You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: қазір шайтани жүйе орнаған заман, оны Мәхди құлатады (2024.02.22 / Хижра 1445-жыл 12-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7449
Сұхбат: қазір шайтани жүйе орнаған заман, оны Мәхди құлатады (2024.02.22 / Хижра 1445-жыл 12-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

.... әділетсіздік, бітпес мәселелер, бәле-қалалар, соғыстар барлығы Алла Жәллә Жәләлухудан келеді, қазіргі заман осындай істердің заманы, сондықтан мүмин кісі ештеңе демей, оларды қабыл етуі керек, оның Алла Жәллә Жәләлухудан сұрары тек иманының күшті болуы болмақ, ең маңызды іс - иманымыз, егер сізде күшті иман болса, қалған нәрселер еш маңызды болмас, сіз не келсе де Алла Жәллә Жәләлухудан келетінін білесіз, кім Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болса, ол сауапқа бөленер, осы дүниеде сондай сүркейлі істерді көрерсіз, бірақ Алла Жәллә Жәләлухудың илаһи құзіретінде бұл істерде қайыр-жақсылық бар, көптеген сауаптар бар.

Қазір бүкіл дүние тым сорақы күйде тұр, әр жерде де қуанып жүрген ешкім жоқ, барлығын Алла Жәллә Жәләлуху жіберер, оған қарсы істей алатыныңызды істеп көріңіз! не қыла алар екенсіз! қанеки, Алла Жәллә Жәләлухудың илаһи заңдарын қабыл етпеген кезіңізде не боларын көрелік! Алла Жәллә Жәләлуху жаратушы Иеміз бізге ненің қайырлы, ненің кесірлі екендігін біледі, бірақ осыбір адамдар «жоқ, біз Одан жақсы білеміз, бұл жүйе жақсы емес, сондықтан біз жаңа жүйе, жаңа заң алып келеміз» дер, осылайша олар коминизим, сотсиялизим, капитализим, фашизим, натсизим, әтейзим сияқты қаптаған изимдерді яғни жаңа жүйелерді алып келді, осы жүйелердің барлығын сынап шықты, әлі де сынауда, олардың Алла Жәллә Жәләлухудың заң-жүйесіне қайтып оралар кейпі жоқ, қайтпай жатыр.

Алла Жәллә Жәләлухудың заң-жүйелері қайта орнайтын болады, иншалла, ол адам баласына арналған ең жақсы жүйе, себебі Алла Жәллә Жәләлуху бізге ненің жақсы, ненің жаман екендігін біледі, мәселен дохтырлар сізге бір дәріні беріп, «охо, мынау саған жақсы» деп, дәрісін сынайды, бірақ біраз уақыт өткен соң ол дәрісі басыңызды ауыртады, онан соң олар «жоқ, оны қойып, мына біреуін сынап көріңіз» дер, олардың «әләулайлы» міне осылай кете берер, егер олар жақсы дохтыр болса, сізге сонау әуел баста кері әсері жоқ укіл-дәрілер беруі керек еді, сондықтан Алла Жәллә Жәләлухудың қасиетті әмірлеріне қарамастан істелінген істерде қайыр-жақсылық болмас, қайта адамдар үшін залалды болар. Азғын адамдар тек бір жерді ғана құртқан жоқ, жер-жерді, бүкіл дүниені, барша адам баласын құртты, сол үшін ең жақсы, ең қайырлы іс Алла Әззә уә-Жәлләның жүйесіне қайта оралу болмақ, кәпірлерде болатын ең басты қасиет тоңмойындық, олар кәдімгі Әбу Жәхил, Әбу Лахап және сол сияқтыларға ұқсар, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мұғжизаларымен өмір сүрсе де, оны анық көрсе де, бірақ тым тоңмойын болғандықтан олар Алла Жәллә Жәләлухудың жолына келмей қойды.

