You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: исра-мираж түнінің сыры хақында (2024.02.02 / Хижра 1445-жыл 23-режеп)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7418
Сұхбат: исра-мираж түнінің сыры хақында (2024.02.02 / Хижра 1445-жыл 23-режеп)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Осы апта, иншалла, режеп айының ең соңғы аптасы, онда пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның қасиетті түн сапары туылған әрі ол құран әзиму-шәнда айтылған, бисмиллахир рахманир рахим, «سُبْحَـٰنَ ٱلَّذِىٓ أَسْرَىٰ بِعَبْدِهِۦ لَيْلًۭا مِّنَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ إِلَى ٱلْمَسْجِدِ ٱلْأَقْصَا ٱلَّذِى بَـٰرَكْنَا حَوْلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنْ ءَايَـٰتِنَآ ۚ» (құран 17:01), садақал-лахул ғазим, Алла Жәллә Жәләлуху Сүбіхан-дүр, Сүбіхан дегеніміз аса зор құрмет көрсету, Сүбіхан Алла Әззә уә-Жәлләның ең ұлық мәртебесімен құрметін білдіреді.

Алла Жәллә Жәләлухудың сүбіхандығы біздің ой-санамыздан тысқары, ол санамыз жетпейін шаруа, барлығы адамдарға анық болуы үшін тәптештеп айталық, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам харам мешітінен сапар жасады, ол Меккедегі кағбадан Иерусалимге сапарлады, ол өзінің бұрақ мініп, бірнеше жерге тоқтағанын айтады, ол әуелі Мединаға тоқтады, онан соң Мадиянға тоқтады, Мадиян Иорданиядағы Аманға жақын бір жер, одан ол Иса әлеихис-салам туылған жерге тоқтады, ол бұдан басқа да жерлерге тоқтап өткен, ол Газаға тоқтағанда екі ракат намаз оқыды, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам жеті жерге тоқтап, соңында бүкіл пайғамбарлармен бірге Ақса Мешітінде бірге намаз оқыды, одан соң ол көкке шығып кетті, «исра» сөзі түндегі сапарды білдіреді, осы дүниеде болған сапарын «түнгі сапар» (исра) дер, ал оның көкке сапары ең басты мұғжиза, ақиқатында барлық нәрсе мұғжиза, бірақ адамдардың санасы оны қабыл ете алмайды.

Сол кездегі адамдар, демек кәпірлер «бұл болуы мүмкін бе? ол мүмкін емес, енді бұл адамға ешкім де сенбейтін болды, жақсы болды ғой» десіп, таза қуанды, хаша, олар оны құрметтеген жоқ, оларқуанысып, мәз болған ісі сол, «бұдан кейін оған ешкім сенбейтін болды» деу болды. Олар бұл үшін қатты қуанды, олар кәпір еді, қуаныштарында шек болмады, себебі олардың алдында олардың ұнатқанын ұнатпайтын, қалағанын қаламайтын бір дұшпаны бар еді, олар үшін пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды ұнатпау, оған сенбеу қалыпты іс болатұғын, ол кездегі адамдардың санасы үшін қалыпсыз емес нәрсе жоқ, олардың ақыл-санасы кішкентай нәрселерді ғана қабыл ететін, ол кездегі адамдардың түсінігі бойынша исра-мираж сапары мүмкім емес іс болатұғын, жарайды, айтып өткеніміздей, олардың бұнысын түсінуімізге болады.

Алайда осы кездегі «мұсылманбыз, біз ғұламамыз» дей тұра, бұл сапарды «түс» дейтін адамдарға не уәж айтармыз! бұл олардың әнеу кәпірлерден де сұрқия екендігін білдіреді, біз оны бұнда айтқымыз келмес, бірақ бұны қазір не үшін айтып отырмыз? себебі олар өздерін ғана адастырса, ол бір іс қана болар еді, алайда оларға неше жүзмыңдаған адамдарды ертіп, адастырып жүр емеспе, олар «қараңдар, ол ғұлама ғой, егер ол оны қабыл етпесе, біз оны "түс" деп қабыл етпей, нетерміз?» дейді, ақыл және түсінік деген нәрсе бар, ертедегі адамдар оны көп түсіне алмас, бірақ қазіргілер оны «түс» деп жүр, адамдар түсінде не көрмейді? барлығын көре береді емеспе, ал солардың барлығын шын ба? нақты уақиға ма? міне бұл шайтанның ғұламалар арқылы яғни бұзық ғұлама, жалған ғалымдар арқылы адамдарға салған уәсуәсә-сыбырынан басқа ештеңе емес.

Бұндай ғұламаларды пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «уламаус-ссу» яғни «жаман, бұзық ғалымдар» деп атаған, олар игіліктің ғұламалары емес, бірақ жамандықтың, кесірдің ғұламалары, ондайлар өте көп болған, ал қазіргі кезді алсақ, түн сапары қиын нәрсе емес, осы кездегі мүмкіндіктер бойынша исра сапары мүмкін болған нәрсе, бірақ ондағы маңыздысы басқа жағы болып отыр, қазіргі адамдар «біз ақылдымыз» деп ойлар ....

