You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: тыныш жүріп, ғибадатыңды қыл, Мәхдиді күт (2024.02.19 / Хижра 1445-жыл 09-шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7440
Сұхбат: тыныш жүріп, ғибадатыңды қыл, Мәхдиді күт (2024.02.19 / Хижра 1445-жыл 09-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Алла Жәллә Жәләлуху біздермен сіздерді берекелегей, себебі біз бұнда Алла Жәллә Жәләлуху үшін, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам үшін, машайықтар үшін жиналып отырмыз, мүминдер бір болған кезде Алла Жәллә Жәләлуху оларға, олардың мәжілісіне рахымымен берекесін төгетін болады, Ол жомарт, Оның шексіз жомарттығы, рахымы және әсемдігі бар, Ол оның түгесілуінен алаңдамас, сондықтан осы мәжілістің болғанына қуанып отырмыз, Алла Жәллә Жәләлуху біздің осында бірге болуымызды қалады әрі Оның қалауы бізді сауапқа бөлеу, иншалла, себебі бұндағылар барлығы бүгін осында келді, олар бұнда апта соңы болып, бос болғандықтан я істерге ісі қалмағандықтан келіп отырған жоқ, олар Алла Жәллә Жәләлуху үшін үйлерін тастап, осында келіп отыр, сондықтан Алла Әззә уә-Жәллә оларды сауапқа бөлейтін болады, иншалла.

Біз мүминдерге, сахабаларға еліктеудеміз, иншалла, біз солардың жолындамыз , Алла Әззә уә-Жәлләның жолындамыз, біздің жаратылу себебіміз осы, Алла Жәллә Жәләлуху бізді не үшін жаратқан себебі осы, көптеген адамдар, философтар «мен кіммін? біз бұнда не істеп жүрмін?» дер, бірақ бұл сізден емес, жаратушы Алла Әззә уә-Жәлләдан, Ол бізді жаратты және бізді осы жер шарына қойды, сондықтан мүминдер арқаларын босатып, жеңіл жүруі керек, себебі кім өзінің кім екендігін, бұл өмірдің неге арналғандығын, оның мақсатын білмесе, ол қуана алмайтын болады, ол мүлдем қуанбас.

Мүминдер қуанып жүруі керек, бірақ қазір олар кәпірлердің әсеріне ұшырауда, ал кәпірлер болса манағы аурумен ауырып, жапа шегіп жүргендер еді, мұсылмандармен мүминдер де осы кәпірлерге және олардың істегендеріне еліктеп жүр, ойлағанын ойлап жүр, содан соң мұсылмандар келіп, «о, менде жабығу (диперетсия) бар, мен қуана алмаймын, көңілсізбін, мен неге осындай болып қалғанымды білмеймін» дер, мүмин-мұсылмандардың өзі осы хәлде жүр, бірақ бұл әсілінде мүминдердің ойлау формасымен мүминдердің жолы емес болатұғын, мүминнің жолы бұл емес, мүминнің жолы Алла Жәллә Жәләлухудың бар бергенін, оған нәсіп еткенін қабыл ету, ол осы берілгенге қуанып, осы өмірде алып жүрген әрбір тынысына риза болуы керек.

