You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: мәуләнә шайық назым 13 жыл бұрын Сирия жәйлы айтқан (2) (2024.12.15 / Хижра 1446-жыл 14-Жұмада Әл-Тәни)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7956
Сұхбат: мәуләнә шайық назым 13 жыл бұрын Сирия жәйлы айтқан (2) (2024.12.15 / Хижра 1446-жыл 14-Жұмада Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Istanbul, Eyup Sultan Dergah-да айтылған сұхбат) Әбу Аюб Әл-Әнсари я мадад, шүкір-Алла, өткен жолғы жиналысымыздан бері көптеген жақсы уақиғалар туылуда, адамдарға, мұсылмандарға, барша адамзатқа жақсы істер туылып жатыр, себебі зұлымдық Алла Әззә Уә-Жәллә ұнатпайтын нәрсе, қасиетті жерлерде (шам, сирия) 60 жылдан бері зұлымдық болып келген еді, ал бергі 13-14 жылдан бері онда тіпті де үлкен зұлымдықтар туылды, біз айтып отырған жер, шам шәриф. Әркүні түнде әл-құныт дұғасында зұлымдықтың кетуі үшін дұға етуші едік, дұға соңында «فَقُطِعَ دَابِرُ الْقَوْمِ الَّذِينَ ظَلَمُوا ۚ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ» (сондықтан зұлымдық істегендердің тамыры шабылды, мақтау дүниенің раббысы болған Аллаға) (құран 06:45) деп айтылады, «зұлымдық тамырын кескен Аллаға мадақтар болсын». Біз әркүні түнде Алла ﷻ ға мадақтармен шүкірліктер айтуымыз керек, себебі «الظلم ظلمات» (зұлымдық - қараңғылық), ол - жамандық, ол Мәхди әлейхис-саламның бұл дүниеге қадам-қадам бойынша келетіндігіне бір белгі, иншалла.

Пайғамбарымыз ﷺ шам шәриф жәйлы «الأمن في الشام» дер, демек есендікпен қауіпсіздік шамда болар, ол жерде 13-14 жылдан бері ешкім тұра алмайтын, онда еш есендік я қауіпсіздік жоқ еді, бірақ әулие-машайықтар Алла Әззә Уә-Жәлләның білімінен алып, ол хақында жақсы хабарлар айтып кетті, барлық нәрсенің соңы бар. Мәуләнә Шайық Назым хазірет 13 жылдың алдында бір жақсы хабар айтқан еді, адамдар «бұл қалай?» деп абдырап тұрғанда, оның айтқандарының бәрі келуде. Бұл іс жаңа ғана болды, барлығы Алла Әззә Уә-Жәллә қолында, сондықтан біз Алла Әззә Уә-Жәлләдан келген әр іске таңғалмауымыз керек, мұсылмандар таңданбауы керек, біз қазір қайтып отырған нәрсені Мәуләнә Шайық Назым хазірет 13 жыл бұрын айтқан, демек ол «олар ай жарығынсыз бір түнде аяқтары құйрықтарын соққан бойы қашып кетеді, хаша минал-хұдур (жүзіңді түсірмейін)» деп айтқан еді, «олар бір жолда кетеді» деген, ал бұның болатынын ешкім ойлаған жоқ, әмерика да, африка да, ресей де, иран да я басқалар да бұндай боларын ойлап көрген жоқ, бірақ машайықтармен әулиелердің айтқаны айнымай келді.

Өткен аптада Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқандай іс болды, Алла ﷻ оның мақамын тіпті де биік еткей, осы аптада ай толды, ал өткен аптада қараңғы түн еді, айдың алғашқы 7 түні қараңғы болады, себебі ай осы күндерден соң шығады, ал манағылар дереу кетіп қалды, ол уақиға Мәуләнәның айтқанындай дәл келіп, оны тұрақтандырды, демек оның айтқаны дәл келді яғни манағылар бір түнде аяқ асты жоқ болды, тым ғажап, олар қайда кетті? олар қалай кетті? не болды? олардан ешбір із қалмады, мүмкін болмайтын жағдайда туылды, ол адам қасындағы барлығын тастап кетті, оларда соншама қарулар бар, оларды қолдаған күштер де бар, демек оларда барлығы бар, бірақ шам шәрифте береке бар болғандықтан, ол алынды, біреулер оған қан төгізссіз кірді, шүкір-Алла, иншалла, осы жері жақсы шүйінші хабар, бүкіл жерді жәйлаған зұлымдық кететін болады, иншалла, зұлымдық жалғаса алмайды, «الظُّلْمُ لا يَدُوم», зұлымдық жалғаспайды, оның уақыты қысқа, зұлымдық ешкімге пайда әкелмейді.