Басты шаруа басқа болып отыр, адамдар қазір аспаннан ары ұшса мыңдаған жұрт шапалақ соғып, оны құттықтар, олар айға, білмедік тағы басқа жерлерге бірдеңелерін ұшыруда, олар барар, бірақ олар мәлім жерге жеткенше 3 жыл кетеді, тағы бір жерге барғанша 20 жыл кетер, ал олардың ұшып жүрген қашықтықтары (әлемге салыстырса) нөлде бола алмайды, тым қысқа, жоқ дерлік, мүмкін минус милиярттан бірі болар, олардың барған жерлері тым қысқа, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам осыншама алыс қашықтықтарды көзді ашып жұмғанша сапарлап, барлғын көрді, ол бүкіл жерге барды, онда ракета, зымыран, білмедік, сондай нәрселер болған жоқ, қазіргі жұрт көпсіте айтып жүрген құралдар бомады.

Алла Әззә уә-Жәлләның аят-белгілері бар, аят мағынасы «өзгелер үшін мүмкін емес» дегенді білдіреді, демек ол белгілер тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ғана арналған, сонымен бірге бұлар ол оның құрметі үшін оның үмбетіне де берілді, міне бұл аса ұлық уақиға-дүр, солай емеспе ... жұртта «құс ми» деген сөз бар, ал құстар манағы қарсы келген қыңыр ғұламалардан көп ақылды, исра-мираж сапары мұсылман үмбеті үшін аса зор игілік және ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінен берілген берілген ұлық сауға, Алла Әззә уә-Жәлләның оған берген биік мақамына адамдардың санасы жетпейді, оны адам ақылы алып жүре алмайды, ол ақылдан тыс нәрселер және ол адам көзіне де сыймайды, көздің оны көруге қауқары жоқ, адам миы оны қанша ойлансада, оған қиялы жетпейді, бұл бір кішкене іс, бірақ адам баласының оған сенуі тым қиын, анығы сол бұлардың барлығы пайғамбармыыз саллал-лаху әлейхис-саламның құрметі үшін берілді, ешбір жаратылыс, ешбір адам ондай мақам-дәрежеге жетіп көрген емес, ол тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға берілді.

Сол үшін де біз зор мәртебеге жеттік, біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам пайғамбарлардың ең ұлығы, осындай ұлық Алла Әззә уә-Жәлләның ең сүйіктісі болған пайғамбардың үмбеті болу бізге жетіп асады, бізге бұдан басқа ештеңе керек емес, «жоқ! мен бұндай, мен ондай» деудің еш құны жоқ мәнсіз тірлік-дүр, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбеті болудан артық іс жоқ, ол мәңгілік болғай, иншалла, біз оның сұлу жүзін жәннәтта көретін боламыз әрі онымен осында да және ақиретте де бірге боламыз, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху мұсылмандарға түсінік бергей, жұрт өздерін «ғұлама» атап алған ақымақ адамдарға сенбеулері керек, оларға сенбесін, Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем бергей, бізге риза болғай, иншалла.

Бізге, әлхамдулилла, бізге пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбеті болу нәсіп болды, біз өте тәлейлі жандармыз, осы апта режеп айының соңғы аптасы, иншалла, біз сәрсенбі (сейсенбі) кеште исра-мираж кешін өткіземіз, бұл сапар көкке, илаһи құзіретке жасалынған сапар, бұл аса маңызды күн, расында өте маңызды, бірақ кейбір адамдар ... айтып өткеніміздей, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам Меккеде болғанда, ол қатты көңілсізденді, сахабалардың да жағдай тым мүшкіл болып, олар өте қиын уақыттарды бастан кешіріп жатқан болатын, бүкіл ру-тайпалар бірігіп, оларға зұлымдық жасайтын, ештеңе бермейтін ... олар дуал жасап тосып, олардың ешбіріне тамақ бермейді, нәр таттырмайды, осы кездерде оның кіші әкесімен әйелі Қадижа хазірет қайтыс болды, ол сондай коңілсіздікте жүрген еді ...

Алла Жәллә Жәләлуху оған барлығын ашты, оған көрсетті, Алла Жәллә Жәләлуху «سُبْحَـٰنَ ٱلَّذِىٓ أَسْرَ» (құран 17:01) дейді, Сүбіхан мағынасы ең жоғары мақтауларды білдіреді, бұл мадақ тек Алла Жәллә Жәләлуху үшін, Оған ұқсайтын ештеңе жоқ, бұл мадақ, сүбіхан, тек Алла Жәллә Жәләлуху үшін ғана, осылайша Алла Жәллә Жәләлуху оған Меккеден Құдысқа, онан соң Құдыстан көкке сапар жасатып, көптеген дәлелдерді және Алла Жәллә Жәләлуху жаратқан көптеген ғажайып нәрселерді көрсетеді, Өзінің асқан ұлықтығын, асқан биіктігін көрсетеді.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сапарын кәпірлерге айтар, «кәпір» деп иман келтірмейтіндерді айтады, исламда осылай дер, кәпірлер оның бұл хабарына мәз болады, олар не үшін қуанып жүр? себебі олар біледі, олар бұған қатты қуанулы, себебі ешкім бұл хабарға сенбейді, бірақ пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтқан исламға қатысты сөздер, ана-мына істер, демек оның айтқан барлық ісі туылады, алайда адамдар бұдан қашып, оны қабыл етпеді әрі осы қашқандардың шипасы бітетін болады, сондықтан манағы кәпірлер қатты қуанды, демек олар оның «түнде сапар жасап, иерусалимге барды, одан көкке сапарлады» деген хабарына тым риза еді, олар «осы хабарларды елге таратып, исламның шипасын бітіреміз» деп ойлады, ол кездегі адамдар иерусалиге екі сағатта барып келуге сенбейтін еді, иә, ол кездің ойымен солай, ол кездегі мүмкіндіктер сондай ғана болды, сондықтан біз олардың оны түсіне алмауын түсініп қойуымызға болады, олардың ақталуына себеп бар делік, демек кәпірлер пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға қарсы сылтау тапқысы келер.