Көптеген құтырған адамдар «өлгім келеді, өзімді өлтіргім келеді» дер, міне бұл да өте жаман іс, қабыл емес іс, себебі жерде тірі жүргенде алған бір тыныс, жер астындағы көрде мың жыл жатқаннан әлдеқайда қайырлы, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінде оның екі сахабасы бар еді, олар ұқсас бір рудан болатын, олар ислам қабылдап, барлығын істер, әрине ол кезде олар тәхажұт, барлық сүннет, парыздарды, Алла Жәллә Жәләлухудың бізге әмір еткенін 100% істейтін еді, кейін екі сахабаның бірі соғыста шәхит болды, бірі тірі қалды, бірақ ол бір жыл өткен соң ауырып, қайтыс болар, екеуі де ақиреттік болды, кейін мәлім сахаба оларды түсінде көрер әрі ауырып қайтыс болған сахабаның дәрежесі шәхит болған сахабадан жоғары екен, демек ол шәхиттан да жоғары дәрежеге жеткен, сахаба бұған таңғалып, істің жәйын «бұл қалай болғаны?» деп пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан сұрар, ол «себебі ауырып қайтыс болған сахаба, бір жыл бойы намаз оқып, құлшылық етті, ол бір жыл тірі жүргендіктен шәхиттан биік дәрежеге жетті» дейді, сондықтан біздің осы өмірде алған әрбір тынысымыз біз үшін өте бағалы, осыны білелік, сол үшін Алла Жәллә Жәләлухуға алғыс айталық, әрбір тынысыңда Алла Жәллә Жәләлухуды еске алғын, Алла Жәллә Жәләлухуды зікірлеу дегеніміз міне осы, зікір дегеніміз еске алу, еске сақтау, ойыңызбен я тіліңізбен немесе басқа жолмен Алла Жәллә Жәләлухуды зікірлесеңіз, Алла Жәллә Жәләлуху сізді биік-биік дәрежелерге жеткізеді.

Бұл мүминдер үшін аса маңызды, адамдар зерігіп қалмауы үшін істейтін әр түрлі істері бар, бірақ олар бұнда істеуге тиісті іс, маңызды іс Алла Әззә уә-Жәлләны естеп, зікірлеу еді, зерігіп не қыларыңызды білмей онда-бұнда я кезкелген жерге барып ойнарсыз, теледидар көрерсіз, қазір адамдарды құлшылықтан алыстататын осындай істер көп, олар түні бойы қолындағы машиналарға (қолфон) қараумен болады, ал намаз уақыты келгенде ұйқтап жатады, қазір олар ұйқтай алмайтын да болды, олардың кейбірі бұл машналарға күндіз-түні бір тынбастан қараумен болар, олар кәдімгі гипноз сияқты қатып қалған, басқа ештеңе ойламас.

Міне бұл біздің осы заманымызда болып жатқан мәселелер, ал бұл адамдарды бақытсыз етіп, олардың ішкі дүниелерін, ой-саналарын онан арман қараңыландыра түсті, бірақ Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болған мүминдер барлығы біздің пайдамыз үшін екендігін білуі керек, осындай адам жеңімпаз болмақ, ол Алла Жәллә Жәләлухудан сауап ұтып жатыр, ол қуанса да, қуанбаса да жеңіп жатыр, жылап жүрсе да жеңуде, күліп жүрсе де жеңуде, себебі ол Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге, ал кәпірлер үшін жеңіс жоқ, олар еш пайда таппастан жеңіліп жатыр.

Сондықтан мүминдер Алла Жәллә Жәләлухудың оларға бергендерінің қадірін білуі керек әрі Алла Жәллә Жәләлухудың бергеніне алғыс айтуы тиіс, бұл зор нығымет, Алла Әззә уә-Жәлләдан келген зор нығымет, Алла Әззә уә-Жәллә адамдардың осыбір асылдарды, бағалы нәрселерді алуы үшін әр орайды беруде, Ол «бұлар түгеп қалады» демес, алайда адамдар біз айтып өткеніміздей ұйқтап жатыр, «وَهُمْ فِى غَفْلَةٍ مُّعْرِضُونَ» (олар ғафилеттілікпен беттерін бұруда) (құран 21:01), олар оны танып жетпес, ғафлаһ дегеніміз Алла Жәллә Жәләлухудың оларға нені беретін білмеу демекілік-дүр, Ол оларға барлығын беруде, бірақ олар сонда да нәпсілерінің, нәпсі қалауларының артынан жүгіруде, онан соң олар келіп, «біз қуана алмаймыз, бақытты емеспіз, бұл өмірді сүймейміз» дер, олар адамдарды қуандырмақ болып, оларға қарар, адамдарға Алла Жәллә Жәләлухуды ұмыттыратын шайтанның ойындарының артынан жүгірер, тіпті сеніміз адамдарға арқа сүйеп, ие артар, олар осыларға сенер, бірақ жақсы адамдарға сенбес, себебі жақсы адамдар оларға жалғандық қылмас, өтірік айтпас, ал жаман адамдар барлығында бастан ақыр өтірік нәрсе айтар, бірақ олар осы өтіріктерге инанып, қуанып жүрер.

