You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: исламның 4 қамалы, тәриқат, мәзхап, хадис, құран (2024.04.19 / Хижра 1445-жыл 10-шәууал)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7535
Сұхбат: исламның 4 қамалы, тәриқат, мәзхап, хадис, құран (2024.04.19 / Хижра 1445-жыл 10-шәууал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «ِوَإِن ﻣِّﻦ ﺷَﻲْء ٍ إِﻻ ﱠ ﯾُﺴَﺒِّﺢ ُ ﺑِﺤَﻤْﺪ» (Одан басқа Оның мақтауына лайық ешкім жоқ) (құран 17:44), бүкіл барлығы Алла ﷻ-дың есімін атауда, әр нәрсе, әр тас, жануар немесе су болсын, осылардың барлығы зікір жасап, Алла ﷻ-дың есім айтып жатыр, Алла ﷻ айтар, бисмиллахир рахманир рахим, «ﻓَﺎذْﻛُﺮُوﻧِﻲ أَذْﻛُﺮْﻛُﻢ ْ وَاﺷْﻜُﺮُوا ﻟِﻲ وَﻻ َ ﺗَﻜْﻔُﺮُون» (сондықтан Мені еске алыңдар, Мен сендерді еске аламын, Маған шүкіршіл болыңдар, Мені терістемеңдер) (құран 02:152), Алла ﷻ «Мені еске алыңдар, Мені зікірлеңдер, Маған алғыс айтыңдар, шүкір етіңдер, күпір етпеңдер» деп айтуда, сондықтан, әлхамдулилла, біз бұнда Алла ﷻ-ды айтып, Алла ﷻ-ды еске алу үшін, Оның есімдерін атап, Оның бізге бергендері үшін Оған алғыс жаудыруға жиналып отырмыз, шамаңыздың келгенінше, Оның есімдерін көптеп зікірлеңіз, Оның есімімен барлығы оңайласар, игілік те көптеп келер.

Рахат көріп, ләззәт татуыңыздың еш ерсілігі жоқ, бірақ Алла ﷻ-ды ұмытып кетпесеңіз болғаны, демалуда, қызық көруде тұрған ештеңе жоқ, бірақ сіз өз Жаратушыңызды, Раббыңыз Алла Әззә уә-Жәлләны еске берік сақтауыңыз керек, бүгін, әлхамдулилла, біз бір жерден тағы бір жерге яғни франсиядан испанияға бара жатырмыз, Алла ﷻ өте әдемі жерлерді жаратқан, біз қуанып тұрмыз, әлхамдулилла, біз кемінде Оның есімін еске алып, айтып жатырмыз, Оның бергендеріне, осы жерлерді көруімізге нәсіп еткеніне алғысымызды айтудамыз, әлхамдулилла, біз бүгін осы тау ішінде жұртпен бірге көп зікірледік, көзге көрінбейтін жаратылыстар да болады, олар сондай қуануда, себебі олардың бұны естімегендеріне өте ұзақ болған еді, тас, ағаш, су болсын, барлығы қуанулы әрі олар берекелене түсті, құтайды.

Адамдар «машинамен, сол тектес құралдармен біз пайдаларға жетеміз» деп ойлар, бірақ бұл нәрселерде береке жоқ, қазір құт-берекені ... Алла Әззә уә-Жәллә қазір құт-берекені жерден алып кетті, береке Алла ﷻ-дан бір сыр-құпия, Ол адамдарға осы өмірді танырлық білімнен аз ғана нәрселер берген, бұндағы үлкен сыр береке болмақ, ертеде адамдар оны әр жерде айтушы еді, ол кезде адамдар атызға өздері барып, жәяу жұмыс бітіретін, жер қазатын немесе жануарларды істететін, осы әр істерінде олар Алла ﷻ-ды еске алатын әрі олардың жиған-тергендері оларға жетіп-асатын еді, тіпті бір-екі сыйырдың өзі бір отбасына жеткілікті болатын, қазір олар жүз болса да жетпейді, егер жүрген кезде Алла ﷻ-дың есімін айтып жүрсеңіз, олардың барлығы сіз үшін қиямет күнінде куа болып, «олар бұнда осындай зікірлерді айтты» дер, осылайша әрбір қадамымыз сауапқа жазылады.

