You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: бұл дүниеге түбегейлі бір өзгеріс керек (2024.01.28 / Хижра 1445-жыл 17-режеп)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7411
Сұхбат: бұл дүниеге түбегейлі бір өзгеріс керек (2024.01.28 / Хижра 1445-жыл 17-режеп)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Біз ұдайы Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірлік етелік, шүкірлігіміз Оның берген нығыметтерімен әдеміліктерін бізге мәңгілік еткей, Алла Әззә уә-Жәлләдан берілгеннің барлығы әдемі, Оның берген бар нәрсесін қабыл етіп, оны қадірлей білгендерге бүкіл барлығы әдемі болмақ, Алла Әззә уә-Жәлләның жолында жүргендер ұдайы игілікпен пайда үстінде болар, олар - құнды адамдар, олардың үлкен бағаға татырлығы бар. Алайда қазіргі кездегі адам баласы, әсіресе, осызаманның адамдары бұны білмес, олардың бар білетіні, қайда жеке бас пайда болса, сонда бару, ойына не келсе, соны қуу, сан түрлі бас пайдалар бар болып, олар оны «пайдалар дүниесі» деп атайды, толық мағынасын айтсақ, осылай болар, бірақ олар нағыз пайда-табыстың не екендігін білмей, мына алдамшы дүниенің жылтырына алданды, олар бұдан еш пайда ала алмас, себебі бүкіл ел бас пайданың артынан құрақ ұшып жүгіруде, олар елден еш пайда ала алмайтындықтан, өзгеге ештеңесін бергісі келмес, әрине, егер олар бірдеңе бере қалса, оған қарымжы ақы берілуін қалайды.

Қарымжы ақы сұрамайтындар кімдер? Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда «قُل لَّآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا» ("мен бұл хабарым үшін ешбір ақы тілемеймін" деп айт) (құран 42:23) дейді, олар пайғамбарлар болып, еш ақы тілеместен-ақ адамдарға кеңес беріп, тура жол көрсетеді, олар жақсылық сыйлайды әрі бұлары үшін ешбір ақы сұрамайды, олар өздеріне Алла Әззә уә-Жәлләның сауаптар беретіндігін айтар, демек оларға Алла Әззә уә-Жәллә сауабын береді, сондықтан олар барлығын тек Алла Әззә уә-Жәлләдан күтеді.

Бұрын осылай болатұғын, бірақ қазіргі кездегі ел 100% емес, миллион пірсент тек жеке бас пайданы ғана ойлар, қайда қарасаңыз да осылай, бұнда немесе басқа жерде болсын, мұсылман, бей-мұсылман, әтейіст болсын, барлығы бір қалыпқа салынып, құйып қойғандай ұқсар! қалып дегеніміз не? қалыбымыз сол, олардың барлығы тек жеке пайданың артына түсіп кеткен, олар барлық елді жеке пайданың ғана емес, залалдың да артынан жүгіртіп қойды, себебі олар адам баласының ең асыл нәрселерін ұрлап, нарқы жоқ құнсыз бірдеңелерді беруге уәде етті, олар тіпті бұны да бере алмас, ал бірдеңесін бере қалса, онысынан пайда емес, зиян келер.

Адам баласы үшін ең қымбат нәрсе оның өмірімен уақыты еді, ал олар бұл уақытты Алла Әззә уә-Жәлләға жұмсамай, басқа бос бірдеңелердің артынан жүгіруге жұмсауда, олар әлі осылай шауып келеді, әркімнің бастан кешіретін көптеген істері бар, біз бұларды сонау бала кезімізден көріп өстік. Әкеміз Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің кезінде бір кісі бізге келіп, ықтиярхат мәселесіне жәрдемдесуімізді сұрады, ол кезде біз Дамашықта тұратынбыз, Мәуләнә оған «жарайды» дер, манағы кісі бізге шаруасын қазір істеуді айтып жатқан кезінде, (хұжатының) мерзімі өтіп кеткен екен, (оны шешпек үшін) біз шегараға келіп, сонда тоқталдық.

(үзіліс болды) ...... Мысыр елі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ұрпақтарына толы мекен, олардың берекесі осы жерлерде бағызыдан бері төгіліп келеді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам Алла Жәллә Жәләлухудың ең сүйікті пендесі болғандықтан, оның әхлул-бәйіттері (әулеті, ұрпақтары) қай жерде болса, Алла Жәллә Жәләлуху сол жерге берекесін құйып тұрады.