Алайда осы кездегі «біз ғұламамыз, біз барлығын білеміз, мұсылманбыз, мұсылмандардың ғұламасымыз» дей тұра, исра-миражды «түс» дейтін адамдар жәйлы не дерміз? олар оны «түс» дер, олардың бұнысы кәпірлерден де сұрқия болып тұр, не үшін? себебі олар шайтанға ұқсап қалды, «уәсуәсил хан-нас» (құран 114:04) делінер, демек олар ел-жұртқа, мұсылмандарға күмән салуда, көптеген адамдар «олар доктор, професор, бәлен атақты, түгілен білгір» деп ойлайды, ал бұл ғұламасымқтар болса «исра-мираж сапары түс, түстен сен бірдеңе ... ол түс, еш мәселе жоқ, ол түс қана» деп соғып жатыр, сондықтан олар ең қитұрқылары болды, олар өзге адамдарға уәсуәса салуда, себебі олар өздеріне еретін мәлім адамдарды тапты, олар әр жерде жүр, ислами әкедемияларда жүргендердің жартсысы осындай адамдар, бұл өте хауіпті жағдай, олар мұсылмандардың сенімін, иманын бұзып жатыр, сопылық тәриқатқа шабуыл жасауда, себебі тәриқаттағылар оларға қарсы келеді, тәриқаттағылардың сенімі бұл адамдардың сеніміне дәл қарама-қарсы, егер ол түс болса, түсті кім көрмейді, мен де, біз де, барлығымыз да түс көреміз, түсімізде ұшамыз, секіреміз, барамыз және келеміз ғой, бірақ бұл нәрселер маңызды еш емес ...

Бұндағы маңыздысы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтқаны еді, ол «мен иерусалимге сапарладым, бірінші рет түскен жерімізде көптеген құрма ағашы бар екен, ол Ясриб яғни Мәдина Мунауара еді, осы жерде екі ракат намаз оқыдым, одан соң біз Мадиян жерге келдік, ол Иорданияның Амманы болатұғын, одан Бәйіт Ләхимға келдік, онда пайғамбар Иса әлейхс-салам туылған, газа және басқа жерлерге бардық, жеті жерге бардық» дейді, ол барған әр жерде екі ракаттан намаз оқиды, одан соң ол иерусалимға барып, бүкіл пайғамбарлармен (барлық пайғамбарлар тіріліп келді) кездесті, ол онда оларға имам болып, екі ракат намаз оқйды, онан ол осы жерден көкке көтерілді, жеті қат көкке жетті, осыған дейін қазіргі адамдар түсінуі мүмкін, себебі қазір Жедадан Меккеге тез баруға мүмкіндік бар.

Ол осы жерден көкке көтерілді ... ал бұны ешкім істей алмайды, адамдар қазіргі бар мүмкіндіктерін істесе де оны атқара алмас, оларда не бар? олар аспанға ракетамен сандықтарын лақтырғанға тәкәппарланады, айға және басқа жерге бармақшы болады, бірақ олар үшін ең жақын планетаға бару үшін көп жыл кетеді, айға мүмкін алты ай кетер, ал басқаларына ... демек олар тым баяу барар, олар «біз онда тез барамыз» деп ойлап қалған, ал әлемді алып айтар болсақ, олар бір милиметір де жүрген жоқ, олар жылдар бойы жақын пленаталарға бармақ болып, сонымен әбігер ...

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам ең зор, ең биік-дүр ... ол барған Алла Әззә уә-Жәлләның илаһи құзіреті тек пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам үшін ғана еді, бүкіл жаратылыстардың ішінде бұл оған берілді, себебі ол Алла Әззә уә-Жәлләның ең сүйіктісі болатұғын, ал біз оның онда қалай барғанын, не болғанын білмейміз, ол жәйлы ештеңе дей алмаймыз, біз оны ойлап жете алмаймыз, сіз оны қиялдай алмайсыз, ести алмаймыз, көре алмаймыз, ондай ешнәрсе жоқ, еш сөзіміз жоқ, бірақ бізге жеткіліктісі сол, бізге оның үмбетінен болу құрметі бұйырды, осы мәртебе біз үшін ең зоры болмақ, бұл дүниедегі ең жақсысы осы нығымет, бұл жәй іс емес, бірақ адамдар оны түсінбейді, көңіл бөлмес, қарсы келер, олар шын оянғанда яғни өлгенде қатты өкінетін болады, бірақ бұл өкініш ол кезде пайда бермес.

