You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: тіліңе сақ бол, қазір шайтан халифаттығы орнаған заман (2024.02.26 / Хижра 1445-жыл 16-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7455
Сұхбат: тіліңе сақ бол, қазір шайтан халифаттығы орнаған заман (2024.02.26 / Хижра 1445-жыл 16-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Ел арасында «سَلامَةُ الإنسانِ في حِفظِ اللِّسانِ» деген сөз бар, бұл хадис пе, оны білмедім, Алла ең жақсы біледі, бұл бір жақсы сөз, адамды қауіпсіз ететін не нәрсе? тіліне ие болу болмақ, егер сіз тіліңізге ие болсаңыз, есендікте боласыз, пайғамбарымыз ﷺ «кім аузымен ауын жаман істен сақтаса, оған жәннәтті кепіл етемін» дер, бұл аса маңызды мәселе.

Қазіргі кезде шайтан болса адамдарға «сөйлеуің керек, көзғарасыңды білдір, ойыңда не болса соны айт, осылай айтуың керек» деп жатыр, әрине оларды сөйлетіп те жатыр, алайда сіз бұлай айтар болсаңыз, сізге қауіп келеді, ол сізге қайырлы емес, бұндағы қауіптісі ақирет үшін болмақ, мүмкін Алла ﷻ-дан кешірім сұрасаңыз, Ол кешірер, бірақ дүниеде адамдар сізді кешірмейді, демек адам баласы бір-бірін кешіре алмайды, сіз мәлім іс істерсіз немесе жұрт үшін мәлім дұрыс сөз я білгеніңізді айтарсыз, бірақ осы кезде сіз қауіп ішінде қалатын боласыз, сондықтан қауіпсіз болуыңыз үшін білетініңіздің немесе ойыңыздағының немесе көргеніңіздің барлығын түгел айта бермеуіңіз керек, бұл қажетсіз, одан сізге пайда жоқ, сіз 100% емес, 1000% дұрыс болсаңызда, бірақ оныңыз мәлім адамдардың көзіне сыймаса немесе оларға жақсы болмаса, сөзіңізден сізге пайда емес, керісінше тек қана залал келер.

Біз бүкіл барлығы шайтан жағынан меңгерілген заманда өмір сүріп жатырмыз, сондықтан «мен барлығын айта беремін» деп ойлап қалмаңыз, қазір біз шайтанның патшалығының астындамыз, оған бағынып қалдық, сондықтан үнсіз, жәй тыныш жүріңіз, өзіңізге бәле тауып алмаңыз, себебі бәле-қала олар үшін бір жақсы шаруа, шайтан мәселе туындатқанды, бәле әкелгенді ұнатады, демек шайтан сізді жоқ қылу үшін сіздің басыңызға бір бәле келіп, оның сізді жалмап кеткенін қалайды, сондықтан біз үнсіз бағынып, оның күнінің батуын күтудеміз, шайтан патшалығының, демек бұл ғана емес, әр патшалықтың мәлім өмір уақыты болады, ештеңе мәңгілік емес, әр нәрсенің өлшеулі уақыты бар, уақытына қарай, олар келеді, кетеді, және келеді, және кетеді, адамдар кейбір бейне жазбаларда көктем, жаз, күз, қыс төрт маусымның қалай тез өткенін көрсетіп жатады, оған қарасаңыз олардың тез өтіп, кеткенін көресіз, бұл бір жылды көрсеткені, алайда ол сонау Адам әлейхис-саламнан бері солай болып келе жатыр, «одан бері 7000 жыл өтті» делінер, мүмкін одан да көп шығар, көп болды, бұл олардың айтқандары, бірақ оны Аллаху-ғәләм, нақтылы дұрыс сөз жоқ, бірақ Алла ﷻ адам баласын жаратқалы бері уақыт осылай тез өтіп келеді, бір қауыммен ұлт-ұлыстар келеді, дүниені билейді, сонан соң тағы бір тобы келіп, алдынғы жұртты жояды, соңыра тіпті күшті қауым келер, артынша олар да әлсіреп, олар да кетеді, жоқ болады, сан түрлы ұлт-қауымдар осылай келіп-кетіп жатыр, соңына дейін, демек қияметке дейін осылай бола бермек.