Шүкір-Алла, ондағы жұрт оларға жақсы құрмет көрсетеді, машалла, онда көптеген әулие сұлтандар өткен, егер оларды өз құрмет және әдебімен зиярат етер болсақ, оларды зияраттауға бір жыл кетер еді, ал біз оңтүстігіне дейін барып, 8-10 күндей қысқа сапар жасадық, онда Шазли тәриқатының имамы Сәйдина Әбу әл-Хасани Әл-Шазли әулиені зиярат еттік, ол өзін сонда оңаша қалдыруды қалаған екен, сондықтан ол жер тым алыс болып, оған бару оңай емес екен, ол бір ұзақ сапар, бірақ адамдар осы сұлтан әулиені сүйетіндіктен, алыс болса да, оны жалғыз қалдырмай, оған ұдайы зияратқа келіп тұрады, ол арада осындай ерекше жерлер бар, тіпті үлкен құдық та жоқ, егер су керек болса, су тартар құдық таба алмайсыз, онда оның кереметінен пайда болған бір кішкене құдық бар, бірақ ол тек оған ғана жетеді, су болмаса да ол жерде үлкен қыстақпен қалашықтар орналасыпты, олар оның берекесін сұрап, сол берекемен отыр екен.

Мысырдың басқа жағы да солай, онда әулиелер өте көп, біз құрмет көрсетіп, әулиелермен сұлтандарды зиярат еттік, шүкір-Алла, ол елде пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды, әхлул-бәйіттерді, ғұламалармен әулиелерді құрметтемейтін аталмыш жаңа топтар (уахаби-салафилар) жоқ екен, ондағы жұртттың барлығы оларға махаббатпен құрмет көрсетеді, оларға ұдайы зиярат жасайды, онда сахабалардың мақамдары да бар, онда кейбірінің қабыры бар болса, кейбірінің мақамдары бар, олардың барлығына зиярат жасалынды.

Онда ферғауын бұтханасының ішінде салынған бір мешіт бар екен, оны Юсуф Әбу әл-Хажаж әулие салыпты, оның қабыры да сонда екен, кәпірлермен ағылшындар «бұл қате іс» деп, мешітпен әулиенің мақамын ол арадан алып жібермекші болады, бірақ олар не қылса да мешітпен мақамды бұза алмай қояды, шүкір-Алла, бізге ол араны зиярат ету нәсіп болды, әлхамдулилла, айтып өткеніміздей, зиярат етілетін жерлер өте көп, онда ұлық құтыптар, Сәидина Ахмад әл-Бадауи, Сәидина Ибырахим әл-Дасуқи, Сәидина Ибн Әтә Аллаһ әл-Сакандари, Яқут әл-Ғарыш сияқты құтыптар бар, бұлар аса ірі құтыптар, үлкен имамдар, Сәидина Имам әл-Шағарни, Сәидина Имам Шафиғи хазіреттер бар, және онда көптеген ахлул бәйіттер бар болып, олардың мақамдарды «әхлул бәйттер көшесінде» орналасқан, олар жаңаланып, жөндеуден өткізіліпті, жұрт оларды оңай көреді, оңай зиярат етеді.

Бізге пайда-игілік әкелетіндер міне осы киелі адамдар, олар өлі емес, өлгендер дегеніміз дүниелік пайданың артынан жүгіретін адамдар, олар елдің соңына әр күні, айлап, сағаттап түсіп алады да, ана-мына істі істеп беруді сұрар, бұл дүниеде сізге пайда алып келетін ешбір адам жоқ, дүниеде ешкім ешкімге пайда бере алмас, айтып өткеніміздей, ол пайда емес, «егер біреуден бірдеңе алсам, сол пайда» деп ойлап қалмаңыз, ол пайда емес, бірақ залал-дүр, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, қазір мына дүние капірлермен мұнафиқтарға лық толды, бұл жағдай жақсы емес, ал бұл кімдер үшін жақсы емес? бұл жеке бас-пайда көздеп жүргендер үшін жақсы емес, мұсылман үшін барлығы жақсы, қайырлы болмақ, оны айтып жүрміз, біз барымыз үшін Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірлік етеміз, Алла Жәллә Жәләлуху бізбен бірге, ең ұлық іс міне осы, Алла Жәллә Жәләлуху бізбен бірге болса болғаны сол жетеді, Әмерика, Африка, Европа дейме, біз оларға көз қырын да салмаймыз.