Кейбір адамдар «егер зұлымдық қылсақ, бірдеңе табамыз, онда пайда бар» деп ойласа, кейбір үкімет-биліктері «зұлымдық қылсақ, біздің билігіміз жалғасады» деп ойлайды, бірақ бұлай етсеңдер, ол жалғаса алмайды, Османлы Империясы 700 жыл тұрды, олар қалай соншама ұзақ билік жүргізді? себебі олар әділдікпен билік етті, оларда зұлымдық болмады, барлығы да игілкпен, рахыммен және әділдікпен болды, егер оларда зұлымдық болса, олар сонау баста-ақ бұзылып, сынып кетер еді, олар осыншама ұзақ билік ете алмас еді, барлық ислам өлкелерінде осылай болды, әйтпесе османылы билікте бұндай көп тұра алмас еді, себебі зұлымдық көп тұрмайды, жалғаса алмайды, ал «исламбыз» деп, айғайлай тұра, жолдан шығып кеткендер құрып жоғалды.

Кәпірлер - залымдар, ал мұсылмандар мейірімді, ең зор зұлымдық жәйлы Алла Әззә Уә-Жәллә аяти кәримде «إِنَّ ٱلشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ» (расында, шірік жасау ең үлкен әділетсіздік) (құран 31:13) дер, шірік жасау, демек Алла ﷻ ға серік қосу зұлымдық-дүр, олар кімге зұлымдық жасауда? Алла Әззә Уә-Жәлләға зұлымдық жасауда, сондықтан оларда еш береке, еш рахым, еш игілік болмас, олар бастан ақыр шайтанмен бірге, ал шайтанның бар істейтіні зұлымдық қана, ол адамдарға жамандық әкеледі, басқа түк те жоқ. Залым адам рахым қылама? жоқ, ол рахым қылса да, оның артында мәлім қулықпен тұзақ тұрар, онда жеке мүддемен пайда бар, сондықтан олар қарамаққа рахымды көрінсе де, кейін оның бұл рахымы зұлымдыққа айналып кетеді, онда тек қана өзімшілдік бар, нәпсішілдік бар, демек ол өзі үшін ғана өмір сүреді, ал қалғандарының өліп, түгесілуін қалайды, олар осыны ұнатады. Олар біреудің жақсы өмірін сүріп жатқанына қуана алмайды, оған қуанатын мұсылмандар, олар бар елге жақсылық, игілік тілейді, рахым-мейірім сұрайды, олар әр жанға денсаулық, есендік және иман тілейді, Алла ﷻ баршамызды шын иманға ие еттіргей.

Егер сіз жамандық істесеңіз, ол жамандық сізге де қайта айналып келетін болады, ал жақсылық істесеңіз ... есті адамдар жақсылықтың жақсылық болып, қайтып келетінін түсінуі керек, бұндайда барлық адам игілік көреді, демек мәлім игілік келе қалса, әр адамда осы игіліктен бірге кенелетін болады. Тек өзін ғана ойлайтын адам өзімшіл, нәпсіқой біреу болмақ, ол өзіне де, өзгеге де пайда бермейді. Міне осыларға көңіл бөлу сопылық тәриқаттың маңызы, ал пайғамбарымыз ﷺ ның үйреткендері сопылық тәриқаттың осы маңызы еді, тәриқат оның жолымен келе жатыр, пайғамбарымыз ﷺ адамдарға ұдайы игілік тілер, ол әр адамды тозақтан құтқарғысы келеді, адамдарға шапағат етіп, олардың жәннәтқа кіруін күтіп отырады. Ол шапағат сұрағандарға шапағатшы болғысы келеді, ол «شَفَاعَتِي لِأَهْلِ الْكَبَائِرِ مِنْ أُمَّتِي» дейді яғни пайғамбарымыз ﷺ «мен үлкен күнә істегендерге де шапағат етемін» дейді, олар шапағат сұрай білсе болғаны, әр адамға оның шапағаты тиеді, ол мейірімділігі себепті ешқашан өзін ойламаған, ол Алла ﷻ ға жалынып, «уммати» (үмбетім) деп өтті.