Мына заманда жағдай тіпті асқынып тұр, себебі ерте заманда адамдар бірдеңеге сенетін, демек оларда сенім болған, бірақ қазір сенім қалмады, сенім жоқ жерде, үміт жоқ, ал үміт қалмаса, өміріңіз мазасыздыққа түсер, себебі сіз өміріңіздің әр күні бос нәрселермен болып, бекер өтіп жатқанын, соңында оның бітетінін біліп тұрсыз, адамдар оны «бос» деп ойлар, ол бос болса, мүмкін «өте жақсы» болар, себебі оларды арғы жақта мына өмірлерінен әлдеқайда сүркейлі өмір күтіп тұр, сондықтан мүмин кісі (озық) машина, құрал, аспап, салтанатпен байлықтары болмаса да, бағы зор тәлейлі адам болмақ, ал манағылар маңызды емес, себебі олар сізге қуаныш-бақыт бере алмайды, адамдарда барлығы бар, барлығы даяр болса, «мынау керек» дейтіндей күйде болмаса, олар онан арман үмітсіздікке ұрынып, мазасыз өмірге тап болар, бірақ кім Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге болса, ол кішкене нәрсемен де, үйіне отбасы үшін азық әкеле алса да бақытты болып, жүре берер, олар осымен-ақ бақытты болар. Біз Мәуләнә Шайық Назым хазіретпен Индунизияға бардық, осыдан 20 неше жыл бұрын болса керек, мәлім өңірлерді араладық, пойызбен күріш атызынан өттік, онда егіншілер жұмыс істеп жатыр екен, Мәуләнә Шайық оларға қарап, «мына адамдарға қараңдар, олар кедей адамдар, олар бір уыс күріш таба алса, соған қатты қуанады, осы күріш олармен олардың отбасына жетеді, олар осыған қуанып, бақытты бола алады, ал басқа адамдар осыншалық күрішпен бір адамды тойдыра алмай жүр» деді.

Сондықтан қуанышпен бақыт дегеніміз Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолында жүру болмақ, көптеген адамдар бұны ұмытып кеткен, мейлі европа немесе Англия немесе басқа жақта болсын, әр жердегі адамдар тек қана «қайтсем жақсы өмір сүрем, керек, тағы да керек, көп керек» деп қана ойлайтын болған, ал олар бұнысына жете алмаса, көңілсіздікке түсер, олар Алла Жәллә Жәләлуху берген иманмен ислам нығыметін ұмытқан, міне осы ең үлкен нығымет, бас амандық та өте маңызды мәселе. Әлхамдулилла, осы жерге келуден бір ай бұрын біз Мысырда болдық, ол жерде түнде біз жолда келе жатқанда, Судандағы не мыңдаған адамдардың Мысырға қашып келгенін көрдік, олар бүкіл барлығын тастап, тыныш жер, бейбіт жәй іздеп келіпті, ал сіздер бейбіт жерде өмір сүріп жатсыздар, бірақ сонда да осыған ешкім риза болмауда, демек деніңіз сау, басыңыз аман болса, иманыңыз орнында болса басқа нәрселердің барлығы еш мәселе емес, бұндайда сіз қуануыңыз керек, мүмкін сіз әр күні ет жей алмайтын шығарсыз, бірақ нанмен күріш жеп жүрсіз емеспе, арзан нәрселерді жеуіңізге болады, тек ренжімеңіз, қанағат етіңіз.

Ренжу, риза болмау жақсылық емес, олар басқа нәрселерге де, балалары хақында да ренжір, «олар оқымай жатыр, қарамай жатыр» дер, бірақ (мектепте) оқу да еш маңызды шаруа емес, маңыздысы олардың адал жұмыс тауып, отбасына, үйіне халал ас алып келуі болмақ, көп ақша таппай келуі де маңызды емес, тапқаныңыз өміріңізді жалғастыруға жеткілікті болса, сол жетеді, алғысшыл, шүкіршіл болыңыз, сонда Алла Жәллә Жәләлуху сізге көптеп беретін болады, риздығыңызды молайтады, ол кішкенеден өсіп, үлкен болар, ал өзі үлкенді тағы «созып», үлкейте алмайсыз, сондықтан Алла Жәллә Жәләлуху мүминдерге, мұсылмандарға жақсы ой бергей, кәпірлердің ойлау жүйесімен жүрмеңіздер, қазір дүниені кәпірлер билеп, өздерінің лас идеяларымен ойлау жүйелерін таратып жатыр, оны бүкіл жұртқа құйып жатыр, сондықтан мұсылман, бей-мұсылман, азиялық, африкалық, европалық, орта шығыстық болсын, барлығының мінез-харектірлары, ойлау жүйелері, ой-саналары, пікір-көзғарастары, қызығулары, жек көретіндеры, сөз алыстары т.б. барлығы ұқсас болып қалған, құйып қойғандай бір-бірінен аумайды, олар бүкіл дүниені осындай етіп жіберді.