Осыдан соң олар өкінер, олар осы дүниенің өзінде өкініп жүр, ал ақиретте жағдай тіпті де сұмдық болмақ, Алла Жәллә Жәләлуху бізді осыбір адамдардан сақтағай, иншалла, қазіргі заман барлығы аударылып, төңкеріліп қалған заман, жұрт жақсыны жаман, жаманды жақсы көрер, олар шыншылдарды сүймес, бірақ арамза адамдарға дән риза, ақырзаман міне осындай, иншалла, ол өзгеретін болады, бізде машина, қару-жарақ, економика немесе басқа нәрсе сияқты еш күшіміз жоқ, бізде ештеңе жоқ, біз минус нөлміз, бірақ біз де барлық қару-жарақтардан мықты нәрсеміз бар, ол болса дұға еді, бізде дұға бар, ең өнімді қару осы, уақыты келгенде манағы барлық қарулар бір дұғамен-ақ жоқ болып, адамдар қаруларын істете алмай қалады, иншалла, біз сол уақытты күтудеміз әрі ол қарамаққа тым жақын тұр.

Себебі зұлымдық, әділетсіздік, әрбір бұзықтық ең биік шоқтығына жетті, осыдан соң олардың шипасы бітуі керек, олар кетуі тиіс, біз осыны күтіп отырмыз, бізде шүйінші бар, біз осыған сенеміз, біз мүминдерміз, осыған сенеміз, әхлул сүннә уәл-жамаға сенімімізге сенеміз, аталмыш уақиға туылуы керек, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен барлық істер шығып болды, тек бірнеше істер ғана қалды, иншалла, енді осыларға кезек келді, иншалла.

Біз сол жақсы заманда, әділетті заманда болуды үміт етеміз, адамдар баласы үшін әділдік өте маңызды, әділдік келгенде барлығы жақсы болмақ, себебі ол кезде ешкім зұлымдыққа ұшырамайды, ешкім зұлымдық қылмайды, осы істер болғанда адамдар қуанышқа бөленіп, біреу тағы біреуді боқтамас болар, қарғамас болар, ол заман берекемен бақытқа шомбақ, әрине қиямет күнінен бұрын сол жақсы заман орнауы керек, оған мәлім уақыт берілген, шамамен 40 жыл берілген (осы кезде шайтан 40 жылға қаламады), осы 40 жылдан соң адамдар қайта күпірлікке басады (шайтан босатылады), себебі оларда нәпсі бар, ал шайтан да қияметке дейін өмір сүрмек, міне осылай ол жақсы заман 40 жыл айналасы ғана болар, онан соң азғындық қайта келер, ол өткен соң Алла Жәллә Жәләлуху мәлім түтін, иіс жіберіп, мүминдердің барлығы қайтыс болып кетеді де, жер жүзінде бірде-бір мүминмен мұсылман қалмайды, тек қана кәпір болып кеткен адам баласы ғана қалады, онан соң қиямет тәқ солардың басына орнайды, онан соң иншалла, махшар болар, иншалла, жәннәт фирдауыс күтер.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: تىنىش ءجۇرىپ، عيباداتىڭدى قىل، ءماحديدى كۇت (2024.02.19 / حيجرا 1445-جىل 09-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزدەرمەن سىزدەردى بەرەكەلەگەي، سەبەبى ءبىز بۇندا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءۇشىن، ماشايىقتار ءۇشىن جينالىپ وتىرمىز، مۇميندەر ءبىر بولعان كەزدە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا، ولاردىڭ ماجىلىسىنە راحىمىمەن بەرەكەسىن توگەتىن بولادى، ول جومارت، ونىڭ شەكسىز جومارتتىعى، راحىمى جانە اسەمدىگى بار، ول ونىڭ تۇگەسىلۋىنەن الاڭداماس، سوندىقتان وسى ءماجىلىستىڭ بولعانىنا قۋانىپ وتىرمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدىڭ وسىندا بىرگە بولۋىمىزدى قالادى ءارى ونىڭ قالاۋى ءبىزدى ساۋاپقا بولەۋ، ينشاللا، سەبەبى بۇنداعىلار بارلىعى بۇگىن وسىندا كەلدى، ولار بۇندا اپتا سوڭى بولىپ، بوس بولعاندىقتان يا ىستەرگە ءىسى قالماعاندىقتان كەلىپ وتىرعان جوق، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن ۇيلەرىن تاستاپ، وسىندا كەلىپ وتىر، سوندىقتان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى ساۋاپقا بولەيتىن بولادى، ينشاللا.