Сондықтан осыбір әдемі күндер мәңгілік болғай, бүлік бүлікті жасағандарға келгей, Алла ﷻ исламды қорғағай, сахибул заман Мұхаммад әл-Мәхди хазіретті тез жібергей, бұл нәрсені 13 жыл бұрын Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқан еді, жұрт «олар 1-2 айда қашар» деп ойлаған, одан бері 13 жыл өтті. Бүкіл елі құрып бітті, барлығы қирады, барша ел-жұрт бұл елден қашты, кедей-жарлы байқұстар суықпен жауында шатырмен балшықтың астында күн көрді, көп қорланды, ал қашып-пысып теңізде өлгендерді, атылған оқтан өлгендерді айтпадық, одан бері 13 жыл болды, ақырында Мәуләнә айтқан іс өткен аптада туылды. Сондықтан Мәхди әлейхис саламның келуі де жақын, иншалла, бірақ Алла ﷻ алдындағы уақыты қалай, оны Ол өзі біледі, бірақ біз «ол тезден болады» деп ойлаймыз, ол дереу болуы мүмкін, Алла Әззә Уә-Жәллә үшін ештеңе қиын емес, мүмкін біраз уақыт өтуі де неғайбыл емес. Алайда бұндағы маңыздысы біздің иманымыздың күшті болуы-дүр, ал жақсы шүйінші хабарды пайғамбарымыз ﷺ айтып кеткен, әулие машайықтардың айтқан жақсы шүйіншісі де осы Мәхди әлейхис салам. Біз болып өткен уақиғаларға куә болғанымыздай, оның шығуы да тез болуы мүмкін, иншалла, бүкіл дүниеде зұлымдық жоғалғай, иншалла, есендік орнағай, иншалла, ислам келгей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ءماۋلانا شايىق نازىم 13 جىل بۇرىن سيريا ءجايلى ايتقان (2) (2024.12.15 / حيجرا 1446-جىل 14-جۇمادا ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Istanbul، Eyup Sultan Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) ءابۋ ايۋب ءال-ءانساري يا ماداد، شۇكىر-اللا، وتكەن جولعى جينالىسىمىزدان بەرى كوپتەگەن جاقسى ۋاقيعالار تۋىلۋدا، ادامدارعا، مۇسىلماندارعا، بارشا ادامزاتقا جاقسى ىستەر تۋىلىپ جاتىر، سەبەبى زۇلىمدىق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ۇناتپايتىن نارسە، قاسيەتتى جەرلەردە (شام، سيريا) 60 جىلدان بەرى زۇلىمدىق بولىپ كەلگەن ەدى، ال بەرگى 13-14 جىلدان بەرى وندا ءتىپتى دە ۇلكەن زۇلىمدىقتار تۋىلدى، ءبىز ايتىپ وتىرعان جەر، شام ءشاريف. اركۇنى تۇندە ءال-قۇنىت دۇعاسىندا زۇلىمدىقتىڭ كەتۋى ءۇشىن دۇعا ەتۋشى ەدىك، دۇعا سوڭىندا «فَقُطِعَ دَابِرُ الْقَوْمِ الَّذِينَ ظَلَمُوا ۚ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ» (سوندىقتان زۇلىمدىق ىستەگەندەردىڭ تامىرى شابىلدى، ماقتاۋ دۇنيەنىڭ راببىسى بولعان اللاعا) (قۇران 06:45) دەپ ايتىلادى، «زۇلىمدىق تامىرىن كەسكەن اللاعا ماداقتار بولسىن». ءبىز اركۇنى تۇندە اللا ﷻ عا ماداقتارمەن شۇكىرلىكتەر ايتۋىمىز كەرەك، سەبەبى «الظلم ظلمات» (زۇلىمدىق - قاراڭعىلىق)، ول - جاماندىق، ول ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ بۇل دۇنيەگە قادام-قادام بويىنشا كەلەتىندىگىنە ءبىر بەلگى، ينشاللا.