Ислам діні руханият діні, тек қана ... әрине ақыл да керек, исламда барлығы ақылға да жүгінеді, бірақ одан тыс исламда аса күшті руханият қуаты бар, кейбір адамдар исламды құрту үшін «исламда руханият жоқ» дер, ал исламда «береке» деген бір руханият бар, береке болмаса, адамдар ештеңеге жетпес, адамдар берекесіз өмір де сүре алмас, өмір сүрер, бірақ береке болмағандықтан құты қашар. Мәселен, Дамашық сияқты кейбір жерлер бар, Мәуләнә «осы жерлерде береке бар» деп ұдайы айтып отыратын, онда нағыз береке бар, онда өмір сүріп жатқандар өте кедей, ал қазір олардың басына келген қиыншылықтарды қосыңыз, бірақ сонда да ондағы адамдар өмір сүріп жатыр, қырылып қалған жоқ, егер осындай жағдай европада туылса, адамдар аштықтан қырылар еді, не үшін бұлай болады? пайғамбарымыз ﷺ «اﻟﻠﮭﻢ ﱠ ﺑﺎرك ْ ﻟﻨﺎ ﻓﻲﺷﺎﻣِﻨﺎوﯾﻤﻨِﻨﺎ» (о Алла Шаммен Йеменге береке бер) деп дұға еткен, осы дұғамен ақ бұнда руханият болмаса да, демек рухани жұтаң болса да олар орнында тұр. Бұзықтар жұрттың сенім-иманын бұзғысы келер, алайда Алла ﷻ біреуді қайырда еткісі келсе, Ол оны осы кесірлі адамдардан сақтайды, Алла ﷻ көмек бергей, бізді аман еткей және береке бергей, иншалла, біз қайда барсақ та құт-берекенің келуіне дұға жасаймыз, иншалла, себебі мүмин әр адам үшін жақсылық тілейді, Алла ﷻ-дан біреуге жаза немесе басқа бірдеңе тілеу қажетсіз, Алла ﷻ бір нәрсе жіберсе, оны барлық адамға жіберер, сондықтан біз әрдайым, Алла ﷻ-дан баршамызға бірдей рахым сұраймыз.

Бұнда жұрт сұрап жатқан тағы бір мәселе бар, біздің кейбір адамдар шәриғат жәйлы көп біле бермейді, сондықтан кейде олар бірдеңелерді араластырып алып, жақсы іс қылып жатқандай көрер, «біз жақсы амал еттік» деп ойлап қалар, алайда сіз бұлай етпей, мәзхапқа да ілесуіңіз керек, олар осы жәйлы сұрады, біз қазір сапар намаз оқып жүрміз, сондықтан 4 ракаттың орнына қысқартып, 2 ракат оқимыз, бұл барлық мәзхаптар үшін солай, бірақ олардың арасында кейбір ұқсамастықтар бар, біздің мәзхапта (ханафи) ... әркім кезкелген мәзхапқа еруіне болады, бірақ біздің ханафи мәзхабында сапар 15 күн болар, демек сіз 15 күннен аз сапар жасасаңыз, бұл шартқа толады, ал одан көп болса, сіз сапарда есептелінбейсіз, егер сіз мүсәпір (жолаушы) болсаңыз, парызды 2 ракат оқуыңыз керек, ханафи мәзхабында солай, сондықтан егер сіз 4 ракат оқысаңыз да, ол үшін артық сауап таба алмайсыз немесе сауабыңыз кеміп қалмайды, 2 ракат парыз үшін де солай, бірақ сүннет намазды орындай алғаныңызша орындаңыз.

Айтып өткеніміздей, бұл 15 күнде, ал шафиғи мәзхабында сапар 3 күн ғана, осы 3 күн ішінде олар парызды 4 немесе 2 ракат етіп орындауына болады, өз еріктері, бұдан бөлек оларда тағы бір нәрсе бар, демек олар бесінмен екінті немесе ақшаммен құптанды бірге қосып (жамғ етіп) оқуына болады, біздің ханафи мәзхабында бұндай жоқ, бірақ айтып өттік, шафиғи мәзхабында адамдар 3 күннен соң сапар да есептелінбейды, бірақ бақытсыздыққа орай көптеген адамдар 3 күннен көп болып кетсе де, бесінмен екінтіні немесе ақшаммен құптанды бірге қосып орындап жүр, мәлики мәзхабында қалай болатынын білмедік, менше мәликимен ханбалида олар ұқсас, 3 мәзхапта сапар 3 күн, бірақ ханафи мәзхабында 15 күн. Оразада да солай, егер мүсәфір болсаңыз, оразаңызды бұзуыңызға болады, ол 15 күн немесе 3 күн өлшеміне қаралар, алайда бұнда оразаны бұзу міндет емес, демек сіз оразаңызды ұстап жүре берсеңіз де немесе бұзсаңыз да болады.