Қазір біз бағындық, дабырлап еш дауыс шығармаңыздар, қарсылық етпеңіздер, ештеңе етпеңіз, себебі одан еш игілік келмейді, барлығын олар меңгеріп отыр, демек шайтан меңгеруде, әлі солай, біз өліп қалған адам сияқты, өлік сияқты жүрелік, бұл бейне Мұңғылдардың шауып келгендегі жағдайына ұқсар, Мұңғылдар көзіне кім көрінсе, соны өлтіре берді, бүкіл барлығын өлтірді, сол кезде кейбір адамдар өтірік өліп, жатып қалды, кейін Мұңғылдар кеткенде олар орындарынан тұрды, аман қалды, қазір де жағдай дәл осыған ұқсар, өліп қалған адам сияқты болыңыз, ештеңе айтпаңыз, олар адамдарды өлтіруде, егер сіз бірдеңе десеңіз, сізді де өлтірер, сондықтан ештеңе айтпаңыз, өлген кісі сияқты жүріңіз, тек күтіңіз, шайтан халифаттығы құлап, илаһи заман келетін болады, иншалла, сіз сол кезде манағы өтірік өлген адамдар сияқты орныңыздан тұрыңыз, міне осылай илаһи заманға жетесіз, сол заманға аман-есен жете алсаңыз, қатты қуанарсыз, ал жете алмасаңыз да, ақиретте есендікте боласыз, ең маңызды іс ақиреттегі қауіпсіздігіміз болмақ, ал дүниеде, кім болса да, соңында бәрібір өледі емеспе, мейлі шәхит болсын я болмасын бәрібір ешкім бұнда мәңгі өмір сүрмейді.

Сондықтан сабырлы болыңыз, әрине біз бұл патшалықты жақсы көрмейміз, бірақ оған ештеңе істей алмаймыз, біз осы заманның шайтан салтанат құрған заман екендігін білеміз, өзіңізге және өзгелерге мәселе тудырудан сізге еш пайда келмес, тек тыныш жүріңіз, илаһи заманның, әділ заманның, берекеге толып, барлығы жақсы болған заманның өз уақыты келеді, иншалла, себебі қазір ештеңе қыла алмайсыз, бір тамшы су бүкіл дүниені сусындата ала ма? жоқ, өзіңізді келе жатқан жаңа заманға сақтаңыз, біз қазір кейбір адамдардың бірдеңе істемекші болып жүргенін байқап жүрміз.

Әрине бүкіл дүние бойынша мұсылмандарға көптеген шабуылдар жасалып жатыр, бұндай шабуылдың әр жерде туылып жатқанын көріп отырмыз, біз сабырлымыз, ал біздің істей алатын ісіміз Алла ﷻ-ға «оларды құтқарыңыз» деп дұға жасау ғана болмақ, себебі Сәидина Ибырахим әлейхис-салам лаулаған өрттің ортасында тұрды, бірақ от оны күйдіре алмады, қазір де сонымен ұқсас жағдай, адамдар оттың ортасында жүр, бірақ Алла ﷻ қаласа, Ол оларды қорғай берер, бар қалап отырғанымыз да осы, баршамыз дұға етеміз, біз адамдардың қазіргіндей өлтіріліп, осындай хәлде қалғанын еш ұнатпаймыз, біздің Алла ﷻ-дан сұрарымыз сол, Алла ﷻ бұл отқа тосқауыл қойып, оларды салқындатқай, жақсы еткей, иншалла.