ءبىز مۇميندەرگە، ساحابالارعا ەلىكتەۋدەمىز، ينشاللا، ءبىز سولاردىڭ جولىندامىز ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندامىز، ءبىزدىڭ جاراتىلۋ سەبەبىمىز وسى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى نە ءۇشىن جاراتقان سەبەبى وسى، كوپتەگەن ادامدار، فيلوسوفتار «مەن كىممىن؟ ءبىز بۇندا نە ىستەپ ءجۇرمىن؟» دەر، ءبىراق بۇل سىزدەن ەمەس، جاراتۋشى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، ول ءبىزدى جاراتتى جانە ءبىزدى وسى جەر شارىنا قويدى، سوندىقتان مۇميندەر ارقالارىن بوساتىپ، جەڭىل ءجۇرۋى كەرەك، سەبەبى كىم ءوزىنىڭ كىم ەكەندىگىن، بۇل ءومىردىڭ نەگە ارنالعاندىعىن، ونىڭ ماقساتىن بىلمەسە، ول قۋانا المايتىن بولادى، ول مۇلدەم قۋانباس.

مۇميندەر قۋانىپ ءجۇرۋى كەرەك، ءبىراق ءقازىر ولار كاپىرلەردىڭ اسەرىنە ۇشىراۋدا، ال كاپىرلەر بولسا ماناعى اۋرۋمەن اۋىرىپ، جاپا شەگىپ جۇرگەندەر ەدى، مۇسىلماندارمەن مۇميندەر دە وسى كاپىرلەرگە جانە ولاردىڭ ىستەگەندەرىنە ەلىكتەپ ءجۇر، ويلاعانىن ويلاپ ءجۇر، سودان سوڭ مۇسىلماندار كەلىپ، «و، مەندە جابىعۋ (ديپەرەتسيا) بار، مەن قۋانا المايمىن، كوڭىلسىزبىن، مەن نەگە وسىنداي بولىپ قالعانىمدى بىلمەيمىن» دەر، ءمۇمين-مۇسىلمانداردىڭ ءوزى وسى حالدە ءجۇر، ءبىراق بۇل اسىلىندە مۇميندەردىڭ ويلاۋ فورماسىمەن مۇميندەردىڭ جولى ەمەس بولاتۇعىن، ءمۇميننىڭ جولى بۇل ەمەس، ءمۇميننىڭ جولى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بار بەرگەنىن، وعان ءناسىپ ەتكەنىن قابىل ەتۋ، ول وسى بەرىلگەنگە قۋانىپ، وسى ومىردە الىپ جۇرگەن ءاربىر تىنىسىنا ريزا بولۋى كەرەك.