Сондықтан біз, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлухудан бізді қорғауын сұраймыз, осы нығыметті танып, оның қадіріне жетуді нәсіп етуін сұраймыз, егер оның қадірін білсеңіз, қуанып, бақытты жүретін боласыз, сізде ең қымбатты нәрсе бар, тіпті сіздің мына дүниеде еш нәрсеңіз болмаса да, бұл абырой сізді бұл дүниеде де, ақиретте де бақытты етуге жетіп асады, кейін ғана емес осында да бақытты етеді, ештеңесі жоқ бола тұра милиядерден де бақытты жүргендер көп емеспе, бізді осы жолында бақытты еткей, иншалла, иман келтірмегендерге хидаят бергей, оларды да осы орайға, осы берекеге жеткізгей, себебі мүмин ішітар қызғаншақ емес, ол ішітарлар сияқты басқаларда жақсы нәрсенің болуын қаламайтындардан емес, мүмин өзгелерге де игіліктің келуін қалайды, жұрттың барлығы бірдей жақсылыққа жетсе, сіз тіпті де қуанып, тіпті де бақытты жүретін боласыз, иншалла. Алла Жәллә Жәләлуху бізді осы түзу жолда түзу жүргізгей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: يسرا-ميراج ءتۇنىنىڭ سىرى حاقىندا (2024.02.02 / حيجرا 1445-جىل 23-رەجەپ)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

وسى اپتا، ينشاللا، رەجەپ ايىنىڭ ەڭ سوڭعى اپتاسى، وندا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قاسيەتتى ءتۇن ساپارى تۋىلعان ءارى ول قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىلعان، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «سُبْحَـٰنَ ٱلَّذِىٓ أَسْرَىٰ بِعَبْدِهِۦ لَيْلًۭا مِّنَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ إِلَى ٱلْمَسْجِدِ ٱلْأَقْصَا ٱلَّذِى بَـٰرَكْنَا حَوْلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنْ َءايَـٰتِنَآ ۚ» (قۇران 17:01)، ساداقال-لاحۋل عازيم، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسۇبىحان-ءدۇر، ءسۇبىحان دەگەنىمىز اسا زور قۇرمەت كورسەتۋ، ءسۇبىحان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەڭ ۇلىق مارتەبەسىمەن قۇرمەتىن بىلدىرەدى.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءسۇبىحاندىعى ءبىزدىڭ وي-سانامىزدان تىسقارى، ول سانامىز جەتپەيىن شارۋا، بارلىعى ادامدارعا انىق بولۋى ءۇشىن تاپتەشتەپ ايتالىق، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام حارام مەشىتىنەن ساپار جاسادى، ول مەككەدەگى كاعبادان يەرۋساليمگە ساپارلادى، ول ءوزىنىڭ بۇراق ءمىنىپ، بىرنەشە جەرگە توقتاعانىن ايتادى، ول اۋەلى مەديناعا توقتادى، ونان سوڭ ماديانعا توقتادى، ماديان يوردانياداعى امانعا جاقىن ءبىر جەر، ودان ول يسا الەيحيس-سالام تۋىلعان جەرگە توقتادى، ول بۇدان باسقا دا جەرلەرگە توقتاپ وتكەن، ول گازاعا توقتاعاندا ەكى راكات ناماز وقىدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام جەتى جەرگە توقتاپ، سوڭىندا بۇكىل پايعامبارلارمەن بىرگە اقسا مەشىتىندە بىرگە ناماز وقىدى، ودان سوڭ ول كوككە شىعىپ كەتتى، «يسرا» ءسوزى تۇندەگى ساپاردى بىلدىرەدى، وسى دۇنيەدە بولعان ساپارىن «تۇنگى ساپار» (يسرا) دەر، ال ونىڭ كوككە ساپارى ەڭ باستى مۇعجيزا، اقيقاتىندا بارلىق نارسە مۇعجيزا، ءبىراق ادامداردىڭ ساناسى ونى قابىل ەتە المايدى.