Көптеген адамдар «Мәуләнә да солай істеді» дер, бірақ кейде басқа мәзхапқа еру қажет болып қалатын кездер де болады, себебі жаңа мұсылмандар бұл (мәзхап) жәйлы ештеңе білмейді, олар «ол 2 ракат екен» деп ойлар, міне осылай олар кейін де 2 ракат етіп орындап жүре береді, сондықтан Мәуләнә оны 4 ракат етіп істеген, себебі ондағылардың көбі дерліктей исламға жаңа кірген жаңа мұсылмандар еді, әлхамдулилла, қазір олардың барлығы жаңа немесе көне мұсылмандар болсын, барлығы білімді, көп білімі бар, сондықтан мәзхапқа еруде көп мәселе болмас, тәриқаттағылар үшін мәзхапқа еру өте маңызды, мен бұны әр жолы тынбай айтып келемін, исламның қамал-бекіністері бар, бірінші қамалы сопылық тәриқат, екінші қамалы мәзхап (шәриғат), үшінші қамалы хадис, төртінші қамалы құран, бұл аса маңызды, оны жәй ойлап қалмаңыз, себебі көптеген адамдар «мен сопымын, мәзхап керек емес» дер, бірақ бұл өрескел қателік болмақ, расында, өте үлкен қателік, бір сұмдық іс, мәзхапты білмей тұрып «мен мәзхапқа еремін, бірақ оны білмеймін» деуге болар, бірақ «мәзхап жоқ» деп ешқашан айтушы болмаңыз.

Себебі қазір туылып жатқан істер сопылық тәриқатты құртып жатыр, қазір егер сіз тәриқат жәйлы айтар болсаңыз барлық адамдар «сендер мүшірік, сендер кәпір, сендер түк білмейсіңдер» дер, олар исламның бірінші бекініс-қамалы исламды құртты, екінші қамалы мәзхап, олар бұны да құртты, үшінші қамалы хадис, ал қазір олар оған шабул жасауда, олар «олар хадис білмейді, бұның барлығы қате, біз тек құранға ғана қараймыз» дер, онан соң, олар қазір құранның соңына да түсті, «құранның ішіндегі нәрселер өте көп, қарап тұрсақ ондағылардың көбі ұқсас екен, сондықтан біз оларды күшінен қалдыралық, біз мына бір жерін алып тасталық» деп жатыр!

Міне бұл сопылық тәриқатпен мәзхаптың маңыздылығы, олар барлығы бірге келуі керек, біз оны бөліп шығарып тастай алмаймыз, Мәуләнә Шайық Назым хазірет «егер машинаң бұзылып қалса, адамдар "бұл матордың ішіндегі мынауы артық екен, тым артық, оны тастап жіберелік" дей ме? ондай болса машина қалай жұмыс істемекші» деп айтушы еді, бисмиллахир рахманир рахим, «وَٱللَّهُ مُتِمُّ نُورِهِۦ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْكَـٰفِرُونَ» (Алла Өз нұрын мүлтіксіздендіретін болады, кәпірлер оны жақсы көрмесе де) (құран 61:08), иншалла, бұл адамдардың барлығы Мәхди әлейхис-салам келгенде түгел жойылатын болады, ал қазір солардың заманы жүріп тұр, ол хақында алаң болмаңыз, Алла ﷻ дінін қорғап, сақтайтын болады, бизниллаһ (Алла рұхсатында), Алла ﷻ құтқарушысы Сәйдина әл-Мәхди әлейхис-саламды тезірек жібергей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: يسلامنىڭ 4 قامالى، ءتاريقات، ءمازحاپ، حاديس، قۇران (2024.04.19 / حيجرا 1445-جىل 10-ءشاۋۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «ِوَإِن ﻣِّﻦ ﺷَﻲْءء ٍ إِﻻ ﱠ ﯾُﺴَﺒِّﺢ ُ ﺑِﺤَﻤْﺪ» (ودان باسقا ونىڭ ماقتاۋىنا لايىق ەشكىم جوق) (قۇران 17:44)، بۇكىل بارلىعى اللا ﷻ-دىڭ ەسىمىن اتاۋدا، ءار نارسە، ءار تاس، جانۋار نەمەسە سۋ بولسىن، وسىلاردىڭ بارلىعى زىكىر جاساپ، اللا ﷻ-دىڭ ەسىم ايتىپ جاتىر، اللا ﷻ ايتار، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «ﻓَﺎذْﻛُﺮُوﻧِﻲ أَذْﻛُﺮْﻛُﻢ ْ وَاﺷْﻜُﺮُوا ﻟِﻲ وَﻻ َ ﺗَﻜْﻔُﺮُون» (سوندىقتان مەنى ەسكە الىڭدار، مەن سەندەردى ەسكە الامىن، ماعان شۇكىرشىل بولىڭدار، مەنى تەرىستەمەڭدەر) (قۇران 02:152)، اللا ﷻ «مەنى ەسكە الىڭدار، مەنى زىكىرلەڭدەر، ماعان العىس ايتىڭدار، شۇكىر ەتىڭدەر، كۇپىر ەتپەڭدەر» دەپ ايتۋدا، سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇندا اللا ﷻ-دى ايتىپ، اللا ﷻ-دى ەسكە الۋ ءۇشىن، ونىڭ ەسىمدەرىن اتاپ، ونىڭ بىزگە بەرگەندەرى ءۇشىن وعان العىس جاۋدىرۋعا جينالىپ وتىرمىز، شاماڭىزدىڭ كەلگەنىنشە، ونىڭ ەسىمدەرىن كوپتەپ زىكىرلەڭىز، ونىڭ ەسىمىمەن بارلىعى وڭايلاسار، يگىلىك تە كوپتەپ كەلەر.

