You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ШАЙТАН НЕ ҮШІН 'ӘУЛИЕ ҚАБЫРЫН ЗИЯРАТ ЕТУ ШІРІК' ДЕЙДІ?



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7745
ШАЙТАН НЕ ҮШІН 'ӘУЛИЕ ҚАБЫРЫН ЗИЯРАТ ЕТУ ШІРІК' ДЕЙДІ?

жер бетіндегі ең қасиетті жер қағба, онда тілеген дұға оңай қабыл болады, ал харам мешітінде өтеген намазға 100 мың есе сауап беріледі, онан соң ең қасиетті жер пайғамбарымыздың қабыры жатқан нәбауи мешіті болып, онда өтелген намазға 1000 есе сауап беріледі, олардан кейінгі қасиетті жер әл-ақса мешіті, онда оқылған намазға 500 есе сауап жазылады. Бұлардан соң өзге пайғамбарлардың, сахабалармен әулиелердің қабырлары ең қасиетті жерлер саналады, бұл қабырлар әр жерде бар, ал олардың қабырын зиярат етуде зор игілік бар, әрине ол жерлерді Алла ризалығы үшін зиярат етесіз, онда жасалған игі дұға да оңай қабыл болады, себебі онда жатқан әулие жасаған жақсы дұғаңа 'аумин' дер, ал әулиенің 'аумины' кері қайтарылмайды. Әулие Алланың досы, Алла олар жатқан жерге илаһи назарымен рахымын қияметке дейін үзбей төгіп тұрады, сондықтан әулие қабырларын көп зиярат етсеңіз, тәнге де руханиятқа да бірдей пайда бар, сонымен бірге Алланың рахымына бөленесіз. Бірақ қазір шайтанға әскер болып кеткен үлкен топтар бар болып, олар 'әулие қабырын зиярат етпеңдер, ол шірік' деп сарнайды, олардың мақсаты сол, олар сізді Алла рахымынан, әулие шарапатынан алыс еткісі келеді, басқа дәнеңе емес, оларға алданба. Қағбамен пайғамбарымыздың қабыры ең қасиетті жер, бірақ елдің барлығының онда ұдайы баруға мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан олар өздері бара алатын жердегі әулиелердің қабырларын ұдайы зиярат етсе болады.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ

شايتان نە ءۇشىن 'اۋليە قابىرىن زيارات ەتۋ شىرىك' دەيدى؟

جەر بەتىندەگى ەڭ قاسيەتتى جەر قاعبا، وندا تىلەگەن دۇعا وڭاي قابىل بولادى، ال حارام مەشىتىندە وتەگەن نامازعا 100 مىڭ ەسە ساۋاپ بەرىلەدى، ونان سوڭ ەڭ قاسيەتتى جەر پايعامبارىمىزدىڭ قابىرى جاتقان ءناباۋي مەشىتى بولىپ، وندا وتەلگەن نامازعا 1000 ەسە ساۋاپ بەرىلەدى، ولاردان كەيىنگى قاسيەتتى جەر ءال-اقسا مەشىتى، وندا وقىلعان نامازعا 500 ەسە ساۋاپ جازىلادى. بۇلاردان سوڭ وزگە پايعامبارلاردىڭ، ساحابالارمەن اۋليەلەردىڭ قابىرلارى ەڭ قاسيەتتى جەرلەر سانالادى، بۇل قابىرلار ءار جەردە بار، ال ولاردىڭ قابىرىن زيارات ەتۋدە زور يگىلىك بار، ارينە ول جەرلەردى اللا ريزالىعى ءۇشىن زيارات ەتەسىز، وندا جاسالعان يگى دۇعا دا وڭاي قابىل بولادى، سەبەبى وندا جاتقان اۋليە جاساعان جاقسى دۇعاڭا 'اۋمين' دەر، ال اۋليەنىڭ 'اۋمينى' كەرى قايتارىلمايدى. اۋليە اللانىڭ دوسى، اللا ولار جاتقان جەرگە يلاھي نازارىمەن راحىمىن قيامەتكە دەيىن ۇزبەي توگىپ تۇرادى، سوندىقتان اۋليە قابىرلارىن كوپ زيارات ەتسەڭىز، تانگە دە رۋحانياتقا دا بىردەي پايدا بار، سونىمەن بىرگە اللانىڭ راحىمىنا بولەنەسىز. ءبىراق ءقازىر شايتانعا اسكەر بولىپ كەتكەن ۇلكەن توپتار بار بولىپ، ولار 'اۋليە قابىرىن زيارات ەتپەڭدەر، ول شىرىك' دەپ سارنايدى، ولاردىڭ ماقساتى سول، ولار ءسىزدى اللا راحىمىنان، اۋليە شاراپاتىنان الىس ەتكىسى كەلەدى، باسقا دانەڭە ەمەس، ولارعا الدانبا. قاعبامەن پايعامبارىمىزدىڭ قابىرى ەڭ قاسيەتتى جەر، ءبىراق ەلدىڭ بارلىعىنىڭ وندا ۇدايى بارۋعا مۇمكىندىگى بولا بەرمەيدى، سوندىقتان ولار وزدەرى بارا الاتىن جەردەگى اۋليەلەردىڭ قابىرلارىن ۇدايى زيارات ەتسە بولادى.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7745