Алла ﷻ барша адамзатқа жәрдем еткей, себебі зұлымдық адам баласы үшін жақсы нәрсе емес, бірақ бұл сонау Адам әлейхис-саламнан бері туылып келе жатқан істер, тоқтамай қазірге дейін осылай келе жатыр, адам баласында «бірін-бірі өлтіру» деген сұрқия қасиет бар, сонау Қабыл Абылды өлтіргеннен бері кісі өлтіру бір тынбастан жалғасып келеді, ол қияметке дейін жалғасар, алайда, иншалла, біз Қабыл емеспіз, біз сөзсіз Абыл болуымыз керек, Абыл өз бауыры Қабыл жағынан өлтірілсе де, ол жеңіске жетті, ал Қабыл ұтылды, Қабылдан тарағандар да Қабылға ұқсар, міне бұлар осы өмірдің заңы, адам баласы қияметке дейін өзара бір тынбастан соғыс жасамақ, ал ақиретте әрбір адам әрбір істеген ісі үшін бір-бірден сұраққа тартылатын болады, осыдан соң олардың кейбірі тозаққа, кейбірі жәннәтқа апарылады, Алла ﷻ бізді жәнәттық адамдардан еткей, иншалла, Алла ﷻ адамзатты құтқару үшін Сахибул Заман Мәхди хазіретті жібергей, иншалла, ол ислам арқылы құтқарады, ислам дегеніміз тыныштық, бұнда тек бір ғана шешу жолы бар, себебі басқа барлығының шипасы бітіп болған, демек бұзықтардың әр түрлі ой-идеяларымен изимдері сарқа таусылды, олар барлығын сынап көрді, ал қазір сынарлық түгі қалмады, иншалла, ендігі келер уақыт, иншалла, қашан боларын Аллаху-ғалам, бірақ осыдан соң тек қана тыныштық заманы келмек, ислам орнамақ, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: تىلىڭە ساق بول، ءقازىر شايتان حاليفاتتىعى ورناعان زامان (2024.02.26 / حيجرا 1445-جىل 16-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ەل اراسىندا «سَلامَةُ الإنسانِ في حِفظِ اللِّسانِ» دەگەن ءسوز بار، بۇل حاديس پە، ونى بىلمەدىم، اللا ەڭ جاقسى بىلەدى، بۇل ءبىر جاقسى ءسوز، ادامدى ءقاۋىپسىز ەتەتىن نە نارسە؟ تىلىنە يە بولۋ بولماق، ەگەر ءسىز تىلىڭىزگە يە بولساڭىز، ەسەندىكتە بولاسىز، پايعامبارىمىز ﷺ «كىم اۋزىمەن اۋىن جامان ىستەن ساقتاسا، وعان ءجانناتتى كەپىل ەتەمىن» دەر، بۇل اسا ماڭىزدى ماسەلە.

قازىرگى كەزدە شايتان بولسا ادامدارعا «سويلەۋىڭ كەرەك، كوزعاراسىڭدى ءبىلدىر، ويىڭدا نە بولسا سونى ايت، وسىلاي ايتۋىڭ كەرەك» دەپ جاتىر، ارينە ولاردى سويلەتىپ تە جاتىر، الايدا ءسىز بۇلاي ايتار بولساڭىز، سىزگە ءقاۋىپ كەلەدى، ول سىزگە قايىرلى ەمەس، بۇنداعى ءقاۋىپتىسى اقيرەت ءۇشىن بولماق، مۇمكىن اللا ﷻ-دان كەشىرىم سۇراساڭىز، ول كەشىرەر، ءبىراق دۇنيەدە ادامدار ءسىزدى كەشىرمەيدى، دەمەك ادام بالاسى ءبىر-ءبىرىن كەشىرە المايدى، ءسىز ءمالىم ءىس ىستەرسىز نەمەسە جۇرت ءۇشىن ءمالىم دۇرىس ءسوز يا بىلگەنىڭىزدى ايتارسىز، ءبىراق وسى كەزدە ءسىز ءقاۋىپ ىشىندە قالاتىن بولاسىز، سوندىقتان ءقاۋىپسىز بولۋىڭىز ءۇشىن بىلەتىنىڭىزدىڭ نەمەسە ويىڭىزداعىنىڭ نەمەسە كورگەنىڭىزدىڭ بارلىعىن تۇگەل ايتا بەرمەۋىڭىز كەرەك، بۇل قاجەتسىز، ودان سىزگە پايدا جوق، ءسىز 100% ەمەس، 1000% دۇرىس بولساڭىزدا، ءبىراق ونىڭىز ءمالىم ادامداردىڭ كوزىنە سىيماسا نەمەسە ولارعا جاقسى بولماسا، سوزىڭىزدەن سىزگە پايدا ەمەس، كەرىسىنشە تەك قانا زالال كەلەر.

