- Сұхбат: пайғамбарымыз: жақсылықты ырым етсең, жақсылыққа жетесің (2024.11.27 / Хижра 1446-жыл 25-Жұмада Әл-Ауал) ...
- МӘХДИ ХАЗІРЕТ АҚШ-ЕВРОПА, ОРЫС-ҚЫТАЙДЫ КАРТАДАН ӨШІРІП, ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТЕТІН АДАМ қазір ақырзаман болғандықтан сан түрлі былықтар туылып, кейбіреулер өзін, кейбірі өз пірлерін, кейбірі өткен әулиелерді, кейбірі жәй біреуді, тіпті кейбірі ...
арам шөп сияқты босқа өмір сүрме, ғыйбырат ал
https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7913
Сұхбат: арам шөп сияқты босқа өмір сүрме, ғыйбырат ал (2024.11.26 / Хижра 1446-жыл 24-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «فَٱعْتَبِرُوا۟ يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَبْصَـٰرِ» (сондықтан сабақ алыңдар, о көреген адамдар) (құран 59:02), садақал лахул ғазим, «о көре білетін көзі ашық адамдар, сабақ алыңдар» делінер, демек бұл дүниеде өмір сүруіміз әрбір сәттен сабақпен ғыйбырат алуымыз үшін болмақ. Әр нәрседе хикіметпен тәжәлли бар, осыны көре білетін адамдар одан ғибырат алып, игілікке кенеле біледі, ал көре білмейтіндер ештеңе білмес, олар надан болып келеді де, сол надан бойы аттанып кетеді, олар ештеңеден пайда ала алмайды.
Ғибырат ала білетіндер әр нәрседен пайда ала біледі, себебі бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның әмірі, ол арам шөп сияқты біраз тұрып, онан соң жоқ болып кетуге ұқсайтын нәрсе емес, Алла Әззә Уә-Жәллә мына дүниедегі осы өмірді ақиреттің қазынасы үшін жаратты, сондықтан ғыибырат алу бір әмір еді. Әр нәрседен сабақ я ғибырат ала біліңіз, өміріңізден және басқалардың іс-амалдарынан ғыйбырат ала біліңіз, көргеніңізден ғыйбырат алу дегеніміз сол көрген нәрсеңіздің астарында жатқан хикімет жәйлы ойлана білу болмақ, тіпті ештеңені түсінбесеңіз де, Алла Әззә Уә-Жәлләның оған салған хикіметін ойлана білу сізге аса пайдалы, кемінде Алла Әззә Уә-Жәлләны еске аласыз.
Алла Әззә Уә-Жәлләның жаратылыстарынан ғыибырат аларлық нәрселер өте көп, бұрын көптеген адамдар өтіп кетті, ал қазір көптеген адамдар өмір сүруде және болашақта да көптеген адамдар келмек, «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَـٰكُمْ عَبَثًۭا» (сонан соң «Біз сендерді босқа жаратты» деп ойлайсыңдар ма?) (құран 23:115), «сендерді босқа жаратпадық» дейді Алла Әззә Уә-Жәллә, сондықтан мына бүкіл өмір ғыйбыратқа толы, өз өміріңіз болсын я басқалардың өмірі болсын, ол сізге жақсымен жақын болуға, ал жаманнан аулақ болуға ғыйбырат береді, иншалла, Алла ﷻ хикіметті түсінуіміз үшін бізге жәрдем еткей, иншалла.
Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ارام ءشوپ سياقتى بوسقا ءومىر سۇرمە، عىيبىرات ال (2024.11.26 / حيجرا 1446-جىل 24-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَٱعْتَبِرُوا۟ يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَبْصَـٰرِ» (سوندىقتان ساباق الىڭدار، و كورەگەن ادامدار) (قۇران 59:02)، ساداقال لاحۋل عازيم، «و كورە بىلەتىن كوزى اشىق ادامدار، ساباق الىڭدار» دەلىنەر، دەمەك بۇل دۇنيەدە ءومىر ءسۇرۋىمىز ءاربىر ساتتەن ساباقپەن عىيبىرات الۋىمىز ءۇشىن بولماق. ءار نارسەدە حيكىمەتپەن ءتاجاللي بار، وسىنى كورە بىلەتىن ادامدار ودان عيبىرات الىپ، يگىلىككە كەنەلە بىلەدى، ال كورە بىلمەيتىندەر ەشتەڭە بىلمەس، ولار نادان بولىپ كەلەدى دە، سول نادان بويى اتتانىپ كەتەدى، ولار ەشتەڭەدەن پايدا الا المايدى.
عيبىرات الا بىلەتىندەر ءار نارسەدەن پايدا الا بىلەدى، سەبەبى بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرى، ول ارام ءشوپ سياقتى ءبىراز تۇرىپ، ونان سوڭ جوق بولىپ كەتۋگە ۇقسايتىن نارسە ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنا دۇنيەدەگى وسى ءومىردى اقيرەتتىڭ قازىناسى ءۇشىن جاراتتى، سوندىقتان عىيبىرات الۋ ءبىر ءامىر ەدى. ءار نارسەدەن ساباق يا عيبىرات الا ءبىلىڭىز، ومىرىڭىزدەن جانە باسقالاردىڭ ءىس-امالدارىنان عىيبىرات الا ءبىلىڭىز، كورگەنىڭىزدەن عىيبىرات الۋ دەگەنىمىز سول كورگەن نارسەڭىزدىڭ استارىندا جاتقان حيكىمەت ءجايلى ويلانا ءبىلۋ بولماق، ءتىپتى ەشتەڭەنى تۇسىنبەسەڭىز دە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ وعان سالعان حيكىمەتىن ويلانا ءبىلۋ سىزگە اسا پايدالى، كەمىندە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ەسكە الاسىز.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جاراتىلىستارىنان عىيبىرات الارلىق نارسەلەر وتە كوپ، بۇرىن كوپتەگەن ادامدار ءوتىپ كەتتى، ال ءقازىر كوپتەگەن ادامدار ءومىر سۇرۋدە جانە بولاشاقتا دا كوپتەگەن ادامدار كەلمەك، «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَـٰكُمْ عَبَثًۭا» (سونان سوڭ «ءبىز سەندەردى بوسقا جاراتتى» دەپ ويلايسىڭدار ما؟) (قۇران 23:115)، «سەندەردى بوسقا جاراتپادىق» دەيدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، سوندىقتان مىنا بۇكىل ءومىر عىيبىراتقا تولى، ءوز ءومىرىڭىز بولسىن يا باسقالاردىڭ ءومىرى بولسىن، ول سىزگە جاقسىمەن جاقىن بولۋعا، ال جاماننان اۋلاق بولۋعا عىيبىرات بەرەدى، ينشاللا، اللا ﷻ حيكىمەتتى ءتۇسىنۋىمىز ءۇشىن بىزگە جاردەم ەتكەي، ينشاللا.
ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7913
- Сұхбат: пайғамбарымыз: жақсылықты ырым етсең, жақсылыққа жетесің (2024.11.27 / Хижра 1446-жыл 25-Жұмада Әл-Ауал) ...
- МӘХДИ ХАЗІРЕТ АҚШ-ЕВРОПА, ОРЫС-ҚЫТАЙДЫ КАРТАДАН ӨШІРІП, ҚАЗІРГІ ДҮНИЕ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТЕТІН АДАМ қазір ақырзаман болғандықтан сан түрлі былықтар туылып, кейбіреулер өзін, кейбірі өз пірлерін, кейбірі өткен әулиелерді, кейбірі жәй біреуді, тіпті кейбірі ...