Бұл мұсылмандардың нәпсілерін меңгере алмауынан болып отыр, олар өздерін тастап, басқалар (кәпірлер) не көрсетсе, соны қуалап жүр, ал олар болса бүкіл адамзатты, барша дінді құрту үшін өздерінің ұнататын нәрселерін көрсетер, олар үшін ең сорақы көрінетін жеккөрінішті нәрсе дін еді, демек осы адамдардың ең үлкен жауы дін, себебі олар дінді жоғалытқанда ғана бүкіл дүниені меңгере алатын болады, онан соң олар барша адам баласын мал сияқты құл етпек, не қаласа, соны істемек, міне бұл шайтанның сонау бағызыдан жанталасп келе жатқан шаруасы, бірақ бұл іске аспайды, айтып өткеніміздей, кәпірлер үмітсіздер-дүр, ал біз үміт етіп қана қоймаймыз, сонымен бірге пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның осы заман, ақырзаман жәйлы айтып кеткендеріне сенеміз, Алла Жәллә Жәләлуху қазірше оларға не істегісі келсе, соны істейтін орай беріп қойды, оларға олардың қалағанын істетірер, бірақ соңында Ол Сәидина Мәхди әлейхис-саламды жіберіп, олардың барлығын тып-типыл жоғалтады, орнына Алла Жәллә Жәләлухудың нұрын, исламын алып келеді, иншалла, ол уақыт алыс емес, иншалла, біз оның тым жақын болуын үміт етеміз, иншалла.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге солбір жақсы күндерді көруге нәсіп еткей, себебі қазір болып жатқан келеңсіз істерге, ырықсыз күндерге біздің көңіліміз толмайды, оған ештеңе істей алмаймыз, кәпірлерге және олардың істеп жатқан істеріне еш риза емеспіз, олар Алла Әззә уә-Жәлләның заңына қарсы келуде, біз бұған риза емеспіз, бірақ Алла Жәллә Жәләлухуға ризамыз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді Өзінің жолында еткей, бізге көмектескей, сіздерді және баршамызды есендікте еткей, себебі дүниедегі әр жер қауіпке толы, Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтып кеткендей, бірдеңе туыла қалса, сыртқа шығып, «не болып жатыр екен, ол не екен» деп қарамаңыздар, оған бас сұқпаңыздар, тек үйлеріңізде болыңыздар, сонда Алла Жәллә Жәләлуху сіздерді сақтайды, құтқарады, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ءقازىر شايتاني جۇيە ورناعان زامان، ونى ءماحدي قۇلاتادى (2024.02.22 / حيجرا 1445-جىل 12-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

.... ادىلەتسىزدىك، بىتپەس ماسەلەلەر، بالە-قالالار، سوعىستار بارلىعى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەلەدى، قازىرگى زامان وسىنداي ىستەردىڭ زامانى، سوندىقتان ءمۇمين كىسى ەشتەڭە دەمەي، ولاردى قابىل ەتۋى كەرەك، ونىڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان سۇرارى تەك يمانىنىڭ كۇشتى بولۋى بولماق، ەڭ ماڭىزدى ءىس - يمانىمىز، ەگەر سىزدە كۇشتى يمان بولسا، قالعان نارسەلەر ەش ماڭىزدى بولماس، ءسىز نە كەلسە دە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كەلەتىنىن بىلەسىز، كىم اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولسا، ول ساۋاپقا بولەنەر، وسى دۇنيەدە سونداي سۇركەيلى ىستەردى كورەرسىز، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە بۇل ىستەردە قايىر-جاقسىلىق بار، كوپتەگەن ساۋاپتار بار.