كوپتەگەن قۇتىرعان ادامدار «ولگىم كەلەدى، ءوزىمدى ولتىرگىم كەلەدى» دەر، مىنە بۇل دا وتە جامان ءىس، قابىل ەمەس ءىس، سەبەبى جەردە ءتىرى جۇرگەندە العان ءبىر تىنىس، جەر استىنداعى كوردە مىڭ جىل جاتقاننان الدەقايدا قايىرلى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىندە ونىڭ ەكى ساحاباسى بار ەدى، ولار ۇقساس ءبىر رۋدان بولاتىن، ولار يسلام قابىلداپ، بارلىعىن ىستەر، ارينە ول كەزدە ولار ءتاحاجۇت، بارلىق سۇننەت، پارىزداردى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بىزگە ءامىر ەتكەنىن 100% ىستەيتىن ەدى، كەيىن ەكى ساحابانىڭ ءبىرى سوعىستا ءشاحيت بولدى، ءبىرى ءتىرى قالدى، ءبىراق ول ءبىر جىل وتكەن سوڭ اۋىرىپ، قايتىس بولار، ەكەۋى دە اقيرەتتىك بولدى، كەيىن ءمالىم ساحابا ولاردى تۇسىندە كورەر ءارى اۋىرىپ قايتىس بولعان ساحابانىڭ دارەجەسى ءشاحيت بولعان ساحابادان جوعارى ەكەن، دەمەك ول ءشاحيتتان دا جوعارى دارەجەگە جەتكەن، ساحابا بۇعان تاڭعالىپ، ءىستىڭ ءجايىن «بۇل قالاي بولعانى؟» دەپ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان سۇرار، ول «سەبەبى اۋىرىپ قايتىس بولعان ساحابا، ءبىر جىل بويى ناماز وقىپ، قۇلشىلىق ەتتى، ول ءبىر جىل ءتىرى جۇرگەندىكتەن ءشاحيتتان بيىك دارەجەگە جەتتى» دەيدى، سوندىقتان ءبىزدىڭ وسى ومىردە العان ءاربىر تىنىسىمىز ءبىز ءۇشىن وتە باعالى، وسىنى بىلەلىك، سول ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا العىس ايتالىق، ءاربىر تىنىسىڭدا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ەسكە العىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى زىكىرلەۋ دەگەنىمىز مىنە وسى، زىكىر دەگەنىمىز ەسكە الۋ، ەسكە ساقتاۋ، ويىڭىزبەن يا تىلىڭىزبەن نەمەسە باسقا جولمەن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى زىكىرلەسەڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى بيىك-بيىك دارەجەلەرگە جەتكىزەدى.

بۇل مۇميندەر ءۇشىن اسا ماڭىزدى، ادامدار زەرىگىپ قالماۋى ءۇشىن ىستەيتىن ءار ءتۇرلى ىستەرى بار، ءبىراق ولار بۇندا ىستەۋگە ءتيىستى ءىس، ماڭىزدى ءىس اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ەستەپ، زىكىرلەۋ ەدى، زەرىگىپ نە قىلارىڭىزدى بىلمەي وندا-بۇندا يا كەزكەلگەن جەرگە بارىپ وينارسىز، تەلەديدار كورەرسىز، ءقازىر ادامداردى قۇلشىلىقتان الىستاتاتىن وسىنداي ىستەر كوپ، ولار ءتۇنى بويى قولىنداعى ماشينالارعا (قولفون) قاراۋمەن بولادى، ال ناماز ۋاقىتى كەلگەندە ۇيقتاپ جاتادى، ءقازىر ولار ۇيقتاي المايتىن دا بولدى، ولاردىڭ كەيبىرى بۇل ماشنالارعا كۇندىز-ءتۇنى ءبىر تىنباستان قاراۋمەن بولار، ولار كادىمگى گيپنوز سياقتى قاتىپ قالعان، باسقا ەشتەڭە ويلاماس.

