You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ЖАНМЕН ТӘН БӨЛЕК, ЖАН ТӘНГЕ ӘРУАҚТАР ӘЛЕМІНЕН ӘКЕЛІНЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7780
ЖАНМЕН ТӘН БӨЛЕК, ЖАН ТӘНГЕ ӘРУАҚТАР ӘЛЕМІНЕН ӘКЕЛІНЕДІ

күллі адамзаттың жаны адам ата жаралудан бұрын яғни әлмисақта пайғамбарымыздың нұрынан жаңбырша шашырап шығып, жаралған еді, жан-рух яғни әруақ өте сырлы нәрсе, оған ақыл жетпес, сондықтан кім жан жәйлы көп ойлана берсе, оның сырына санасы жетпей діннен шығады, Алла жанды зеріттеуді харам еткен, ал оны зеріттемек болған кісінің адасары сөзсіз. Жандар барзақ яғни әруақтар әлемінде тұрады, адам тәні ана құрсағында өсіп мәлім уақыт болғанда, періштелер Алла қалаған мәлім жанды әруақтар әлемінен ұстап әкеліп, манағы тәнге ұрып кіргізеді, жан кіре сала тәндегі жүрек бүлкілдеп, соға бастайды, жан тәнге осылай байланады. Бұндағы маңыздысы қандай жанның салынуы болмақ, бір құрсақтан әртүрлі мінезді, ұқсамаған тағдырлы адамдар туылады, себебі олардың тән-қаны ұқсас болғанымен, жандары ұқсамайды, жан бөлек әлемнен жерге әкелініп, тәнге салынады. Ең асыл жан пайғамбарымыздың жаны, онан соң өзге пайғамбарлардың жаны, онан әулиелердің, сахабалардың, онан игілердің, мүминдердің жаны асыл келер. Тән жаралудан бұрынғы сонау әлимисақта жандар бір-бірімен араластырылып жіберілді, сол кезде кейбір жан-рухтар бір-бірін ұнатып, өзара жақындасты, кейбір жан-рухтар бір-бірін жек көріп, өзара кетісті, ал осы жандар кейін адам баласына салынған соң, бұл дүниеде де солай істер, адамдардың бір-бірін жек көруі я ұнатуы осыдан қалған, бұлар адам жаралудан бұрынғы әлмисақта туылып болған істер еді.

جانمەن ءتان بولەك، جان تانگە ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىنەدى

كۇللى ادامزاتتىڭ جانى ادام اتا جارالۋدان بۇرىن ياعني ءالميساقتا پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنان جاڭبىرشا شاشىراپ شىعىپ، جارالعان ەدى، جان-رۋح ياعني ءارۋاق وتە سىرلى نارسە، وعان اقىل جەتپەس، سوندىقتان كىم جان ءجايلى كوپ ويلانا بەرسە، ونىڭ سىرىنا ساناسى جەتپەي دىننەن شىعادى، اللا جاندى زەرىتتەۋدى حارام ەتكەن، ال ونى زەرىتتەمەك بولعان كىسىنىڭ اداسارى ءسوزسىز. جاندار بارزاق ياعني ءارۋاقتار الەمىندە تۇرادى، ادام ءتانى انا قۇرساعىندا ءوسىپ ءمالىم ۋاقىت بولعاندا، پەرىشتەلەر اللا قالاعان ءمالىم جاندى ءارۋاقتار الەمىنەن ۇستاپ اكەلىپ، ماناعى تانگە ۇرىپ كىرگىزەدى، جان كىرە سالا تاندەگى جۇرەك بۇلكىلدەپ، سوعا باستايدى، جان تانگە وسىلاي بايلانادى. بۇنداعى ماڭىزدىسى قانداي جاننىڭ سالىنۋى بولماق، ءبىر قۇرساقتان ءارتۇرلى مىنەزدى، ۇقساماعان تاعدىرلى ادامدار تۋىلادى، سەبەبى ولاردىڭ ءتان-قانى ۇقساس بولعانىمەن، جاندارى ۇقسامايدى، جان بولەك الەمنەن جەرگە اكەلىنىپ، تانگە سالىنادى. ەڭ اسىل جان پايعامبارىمىزدىڭ جانى، ونان سوڭ وزگە پايعامبارلاردىڭ جانى، ونان اۋليەلەردىڭ، ساحابالاردىڭ، ونان يگىلەردىڭ، مۇميندەردىڭ جانى اسىل كەلەر. ءتان جارالۋدان بۇرىنعى سوناۋ ءاليميساقتا جاندار ءبىر-بىرىمەن ارالاستىرىلىپ جىبەرىلدى، سول كەزدە كەيبىر جان-رۋحتار ءبىر-ءبىرىن ۇناتىپ، ءوزارا جاقىنداستى، كەيبىر جان-رۋحتار ءبىر-ءبىرىن جەك كورىپ، ءوزارا كەتىستى، ال وسى جاندار كەيىن ادام بالاسىنا سالىنعان سوڭ، بۇل دۇنيەدە دە سولاي ىستەر، ادامداردىڭ ءبىر-ءبىرىن جەك كورۋى يا ۇناتۋى وسىدان قالعان، بۇلار ادام جارالۋدان بۇرىنعى ءالميساقتا تۋىلىپ بولعان ىستەر ەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7780