Жұрт «олар (батыс) бізге зиянкестік жасады, бізді қабыл етпеді, олардың есігіне 100 жыл телмірдік» дер, ал сіздер ақымақтықтарыңыздан олардың есігін 100 жыл сығалап, бірдеңе күтіп жүрсіздер, басқа дәнеңе емес, егер ақымақ болмасаңыздар, Алла Жәллә Жәләлухуға сүйенер едіңіздер де, олар сіздердің арттарыңыздан жүгірер еді. Мәуләнә Шайық Назым хазірет елдің «біз европа одағына қосылғымыз келеді, әмерика одағына қосылғымыз келеді» деген сөзіне ұдайы, «егер сендер оларға "біз сендерге қосылғымыз келмейді" десеңдер, олардың арттарыңнан өздері-ақ құрақ ұшып, жүгіріп келетінін көрер едіңдер!» деп айтушы еді, қазір біз саясат айтып кеттік, бірақ онсызда саясат қазіргі адамдардың қандарына әбден сіңісті нәрсе болып кетті, не үшін? себебі жұрт «европа одағына кірсек, жәннәтқа кіреміз» деп ойлап жүр, бірақ ондай ештеңе жоқ, Алла Жәллә Жәләлуху Әр-Раззақ, Ол риздықты барлық жерге береді, бейшаралықта жүрген көптеген адамдарды көресіздер, әр күні кеште (хабарда) олар біреудің теңізге тұншығып өлгенін, біреудің лагерге орналасқанын, біреудің жолда жатқанын, тағы біреудің таяқ жеп, кері қайтарылғанын көрсетіп жатады, егер сіз «шетел асамын» деп қиналуға кеткен қажыр-қуатыңызды өз тұрған еліңізде жұмсасаңыз, әлде қайда жәйлы өмір сүрер едіңіз әрі бұл сіз үшін көп қайырлы болар еді.

Европа не? әмерика не? олар ештеңе де емес, олар сізді құл қылады, ертеде кәпірлер африкаға келіп, кедей африкалықтарды құлдыққа алып кететін, бұл құлдардың көбі мұсылман болатұғын, Сенегал елінен көптеген кедейлер әкетілген, олар африкалықтарды кемеге салып, әмерикаға алып кетті, европада ондай базар жоқ еді, олар «өздерін мәдениеттіміз» деп санайтындықтан, олар бұдан ұялған, сондықтан олар африкадан әмерикаға әкетті, ал олардың жартысы жолда өліп, қалған жартысы әзер жететұғын әрі жолда олар азаппен қинау көріп, 20%-ті ғана тірі қалатын, қара негір әмерикалықтар солардан тарады, құл иелері оларға көп зиянкестік жасады, олар әмерикаға барған соң, бірте-бірте олардың намаз оқуына және ораза ұстауына рұхсат етпейтін болды, ислам білетіндеріне исламды үйретуіне тиым салды, міне осылай кәпірлер бұл мұсылмандардың ұрпақтарын дінсіз немесе бей-мұсылман етіп жіберді, олар күшпен сатылып жіберілетін болды.

Мен қазір қатты таңданамын, Алла Жәллә Жәләлухудың ісіне қараңыз, демек қазір адамдар онда өздері барғысы келер, олар онда бару үшін (европамен әмерикаға) өмірлерін бәске тігуде, біреулер онда қайықпен бармақ болып, жартысы жолда тұншығып өлсе, жартысы бандиттар жағынан азап көруде, ал олар онда жетсін делік, бірақ ондағылар оларды ит сияқты көрер, олар тіпті итке де жетпей қалған, себебі қазір адамдар иттерге өте жақсы мәмілемен қарайтын болды, әркім итіне қызымет өтеп, итті бастарындағы тәжі етіп алған, ал онда барғандар ит құрлы бола алмай жүр, қазір иттердің күні олардан жақсы, оны айтып өттік, олар онда тышқан сияқты мәміле көруде, осылай десек болар, қазір иттер өте бағалы нәрсеге айналды да, адамдар таңнан кешке дейін олардың қызыметінде жүр, олар иттері үшін барлғын істер, иттерінің арманын орындауға даяр, иттерін шомылдырады, иттеріне тамақ береді, бірақ осыбір адамдар өз туған елінде жәйлы өмір сүрудің орнына сондай нашар, түкке татымайтын жерлерге (батысқа) баруда, демек олар онда барып, құлдан төмен өмір өткізуді құп көрер, олар соншама азап тартып, сонда барады.

Біз Алла Жәллә Жәләлухудан ақылмен түсінік сұраймыз, басқа сұрарымыз жоқ, кім Алла Әззә уә-Жәлләның бергеніне риза болса, Алла Жәллә Жәләлуху да оған риза болар, себебі әр адамның риздығын Алла Жәллә Жәләлуху береді, Ол берген риздық сіз қайда барсаңыз да, сізге берілетін болады, егер риздығыңыз таусылса, мына бүкіл дүние сіздікі болса да, бір ұрттам су іше алмай қаласыз, алайда біз бұны кімге айтсақ та, олар оны түсіне алмай алжасар, неге бұлай болады? себебі айтып өткеніміздей, олар Алла Жәллә Жәләлухуды ұмытып кеткен, себебі олар басқа нәрселердің артына түсіп алған еді, әу басқан-ақ олар европамен әмерикаға жеке пайда үшін немесе оны-бұны дүниелік істер үшін барғысы келгендіктен, ең соңында олардың соңы немен тынары анық емеспе, барлығы бір қуысқа кіріп тындым болар, бұл қуыс от тесік я жәннәт бақшасының бірінен болар. Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, ақылмен түсінік бергей, Алла Жәллә Жәләлуху бізге тезден Сахибын жібергей, себебі Мәуләнә Шайық Назым хазірет үнемі «А дан тартып З ге дейін барлығы өзгеруі керек, бұнда ғана емес, барлық жерде солай болуы керек» деп айтып отыратын, бүкіл дүниеге осы өзгеріс қажет болып отыр, бір мемлекет қана өзгерсе, жеткіліксіз болар, кейін келер олар да көне бұзық сүрдекке қайта түсіп кететін болады, себебі қазір бұл бұзық жолдан арылуға мүлдем орай жоқ.