مىنە بۇل ءبىزدىڭ وسى زامانىمىزدا بولىپ جاتقان ماسەلەلەر، ال بۇل ادامداردى باقىتسىز ەتىپ، ولاردىڭ ىشكى دۇنيەلەرىن، وي-سانالارىن ونان ارمان قاراڭىلاندىرا ءتۇستى، ءبىراق اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولعان مۇميندەر بارلىعى ءبىزدىڭ پايدامىز ءۇشىن ەكەندىگىن ءبىلۋى كەرەك، وسىنداي ادام جەڭىمپاز بولماق، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ساۋاپ ۇتىپ جاتىر، ول قۋانسا دا، قۋانباسا دا جەڭىپ جاتىر، جىلاپ جۇرسە دا جەڭۋدە، كۇلىپ جۇرسە دە جەڭۋدە، سەبەبى ول اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە، ال كاپىرلەر ءۇشىن جەڭىس جوق، ولار ەش پايدا تاپپاستان جەڭىلىپ جاتىر.

سوندىقتان مۇميندەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ولارعا بەرگەندەرىنىڭ ءقادىرىن ءبىلۋى كەرەك ءارى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بەرگەنىنە العىس ايتۋى ءتيىس، بۇل زور نىعىمەت، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلگەن زور نىعىمەت، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردىڭ ءوسىبىر اسىلداردى، باعالى نارسەلەردى الۋى ءۇشىن ءار ورايدى بەرۋدە، ول «بۇلار تۇگەپ قالادى» دەمەس، الايدا ادامدار ءبىز ايتىپ وتكەنىمىزدەي ۇيقتاپ جاتىر، «وَهُمْ فِى غَفْلَةٍ مُّعْرِضُونَ» (ولار عافيلەتتىلىكپەن بەتتەرىن بۇرۋدا) (قۇران 21:01)، ولار ونى تانىپ جەتپەس، عافلاھ دەگەنىمىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ولارعا نەنى بەرەتىن بىلمەۋ دەمەكىلىك-ءدۇر، ول ولارعا بارلىعىن بەرۋدە، ءبىراق ولار سوندا دا ناپسىلەرىنىڭ، ءناپسى قالاۋلارىنىڭ ارتىنان جۇگىرۋدە، ونان سوڭ ولار كەلىپ، «ءبىز قۋانا المايمىز، باقىتتى ەمەسپىز، بۇل ءومىردى سۇيمەيمىز» دەر، ولار ادامداردى قۋاندىرماق بولىپ، ولارعا قارار، ادامدارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ۇمىتتىراتىن شايتاننىڭ ويىندارىنىڭ ارتىنان جۇگىرەر، ءتىپتى سەنىمىز ادامدارعا ارقا سۇيەپ، يە ارتار، ولار وسىلارعا سەنەر، ءبىراق جاقسى ادامدارعا سەنبەس، سەبەبى جاقسى ادامدار ولارعا جالعاندىق قىلماس، وتىرىك ايتپاس، ال جامان ادامدار بارلىعىندا باستان اقىر وتىرىك نارسە ايتار، ءبىراق ولار وسى وتىرىكتەرگە ينانىپ، قۋانىپ جۇرەر.