ءبىز بۇكىل بارلىعى شايتان جاعىنان مەڭگەرىلگەن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سوندىقتان «مەن بارلىعىن ايتا بەرەمىن» دەپ ويلاپ قالماڭىز، ءقازىر ءبىز شايتاننىڭ پاتشالىعىنىڭ استىندامىز، وعان باعىنىپ قالدىق، سوندىقتان ءۇنسىز، ءجاي تىنىش ءجۇرىڭىز، وزىڭىزگە بالە تاۋىپ الماڭىز، سەبەبى بالە-قالا ولار ءۇشىن ءبىر جاقسى شارۋا، شايتان ماسەلە تۋىنداتقاندى، بالە اكەلگەندى ۇناتادى، دەمەك شايتان ءسىزدى جوق قىلۋ ءۇشىن ءسىزدىڭ باسىڭىزعا ءبىر بالە كەلىپ، ونىڭ ءسىزدى جالماپ كەتكەنىن قالايدى، سوندىقتان ءبىز ءۇنسىز باعىنىپ، ونىڭ كۇنىنىڭ باتۋىن كۇتۋدەمىز، شايتان پاتشالىعىنىڭ، دەمەك بۇل عانا ەمەس، ءار پاتشالىقتىڭ ءمالىم ءومىر ۋاقىتى بولادى، ەشتەڭە ماڭگىلىك ەمەس، ءار نارسەنىڭ ولشەۋلى ۋاقىتى بار، ۋاقىتىنا قاراي، ولار كەلەدى، كەتەدى، جانە كەلەدى، جانە كەتەدى، ادامدار كەيبىر بەينە جازبالاردا كوكتەم، جاز، كۇز، قىس ءتورت ماۋسىمنىڭ قالاي تەز وتكەنىن كورسەتىپ جاتادى، وعان قاراساڭىز ولاردىڭ تەز ءوتىپ، كەتكەنىن كورەسىز، بۇل ءبىر جىلدى كورسەتكەنى، الايدا ول سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان بەرى سولاي بولىپ كەلە جاتىر، «ودان بەرى 7000 جىل ءوتتى» دەلىنەر، مۇمكىن ودان دا كوپ شىعار، كوپ بولدى، بۇل ولاردىڭ ايتقاندارى، ءبىراق ونى اللاحۋ-ءعالام، ناقتىلى دۇرىس ءسوز جوق، ءبىراق اللا ﷻ ادام بالاسىن جاراتقالى بەرى ۋاقىت وسىلاي تەز ءوتىپ كەلەدى، ءبىر قاۋىممەن ۇلت-ۇلىستار كەلەدى، دۇنيەنى بيلەيدى، سونان سوڭ تاعى ءبىر توبى كەلىپ، الدىنعى جۇرتتى جويادى، سوڭىرا ءتىپتى كۇشتى قاۋىم كەلەر، ارتىنشا ولار دا السىرەپ، ولار دا كەتەدى، جوق بولادى، سان ءتۇرلى ۇلت-قاۋىمدار وسىلاي كەلىپ-كەتىپ جاتىر، سوڭىنا دەيىن، دەمەك قيامەتكە دەيىن وسىلاي بولا بەرمەك.