سول كەزدەگى ادامدار، دەمەك كاپىرلەر «بۇل بولۋى مۇمكىن بە؟ ول مۇمكىن ەمەس، ەندى بۇل ادامعا ەشكىم دە سەنبەيتىن بولدى، جاقسى بولدى عوي» دەسىپ، تازا قۋاندى، حاشا، ولار ونى قۇرمەتتەگەن جوق، ولارقۋانىسىپ، ءماز بولعان ءىسى سول، «بۇدان كەيىن وعان ەشكىم سەنبەيتىن بولدى» دەۋ بولدى. ولار بۇل ءۇشىن قاتتى قۋاندى، ولار كاپىر ەدى، قۋانىشتارىندا شەك بولمادى، سەبەبى ولاردىڭ الدىندا ولاردىڭ ۇناتقانىن ۇناتپايتىن، قالاعانىن قالامايتىن ءبىر دۇشپانى بار ەدى، ولار ءۇشىن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى ۇناتپاۋ، وعان سەنبەۋ قالىپتى ءىس بولاتۇعىن، ول كەزدەگى ادامداردىڭ ساناسى ءۇشىن قالىپسىز ەمەس نارسە جوق، ولاردىڭ اقىل-ساناسى كىشكەنتاي نارسەلەردى عانا قابىل ەتەتىن، ول كەزدەگى ادامداردىڭ تۇسىنىگى بويىنشا يسرا-ميراج ساپارى مۇمكىم ەمەس ءىس بولاتۇعىن، جارايدى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولاردىڭ بۇنىسىن تۇسىنۋىمىزگە بولادى.

الايدا وسى كەزدەگى «مۇسىلمانبىز، ءبىز عۇلامامىز» دەي تۇرا، بۇل ساپاردى «ءتۇس» دەيتىن ادامدارعا نە ءۋاج ايتارمىز! بۇل ولاردىڭ انەۋ كاپىرلەردەن دە سۇرقيا ەكەندىگىن بىلدىرەدى، ءبىز ونى بۇندا ايتقىمىز كەلمەس، ءبىراق بۇنى ءقازىر نە ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز؟ سەبەبى ولار وزدەرىن عانا اداستىرسا، ول ءبىر ءىس قانا بولار ەدى، الايدا ولارعا نەشە ءجۇزمىڭداعان ادامداردى ەرتىپ، اداستىرىپ ءجۇر ەمەسپە، ولار «قاراڭدار، ول عۇلاما عوي، ەگەر ول ونى قابىل ەتپەسە، ءبىز ونى "ءتۇس" دەپ قابىل ەتپەي، نەتەرمىز؟» دەيدى، اقىل جانە تۇسىنىك دەگەن نارسە بار، ەرتەدەگى ادامدار ونى كوپ تۇسىنە الماس، ءبىراق قازىرگىلەر ونى «ءتۇس» دەپ ءجۇر، ادامدار تۇسىندە نە كورمەيدى؟ بارلىعىن كورە بەرەدى ەمەسپە، ال سولاردىڭ بارلىعىن شىن با؟ ناقتى ۋاقيعا ما؟ مىنە بۇل شايتاننىڭ عۇلامالار ارقىلى ياعني بۇزىق عۇلاما، جالعان عالىمدار ارقىلى ادامدارعا سالعان ءۋاسۋاسا-سىبىرىنان باسقا ەشتەڭە ەمەس.

بۇنداي عۇلامالاردى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ۋلاماۋس-سسۋ» ياعني «جامان، بۇزىق عالىمدار» دەپ اتاعان، ولار يگىلىكتىڭ عۇلامالارى ەمەس، ءبىراق جاماندىقتىڭ، كەسىردىڭ عۇلامالارى، وندايلار وتە كوپ بولعان، ال قازىرگى كەزدى الساق، ءتۇن ساپارى قيىن نارسە ەمەس، وسى كەزدەگى مۇمكىندىكتەر بويىنشا يسرا ساپارى مۇمكىن بولعان نارسە، ءبىراق ونداعى ماڭىزدىسى باسقا جاعى بولىپ وتىر، قازىرگى ادامدار «ءبىز اقىلدىمىز» دەپ ويلار ....

باستى شارۋا باسقا بولىپ وتىر، ادامدار ءقازىر اسپاننان ارى ۇشسا مىڭداعان جۇرت شاپالاق سوعىپ، ونى قۇتتىقتار، ولار ايعا، بىلمەدىك تاعى باسقا جەرلەرگە بىردەڭەلەرىن ۇشىرۋدا، ولار بارار، ءبىراق ولار ءمالىم جەرگە جەتكەنشە 3 جىل كەتەدى، تاعى ءبىر جەرگە بارعانشا 20 جىل كەتەر، ال ولاردىڭ ۇشىپ جۇرگەن قاشىقتىقتارى (الەمگە سالىستىرسا) نولدە بولا المايدى، تىم قىسقا، جوق دەرلىك، مۇمكىن مينۋس ميليارتتان ءبىرى بولار، ولاردىڭ بارعان جەرلەرى تىم قىسقا، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام وسىنشاما الىس قاشىقتىقتاردى كوزدى اشىپ جۇمعانشا ساپارلاپ، بارلعىن كوردى، ول بۇكىل جەرگە باردى، وندا راكەتا، زىمىران، بىلمەدىك، سونداي نارسەلەر بولعان جوق، قازىرگى جۇرت كوپسىتە ايتىپ جۇرگەن قۇرالدار بومادى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ايات-بەلگىلەرى بار، ايات ماعىناسى «وزگەلەر ءۇشىن مۇمكىن ەمەس» دەگەندى بىلدىرەدى، دەمەك ول بەلگىلەر تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا عانا ارنالعان، سونىمەن بىرگە بۇلار ول ونىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ونىڭ ۇمبەتىنە دە بەرىلدى، مىنە بۇل اسا ۇلىق ۋاقيعا-ءدۇر، سولاي ەمەسپە ... جۇرتتا «قۇس مي» دەگەن ءسوز بار، ال قۇستار ماناعى قارسى كەلگەن قىڭىر عۇلامالاردان كوپ اقىلدى، يسرا-ميراج ساپارى مۇسىلمان ۇمبەتى ءۇشىن اسا زور يگىلىك جانە ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىنەن بەرىلگەن بەرىلگەن ۇلىق ساۋعا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ وعان بەرگەن بيىك ماقامىنا ادامداردىڭ ساناسى جەتپەيدى، ونى ادام اقىلى الىپ جۇرە المايدى، ول اقىلدان تىس نارسەلەر جانە ول ادام كوزىنە دە سىيمايدى، كوزدىڭ ونى كورۋگە قاۋقارى جوق، ادام ميى ونى قانشا ويلانسادا، وعان قيالى جەتپەيدى، بۇل ءبىر كىشكەنە ءىس، ءبىراق ادام بالاسىنىڭ وعان سەنۋى تىم قيىن، انىعى سول بۇلاردىڭ بارلىعى پايعامبارمىىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن بەرىلدى، ەشبىر جاراتىلىس، ەشبىر ادام ونداي ماقام-دارەجەگە جەتىپ كورگەن ەمەس، ول تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا بەرىلدى.