Тек Сахибул Заман Мұхаммад әл-Мәхди хазірет келгенде ғана барлығы әлифтан бастап, ләм-әлифке дейін өзгеретін болады, сонда ғана кіршікісіз тазасы қалар, адамзат рахат табар, күллі адамзаттың арқасы босар, Алла Жәллә Жәләлуху Сахибты мүмкіндігінше тезірек жібергей, айтып өткеніміздей, мұсылман әрдайым Алла Жәллә Жәләлухуға шүкірлік етуі керек, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында жүргендігіміз үшін Алла Жәллә Жәләлухуға мыңдаған шүкірліктер болсын, ал қалғандары еш маңызды емес.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: بۇل دۇنيەگە تۇبەگەيلى ءبىر وزگەرىس كەرەك (2024.01.28 / حيجرا 1445-جىل 17-رەجەپ)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءبىز ۇدايى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا شۇكىرلىك ەتەلىك، شۇكىرلىگىمىز ونىڭ بەرگەن نىعىمەتتەرىمەن ادەمىلىكتەرىن بىزگە ماڭگىلىك ەتكەي، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەننىڭ بارلىعى ادەمى، ونىڭ بەرگەن بار نارسەسىن قابىل ەتىپ، ونى قادىرلەي بىلگەندەرگە بۇكىل بارلىعى ادەمى بولماق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا جۇرگەندەر ۇدايى يگىلىكپەن پايدا ۇستىندە بولار، ولار - قۇندى ادامدار، ولاردىڭ ۇلكەن باعاعا تاتىرلىعى بار. الايدا قازىرگى كەزدەگى ادام بالاسى، اسىرەسە، وسىزاماننىڭ ادامدارى بۇنى بىلمەس، ولاردىڭ بار بىلەتىنى، قايدا جەكە باس پايدا بولسا، سوندا بارۋ، ويىنا نە كەلسە، سونى قۋۋ، سان ءتۇرلى باس پايدالار بار بولىپ، ولار ونى «پايدالار دۇنيەسى» دەپ اتايدى، تولىق ماعىناسىن ايتساق، وسىلاي بولار، ءبىراق ولار ناعىز پايدا-تابىستىڭ نە ەكەندىگىن بىلمەي، مىنا الدامشى دۇنيەنىڭ جىلتىرىنا الداندى، ولار بۇدان ەش پايدا الا الماس، سەبەبى بۇكىل ەل باس پايدانىڭ ارتىنان قۇراق ۇشىپ جۇگىرۋدە، ولار ەلدەن ەش پايدا الا المايتىندىقتان، وزگەگە ەشتەڭەسىن بەرگىسى كەلمەس، ارينە، ەگەر ولار بىردەڭە بەرە قالسا، وعان قارىمجى اقى بەرىلۋىن قالايدى.

قارىمجى اقى سۇرامايتىندار كىمدەر؟ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا «قُل لَّآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًا» ("مەن بۇل حابارىم ءۇشىن ەشبىر اقى تىلەمەيمىن" دەپ ايت) (قۇران 42:23) دەيدى، ولار پايعامبارلار بولىپ، ەش اقى تىلەمەستەن-اق ادامدارعا كەڭەس بەرىپ، تۋرا جول كورسەتەدى، ولار جاقسىلىق سىيلايدى ءارى بۇلارى ءۇشىن ەشبىر اقى سۇرامايدى، ولار وزدەرىنە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ساۋاپتار بەرەتىندىگىن ايتار، دەمەك ولارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ساۋابىن بەرەدى، سوندىقتان ولار بارلىعىن تەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كۇتەدى.