ءقازىر بۇكىل دۇنيە تىم سوراقى كۇيدە تۇر، ءار جەردە دە قۋانىپ جۇرگەن ەشكىم جوق، بارلىعىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جىبەرەر، وعان قارسى ىستەي الاتىنىڭىزدى ىستەپ كورىڭىز! نە قىلا الار ەكەنسىز! قانەكي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ يلاھي زاڭدارىن قابىل ەتپەگەن كەزىڭىزدە نە بولارىن كورەلىك! اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاراتۋشى يەمىز بىزگە نەنىڭ قايىرلى، نەنىڭ كەسىرلى ەكەندىگىن بىلەدى، ءبىراق ءوسىبىر ادامدار «جوق، ءبىز ودان جاقسى بىلەمىز، بۇل جۇيە جاقسى ەمەس، سوندىقتان ءبىز جاڭا جۇيە، جاڭا زاڭ الىپ كەلەمىز» دەر، وسىلايشا ولار كومينيزيم، سوتسياليزيم، كاپيتاليزيم، فاشيزيم، ناتسيزيم، اتەيزيم سياقتى قاپتاعان يزيمدەردى ياعني جاڭا جۇيەلەردى الىپ كەلدى، وسى جۇيەلەردىڭ بارلىعىن سىناپ شىقتى، ءالى دە سىناۋدا، ولاردىڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ زاڭ-جۇيەسىنە قايتىپ ورالار كەيپى جوق، قايتپاي جاتىر.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ زاڭ-جۇيەلەرى قايتا ورنايتىن بولادى، ينشاللا، ول ادام بالاسىنا ارنالعان ەڭ جاقسى جۇيە، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە نەنىڭ جاقسى، نەنىڭ جامان ەكەندىگىن بىلەدى، ماسەلەن دوحتىرلار سىزگە ءبىر ءدارىنى بەرىپ، «وحو، مىناۋ ساعان جاقسى» دەپ، ءدارىسىن سىنايدى، ءبىراق ءبىراز ۋاقىت وتكەن سوڭ ول ءدارىسى باسىڭىزدى اۋىرتادى، ونان سوڭ ولار «جوق، ونى قويىپ، مىنا بىرەۋىن سىناپ كورىڭىز» دەر، ولاردىڭ «ءالاۋلايلى» مىنە وسىلاي كەتە بەرەر، ەگەر ولار جاقسى دوحتىر بولسا، سىزگە سوناۋ اۋەل باستا كەرى اسەرى جوق ۋكىل-دارىلەر بەرۋى كەرەك ەدى، سوندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قاسيەتتى امىرلەرىنە قاراماستان ىستەلىنگەن ىستەردە قايىر-جاقسىلىق بولماس، قايتا ادامدار ءۇشىن زالالدى بولار. ازعىن ادامدار تەك ءبىر جەردى عانا قۇرتقان جوق، جەر-جەردى، بۇكىل دۇنيەنى، بارشا ادام بالاسىن قۇرتتى، سول ءۇشىن ەڭ جاقسى، ەڭ قايىرلى ءىس اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جۇيەسىنە قايتا ورالۋ بولماق، كاپىرلەردە بولاتىن ەڭ باستى قاسيەت توڭمويىندىق، ولار كادىمگى ءابۋ ءجاحيل، ءابۋ لاحاپ جانە سول سياقتىلارعا ۇقسار، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ مۇعجيزالارىمەن ءومىر سۇرسە دە، ونى انىق كورسە دە، ءبىراق تىم توڭمويىن بولعاندىقتان ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا كەلمەي قويدى.

مىنا زاماندا جاعداي ءتىپتى اسقىنىپ تۇر، سەبەبى ەرتە زاماندا ادامدار بىردەڭەگە سەنەتىن، دەمەك ولاردا سەنىم بولعان، ءبىراق ءقازىر سەنىم قالمادى، سەنىم جوق جەردە، ءۇمىت جوق، ال ءۇمىت قالماسا، ءومىرىڭىز مازاسىزدىققا تۇسەر، سەبەبى ءسىز ءومىرىڭىزدىڭ ءار كۇنى بوس نارسەلەرمەن بولىپ، بەكەر ءوتىپ جاتقانىن، سوڭىندا ونىڭ بىتەتىنىن ءبىلىپ تۇرسىز، ادامدار ونى «بوس» دەپ ويلار، ول بوس بولسا، مۇمكىن «وتە جاقسى» بولار، سەبەبى ولاردى ارعى جاقتا مىنا ومىرلەرىنەن الدەقايدا سۇركەيلى ءومىر كۇتىپ تۇر، سوندىقتان ءمۇمين كىسى (وزىق) ماشينا، قۇرال، اسپاپ، سالتاناتپەن بايلىقتارى بولماسا دا، باعى زور تالەيلى ادام بولماق، ال ماناعىلار ماڭىزدى ەمەس، سەبەبى ولار سىزگە قۋانىش-باقىت بەرە المايدى، ادامداردا بارلىعى بار، بارلىعى دايار بولسا، «مىناۋ كەرەك» دەيتىندەي كۇيدە بولماسا، ولار ونان ارمان ۇمىتسىزدىككە ۇرىنىپ، مازاسىز ومىرگە تاپ بولار، ءبىراق كىم اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە بولسا، ول كىشكەنە نارسەمەن دە، ۇيىنە وتباسى ءۇشىن ازىق اكەلە السا دا باقىتتى بولىپ، جۇرە بەرەر، ولار وسىمەن-اق باقىتتى بولار. ءبىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتپەن يندۋنيزياعا باردىق، وسىدان 20 نەشە جىل بۇرىن بولسا كەرەك، ءمالىم وڭىرلەردى ارالادىق، پويىزبەن كۇرىش اتىزىنان وتتىك، وندا ەگىنشىلەر جۇمىس ىستەپ جاتىر ەكەن، ءماۋلانا شايىق ولارعا قاراپ، «مىنا ادامدارعا قاراڭدار، ولار كەدەي ادامدار، ولار ءبىر ۋىس كۇرىش تابا السا، سوعان قاتتى قۋانادى، وسى كۇرىش ولارمەن ولاردىڭ وتباسىنا جەتەدى، ولار وسىعان قۋانىپ، باقىتتى بولا الادى، ال باسقا ادامدار وسىنشالىق كۇرىشپەن ءبىر ادامدى تويدىرا الماي ءجۇر» دەدى.