سول ءۇشىن دە ءبىز زور مارتەبەگە جەتتىك، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام پايعامبارلاردىڭ ەڭ ۇلىعى، وسىنداي ۇلىق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەڭ سۇيىكتىسى بولعان پايعامباردىڭ ۇمبەتى بولۋ بىزگە جەتىپ اسادى، بىزگە بۇدان باسقا ەشتەڭە كەرەك ەمەس، «جوق! مەن بۇنداي، مەن ونداي» دەۋدىڭ ەش قۇنى جوق ءمانسىز تىرلىك-ءدۇر، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتى بولۋدان ارتىق ءىس جوق، ول ماڭگىلىك بولعاي، ينشاللا، ءبىز ونىڭ سۇلۋ ءجۇزىن ءجانناتتا كورەتىن بولامىز ءارى ونىمەن وسىندا دا جانە اقيرەتتە دە بىرگە بولامىز، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇسىلماندارعا تۇسىنىك بەرگەي، جۇرت وزدەرىن «عۇلاما» اتاپ العان اقىماق ادامدارعا سەنبەۋلەرى كەرەك، ولارعا سەنبەسىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم بەرگەي، بىزگە ريزا بولعاي، ينشاللا.

بىزگە، ءالحامدۋليللا، بىزگە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتى بولۋ ءناسىپ بولدى، ءبىز وتە تالەيلى جاندارمىز، وسى اپتا رەجەپ ايىنىڭ سوڭعى اپتاسى، ينشاللا، ءبىز سارسەنبى (سەيسەنبى) كەشتە يسرا-ميراج كەشىن وتكىزەمىز، بۇل ساپار كوككە، يلاھي قۇزىرەتكە جاسالىنعان ساپار، بۇل اسا ماڭىزدى كۇن، راسىندا وتە ماڭىزدى، ءبىراق كەيبىر ادامدار ... ايتىپ وتكەنىمىزدەي، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام مەككەدە بولعاندا، ول قاتتى كوڭىلسىزدەندى، ساحابالاردىڭ دا جاعداي تىم مۇشكىل بولىپ، ولار وتە قيىن ۋاقىتتاردى باستان كەشىرىپ جاتقان بولاتىن، بۇكىل رۋ-تايپالار بىرىگىپ، ولارعا زۇلىمدىق جاسايتىن، ەشتەڭە بەرمەيتىن ... ولار دۋال جاساپ توسىپ، ولاردىڭ ەشبىرىنە تاماق بەرمەيدى، ءنار تاتتىرمايدى، وسى كەزدەردە ونىڭ كىشى اكەسىمەن ايەلى قاديجا حازىرەت قايتىس بولدى، ول سونداي كوڭىلسىزدىكتە جۇرگەن ەدى ...