بۇرىن وسىلاي بولاتۇعىن، ءبىراق قازىرگى كەزدەگى ەل 100% ەمەس، ميلليون پىرسەنت تەك جەكە باس پايدانى عانا ويلار، قايدا قاراساڭىز دا وسىلاي، بۇندا نەمەسە باسقا جەردە بولسىن، مۇسىلمان، بەي-مۇسىلمان، اتەيىست بولسىن، بارلىعى ءبىر قالىپقا سالىنىپ، قۇيىپ قويعانداي ۇقسار! قالىپ دەگەنىمىز نە؟ قالىبىمىز سول، ولاردىڭ بارلىعى تەك جەكە پايدانىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتكەن، ولار بارلىق ەلدى جەكە پايدانىڭ عانا ەمەس، زالالدىڭ دا ارتىنان جۇگىرتىپ قويدى، سەبەبى ولار ادام بالاسىنىڭ ەڭ اسىل نارسەلەرىن ۇرلاپ، نارقى جوق قۇنسىز بىردەڭەلەردى بەرۋگە ۋادە ەتتى، ولار ءتىپتى بۇنى دا بەرە الماس، ال بىردەڭەسىن بەرە قالسا، ونىسىنان پايدا ەمەس، زيان كەلەر.

ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ قىمبات نارسە ونىڭ ومىرىمەن ۋاقىتى ەدى، ال ولار بۇل ۋاقىتتى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا جۇمساماي، باسقا بوس بىردەڭەلەردىڭ ارتىنان جۇگىرۋگە جۇمساۋدا، ولار ءالى وسىلاي شاۋىپ كەلەدى، اركىمنىڭ باستان كەشىرەتىن كوپتەگەن ىستەرى بار، ءبىز بۇلاردى سوناۋ بالا كەزىمىزدەن كورىپ وستىك. اكەمىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ كەزىندە ءبىر كىسى بىزگە كەلىپ، ىقتيارحات ماسەلەسىنە جاردەمدەسۋىمىزدى سۇرادى، ول كەزدە ءبىز داماشىقتا تۇراتىنبىز، ءماۋلانا وعان «جارايدى» دەر، ماناعى كىسى بىزگە شارۋاسىن ءقازىر ىستەۋدى ايتىپ جاتقان كەزىندە، (حۇجاتىنىڭ) مەرزىمى ءوتىپ كەتكەن ەكەن، (ونى شەشپەك ءۇشىن) ءبىز شەگاراعا كەلىپ، سوندا توقتالدىق.

(ءۇزىلىس بولدى) ...... مىسىر ەلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇرپاقتارىنا تولى مەكەن، ولاردىڭ بەرەكەسى وسى جەرلەردە باعىزىدان بەرى توگىلىپ كەلەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ەڭ سۇيىكتى پەندەسى بولعاندىقتان، ونىڭ ءاحلۋل-بايىتتەرى (اۋلەتى، ۇرپاقتارى) قاي جەردە بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ سول جەرگە بەرەكەسىن قۇيىپ تۇرادى.

شۇكىر-اللا، ونداعى جۇرت ولارعا جاقسى قۇرمەت كورسەتەدى، ماشاللا، وندا كوپتەگەن اۋليە سۇلتاندار وتكەن، ەگەر ولاردى ءوز قۇرمەت جانە ادەبىمەن زيارات ەتەر بولساق، ولاردى زياراتتاۋعا ءبىر جىل كەتەر ەدى، ال ءبىز وڭتۇستىگىنە دەيىن بارىپ، 8-10 كۇندەي قىسقا ساپار جاسادىق، وندا شازلي ءتاريقاتىنىڭ يمامى ءسايدينا ءابۋ ءال-حاساني ءال-شازلي اۋليەنى زيارات ەتتىك، ول ءوزىن سوندا وڭاشا قالدىرۋدى قالاعان ەكەن، سوندىقتان ول جەر تىم الىس بولىپ، وعان بارۋ وڭاي ەمەس ەكەن، ول ءبىر ۇزاق ساپار، ءبىراق ادامدار وسى سۇلتان اۋليەنى سۇيەتىندىكتەن، الىس بولسا دا، ونى جالعىز قالدىرماي، وعان ۇدايى زياراتقا كەلىپ تۇرادى، ول ارادا وسىنداي ەرەكشە جەرلەر بار، ءتىپتى ۇلكەن قۇدىق تا جوق، ەگەر سۋ كەرەك بولسا، سۋ تارتار قۇدىق تابا المايسىز، وندا ونىڭ كەرەمەتىنەن پايدا بولعان ءبىر كىشكەنە قۇدىق بار، ءبىراق ول تەك وعان عانا جەتەدى، سۋ بولماسا دا ول جەردە ۇلكەن قىستاقپەن قالاشىقتار ورنالاسىپتى، ولار ونىڭ بەرەكەسىن سۇراپ، سول بەرەكەمەن وتىر ەكەن.

