You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ИСЛАМ ЖОЛЫМЕН ӨМІР СҮРГІҢІЗ КЕЛСЕ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7735
ИСЛАМ ЖОЛЫМЕН ӨМІР СҮРГІҢІЗ КЕЛСЕ

Алла адамзаттың тура жолдан адаспауы үшін пайғамбарымызды жіберіп, оларға ислам үйретті және сан жүзмың әулиелерін жіберіп, исламды қуаттады. Қазіргілер ислам жолымен өмір сүруді білмес, олар 'ислам тек намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, зекет беру' деп ойлайды, бірақ ислам дегеніміз бүкіл өміріңіз, ол туылғаннан бастап, қара жерге кіргенге дейінгі бүкіл өмірді қалай өткізу керектігін көрсететін аса киелі заң, исламда айтылмай қалған тақырып жоқ, барлығы айтылған. Кім исламмен жүре алса, оның өмірі жәйлы өтетін болады, бірақ исламды өзіңізге сүйеніп, ұстана алмайсыз, ислам жолымен өмір сүру үшін мына үш нәрсе керек. Бірінші, шәриғат-тәриқатты бірге алып жүріңіз, бірін тастасаңыз, ұстаным, көзғарас, әдептен көп мәселе шығып, сеніміңіз қыңыр болар. Екінші, нағыз әулиеден пір тұтыңыз, себебі исламда 'пірі жоқтың пірі шайтан, пірі жоқ кісі 3 күндік жолды 300 жыл жүрер' делінеді, демек пірсіз адам өзінің таяз ойына ілесіп, лағып кетеді де, шайтанға жем болады, ал пірі болса, ол адаспайды. Әулие пірлер ислам жолында жүрудің тірі үлгісі, пайғамбарымыздың мұрагерлері, ал әулиеге еруші мүрит өз ойын пір сөзінен жоғары қоймауы керек, сонда пірге еруден пайда бар, әйтпесе пірге 40 жыл ерсеңіз де, руханиятыңызда өсу болмас. Үшінші, жақсы имани орта керек, ортаңыз Алла жолындағы мүминдерден болса, иманыңызға, отбасыңызға оң әсер етеді, себебі адамның бұзылуы я жақсы болуы достан да болады, демек айналаңыздағы орта маңызды, ол адамға тікелей әсер етеді.

يسلام جولىمەن ءومىر سۇرگىڭىز كەلسە

اللا ادامزاتتىڭ تۋرا جولدان اداسپاۋى ءۇشىن پايعامبارىمىزدى جىبەرىپ، ولارعا يسلام ۇيرەتتى جانە سان ءجۇزمىڭ اۋليەلەرىن جىبەرىپ، يسلامدى قۋاتتادى. قازىرگىلەر يسلام جولىمەن ءومىر ءسۇرۋدى بىلمەس، ولار 'يسلام تەك ناماز وقۋ، ورازا ۇستاۋ، قاجىلىققا بارۋ، زەكەت بەرۋ' دەپ ويلايدى، ءبىراق يسلام دەگەنىمىز بۇكىل ءومىرىڭىز، ول تۋىلعاننان باستاپ، قارا جەرگە كىرگەنگە دەيىنگى بۇكىل ءومىردى قالاي وتكىزۋ كەرەكتىگىن كورسەتەتىن اسا كيەلى زاڭ، يسلامدا ايتىلماي قالعان تاقىرىپ جوق، بارلىعى ايتىلعان. كىم يسلاممەن جۇرە السا، ونىڭ ءومىرى ءجايلى وتەتىن بولادى، ءبىراق يسلامدى وزىڭىزگە سۇيەنىپ، ۇستانا المايسىز، يسلام جولىمەن ءومىر ءسۇرۋ ءۇشىن مىنا ءۇش نارسە كەرەك. ءبىرىنشى، ءشاريعات-ءتاريقاتتى بىرگە الىپ ءجۇرىڭىز، ءبىرىن تاستاساڭىز، ۇستانىم، كوزعاراس، ادەپتەن كوپ ماسەلە شىعىپ، سەنىمىڭىز قىڭىر بولار. ەكىنشى، ناعىز اۋليەدەن ءپىر تۇتىڭىز، سەبەبى يسلامدا 'ءپىرى جوقتىڭ ءپىرى شايتان، ءپىرى جوق كىسى 3 كۇندىك جولدى 300 جىل جۇرەر' دەلىنەدى، دەمەك ءپىرسىز ادام ءوزىنىڭ تاياز ويىنا ىلەسىپ، لاعىپ كەتەدى دە، شايتانعا جەم بولادى، ال ءپىرى بولسا، ول اداسپايدى. اۋليە پىرلەر يسلام جولىندا ءجۇرۋدىڭ ءتىرى ۇلگىسى، پايعامبارىمىزدىڭ مۇراگەرلەرى، ال اۋليەگە ەرۋشى ءمۇريت ءوز ويىن ءپىر سوزىنەن جوعارى قويماۋى كەرەك، سوندا پىرگە ەرۋدەن پايدا بار، ايتپەسە پىرگە 40 جىل ەرسەڭىز دە، رۋحانياتىڭىزدا ءوسۋ بولماس. ءۇشىنشى، جاقسى يماني ورتا كەرەك، ورتاڭىز اللا جولىنداعى مۇميندەردەن بولسا، يمانىڭىزعا، وتباسىڭىزعا وڭ اسەر ەتەدى، سەبەبى ادامنىڭ بۇزىلۋى يا جاقسى بولۋى دوستان دا بولادى، دەمەك اينالاڭىزداعى ورتا ماڭىزدى، ول ادامعا تىكەلەي اسەر ەتەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7735