You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ЖЫН СОҚҚАН АДАММЕН РУХАНИ АУРУ АДАМ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7667
ЖЫН СОҚҚАН АДАММЕН РУХАНИ АУРУ АДАМ

пайғамбарымыз "айтқан сөзіңде тұр, уәдеңді сақта, аманатқа қиянат етпе, адам алдама, өтірік айтпа" дейді, себебі бұл мұнафиықтыққа жатады, кімде осы қасиеттер болса, ол расында сау адам емес, рухани ауру кісі, ол қажылыққа 10 рет, умыраға 25 рет барса да, онысы оған пайда бермес, жұрт "жын соққан адамды рухани ауру кісі" деп ойлайды, ал ақиқатында рухани ауру адам дегеніміз манағындай кеселдері бар адам, жын соққан адам жынның әсерінде физикалық тұрғыда ақыл-есі кедергіге ұшыраған адам, Алла ақиретте жын соққан адамды бұл дүниеде көп қиналғаны үшін түгел кешіріп, оны жәннатқа кіргізіп жібереді, еш ісін сұраққа алмайды, бірақ есі сау адамдардан есеп алады, жын соққан адамға, есі кеткен адамға күлме, өзіңдегі рухани ауруларыңды емдемесең, ақиретте олардың шаңына да жете алмайтын боласың, себебі Алла біздің ақыл-есімізді сау қылды әрі ақиретте біз осы нығыметтен сұраламыз.

جىن سوققان اداممەن رۋحاني اۋرۋ ادام

پايعامبارىمىز "ايتقان سوزىڭدە تۇر، ۋادەڭدى ساقتا، اماناتقا قيانات ەتپە، ادام الداما، وتىرىك ايتپا" دەيدى، سەبەبى بۇل مۇنافيىقتىققا جاتادى، كىمدە وسى قاسيەتتەر بولسا، ول راسىندا ساۋ ادام ەمەس، رۋحاني اۋرۋ كىسى، ول قاجىلىققا 10 رەت، ۋمىراعا 25 رەت بارسا دا، ونىسى وعان پايدا بەرمەس، جۇرت "جىن سوققان ادامدى رۋحاني اۋرۋ كىسى" دەپ ويلايدى، ال اقيقاتىندا رۋحاني اۋرۋ ادام دەگەنىمىز ماناعىنداي كەسەلدەرى بار ادام، جىن سوققان ادام جىننىڭ اسەرىندە فيزيكالىق تۇرعىدا اقىل-ەسى كەدەرگىگە ۇشىراعان ادام، اللا اقيرەتتە جىن سوققان ادامدى بۇل دۇنيەدە كوپ قينالعانى ءۇشىن تۇگەل كەشىرىپ، ونى ءجانناتقا كىرگىزىپ جىبەرەدى، ەش ءىسىن سۇراققا المايدى، ءبىراق ەسى ساۋ ادامداردان ەسەپ الادى، جىن سوققان ادامعا، ەسى كەتكەن ادامعا كۇلمە، وزىڭدەگى رۋحاني اۋرۋلارىڭدى ەمدەمەسەڭ، اقيرەتتە ولاردىڭ شاڭىنا دا جەتە المايتىن بولاسىڭ، سەبەبى اللا ءبىزدىڭ اقىل-ەسىمىزدى ساۋ قىلدى ءارى اقيرەتتە ءبىز وسى نىعىمەتتەن سۇرالامىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7667