راحات كورىپ، ءلاززات تاتۋىڭىزدىڭ ەش ەرسىلىگى جوق، ءبىراق اللا ﷻ-دى ۇمىتىپ كەتپەسەڭىز بولعانى، دەمالۋدا، قىزىق كورۋدە تۇرعان ەشتەڭە جوق، ءبىراق ءسىز ءوز جاراتۋشىڭىزدى، راببىڭىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ەسكە بەرىك ساقتاۋىڭىز كەرەك، بۇگىن، ءالحامدۋليللا، ءبىز ءبىر جەردەن تاعى ءبىر جەرگە ياعني فرانسيادان يسپانياعا بارا جاتىرمىز، اللا ﷻ وتە ادەمى جەرلەردى جاراتقان، ءبىز قۋانىپ تۇرمىز، ءالحامدۋليللا، ءبىز كەمىندە ونىڭ ەسىمىن ەسكە الىپ، ايتىپ جاتىرمىز، ونىڭ بەرگەندەرىنە، وسى جەرلەردى كورۋىمىزگە ءناسىپ ەتكەنىنە العىسىمىزدى ايتۋدامىز، ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇگىن وسى تاۋ ىشىندە جۇرتپەن بىرگە كوپ زىكىرلەدىك، كوزگە كورىنبەيتىن جاراتىلىستار دا بولادى، ولار سونداي قۋانۋدا، سەبەبى ولاردىڭ بۇنى ەستىمەگەندەرىنە وتە ۇزاق بولعان ەدى، تاس، اعاش، سۋ بولسىن، بارلىعى قۋانۋلى ءارى ولار بەرەكەلەنە ءتۇستى، قۇتايدى.

ادامدار «ماشينامەن، سول تەكتەس قۇرالدارمەن ءبىز پايدالارعا جەتەمىز» دەپ ويلار، ءبىراق بۇل نارسەلەردە بەرەكە جوق، ءقازىر قۇت-بەرەكەنى ... اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءقازىر قۇت-بەرەكەنى جەردەن الىپ كەتتى، بەرەكە اللا ﷻ-دان ءبىر سىر-قۇپيا، ول ادامدارعا وسى ءومىردى تانىرلىق بىلىمنەن از عانا نارسەلەر بەرگەن، بۇنداعى ۇلكەن سىر بەرەكە بولماق، ەرتەدە ادامدار ونى ءار جەردە ايتۋشى ەدى، ول كەزدە ادامدار اتىزعا وزدەرى بارىپ، ءجاياۋ جۇمىس بىتىرەتىن، جەر قازاتىن نەمەسە جانۋارلاردى ىستەتەتىن، وسى ءار ىستەرىندە ولار اللا ﷻ-دى ەسكە الاتىن ءارى ولاردىڭ جيعان-تەرگەندەرى ولارعا جەتىپ-اساتىن ەدى، ءتىپتى ءبىر-ەكى سىيىردىڭ ءوزى ءبىر وتباسىنا جەتكىلىكتى بولاتىن، ءقازىر ولار ءجۇز بولسا دا جەتپەيدى، ەگەر جۇرگەن كەزدە اللا ﷻ-دىڭ ەسىمىن ايتىپ جۇرسەڭىز، ولاردىڭ بارلىعى ءسىز ءۇشىن قيامەت كۇنىندە كۋا بولىپ، «ولار بۇندا وسىنداي زىكىرلەردى ايتتى» دەر، وسىلايشا ءاربىر قادامىمىز ساۋاپقا جازىلادى.