ءقازىر ءبىز باعىندىق، دابىرلاپ ەش داۋىس شىعارماڭىزدار، قارسىلىق ەتپەڭىزدەر، ەشتەڭە ەتپەڭىز، سەبەبى ودان ەش يگىلىك كەلمەيدى، بارلىعىن ولار مەڭگەرىپ وتىر، دەمەك شايتان مەڭگەرۋدە، ءالى سولاي، ءبىز ءولىپ قالعان ادام سياقتى، ولىك سياقتى جۇرەلىك، بۇل بەينە مۇڭعىلداردىڭ شاۋىپ كەلگەندەگى جاعدايىنا ۇقسار، مۇڭعىلدار كوزىنە كىم كورىنسە، سونى ولتىرە بەردى، بۇكىل بارلىعىن ءولتىردى، سول كەزدە كەيبىر ادامدار وتىرىك ءولىپ، جاتىپ قالدى، كەيىن مۇڭعىلدار كەتكەندە ولار ورىندارىنان تۇردى، امان قالدى، ءقازىر دە جاعداي ءدال وسىعان ۇقسار، ءولىپ قالعان ادام سياقتى بولىڭىز، ەشتەڭە ايتپاڭىز، ولار ادامداردى ولتىرۋدە، ەگەر ءسىز بىردەڭە دەسەڭىز، ءسىزدى دە ولتىرەر، سوندىقتان ەشتەڭە ايتپاڭىز، ولگەن كىسى سياقتى ءجۇرىڭىز، تەك كۇتىڭىز، شايتان حاليفاتتىعى قۇلاپ، يلاھي زامان كەلەتىن بولادى، ينشاللا، ءسىز سول كەزدە ماناعى وتىرىك ولگەن ادامدار سياقتى ورنىڭىزدان تۇرىڭىز، مىنە وسىلاي يلاھي زامانعا جەتەسىز، سول زامانعا امان-ەسەن جەتە الساڭىز، قاتتى قۋانارسىز، ال جەتە الماساڭىز دا، اقيرەتتە ەسەندىكتە بولاسىز، ەڭ ماڭىزدى ءىس اقيرەتتەگى قاۋىپسىزدىگىمىز بولماق، ال دۇنيەدە، كىم بولسا دا، سوڭىندا ءبارىبىر ولەدى ەمەسپە، مەيلى ءشاحيت بولسىن يا بولماسىن ءبارىبىر ەشكىم بۇندا ماڭگى ءومىر سۇرمەيدى.

سوندىقتان سابىرلى بولىڭىز، ارينە ءبىز بۇل پاتشالىقتى جاقسى كورمەيمىز، ءبىراق وعان ەشتەڭە ىستەي المايمىز، ءبىز وسى زاماننىڭ شايتان سالتانات قۇرعان زامان ەكەندىگىن بىلەمىز، وزىڭىزگە جانە وزگەلەرگە ماسەلە تۋدىرۋدان سىزگە ەش پايدا كەلمەس، تەك تىنىش ءجۇرىڭىز، يلاھي زاماننىڭ، ءادىل زاماننىڭ، بەرەكەگە تولىپ، بارلىعى جاقسى بولعان زاماننىڭ ءوز ۋاقىتى كەلەدى، ينشاللا، سەبەبى ءقازىر ەشتەڭە قىلا المايسىز، ءبىر تامشى سۋ بۇكىل دۇنيەنى سۋسىنداتا الا ما؟ جوق، ءوزىڭىزدى كەلە جاتقان جاڭا زامانعا ساقتاڭىز، ءبىز ءقازىر كەيبىر ادامداردىڭ بىردەڭە ىستەمەكشى بولىپ جۇرگەنىن بايقاپ ءجۇرمىز.