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان بارلىعىن اشتى، وعان كورسەتتى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «سُبْحَـٰنَ ٱلَّذِىٓ أَسْرَ» (قۇران 17:01) دەيدى، ءسۇبىحان ماعىناسى ەڭ جوعارى ماقتاۋلاردى بىلدىرەدى، بۇل ماداق تەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن، وعان ۇقسايتىن ەشتەڭە جوق، بۇل ماداق، ءسۇبىحان، تەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن عانا، وسىلايشا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان مەككەدەن قۇدىسقا، ونان سوڭ قۇدىستان كوككە ساپار جاساتىپ، كوپتەگەن دالەلدەردى جانە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاراتقان كوپتەگەن عاجايىپ نارسەلەردى كورسەتەدى، ءوزىنىڭ اسقان ۇلىقتىعىن، اسقان بيىكتىگىن كورسەتەدى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ساپارىن كاپىرلەرگە ايتار، «كاپىر» دەپ يمان كەلتىرمەيتىندەردى ايتادى، يسلامدا وسىلاي دەر، كاپىرلەر ونىڭ بۇل حابارىنا ءماز بولادى، ولار نە ءۇشىن قۋانىپ ءجۇر؟ سەبەبى ولار بىلەدى، ولار بۇعان قاتتى قۋانۋلى، سەبەبى ەشكىم بۇل حابارعا سەنبەيدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتقان يسلامعا قاتىستى سوزدەر، انا-مىنا ىستەر، دەمەك ونىڭ ايتقان بارلىق ءىسى تۋىلادى، الايدا ادامدار بۇدان قاشىپ، ونى قابىل ەتپەدى ءارى وسى قاشقانداردىڭ شيپاسى بىتەتىن بولادى، سوندىقتان ماناعى كاپىرلەر قاتتى قۋاندى، دەمەك ولار ونىڭ «تۇندە ساپار جاساپ، يەرۋساليمگە باردى، ودان كوككە ساپارلادى» دەگەن حابارىنا تىم ريزا ەدى، ولار «وسى حابارلاردى ەلگە تاراتىپ، يسلامنىڭ شيپاسىن بىتىرەمىز» دەپ ويلادى، ول كەزدەگى ادامدار يەرۋساليگە ەكى ساعاتتا بارىپ كەلۋگە سەنبەيتىن ەدى، ءيا، ول كەزدىڭ ويىمەن سولاي، ول كەزدەگى مۇمكىندىكتەر سونداي عانا بولدى، سوندىقتان ءبىز ولاردىڭ ونى تۇسىنە الماۋىن ءتۇسىنىپ قويۋىمىزعا بولادى، ولاردىڭ اقتالۋىنا سەبەپ بار دەلىك، دەمەك كاپىرلەر پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا قارسى سىلتاۋ تاپقىسى كەلەر.

الايدا وسى كەزدەگى «ءبىز عۇلامامىز، ءبىز بارلىعىن بىلەمىز، مۇسىلمانبىز، مۇسىلمانداردىڭ عۇلاماسىمىز» دەي تۇرا، يسرا-ميراجدى «ءتۇس» دەيتىن ادامدار ءجايلى نە دەرمىز؟ ولار ونى «ءتۇس» دەر، ولاردىڭ بۇنىسى كاپىرلەردەن دە سۇرقيا بولىپ تۇر، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولار شايتانعا ۇقساپ قالدى، «ءۋاسۋاسيل حان-ناس» (قۇران 114:04) دەلىنەر، دەمەك ولار ەل-جۇرتقا، مۇسىلماندارعا كۇمان سالۋدا، كوپتەگەن ادامدار «ولار دوكتور، پروفەسور، بالەن اتاقتى، تۇگىلەن بىلگىر» دەپ ويلايدى، ال بۇل عۇلاماسىمقتار بولسا «يسرا-ميراج ساپارى ءتۇس، تۇستەن سەن بىردەڭە ... ول ءتۇس، ەش ماسەلە جوق، ول ءتۇس قانا» دەپ سوعىپ جاتىر، سوندىقتان ولار ەڭ قيتۇرقىلارى بولدى، ولار وزگە ادامدارعا ءۋاسۋاسا سالۋدا، سەبەبى ولار وزدەرىنە ەرەتىن ءمالىم ادامداردى تاپتى، ولار ءار جەردە ءجۇر، يسلامي اكەدەميالاردا جۇرگەندەردىڭ جارتسىسى وسىنداي ادامدار، بۇل وتە ءحاۋىپتى جاعداي، ولار مۇسىلمانداردىڭ سەنىمىن، يمانىن بۇزىپ جاتىر، سوپىلىق ءتاريقاتقا شابۋىل جاساۋدا، سەبەبى ءتاريقاتتاعىلار ولارعا قارسى كەلەدى، ءتاريقاتتاعىلاردىڭ سەنىمى بۇل ادامداردىڭ سەنىمىنە ءدال قاراما-قارسى، ەگەر ول ءتۇس بولسا، ءتۇستى كىم كورمەيدى، مەن دە، ءبىز دە، بارلىعىمىز دا ءتۇس كورەمىز، تۇسىمىزدە ۇشامىز، سەكىرەمىز، بارامىز جانە كەلەمىز عوي، ءبىراق بۇل نارسەلەر ماڭىزدى ەش ەمەس ...

بۇنداعى ماڭىزدىسى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتقانى ەدى، ول «مەن يەرۋساليمگە ساپارلادىم، ءبىرىنشى رەت تۇسكەن جەرىمىزدە كوپتەگەن قۇرما اعاشى بار ەكەن، ول ياسريب ياعني ءمادينا مۋناۋارا ەدى، وسى جەردە ەكى راكات ناماز وقىدىم، ودان سوڭ ءبىز ماديان جەرگە كەلدىك، ول يوردانيانىڭ اممانى بولاتۇعىن، ودان ءبايىت ءلاحيمعا كەلدىك، وندا پايعامبار يسا الەيحس-سالام تۋىلعان، گازا جانە باسقا جەرلەرگە باردىق، جەتى جەرگە باردىق» دەيدى، ول بارعان ءار جەردە ەكى راكاتتان ناماز وقيدى، ودان سوڭ ول يەرۋساليمعا بارىپ، بۇكىل پايعامبارلارمەن (بارلىق پايعامبارلار ءتىرىلىپ كەلدى) كەزدەستى، ول وندا ولارعا يمام بولىپ، ەكى راكات ناماز وقيدى، ونان ول وسى جەردەن كوككە كوتەرىلدى، جەتى قات كوككە جەتتى، وسىعان دەيىن قازىرگى ادامدار ءتۇسىنۋى مۇمكىن، سەبەبى ءقازىر جەدادان مەككەگە تەز بارۋعا مۇمكىندىك بار.