پايعامبارىمىز ﷺ شام ءشاريف ءجايلى «الأمن في الشام» دەر، دەمەك ەسەندىكپەن قاۋىپسىزدىك شامدا بولار، ول جەردە 13-14 جىلدان بەرى ەشكىم تۇرا المايتىن، وندا ەش ەسەندىك يا قاۋىپسىزدىك جوق ەدى، ءبىراق اۋليە-ماشايىقتار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بىلىمىنەن الىپ، ول حاقىندا جاقسى حابارلار ايتىپ كەتتى، بارلىق نارسەنىڭ سوڭى بار. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت 13 جىلدىڭ الدىندا ءبىر جاقسى حابار ايتقان ەدى، ادامدار «بۇل قالاي؟» دەپ ابدىراپ تۇرعاندا، ونىڭ ايتقاندارىنىڭ ءبارى كەلۋدە. بۇل ءىس جاڭا عانا بولدى، بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قولىندا، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن ءار ىسكە تاڭعالماۋىمىز كەرەك، مۇسىلماندار تاڭدانباۋى كەرەك، ءبىز ءقازىر قايتىپ وتىرعان نارسەنى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت 13 جىل بۇرىن ايتقان، دەمەك ول «ولار اي جارىعىنسىز ءبىر تۇندە اياقتارى قۇيرىقتارىن سوققان بويى قاشىپ كەتەدى، حاشا مينال-حۇدۋر (ءجۇزىڭدى تۇسىرمەيىن)» دەپ ايتقان ەدى، «ولار ءبىر جولدا كەتەدى» دەگەن، ال بۇنىڭ بولاتىنىن ەشكىم ويلاعان جوق، امەريكا دا، افريكا دا، رەسەي دە، يران دا يا باسقالار دا بۇنداي بولارىن ويلاپ كورگەن جوق، ءبىراق ماشايىقتارمەن اۋليەلەردىڭ ايتقانى اينىماي كەلدى.

وتكەن اپتادا ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقانداي ءىس بولدى، اللا ﷻ ونىڭ ماقامىن ءتىپتى دە بيىك ەتكەي، وسى اپتادا اي تولدى، ال وتكەن اپتادا قاراڭعى ءتۇن ەدى، ايدىڭ العاشقى 7 ءتۇنى قاراڭعى بولادى، سەبەبى اي وسى كۇندەردەن سوڭ شىعادى، ال ماناعىلار دەرەۋ كەتىپ قالدى، ول ۋاقيعا ءماۋلانانىڭ ايتقانىنداي ءدال كەلىپ، ونى تۇراقتاندىردى، دەمەك ونىڭ ايتقانى ءدال كەلدى ياعني ماناعىلار ءبىر تۇندە اياق استى جوق بولدى، تىم عاجاپ، ولار قايدا كەتتى؟ ولار قالاي كەتتى؟ نە بولدى؟ ولاردان ەشبىر ءىز قالمادى، مۇمكىن بولمايتىن جاعدايدا تۋىلدى، ول ادام قاسىنداعى بارلىعىن تاستاپ كەتتى، ولاردا سونشاما قارۋلار بار، ولاردى قولداعان كۇشتەر دە بار، دەمەك ولاردا بارلىعى بار، ءبىراق شام شاريفتە بەرەكە بار بولعاندىقتان، ول الىندى، بىرەۋلەر وعان قان توگىزسسىز كىردى، شۇكىر-اللا، ينشاللا، وسى جەرى جاقسى ءشۇيىنشى حابار، بۇكىل جەردى ءجايلاعان زۇلىمدىق كەتەتىن بولادى، ينشاللا، زۇلىمدىق جالعاسا المايدى، «الظُّلْمُ لا يَدُوم»، زۇلىمدىق جالعاسپايدى، ونىڭ ۋاقىتى قىسقا، زۇلىمدىق ەشكىمگە پايدا اكەلمەيدى.