سوندىقتان قۋانىشپەن باقىت دەگەنىمىز اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىندا ءجۇرۋ بولماق، كوپتەگەن ادامدار بۇنى ۇمىتىپ كەتكەن، مەيلى ەۆروپا نەمەسە انگليا نەمەسە باسقا جاقتا بولسىن، ءار جەردەگى ادامدار تەك قانا «قايتسەم جاقسى ءومىر سۇرەم، كەرەك، تاعى دا كەرەك، كوپ كەرەك» دەپ قانا ويلايتىن بولعان، ال ولار بۇنىسىنا جەتە الماسا، كوڭىلسىزدىككە تۇسەر، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بەرگەن يمانمەن يسلام نىعىمەتىن ۇمىتقان، مىنە وسى ەڭ ۇلكەن نىعىمەت، باس اماندىق تا وتە ماڭىزدى ماسەلە. ءالحامدۋليللا، وسى جەرگە كەلۋدەن ءبىر اي بۇرىن ءبىز مىسىردا بولدىق، ول جەردە تۇندە ءبىز جولدا كەلە جاتقاندا، سۋدانداعى نە مىڭداعان ادامداردىڭ مىسىرعا قاشىپ كەلگەنىن كوردىك، ولار بۇكىل بارلىعىن تاستاپ، تىنىش جەر، بەيبىت ءجاي ىزدەپ كەلىپتى، ال سىزدەر بەيبىت جەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتسىزدار، ءبىراق سوندا دا وسىعان ەشكىم ريزا بولماۋدا، دەمەك دەنىڭىز ساۋ، باسىڭىز امان بولسا، يمانىڭىز ورنىندا بولسا باسقا نارسەلەردىڭ بارلىعى ەش ماسەلە ەمەس، بۇندايدا ءسىز قۋانۋىڭىز كەرەك، مۇمكىن ءسىز ءار كۇنى ەت جەي المايتىن شىعارسىز، ءبىراق نانمەن كۇرىش جەپ ءجۇرسىز ەمەسپە، ارزان نارسەلەردى جەۋىڭىزگە بولادى، تەك رەنجىمەڭىز، قاناعات ەتىڭىز.

رەنجۋ، ريزا بولماۋ جاقسىلىق ەمەس، ولار باسقا نارسەلەرگە دە، بالالارى حاقىندا دا رەنجىر، «ولار وقىماي جاتىر، قاراماي جاتىر» دەر، ءبىراق (مەكتەپتە) وقۋ دا ەش ماڭىزدى شارۋا ەمەس، ماڭىزدىسى ولاردىڭ ادال جۇمىس تاۋىپ، وتباسىنا، ۇيىنە حالال اس الىپ كەلۋى بولماق، كوپ اقشا تاپپاي كەلۋى دە ماڭىزدى ەمەس، تاپقانىڭىز ءومىرىڭىزدى جالعاستىرۋعا جەتكىلىكتى بولسا، سول جەتەدى، العىسشىل، شۇكىرشىل بولىڭىز، سوندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزگە كوپتەپ بەرەتىن بولادى، ريزدىعىڭىزدى مولايتادى، ول كىشكەنەدەن ءوسىپ، ۇلكەن بولار، ال ءوزى ۇلكەندى تاعى «سوزىپ»، ۇلكەيتە المايسىز، سوندىقتان اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇميندەرگە، مۇسىلماندارعا جاقسى وي بەرگەي، كاپىرلەردىڭ ويلاۋ جۇيەسىمەن جۇرمەڭىزدەر، ءقازىر دۇنيەنى كاپىرلەر بيلەپ، وزدەرىنىڭ لاس يدەيالارىمەن ويلاۋ جۇيەلەرىن تاراتىپ جاتىر، ونى بۇكىل جۇرتقا قۇيىپ جاتىر، سوندىقتان مۇسىلمان، بەي-مۇسىلمان، ازيالىق، افريكالىق، ەۆروپالىق، ورتا شىعىستىق بولسىن، بارلىعىنىڭ مىنەز-حارەكتىرلارى، ويلاۋ جۇيەلەرى، وي-سانالارى، پىكىر-كوزعاراستارى، قىزىعۋلارى، جەك كورەتىندەرى، ءسوز الىستارى ت.ب. بارلىعى ۇقساس بولىپ قالعان، قۇيىپ قويعانداي ءبىر-بىرىنەن اۋمايدى، ولار بۇكىل دۇنيەنى وسىنداي ەتىپ جىبەردى.

