You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ИМАНДЫ КҮШЕЙТУ ҮШІН ИМАНЫ КҮШТІ АДАММЕН БІРГЕ БОЛ, АЛ ЕҢ КҮШТІ ИМАН ӘУЛИЕДЕ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7965
ИМАНДЫ КҮШЕЙТУ ҮШІН ИМАНЫ КҮШТІ АДАММЕН БІРГЕ БОЛ, АЛ ЕҢ КҮШТІ ИМАН ӘУЛИЕДЕ

пайғамбарымыз сізге бір қараса болғаны, сізді 1000 жылдық құлшылықтан да биік руханият мақамына жеткізеді, ендеше сахабаларды ойлаңыз, олар күнде пайғамбарымызбен бірге, сондықтан сахабалардың дәрежесі өте жоғары. Ал әулиелер де пайғамбарымыздың осы киесіне мұрагерлік етеді, сондықтан өміріңізде бір рет болса да әулиенің құзіретінде болып, назарына ілініңіз, бұл да үлкен бақ. Қияметте Аллаға 'бір сүйіктіңізді көріп ем, сол сүйіктіңіздің абыройы үшін құтқарыңыз' деп, бір көріп қалған сол әулиені араға тартатын боласыз, соңында Алла осы әулиелерінің құрметі үшін оларды кешіреді. Әулиенің Алла алдындағы абыройы өте жоғары, ал сізді нәпсіңіз жаулап алғандықтан, бұны сезбей тұрсыз, шайтан сондықтан адамдарды әулиеге еш жолатқысы келмейді, ол адамдарды осындай берекеден құр қалтырғысы келеді. Сахабалар пайғамбарымызбен бір жүргендіктен ең асыл, ең ұлық, ең сүйікті жандарға айналды, міне бұл пайғамбарымыздың оларға тиген шарапаты еді, ал әулиелер пайғамбарымыздың мұрагерлері, сондықтан әулие де осындай шарапатқа мұрагерлік етеді, тіпті оның мұғжизаларымен илаһи сипаттарына да мұрагерлік етеді. Ал кім пайғамбарымызға ерген сахабалар сияқты әулиеге дұрыс ниетпен ерсе, оған да әулие шарапаты тиеді, иманы күшейеді, исламға, пайғамбарымызға, Аллаға махаббаты артады, мүминге айналады. Сахабалар пайғамбарымызға қандай мәміледе болса, біз де әулиеге сондай мәміле де болып, сахабалардың асыл әдебіне еліктейміз, оны жалғастырамыз, сопылық тәриқат дегеніміз міне осы, ол осы асыл жолды тірі күйінде жалғау, сонда ғана иманымыз күшейіп, Аллаға тіпті де жақындай түсеміз.

يماندى كۇشەيتۋ ءۇشىن يمانى كۇشتى اداممەن بىرگە بول، ال ەڭ كۇشتى يمان اۋليەدە

پايعامبارىمىز سىزگە ءبىر قاراسا بولعانى، ءسىزدى 1000 جىلدىق قۇلشىلىقتان دا بيىك رۋحانيات ماقامىنا جەتكىزەدى، ەندەشە ساحابالاردى ويلاڭىز، ولار كۇندە پايعامبارىمىزبەن بىرگە، سوندىقتان ساحابالاردىڭ دارەجەسى وتە جوعارى. ال اۋليەلەر دە پايعامبارىمىزدىڭ وسى كيەسىنە مۇراگەرلىك ەتەدى، سوندىقتان ومىرىڭىزدە ءبىر رەت بولسا دا اۋليەنىڭ قۇزىرەتىندە بولىپ، نازارىنا ءىلىنىڭىز، بۇل دا ۇلكەن باق. قيامەتتە اللاعا 'ءبىر سۇيىكتىڭىزدى كورىپ ەم، سول سۇيىكتىڭىزدىڭ ابىرويى ءۇشىن قۇتقارىڭىز' دەپ، ءبىر كورىپ قالعان سول اۋليەنى اراعا تارتاتىن بولاسىز، سوڭىندا اللا وسى اۋليەلەرىنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ولاردى كەشىرەدى. اۋليەنىڭ اللا الدىنداعى ابىرويى وتە جوعارى، ال ءسىزدى ءناپسىڭىز جاۋلاپ العاندىقتان، بۇنى سەزبەي تۇرسىز، شايتان سوندىقتان ادامداردى اۋليەگە ەش جولاتقىسى كەلمەيدى، ول ادامداردى وسىنداي بەرەكەدەن قۇر قالتىرعىسى كەلەدى. ساحابالار پايعامبارىمىزبەن ءبىر جۇرگەندىكتەن ەڭ اسىل، ەڭ ۇلىق، ەڭ سۇيىكتى جاندارعا اينالدى، مىنە بۇل پايعامبارىمىزدىڭ ولارعا تيگەن شاراپاتى ەدى، ال اۋليەلەر پايعامبارىمىزدىڭ مۇراگەرلەرى، سوندىقتان اۋليە دە وسىنداي شاراپاتقا مۇراگەرلىك ەتەدى، ءتىپتى ونىڭ مۇعجيزالارىمەن يلاھي سيپاتتارىنا دا مۇراگەرلىك ەتەدى. ال كىم پايعامبارىمىزعا ەرگەن ساحابالار سياقتى اۋليەگە دۇرىس نيەتپەن ەرسە، وعان دا اۋليە شاراپاتى تيەدى، يمانى كۇشەيەدى، يسلامعا، پايعامبارىمىزعا، اللاعا ماحابباتى ارتادى، مۇمينگە اينالادى. ساحابالار پايعامبارىمىزعا قانداي مامىلەدە بولسا، ءبىز دە اۋليەگە سونداي مامىلە دە بولىپ، ساحابالاردىڭ اسىل ادەبىنە ەلىكتەيمىز، ونى جالعاستىرامىز، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز مىنە وسى، ول وسى اسىل جولدى ءتىرى كۇيىندە جالعاۋ، سوندا عانا يمانىمىز كۇشەيىپ، اللاعا ءتىپتى دە جاقىنداي تۇسەمىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7965