ӨМІРІМ ЖЕҢІЛ ӘРІ ҚАУІПСІЗ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ, ӘРКҮНІ САДАҚА БЕРІҢІЗ
![](https://www.nvrislam.net/nvrblog/blogadmin/images/20250128073711-1000094422.jpg)
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7967
ӨМІРІМ ЖЕҢІЛ ӘРІ ҚАУІПСІЗ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ, ӘРКҮНІ САДАҚА БЕРІҢІЗ
пайғамбарымыз 'адам денесінде жалпы 360 мүше бар, олардың әрбіріне әркүні садақа шығар' дейді, ал оны қалай береміз? Үйіңізге садақа салатын дорба дайындап, әркүні күн шыққан соң оған аз мөлшерде садақа салыңыз. Мәселен, 100 де 2000 теңге арасында салсаңыз болады, егер бұл ауыр келсе 50 теңге де болады, тіпті 50 теңгеге шама келмесе, жолда жатқан тасты, қоқсықты тазалаңыз, елге жақсы сөйлеп, күлімсіреңіз, бұлар да садақа. Бұл садақаны әркүні бересіз, 'бір жолда бір аптаның я бір айдың садақасын салып жіберейін' деуге келмейді. Садақа салғанда 'Алла ризалығы үшін өзімнің, бала-шағамның, отбасымның атынан осы садақаны шығардым' деп, ниет етесіз. Бұл садақаны әркүні таңертең көшеден мұхтаж кісі тауып, оған беру қажетсіз, оны үйіңіздегі садақа дорбаға әркүні сала бересіз, ал дорба толғанда, оны мұхтажға бересіз, осындай қарапайым. Бұл садақа өте маңызды, себебі пайғамбарымыз 'бұл садақа дүниеде сені бәле-қала, тосын уақиға, апаттан сақтайды және өміріңді ұзартады, ал ақиретте сені тозақ отынан сақтайды, мол сауап әкеледі, жарты құрма болса да садақа бер' дейді. Оған қоса әркүні күрси аятын 7 рет оқып, оң-сол, асты-үсті, алды-арт 6 бағытта үрлеңіз, бұл да мықты руқия қорған болады. Сонымен бірге әркүні ишырақ және дұха намазын оқып жүріңіз, бұлар да қорған болу және риздық табуды оңайластыру ролын атқарады. Міне осы оңай амалдар сіздің сақтандыру компаниясына берген миллион соммадағы сақтандыруыңыздан мың есе өнімді, себебі олар Алламен жасалған илаһи сақтандыру еді.
ءومىرىم جەڭىل ءارى ءقاۋىپسىز بولسىن دەسەڭىز، اركۇنى ساداقا بەرىڭىز
پايعامبارىمىز 'ادام دەنەسىندە جالپى 360 مۇشە بار، ولاردىڭ اربىرىنە اركۇنى ساداقا شىعار' دەيدى، ال ونى قالاي بەرەمىز؟ ۇيىڭىزگە ساداقا سالاتىن دوربا دايىنداپ، اركۇنى كۇن شىققان سوڭ وعان از مولشەردە ساداقا سالىڭىز. ماسەلەن، 100 دە 2000 تەڭگە اراسىندا سالساڭىز بولادى، ەگەر بۇل اۋىر كەلسە 50 تەڭگە دە بولادى، ءتىپتى 50 تەڭگەگە شاما كەلمەسە، جولدا جاتقان تاستى، قوقسىقتى تازالاڭىز، ەلگە جاقسى سويلەپ، كۇلىمسىرەڭىز، بۇلار دا ساداقا. بۇل ساداقانى اركۇنى بەرەسىز، 'ءبىر جولدا ءبىر اپتانىڭ يا ءبىر ايدىڭ ساداقاسىن سالىپ جىبەرەيىن' دەۋگە كەلمەيدى. ساداقا سالعاندا 'اللا ريزالىعى ءۇشىن ءوزىمنىڭ، بالا-شاعامنىڭ، وتباسىمنىڭ اتىنان وسى ساداقانى شىعاردىم' دەپ، نيەت ەتەسىز. بۇل ساداقانى اركۇنى تاڭەرتەڭ كوشەدەن مۇحتاج كىسى تاۋىپ، وعان بەرۋ قاجەتسىز، ونى ۇيىڭىزدەگى ساداقا دورباعا اركۇنى سالا بەرەسىز، ال دوربا تولعاندا، ونى مۇحتاجعا بەرەسىز، وسىنداي قاراپايىم. بۇل ساداقا وتە ماڭىزدى، سەبەبى پايعامبارىمىز 'بۇل ساداقا دۇنيەدە سەنى بالە-قالا، توسىن ۋاقيعا، اپاتتان ساقتايدى جانە ءومىرىڭدى ۇزارتادى، ال اقيرەتتە سەنى توزاق وتىنان ساقتايدى، مول ساۋاپ اكەلەدى، جارتى قۇرما بولسا دا ساداقا بەر' دەيدى. وعان قوسا اركۇنى كۇرسي اياتىن 7 رەت وقىپ، وڭ-سول، استى-ءۇستى، الدى-ارت 6 باعىتتا ۇرلەڭىز، بۇل دا مىقتى رۋقيا قورعان بولادى. سونىمەن بىرگە اركۇنى يشىراق جانە دۇحا نامازىن وقىپ ءجۇرىڭىز، بۇلار دا قورعان بولۋ جانە ريزدىق تابۋدى وڭايلاستىرۋ رولىن اتقارادى. مىنە وسى وڭاي امالدار ءسىزدىڭ ساقتاندىرۋ كومپانياسىنا بەرگەن ميلليون سومماداعى ساقتاندىرۋىڭىزدان مىڭ ەسە ءونىمدى، سەبەبى ولار اللامەن جاسالعان يلاھي ساقتاندىرۋ ەدى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7967