مىسىردىڭ باسقا جاعى دا سولاي، وندا اۋليەلەر وتە كوپ، ءبىز قۇرمەت كورسەتىپ، اۋليەلەرمەن سۇلتانداردى زيارات ەتتىك، شۇكىر-اللا، ول ەلدە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى، ءاحلۋل-بايىتتەردى، عۇلامالارمەن اۋليەلەردى قۇرمەتتەمەيتىن اتالمىش جاڭا توپتار (ۋاحابي-سالافيلار) جوق ەكەن، ونداعى جۇرتتتىڭ بارلىعى ولارعا ماحابباتپەن قۇرمەت كورسەتەدى، ولارعا ۇدايى زيارات جاسايدى، وندا ساحابالاردىڭ ماقامدارى دا بار، وندا كەيبىرىنىڭ قابىرى بار بولسا، كەيبىرىنىڭ ماقامدارى بار، ولاردىڭ بارلىعىنا زيارات جاسالىندى.

وندا فەرعاۋىن بۇتحاناسىنىڭ ىشىندە سالىنعان ءبىر مەشىت بار ەكەن، ونى يۋسۋف ءابۋ ءال-حاجاج اۋليە سالىپتى، ونىڭ قابىرى دا سوندا ەكەن، كاپىرلەرمەن اعىلشىندار «بۇل قاتە ءىس» دەپ، مەشىتپەن اۋليەنىڭ ماقامىن ول ارادان الىپ جىبەرمەكشى بولادى، ءبىراق ولار نە قىلسا دا مەشىتپەن ماقامدى بۇزا الماي قويادى، شۇكىر-اللا، بىزگە ول ارانى زيارات ەتۋ ءناسىپ بولدى، ءالحامدۋليللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، زيارات ەتىلەتىن جەرلەر وتە كوپ، وندا ۇلىق قۇتىپتار، ءسايدينا احماد ءال-باداۋي، ءسايدينا يبىراحيم ءال-داسۋقي، ءسايدينا يبن ءاتا اللاھ ءال-ساكانداري، ياقۋت ءال-عارىش سياقتى قۇتىپتار بار، بۇلار اسا ءىرى قۇتىپتار، ۇلكەن يمامدار، ءسايدينا يمام ءال-شاعارني، ءسايدينا يمام شافيعي حازىرەتتەر بار، جانە وندا كوپتەگەن احلۋل بايىتتەر بار بولىپ، ولاردىڭ ماقامداردى «ءاحلۋل بايتتەر كوشەسىندە» ورنالاسقان، ولار جاڭالانىپ، جوندەۋدەن وتكىزىلىپتى، جۇرت ولاردى وڭاي كورەدى، وڭاي زيارات ەتەدى.

بىزگە پايدا-يگىلىك اكەلەتىندەر مىنە وسى كيەلى ادامدار، ولار ءولى ەمەس، ولگەندەر دەگەنىمىز دۇنيەلىك پايدانىڭ ارتىنان جۇگىرەتىن ادامدار، ولار ەلدىڭ سوڭىنا ءار كۇنى، ايلاپ، ساعاتتاپ ءتۇسىپ الادى دا، انا-مىنا ءىستى ىستەپ بەرۋدى سۇرار، بۇل دۇنيەدە سىزگە پايدا الىپ كەلەتىن ەشبىر ادام جوق، دۇنيەدە ەشكىم ەشكىمگە پايدا بەرە الماس، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول پايدا ەمەس، «ەگەر بىرەۋدەن بىردەڭە السام، سول پايدا» دەپ ويلاپ قالماڭىز، ول پايدا ەمەس، ءبىراق زالال-ءدۇر، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءقازىر مىنا دۇنيە كاپىرلەرمەن مۇنافيقتارعا لىق تولدى، بۇل جاعداي جاقسى ەمەس، ال بۇل كىمدەر ءۇشىن جاقسى ەمەس؟ بۇل جەكە باس-پايدا كوزدەپ جۇرگەندەر ءۇشىن جاقسى ەمەس، مۇسىلمان ءۇشىن بارلىعى جاقسى، قايىرلى بولماق، ونى ايتىپ ءجۇرمىز، ءبىز بارىمىز ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا شۇكىرلىك ەتەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزبەن بىرگە، ەڭ ۇلىق ءىس مىنە وسى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزبەن بىرگە بولسا بولعانى سول جەتەدى، امەريكا، افريكا، ەۆروپا دەيمە، ءبىز ولارعا كوز قىرىن دا سالمايمىز.