ول وسى جەردەن كوككە كوتەرىلدى ... ال بۇنى ەشكىم ىستەي المايدى، ادامدار قازىرگى بار مۇمكىندىكتەرىن ىستەسە دە ونى اتقارا الماس، ولاردا نە بار؟ ولار اسپانعا راكەتامەن ساندىقتارىن لاقتىرعانعا تاكاپپارلانادى، ايعا جانە باسقا جەرگە بارماقشى بولادى، ءبىراق ولار ءۇشىن ەڭ جاقىن پلانەتاعا بارۋ ءۇشىن كوپ جىل كەتەدى، ايعا مۇمكىن التى اي كەتەر، ال باسقالارىنا ... دەمەك ولار تىم باياۋ بارار، ولار «ءبىز وندا تەز بارامىز» دەپ ويلاپ قالعان، ال الەمدى الىپ ايتار بولساق، ولار ءبىر ميليمەتىر دە جۇرگەن جوق، ولار جىلدار بويى جاقىن پلەناتالارعا بارماق بولىپ، سونىمەن ابىگەر ...

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ەڭ زور، ەڭ بيىك-ءدۇر ... ول بارعان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاھي قۇزىرەتى تەك پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءۇشىن عانا ەدى، بۇكىل جاراتىلىستاردىڭ ىشىندە بۇل وعان بەرىلدى، سەبەبى ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەڭ سۇيىكتىسى بولاتۇعىن، ال ءبىز ونىڭ وندا قالاي بارعانىن، نە بولعانىن بىلمەيمىز، ول ءجايلى ەشتەڭە دەي المايمىز، ءبىز ونى ويلاپ جەتە المايمىز، ءسىز ونى قيالداي المايسىز، ەستي المايمىز، كورە المايمىز، ونداي ەشنارسە جوق، ەش ءسوزىمىز جوق، ءبىراق بىزگە جەتكىلىكتىسى سول، بىزگە ونىڭ ۇمبەتىنەن بولۋ قۇرمەتى بۇيىردى، وسى مارتەبە ءبىز ءۇشىن ەڭ زورى بولماق، بۇل دۇنيەدەگى ەڭ جاقسىسى وسى نىعىمەت، بۇل ءجاي ءىس ەمەس، ءبىراق ادامدار ونى تۇسىنبەيدى، كوڭىل بولمەس، قارسى كەلەر، ولار شىن ويانعاندا ياعني ولگەندە قاتتى وكىنەتىن بولادى، ءبىراق بۇل وكىنىش ول كەزدە پايدا بەرمەس.

سوندىقتان ءبىز، ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ءبىزدى قورعاۋىن سۇرايمىز، وسى نىعىمەتتى تانىپ، ونىڭ قادىرىنە جەتۋدى ءناسىپ ەتۋىن سۇرايمىز، ەگەر ونىڭ ءقادىرىن بىلسەڭىز، قۋانىپ، باقىتتى جۇرەتىن بولاسىز، سىزدە ەڭ قىمباتتى نارسە بار، ءتىپتى ءسىزدىڭ مىنا دۇنيەدە ەش نارسەڭىز بولماسا دا، بۇل ابىروي ءسىزدى بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە باقىتتى ەتۋگە جەتىپ اسادى، كەيىن عانا ەمەس وسىندا دا باقىتتى ەتەدى، ەشتەڭەسى جوق بولا تۇرا ميليادەردەن دە باقىتتى جۇرگەندەر كوپ ەمەسپە، ءبىزدى وسى جولىندا باقىتتى ەتكەي، ينشاللا، يمان كەلتىرمەگەندەرگە حيدايات بەرگەي، ولاردى دا وسى ورايعا، وسى بەرەكەگە جەتكىزگەي، سەبەبى ءمۇمين ءىشىتار قىزعانشاق ەمەس، ول ءىشىتارلار سياقتى باسقالاردا جاقسى نارسەنىڭ بولۋىن قالامايتىنداردان ەمەس، ءمۇمين وزگەلەرگە دە يگىلىكتىڭ كەلۋىن قالايدى، جۇرتتىڭ بارلىعى بىردەي جاقسىلىققا جەتسە، ءسىز ءتىپتى دە قۋانىپ، ءتىپتى دە باقىتتى جۇرەتىن بولاسىز، ينشاللا. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى وسى ءتۇزۋ جولدا ءتۇزۋ جۇرگىزگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7418