يسلام ءدىنى رۋحانيات ءدىنى، تەك قانا ... ارينە اقىل دا كەرەك، يسلامدا بارلىعى اقىلعا دا جۇگىنەدى، ءبىراق ودان تىس يسلامدا اسا كۇشتى رۋحانيات قۋاتى بار، كەيبىر ادامدار يسلامدى قۇرتۋ ءۇشىن «يسلامدا رۋحانيات جوق» دەر، ال يسلامدا «بەرەكە» دەگەن ءبىر رۋحانيات بار، بەرەكە بولماسا، ادامدار ەشتەڭەگە جەتپەس، ادامدار بەرەكەسىز ءومىر دە سۇرە الماس، ءومىر سۇرەر، ءبىراق بەرەكە بولماعاندىقتان قۇتى قاشار. ماسەلەن، داماشىق سياقتى كەيبىر جەرلەر بار، ءماۋلانا «وسى جەرلەردە بەرەكە بار» دەپ ۇدايى ايتىپ وتىراتىن، وندا ناعىز بەرەكە بار، وندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندار وتە كەدەي، ال ءقازىر ولاردىڭ باسىنا كەلگەن قيىنشىلىقتاردى قوسىڭىز، ءبىراق سوندا دا ونداعى ادامدار ءومىر ءسۇرىپ جاتىر، قىرىلىپ قالعان جوق، ەگەر وسىنداي جاعداي ەۆروپادا تۋىلسا، ادامدار اشتىقتان قىرىلار ەدى، نە ءۇشىن بۇلاي بولادى؟ پايعامبارىمىز ﷺ «اﻟﻠﮭﻢ ﱠ ﺑﺎرك ْ ﻟﻨﺎ ﻓﻲﺷﺎﻣِﻨﺎوﯾﻤﻨِﻨﺎ» (و اللا شاممەن يەمەنگە بەرەكە بەر) دەپ دۇعا ەتكەن، وسى دۇعامەن اق بۇندا رۋحانيات بولماسا دا، دەمەك رۋحاني جۇتاڭ بولسا دا ولار ورنىندا تۇر. بۇزىقتار جۇرتتىڭ سەنىم-يمانىن بۇزعىسى كەلەر، الايدا اللا ﷻ بىرەۋدى قايىردا ەتكىسى كەلسە، ول ونى وسى كەسىرلى ادامداردان ساقتايدى، اللا ﷻ كومەك بەرگەي، ءبىزدى امان ەتكەي جانە بەرەكە بەرگەي، ينشاللا، ءبىز قايدا بارساق تا قۇت-بەرەكەنىڭ كەلۋىنە دۇعا جاسايمىز، ينشاللا، سەبەبى ءمۇمين ءار ادام ءۇشىن جاقسىلىق تىلەيدى، اللا ﷻ-دان بىرەۋگە جازا نەمەسە باسقا بىردەڭە تىلەۋ قاجەتسىز، اللا ﷻ ءبىر نارسە جىبەرسە، ونى بارلىق ادامعا جىبەرەر، سوندىقتان ءبىز ءاردايىم، اللا ﷻ-دان بارشامىزعا بىردەي راحىم سۇرايمىز.