كەيبىر ادامدار «ەگەر زۇلىمدىق قىلساق، بىردەڭە تابامىز، وندا پايدا بار» دەپ ويلاسا، كەيبىر ۇكىمەت-بيلىكتەرى «زۇلىمدىق قىلساق، ءبىزدىڭ بيلىگىمىز جالعاسادى» دەپ ويلايدى، ءبىراق بۇلاي ەتسەڭدەر، ول جالعاسا المايدى، وسمانلى يمپەرياسى 700 جىل تۇردى، ولار قالاي سونشاما ۇزاق بيلىك جۇرگىزدى؟ سەبەبى ولار ادىلدىكپەن بيلىك ەتتى، ولاردا زۇلىمدىق بولمادى، بارلىعى دا يگىلكپەن، راحىممەن جانە ادىلدىكپەن بولدى، ەگەر ولاردا زۇلىمدىق بولسا، ولار سوناۋ باستا-اق بۇزىلىپ، سىنىپ كەتەر ەدى، ولار وسىنشاما ۇزاق بيلىك ەتە الماس ەدى، بارلىق يسلام ولكەلەرىندە وسىلاي بولدى، ايتپەسە وسمانىلى بيلىكتە بۇنداي كوپ تۇرا الماس ەدى، سەبەبى زۇلىمدىق كوپ تۇرمايدى، جالعاسا المايدى، ال «يسلامبىز» دەپ، ايعايلاي تۇرا، جولدان شىعىپ كەتكەندەر قۇرىپ جوعالدى.

كاپىرلەر - زالىمدار، ال مۇسىلماندار مەيىرىمدى، ەڭ زور زۇلىمدىق ءجايلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اياتي كاريمدە «إِنَّ ٱلشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ» (راسىندا، شىرىك جاساۋ ەڭ ۇلكەن ادىلەتسىزدىك) (قۇران 31:13) دەر، شىرىك جاساۋ، دەمەك اللا ﷻ عا سەرىك قوسۋ زۇلىمدىق-ءدۇر، ولار كىمگە زۇلىمدىق جاساۋدا؟ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا زۇلىمدىق جاساۋدا، سوندىقتان ولاردا ەش بەرەكە، ەش راحىم، ەش يگىلىك بولماس، ولار باستان اقىر شايتانمەن بىرگە، ال شايتاننىڭ بار ىستەيتىنى زۇلىمدىق قانا، ول ادامدارعا جاماندىق اكەلەدى، باسقا تۇك تە جوق. زالىم ادام راحىم قىلاما؟ جوق، ول راحىم قىلسا دا، ونىڭ ارتىندا ءمالىم قۋلىقپەن تۇزاق تۇرار، وندا جەكە مۇددەمەن پايدا بار، سوندىقتان ولار قاراماققا راحىمدى كورىنسە دە، كەيىن ونىڭ بۇل راحىمى زۇلىمدىققا اينالىپ كەتەدى، وندا تەك قانا وزىمشىلدىك بار، ناپسىشىلدىك بار، دەمەك ول ءوزى ءۇشىن عانا ءومىر سۇرەدى، ال قالعاندارىنىڭ ءولىپ، تۇگەسىلۋىن قالايدى، ولار وسىنى ۇناتادى. ولار بىرەۋدىڭ جاقسى ءومىرىن ءسۇرىپ جاتقانىنا قۋانا المايدى، وعان قۋاناتىن مۇسىلماندار، ولار بار ەلگە جاقسىلىق، يگىلىك تىلەيدى، راحىم-مەيىرىم سۇرايدى، ولار ءار جانعا دەنساۋلىق، ەسەندىك جانە يمان تىلەيدى، اللا ﷻ بارشامىزدى شىن يمانعا يە ەتتىرگەي.

