, қыбылаға қарап отырыңыз, 100 де 300 рет арасында 'я ләтиф' және 'я удуд' деп, Алланы зікірлеңіз, Алланы зікірлеген жер құрымайды. Ал жаман сурет, жаман сөз, мүсін, арақ, шылым бар үй өзіне Алла қарғысын шақырады. Үйіңізге Алла жақсы көрмейтін адамдардың суретін қоймаңыз, ілмеңіз, үй ішінде де жарты-жалаңаш жүрмей шәриғат бойынша киініп жүріңіз, үй-жәйіңізді жақсы қорғаңыз. Ерлер құрсағынан тізесіне дейін, әйелдер мойнынан тобығына дейін жабық жүрсін, әйелдің бас, білек, аяқтары ашық болмауы керек, бұлар Алла жақсы көретін істерден. Ұйықтарда мүмкін болса, 7 күрси аяты, 21 бисмилла оқып, үйдің төрт бұрышына үрлеп қойыңыз, бұлар Алланың ашу-қаһарын бұрып әкетеді. Осы нәрселерге көңіл бөлмейтіндердің үйлері ештеңе болмаса да, көбінде олардың көңілі тыныш болмайды, берекесі аз болады, ал көңіл бөлетіндерге Алланың рахымымен берекесі көптеп түсіп тұрады, қорғаны мықты болады, олар ұқсас бинада тұрса да, Алла осыларға көңіл бөлетіндерге жақсы қарайды.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءۇيىڭىزدى اللا قورعانى استىندا ەتەتىن وڭاي امال

ءۇيىڭىزدىڭ ەسىگىنە 'بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِ، يَا مَالِكَ الْمُلْكِ' - 'بيسميللاحير راحمانير راحيم، يا ماليكۋل مۇلىك، ءبىز مۇسىلمانبىز' دەگەن ءسوزدى ءىلىپ قويىڭىز. ونى كورگەن پەرىشتەلەر 'بۇل ۇيدە مۇسىلماندار بار ەكەن' دەپ كىرەدى، بۇنداعى 'يا مالك الملك' (يا ماليكۋل مۇلىك) ءسوزى دە اسا ماڭىزدى، ول اللانى ۇلىقتاۋدى بىلدىرەدى. ول تۇرعان ءۇي بالە-قالادان اۋلاق بولادى، دۇنيە سىلكىنسە دە، ول ۇيگە ەشتەڭە بولماس، ولارعا اللانىڭ راحىمىمەن قورعانى ءتۇسىپ تۇرادى. ەرەكشە جاعدايلارمەن ۇرەيلەر بولسا، ارى-بەرى جۇگىرمەڭىز، ءجاينامازدى ءجايىپ، قىبىلاعا قاراپ وتىرىڭىز، 100 دە 300 رەت اراسىندا 'يا ءلاتيف' جانە 'يا ۋدۋد' دەپ، اللانى زىكىرلەڭىز، اللانى زىكىرلەگەن جەر قۇرىمايدى. ال جامان سۋرەت، جامان ءسوز، ءمۇسىن، اراق، شىلىم بار ءۇي وزىنە اللا قارعىسىن شاقىرادى. ۇيىڭىزگە اللا جاقسى كورمەيتىن ادامداردىڭ سۋرەتىن قويماڭىز، ىلمەڭىز، ءۇي ىشىندە دە جارتى-جالاڭاش جۇرمەي ءشاريعات بويىنشا كيىنىپ ءجۇرىڭىز، ءۇي-ءجايىڭىزدى جاقسى قورعاڭىز. ەرلەر قۇرساعىنان تىزەسىنە دەيىن، ايەلدەر موينىنان توبىعىنا دەيىن جابىق ءجۇرسىن، ايەلدىڭ باس، بىلەك، اياقتارى اشىق بولماۋى كەرەك، بۇلار اللا جاقسى كورەتىن ىستەردەن. ۇيىقتاردا مۇمكىن بولسا، 7 كۇرسي اياتى، 21 بيسميللا وقىپ، ءۇيدىڭ ءتورت بۇرىشىنا ۇرلەپ قويىڭىز، بۇلار اللانىڭ اشۋ-قاھارىن بۇرىپ اكەتەدى. وسى نارسەلەرگە كوڭىل بولمەيتىندەردىڭ ۇيلەرى ەشتەڭە بولماسا دا، كوبىندە ولاردىڭ كوڭىلى تىنىش بولمايدى، بەرەكەسى از بولادى، ال كوڭىل بولەتىندەرگە اللانىڭ راحىمىمەن بەرەكەسى كوپتەپ ءتۇسىپ تۇرادى، قورعانى مىقتى بولادى، ولار ۇقساس بينادا تۇرسا دا، اللا وسىلارعا كوڭىل بولەتىندەرگە جاقسى قارايدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7992