جۇرت «ولار (باتىس) بىزگە زيانكەستىك جاسادى، ءبىزدى قابىل ەتپەدى، ولاردىڭ ەسىگىنە 100 جىل تەلمىردىك» دەر، ال سىزدەر اقىماقتىقتارىڭىزدان ولاردىڭ ەسىگىن 100 جىل سىعالاپ، بىردەڭە كۇتىپ جۇرسىزدەر، باسقا دانەڭە ەمەس، ەگەر اقىماق بولماساڭىزدار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا سۇيەنەر ەدىڭىزدەر دە، ولار سىزدەردىڭ ارتتارىڭىزدان جۇگىرەر ەدى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ەلدىڭ «ءبىز ەۆروپا وداعىنا قوسىلعىمىز كەلەدى، امەريكا وداعىنا قوسىلعىمىز كەلەدى» دەگەن سوزىنە ۇدايى، «ەگەر سەندەر ولارعا "ءبىز سەندەرگە قوسىلعىمىز كەلمەيدى" دەسەڭدەر، ولاردىڭ ارتتارىڭنان وزدەرى-اق قۇراق ۇشىپ، جۇگىرىپ كەلەتىنىن كورەر ەدىڭدەر!» دەپ ايتۋشى ەدى، ءقازىر ءبىز ساياسات ايتىپ كەتتىك، ءبىراق ونسىزدا ساياسات قازىرگى ادامداردىڭ قاندارىنا ابدەن ءسىڭىستى نارسە بولىپ كەتتى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى جۇرت «ەۆروپا وداعىنا كىرسەك، ءجانناتقا كىرەمىز» دەپ ويلاپ ءجۇر، ءبىراق ونداي ەشتەڭە جوق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءار-راززاق، ول ريزدىقتى بارلىق جەرگە بەرەدى، بەيشارالىقتا جۇرگەن كوپتەگەن ادامداردى كورەسىزدەر، ءار كۇنى كەشتە (حاباردا) ولار بىرەۋدىڭ تەڭىزگە تۇنشىعىپ ولگەنىن، بىرەۋدىڭ لاگەرگە ورنالاسقانىن، بىرەۋدىڭ جولدا جاتقانىن، تاعى بىرەۋدىڭ تاياق جەپ، كەرى قايتارىلعانىن كورسەتىپ جاتادى، ەگەر ءسىز «شەتەل اسامىن» دەپ قينالۋعا كەتكەن قاجىر-قۋاتىڭىزدى ءوز تۇرعان ەلىڭىزدە جۇمساساڭىز، الدە قايدا ءجايلى ءومىر سۇرەر ەدىڭىز ءارى بۇل ءسىز ءۇشىن كوپ قايىرلى بولار ەدى.

ەۆروپا نە؟ امەريكا نە؟ ولار ەشتەڭە دە ەمەس، ولار ءسىزدى قۇل قىلادى، ەرتەدە كاپىرلەر افريكاعا كەلىپ، كەدەي افريكالىقتاردى قۇلدىققا الىپ كەتەتىن، بۇل قۇلداردىڭ كوبى مۇسىلمان بولاتۇعىن، سەنەگال ەلىنەن كوپتەگەن كەدەيلەر اكەتىلگەن، ولار افريكالىقتاردى كەمەگە سالىپ، امەريكاعا الىپ كەتتى، ەۆروپادا ونداي بازار جوق ەدى، ولار «وزدەرىن مادەنيەتتىمىز» دەپ سانايتىندىقتان، ولار بۇدان ۇيالعان، سوندىقتان ولار افريكادان امەريكاعا اكەتتى، ال ولاردىڭ جارتىسى جولدا ءولىپ، قالعان جارتىسى ازەر جەتەتۇعىن ءارى جولدا ولار ازاپپەن قيناۋ كورىپ، 20%-ءتى عانا ءتىرى قالاتىن، قارا نەگىر امەريكالىقتار سولاردان تارادى، قۇل يەلەرى ولارعا كوپ زيانكەستىك جاسادى، ولار امەريكاعا بارعان سوڭ، بىرتە-بىرتە ولاردىڭ ناماز وقۋىنا جانە ورازا ۇستاۋىنا رۇحسات ەتپەيتىن بولدى، يسلام بىلەتىندەرىنە يسلامدى ۇيرەتۋىنە تيىم سالدى، مىنە وسىلاي كاپىرلەر بۇل مۇسىلمانداردىڭ ۇرپاقتارىن ءدىنسىز نەمەسە بەي-مۇسىلمان ەتىپ جىبەردى، ولار كۇشپەن ساتىلىپ جىبەرىلەتىن بولدى.