ەگەر ءسىز جاماندىق ىستەسەڭىز، ول جاماندىق سىزگە دە قايتا اينالىپ كەلەتىن بولادى، ال جاقسىلىق ىستەسەڭىز ... ەستى ادامدار جاقسىلىقتىڭ جاقسىلىق بولىپ، قايتىپ كەلەتىنىن ءتۇسىنۋى كەرەك، بۇندايدا بارلىق ادام يگىلىك كورەدى، دەمەك ءمالىم يگىلىك كەلە قالسا، ءار ادامدا وسى يگىلىكتەن بىرگە كەنەلەتىن بولادى. تەك ءوزىن عانا ويلايتىن ادام ءوزىمشىل، ءناپسىقوي بىرەۋ بولماق، ول وزىنە دە، وزگەگە دە پايدا بەرمەيدى. مىنە وسىلارعا كوڭىل ءبولۋ سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ ماڭىزى، ال پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ۇيرەتكەندەرى سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ وسى ماڭىزى ەدى، ءتاريقات ونىڭ جولىمەن كەلە جاتىر، پايعامبارىمىز ﷺ ادامدارعا ۇدايى يگىلىك تىلەر، ول ءار ادامدى توزاقتان قۇتقارعىسى كەلەدى، ادامدارعا شاپاعات ەتىپ، ولاردىڭ ءجانناتقا كىرۋىن كۇتىپ وتىرادى. ول شاپاعات سۇراعاندارعا شاپاعاتشى بولعىسى كەلەدى، ول «شَفَاعَتِي لِأَهْلِ الْكَبَائِرِ مِنْ أُمَّتِي» دەيدى ياعني پايعامبارىمىز ﷺ «مەن ۇلكەن كۇنا ىستەگەندەرگە دە شاپاعات ەتەمىن» دەيدى، ولار شاپاعات سۇراي بىلسە بولعانى، ءار ادامعا ونىڭ شاپاعاتى تيەدى، ول مەيىرىمدىلىگى سەبەپتى ەشقاشان ءوزىن ويلاماعان، ول اللا ﷻ عا جالىنىپ، «ۋمماتي» (ۇمبەتىم) دەپ ءوتتى.

سوندىقتان ءوسىبىر ادەمى كۇندەر ماڭگىلىك بولعاي، بۇلىك بۇلىكتى جاساعاندارعا كەلگەي، اللا ﷻ يسلامدى قورعاعاي، ساحيبۋل زامان مۇحامماد ءال-ءماحدي حازىرەتتى تەز جىبەرگەي، بۇل نارسەنى 13 جىل بۇرىن ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقان ەدى، جۇرت «ولار 1-2 ايدا قاشار» دەپ ويلاعان، ودان بەرى 13 جىل ءوتتى. بۇكىل ەلى قۇرىپ ءبىتتى، بارلىعى قيرادى، بارشا ەل-جۇرت بۇل ەلدەن قاشتى، كەدەي-جارلى بايقۇستار سۋىقپەن جاۋىندا شاتىرمەن بالشىقتىڭ استىندا كۇن كوردى، كوپ قورلاندى، ال قاشىپ-پىسىپ تەڭىزدە ولگەندەردى، اتىلعان وقتان ولگەندەردى ايتپادىق، ودان بەرى 13 جىل بولدى، اقىرىندا ءماۋلانا ايتقان ءىس وتكەن اپتادا تۋىلدى. سوندىقتان ءماحدي الەيحيس سالامنىڭ كەلۋى دە جاقىن، ينشاللا، ءبىراق اللا ﷻ الدىنداعى ۋاقىتى قالاي، ونى ول ءوزى بىلەدى، ءبىراق ءبىز «ول تەزدەن بولادى» دەپ ويلايمىز، ول دەرەۋ بولۋى مۇمكىن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ەشتەڭە قيىن ەمەس، مۇمكىن ءبىراز ۋاقىت ءوتۋى دە نەعايبىل ەمەس. الايدا بۇنداعى ماڭىزدىسى ءبىزدىڭ يمانىمىزدىڭ كۇشتى بولۋى-ءدۇر، ال جاقسى ءشۇيىنشى حاباردى پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ كەتكەن، اۋليە ماشايىقتاردىڭ ايتقان جاقسى ءشۇيىنشىسى دە وسى ءماحدي الەيحيس سالام. ءبىز بولىپ وتكەن ۋاقيعالارعا كۋا بولعانىمىزداي، ونىڭ شىعۋى دا تەز بولۋى مۇمكىن، ينشاللا، بۇكىل دۇنيەدە زۇلىمدىق جوعالعاي، ينشاللا، ەسەندىك ورناعاي، ينشاللا، يسلام كەلگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7956