بۇل مۇسىلمانداردىڭ ناپسىلەرىن مەڭگەرە الماۋىنان بولىپ وتىر، ولار وزدەرىن تاستاپ، باسقالار (كاپىرلەر) نە كورسەتسە، سونى قۋالاپ ءجۇر، ال ولار بولسا بۇكىل ادامزاتتى، بارشا ءدىندى قۇرتۋ ءۇشىن وزدەرىنىڭ ۇناتاتىن نارسەلەرىن كورسەتەر، ولار ءۇشىن ەڭ سوراقى كورىنەتىن جەككورىنىشتى نارسە ءدىن ەدى، دەمەك وسى ادامداردىڭ ەڭ ۇلكەن جاۋى ءدىن، سەبەبى ولار ءدىندى جوعالىتقاندا عانا بۇكىل دۇنيەنى مەڭگەرە الاتىن بولادى، ونان سوڭ ولار بارشا ادام بالاسىن مال سياقتى قۇل ەتپەك، نە قالاسا، سونى ىستەمەك، مىنە بۇل شايتاننىڭ سوناۋ باعىزىدان جانتالاسپ كەلە جاتقان شارۋاسى، ءبىراق بۇل ىسكە اسپايدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، كاپىرلەر ۇمىتسىزدەر-ءدۇر، ال ءبىز ءۇمىت ەتىپ قانا قويمايمىز، سونىمەن بىرگە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ وسى زامان، اقىرزامان ءجايلى ايتىپ كەتكەندەرىنە سەنەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ قازىرشە ولارعا نە ىستەگىسى كەلسە، سونى ىستەيتىن وراي بەرىپ قويدى، ولارعا ولاردىڭ قالاعانىن ىستەتىرەر، ءبىراق سوڭىندا ول ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرىپ، ولاردىڭ بارلىعىن تىپ-تيپىل جوعالتادى، ورنىنا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ نۇرىن، يسلامىن الىپ كەلەدى، ينشاللا، ول ۋاقىت الىس ەمەس، ينشاللا، ءبىز ونىڭ تىم جاقىن بولۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ينشاللا.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ءسولبىر جاقسى كۇندەردى كورۋگە ءناسىپ ەتكەي، سەبەبى ءقازىر بولىپ جاتقان كەلەڭسىز ىستەرگە، ىرىقسىز كۇندەرگە ءبىزدىڭ كوڭىلىمىز تولمايدى، وعان ەشتەڭە ىستەي المايمىز، كاپىرلەرگە جانە ولاردىڭ ىستەپ جاتقان ىستەرىنە ەش ريزا ەمەسپىز، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ زاڭىنا قارسى كەلۋدە، ءبىز بۇعان ريزا ەمەسپىز، ءبىراق اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا ريزامىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ءوزىنىڭ جولىندا ەتكەي، بىزگە كومەكتەسكەي، سىزدەردى جانە بارشامىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، سەبەبى دۇنيەدەگى ءار جەر قاۋىپكە تولى، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتىپ كەتكەندەي، بىردەڭە تۋىلا قالسا، سىرتقا شىعىپ، «نە بولىپ جاتىر ەكەن، ول نە ەكەن» دەپ قاراماڭىزدار، وعان باس سۇقپاڭىزدار، تەك ۇيلەرىڭىزدە بولىڭىزدار، سوندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سىزدەردى ساقتايدى، قۇتقارادى، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7449