مەن ءقازىر قاتتى تاڭدانامىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ىسىنە قاراڭىز، دەمەك ءقازىر ادامدار وندا وزدەرى بارعىسى كەلەر، ولار وندا بارۋ ءۇشىن (ەۆروپامەن امەريكاعا) ومىرلەرىن باسكە تىگۋدە، بىرەۋلەر وندا قايىقپەن بارماق بولىپ، جارتىسى جولدا تۇنشىعىپ ولسە، جارتىسى بانديتتار جاعىنان ازاپ كورۋدە، ال ولار وندا جەتسىن دەلىك، ءبىراق ونداعىلار ولاردى يت سياقتى كورەر، ولار ءتىپتى يتكە دە جەتپەي قالعان، سەبەبى ءقازىر ادامدار يتتەرگە وتە جاقسى مامىلەمەن قارايتىن بولدى، اركىم يتىنە قىزىمەت وتەپ، ءيتتى باستارىنداعى ءتاجى ەتىپ العان، ال وندا بارعاندار يت قۇرلى بولا الماي ءجۇر، ءقازىر يتتەردىڭ كۇنى ولاردان جاقسى، ونى ايتىپ وتتىك، ولار وندا تىشقان سياقتى مامىلە كورۋدە، وسىلاي دەسەك بولار، ءقازىر يتتەر وتە باعالى نارسەگە اينالدى دا، ادامدار تاڭنان كەشكە دەيىن ولاردىڭ قىزىمەتىندە ءجۇر، ولار يتتەرى ءۇشىن بارلعىن ىستەر، يتتەرىنىڭ ارمانىن ورىنداۋعا دايار، يتتەرىن شومىلدىرادى، يتتەرىنە تاماق بەرەدى، ءبىراق ءوسىبىر ادامدار ءوز تۋعان ەلىندە ءجايلى ءومىر ءسۇرۋدىڭ ورنىنا سونداي ناشار، تۇككە تاتىمايتىن جەرلەرگە (باتىسقا) بارۋدا، دەمەك ولار وندا بارىپ، قۇلدان تومەن ءومىر وتكىزۋدى قۇپ كورەر، ولار سونشاما ازاپ تارتىپ، سوندا بارادى.

ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان اقىلمەن تۇسىنىك سۇرايمىز، باسقا سۇرارىمىز جوق، كىم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بەرگەنىنە ريزا بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ دا وعان ريزا بولار، سەبەبى ءار ادامنىڭ ريزدىعىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بەرەدى، ول بەرگەن ريزدىق ءسىز قايدا بارساڭىز دا، سىزگە بەرىلەتىن بولادى، ەگەر ريزدىعىڭىز تاۋسىلسا، مىنا بۇكىل دۇنيە سىزدىكى بولسا دا، ءبىر ۇرتتام سۋ ىشە الماي قالاسىز، الايدا ءبىز بۇنى كىمگە ايتساق تا، ولار ونى تۇسىنە الماي الجاسار، نەگە بۇلاي بولادى؟ سەبەبى ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدى ۇمىتىپ كەتكەن، سەبەبى ولار باسقا نارسەلەردىڭ ارتىنا ءتۇسىپ العان ەدى، ءاۋ باسقان-اق ولار ەۆروپامەن امەريكاعا جەكە پايدا ءۇشىن نەمەسە ونى-بۇنى دۇنيەلىك ىستەر ءۇشىن بارعىسى كەلگەندىكتەن، ەڭ سوڭىندا ولاردىڭ سوڭى نەمەن تىنارى انىق ەمەسپە، بارلىعى ءبىر قۋىسقا كىرىپ تىندىم بولار، بۇل قۋىس وت تەسىك يا ءجاننات باقشاسىنىڭ بىرىنەن بولار. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە تەزدەن ساحيبىن جىبەرگەي، سەبەبى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇنەمى «ا دان تارتىپ ز گە دەيىن بارلىعى وزگەرۋى كەرەك، بۇندا عانا ەمەس، بارلىق جەردە سولاي بولۋى كەرەك» دەپ ايتىپ وتىراتىن، بۇكىل دۇنيەگە وسى وزگەرىس قاجەت بولىپ وتىر، ءبىر مەملەكەت قانا وزگەرسە، جەتكىلىكسىز بولار، كەيىن كەلەر ولار دا كونە بۇزىق سۇردەككە قايتا ءتۇسىپ كەتەتىن بولادى، سەبەبى ءقازىر بۇل بۇزىق جولدان ارىلۋعا مۇلدەم وراي جوق.

تەك ساحيبۋل زامان مۇحامماد ءال-ءماحدي حازىرەت كەلگەندە عانا بارلىعى ءاليفتان باستاپ، ءلام-اليفكە دەيىن وزگەرەتىن بولادى، سوندا عانا كىرشىكىسىز تازاسى قالار، ادامزات راحات تابار، كۇللى ادامزاتتىڭ ارقاسى بوسار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ساحيبتى مۇمكىندىگىنشە تەزىرەك جىبەرگەي، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مۇسىلمان ءاردايىم اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا شۇكىرلىك ەتۋى كەرەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جۇرگەندىگىمىز ءۇشىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا مىڭداعان شۇكىرلىكتەر بولسىن، ال قالعاندارى ەش ماڭىزدى ەمەس.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7411