بۇندا جۇرت سۇراپ جاتقان تاعى ءبىر ماسەلە بار، ءبىزدىڭ كەيبىر ادامدار ءشاريعات ءجايلى كوپ بىلە بەرمەيدى، سوندىقتان كەيدە ولار بىردەڭەلەردى ارالاستىرىپ الىپ، جاقسى ءىس قىلىپ جاتقانداي كورەر، «ءبىز جاقسى امال ەتتىك» دەپ ويلاپ قالار، الايدا ءسىز بۇلاي ەتپەي، ءمازحاپقا دا ىلەسۋىڭىز كەرەك، ولار وسى ءجايلى سۇرادى، ءبىز ءقازىر ساپار ناماز وقىپ ءجۇرمىز، سوندىقتان 4 راكاتتىڭ ورنىنا قىسقارتىپ، 2 راكات وقيمىز، بۇل بارلىق ءمازحاپتار ءۇشىن سولاي، ءبىراق ولاردىڭ اراسىندا كەيبىر ۇقساماستىقتار بار، ءبىزدىڭ ءمازحاپتا (حانافي) ... اركىم كەزكەلگەن ءمازحاپقا ەرۋىنە بولادى، ءبىراق ءبىزدىڭ حانافي ءمازحابىندا ساپار 15 كۇن بولار، دەمەك ءسىز 15 كۇننەن از ساپار جاساساڭىز، بۇل شارتقا تولادى، ال ودان كوپ بولسا، ءسىز ساپاردا ەسەپتەلىنبەيسىز، ەگەر ءسىز ءمۇساپىر (جولاۋشى) بولساڭىز، پارىزدى 2 راكات وقۋىڭىز كەرەك، حانافي ءمازحابىندا سولاي، سوندىقتان ەگەر ءسىز 4 راكات وقىساڭىز دا، ول ءۇشىن ارتىق ساۋاپ تابا المايسىز نەمەسە ساۋابىڭىز كەمىپ قالمايدى، 2 راكات پارىز ءۇشىن دە سولاي، ءبىراق سۇننەت نامازدى ورىنداي العانىڭىزشا ورىنداڭىز.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇل 15 كۇندە، ال شافيعي ءمازحابىندا ساپار 3 كۇن عانا، وسى 3 كۇن ىشىندە ولار پارىزدى 4 نەمەسە 2 راكات ەتىپ ورىنداۋىنا بولادى، ءوز ەرىكتەرى، بۇدان بولەك ولاردا تاعى ءبىر نارسە بار، دەمەك ولار بەسىنمەن ەكىنتى نەمەسە اقشاممەن قۇپتاندى بىرگە قوسىپ (جامع ەتىپ) وقۋىنا بولادى، ءبىزدىڭ حانافي ءمازحابىندا بۇنداي جوق، ءبىراق ايتىپ وتتىك، شافيعي ءمازحابىندا ادامدار 3 كۇننەن سوڭ ساپار دا ەسەپتەلىنبەيدى، ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي كوپتەگەن ادامدار 3 كۇننەن كوپ بولىپ كەتسە دە، بەسىنمەن ەكىنتىنى نەمەسە اقشاممەن قۇپتاندى بىرگە قوسىپ ورىنداپ ءجۇر، ماليكي ءمازحابىندا قالاي بولاتىنىن بىلمەدىك، مەنشە ماليكيمەن حانباليدا ولار ۇقساس، 3 ءمازحاپتا ساپار 3 كۇن، ءبىراق حانافي ءمازحابىندا 15 كۇن. ورازادا دا سولاي، ەگەر ءمۇسافىر بولساڭىز، ورازاڭىزدى بۇزۋىڭىزعا بولادى، ول 15 كۇن نەمەسە 3 كۇن ولشەمىنە قارالار، الايدا بۇندا ورازانى بۇزۋ مىندەت ەمەس، دەمەك ءسىز ورازاڭىزدى ۇستاپ جۇرە بەرسەڭىز دە نەمەسە بۇزساڭىز دا بولادى.