ارينە بۇكىل دۇنيە بويىنشا مۇسىلماندارعا كوپتەگەن شابۋىلدار جاسالىپ جاتىر، بۇنداي شابۋىلدىڭ ءار جەردە تۋىلىپ جاتقانىن كورىپ وتىرمىز، ءبىز سابىرلىمىز، ال ءبىزدىڭ ىستەي الاتىن ءىسىمىز اللا ﷻ-عا «ولاردى قۇتقارىڭىز» دەپ دۇعا جاساۋ عانا بولماق، سەبەبى ءسايدينا يبىراحيم الەيحيس-سالام لاۋلاعان ءورتتىڭ ورتاسىندا تۇردى، ءبىراق وت ونى كۇيدىرە المادى، ءقازىر دە سونىمەن ۇقساس جاعداي، ادامدار وتتىڭ ورتاسىندا ءجۇر، ءبىراق اللا ﷻ قالاسا، ول ولاردى قورعاي بەرەر، بار قالاپ وتىرعانىمىز دا وسى، بارشامىز دۇعا ەتەمىز، ءبىز ادامداردىڭ قازىرگىندەي ءولتىرىلىپ، وسىنداي حالدە قالعانىن ەش ۇناتپايمىز، ءبىزدىڭ اللا ﷻ-دان سۇرارىمىز سول، اللا ﷻ بۇل وتقا توسقاۋىل قويىپ، ولاردى سالقىنداتقاي، جاقسى ەتكەي، ينشاللا.

اللا ﷻ بارشا ادامزاتقا جاردەم ەتكەي، سەبەبى زۇلىمدىق ادام بالاسى ءۇشىن جاقسى نارسە ەمەس، ءبىراق بۇل سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان بەرى تۋىلىپ كەلە جاتقان ىستەر، توقتاماي قازىرگە دەيىن وسىلاي كەلە جاتىر، ادام بالاسىندا «ءبىرىن-ءبىرى ءولتىرۋ» دەگەن سۇرقيا قاسيەت بار، سوناۋ قابىل ابىلدى ولتىرگەننەن بەرى كىسى ءولتىرۋ ءبىر تىنباستان جالعاسىپ كەلەدى، ول قيامەتكە دەيىن جالعاسار، الايدا، ينشاللا، ءبىز قابىل ەمەسپىز، ءبىز ءسوزسىز ابىل بولۋىمىز كەرەك، ابىل ءوز باۋىرى قابىل جاعىنان ولتىرىلسە دە، ول جەڭىسكە جەتتى، ال قابىل ۇتىلدى، قابىلدان تاراعاندار دا قابىلعا ۇقسار، مىنە بۇلار وسى ءومىردىڭ زاڭى، ادام بالاسى قيامەتكە دەيىن ءوزارا ءبىر تىنباستان سوعىس جاساماق، ال اقيرەتتە ءاربىر ادام ءاربىر ىستەگەن ءىسى ءۇشىن ءبىر-بىردەن سۇراققا تارتىلاتىن بولادى، وسىدان سوڭ ولاردىڭ كەيبىرى توزاققا، كەيبىرى ءجانناتقا اپارىلادى، اللا ﷻ ءبىزدى ءجاناتتىق ادامداردان ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ ادامزاتتى قۇتقارۋ ءۇشىن ساحيبۋل زامان ءماحدي حازىرەتتى جىبەرگەي، ينشاللا، ول يسلام ارقىلى قۇتقارادى، يسلام دەگەنىمىز تىنىشتىق، بۇندا تەك ءبىر عانا شەشۋ جولى بار، سەبەبى باسقا بارلىعىنىڭ شيپاسى ءبىتىپ بولعان، دەمەك بۇزىقتاردىڭ ءار ءتۇرلى وي-يدەيالارىمەن يزيمدەرى سارقا تاۋسىلدى، ولار بارلىعىن سىناپ كوردى، ال ءقازىر سىنارلىق تۇگى قالمادى، ينشاللا، ەندىگى كەلەر ۋاقىت، ينشاللا، قاشان بولارىن اللاحۋ-عالام، ءبىراق وسىدان سوڭ تەك قانا تىنىشتىق زامانى كەلمەك، يسلام ورناماق، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7455