وسىدان سوڭ ولار وكىنەر، ولار وسى دۇنيەنىڭ وزىندە وكىنىپ ءجۇر، ال اقيرەتتە جاعداي ءتىپتى دە سۇمدىق بولماق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ءوسىبىر ادامداردان ساقتاعاي، ينشاللا، قازىرگى زامان بارلىعى اۋدارىلىپ، توڭكەرىلىپ قالعان زامان، جۇرت جاقسىنى جامان، جاماندى جاقسى كورەر، ولار شىنشىلداردى سۇيمەس، ءبىراق ارامزا ادامدارعا ءدان ريزا، اقىرزامان مىنە وسىنداي، ينشاللا، ول وزگەرەتىن بولادى، بىزدە ماشينا، قارۋ-جاراق، ەكونوميكا نەمەسە باسقا نارسە سياقتى ەش كۇشىمىز جوق، بىزدە ەشتەڭە جوق، ءبىز مينۋس ءنولمىز، ءبىراق ءبىز دە بارلىق قارۋ-جاراقتاردان مىقتى نارسەمىز بار، ول بولسا دۇعا ەدى، بىزدە دۇعا بار، ەڭ ءونىمدى قارۋ وسى، ۋاقىتى كەلگەندە ماناعى بارلىق قارۋلار ءبىر دۇعامەن-اق جوق بولىپ، ادامدار قارۋلارىن ىستەتە الماي قالادى، ينشاللا، ءبىز سول ۋاقىتتى كۇتۋدەمىز ءارى ول قاراماققا تىم جاقىن تۇر.

سەبەبى زۇلىمدىق، ادىلەتسىزدىك، ءاربىر بۇزىقتىق ەڭ بيىك شوقتىعىنا جەتتى، وسىدان سوڭ ولاردىڭ شيپاسى ءبىتۋى كەرەك، ولار كەتۋى ءتيىس، ءبىز وسىنى كۇتىپ وتىرمىز، بىزدە ءشۇيىنشى بار، ءبىز وسىعان سەنەمىز، ءبىز مۇميندەرمىز، وسىعان سەنەمىز، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا سەنىمىمىزگە سەنەمىز، اتالمىش ۋاقيعا تۋىلۋى كەرەك، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن بارلىق ىستەر شىعىپ بولدى، تەك بىرنەشە ىستەر عانا قالدى، ينشاللا، ەندى وسىلارعا كەزەك كەلدى، ينشاللا.

ءبىز سول جاقسى زاماندا، ادىلەتتى زاماندا بولۋدى ءۇمىت ەتەمىز، ادامدار بالاسى ءۇشىن ادىلدىك وتە ماڭىزدى، ادىلدىك كەلگەندە بارلىعى جاقسى بولماق، سەبەبى ول كەزدە ەشكىم زۇلىمدىققا ۇشىرامايدى، ەشكىم زۇلىمدىق قىلمايدى، وسى ىستەر بولعاندا ادامدار قۋانىشقا بولەنىپ، بىرەۋ تاعى بىرەۋدى بوقتاماس بولار، قارعاماس بولار، ول زامان بەرەكەمەن باقىتقا شومباق، ارينە قيامەت كۇنىنەن بۇرىن سول جاقسى زامان ورناۋى كەرەك، وعان ءمالىم ۋاقىت بەرىلگەن، شامامەن 40 جىل بەرىلگەن (وسى كەزدە شايتان 40 جىلعا قالامادى)، وسى 40 جىلدان سوڭ ادامدار قايتا كۇپىرلىككە باسادى (شايتان بوساتىلادى)، سەبەبى ولاردا ءناپسى بار، ال شايتان دا قيامەتكە دەيىن ءومىر سۇرمەك، مىنە وسىلاي ول جاقسى زامان 40 جىل اينالاسى عانا بولار، ونان سوڭ ازعىندىق قايتا كەلەر، ول وتكەن سوڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءمالىم ءتۇتىن، ءيىس جىبەرىپ، مۇميندەردىڭ بارلىعى قايتىس بولىپ كەتەدى دە، جەر جۇزىندە بىردە-ءبىر مۇمينمەن مۇسىلمان قالمايدى، تەك قانا كاپىر بولىپ كەتكەن ادام بالاسى عانا قالادى، ونان سوڭ قيامەت ءتاق سولاردىڭ باسىنا ورنايدى، ونان سوڭ ينشاللا، ماحشار بولار، ينشاللا، ءجاننات فيرداۋىس كۇتەر.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7440