كوپتەگەن ادامدار «ءماۋلانا دا سولاي ىستەدى» دەر، ءبىراق كەيدە باسقا ءمازحاپقا ەرۋ قاجەت بولىپ قالاتىن كەزدەر دە بولادى، سەبەبى جاڭا مۇسىلماندار بۇل (ءمازحاپ) ءجايلى ەشتەڭە بىلمەيدى، ولار «ول 2 راكات ەكەن» دەپ ويلار، مىنە وسىلاي ولار كەيىن دە 2 راكات ەتىپ ورىنداپ جۇرە بەرەدى، سوندىقتان ءماۋلانا ونى 4 راكات ەتىپ ىستەگەن، سەبەبى ونداعىلاردىڭ كوبى دەرلىكتەي يسلامعا جاڭا كىرگەن جاڭا مۇسىلماندار ەدى، ءالحامدۋليللا، ءقازىر ولاردىڭ بارلىعى جاڭا نەمەسە كونە مۇسىلماندار بولسىن، بارلىعى ءبىلىمدى، كوپ ءبىلىمى بار، سوندىقتان ءمازحاپقا ەرۋدە كوپ ماسەلە بولماس، ءتاريقاتتاعىلار ءۇشىن ءمازحاپقا ەرۋ وتە ماڭىزدى، مەن بۇنى ءار جولى تىنباي ايتىپ كەلەمىن، يسلامنىڭ قامال-بەكىنىستەرى بار، ءبىرىنشى قامالى سوپىلىق ءتاريقات، ەكىنشى قامالى ءمازحاپ (ءشاريعات)، ءۇشىنشى قامالى حاديس، ءتورتىنشى قامالى قۇران، بۇل اسا ماڭىزدى، ونى ءجاي ويلاپ قالماڭىز، سەبەبى كوپتەگەن ادامدار «مەن سوپىمىن، ءمازحاپ كەرەك ەمەس» دەر، ءبىراق بۇل ورەسكەل قاتەلىك بولماق، راسىندا، وتە ۇلكەن قاتەلىك، ءبىر سۇمدىق ءىس، ءمازحاپتى بىلمەي تۇرىپ «مەن ءمازحاپقا ەرەمىن، ءبىراق ونى بىلمەيمىن» دەۋگە بولار، ءبىراق «ءمازحاپ جوق» دەپ ەشقاشان ايتۋشى بولماڭىز.

سەبەبى ءقازىر تۋىلىپ جاتقان ىستەر سوپىلىق ءتاريقاتتى قۇرتىپ جاتىر، ءقازىر ەگەر ءسىز ءتاريقات ءجايلى ايتار بولساڭىز بارلىق ادامدار «سەندەر مۇشىرىك، سەندەر كاپىر، سەندەر تۇك بىلمەيسىڭدەر» دەر، ولار يسلامنىڭ ءبىرىنشى بەكىنىس-قامالى يسلامدى قۇرتتى، ەكىنشى قامالى ءمازحاپ، ولار بۇنى دا قۇرتتى، ءۇشىنشى قامالى حاديس، ال ءقازىر ولار وعان شابۋل جاساۋدا، ولار «ولار حاديس بىلمەيدى، بۇنىڭ بارلىعى قاتە، ءبىز تەك قۇرانعا عانا قارايمىز» دەر، ونان سوڭ، ولار ءقازىر قۇراننىڭ سوڭىنا دا ءتۇستى، «قۇراننىڭ ىشىندەگى نارسەلەر وتە كوپ، قاراپ تۇرساق ونداعىلاردىڭ كوبى ۇقساس ەكەن، سوندىقتان ءبىز ولاردى كۇشىنەن قالدىرالىق، ءبىز مىنا ءبىر جەرىن الىپ تاستالىق» دەپ جاتىر!

مىنە بۇل سوپىلىق تاريقاتپەن ءمازحاپتىڭ ماڭىزدىلىعى، ولار بارلىعى بىرگە كەلۋى كەرەك، ءبىز ونى ءبولىپ شىعارىپ تاستاي المايمىز، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت «ەگەر ماشيناڭ بۇزىلىپ قالسا، ادامدار "بۇل ماتوردىڭ ىشىندەگى مىناۋى ارتىق ەكەن، تىم ارتىق، ونى تاستاپ جىبەرەلىك" دەي مە؟ ونداي بولسا ماشينا قالاي جۇمىس ىستەمەكشى» دەپ ايتۋشى ەدى، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَٱللَّهُ مُتِمُّ نُورِهِۦ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْكَـٰفِرُونَ» (اللا ءوز نۇرىن مۇلتىكسىزدەندىرەتىن بولادى، كاپىرلەر ونى جاقسى كورمەسە دە) (قۇران 61:08)، ينشاللا، بۇل ادامداردىڭ بارلىعى ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە تۇگەل جويىلاتىن بولادى، ال ءقازىر سولاردىڭ زامانى ءجۇرىپ تۇر، ول حاقىندا الاڭ بولماڭىز، اللا ﷻ ءدىنىن قورعاپ، ساقتايتىن بولادى، بيزنيللاھ (اللا رۇحساتىندا)، اللا ﷻ قۇتقارۋشىسى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى تەزىرەك جىبەرگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7535