You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ЖЕБІРЕЙІЛ: ҚҰРАН КӘРІМ МУХАММАДТАН АЛЫНЫП, МУХАММАДКЕ ЖІБЕРІЛДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7403
ЖЕБІРЕЙІЛ: ҚҰРАН КӘРІМ МУХАММАДТАН АЛЫНЫП, МУХАММАДКЕ ЖІБЕРІЛДІ

Сахабалар пайғамбарымыздан жебірейіл періштенің құранды қайдан, қалай алып келетіндігін сұрар, пайғамбарымыз "мен оны жебірейіл ғ.с-нан сұрайын" дер, пайғамбарымыздың Алла алдындағы дәрежесі ең жоғары еді, пайғамбарымыз жебірейіл ғ.с-нан құран аяттарын қалай алатындығын сұрар, жебірейіл ғ.с "мен оны сұрауға батына алмаймын, бірақ сіз сұрасаңыз, Алладан сұрайын, менің білетінім сол, жоғарғы илаһи әлемде бір аппақ нұрдан болған қол пердеден созылып шығады, сол нұрлы қолда құран аяттары жазулы тұрады, мен соны оқып, сізге алып түсемін, оның нендей қол екендігінен хабарым жоқ" дейді, жебірейіл ғ.с Аллаға қайтқан соң болған жәйды айтар, Алла "Мухаммад ғ.с Менің ең сүйікті құлым, ол не сұраса, соны беру барлығыңа парыз" дер, осылайша Алла әмірімен жебірейіл ғ.с нұрлы қол шығатын пердені ашып, ол қолдың нендей қол екенін, кімнің қолы екенін көрмек болады, ол пердені ашқанда бүкіл әлем, аршы-күрсі ғайып болып, кенеттен пайғамбарымыздың аппақ нұрлы рух бейнесі шығады, жебірейіл ғ.с қатты таңғалып, талып қала сақтайды, манағы алып нұрлы қол пайғамбарымыздың рухының қолы еді, жебірейіл ғ.с зымыраған бойы пайғамбарымызға келіп, "я Расулалла, құран Мухаммадтан Мухаммадке екен" деп айғайлайды, демек құран әуелде пайғамбарымыздың рухына беріліп қойылған еді әрі ол пайғамбарымыздың жүрегіне де туада кіргізіліп қойылған болатұғын, ал жебірейіл ғ.с-ның құран аяттарын әкелуі қажетті бір жол болып, үмбетке үлгі үшін еді, бұл ғана емес, сырын қуса 124000 пайғамбардың барлығы өздеріне келген аят, уахи, кітаптарды пайғамбарымыздың рухынан аралық етіп алған, бірақ оны олардың көбі білмеген еді, біздің пайғамбарымыз сондай ұлық пайғамбар, күллі әлем және оның ішіндегі сансыз жұлдыз, тіршілік, адамзат т.б. барлығы пайғамбарымыздың құрметі үшін жаралған, сіздің бұл дүниеге келуіңіз де оның құрметінен еді, сондықтан Аллаға тек пайғамбарымыз арқылы ғана жетуге болады, "Аллаға, Алла махаббатына өзім жетем" деу, "бұрқырап атылып жатқан жанау таудың ішіне түсіп, ондағы отқа (магымаға) балық қақтап жеймін" дегенге ұқсайтын ақымақтық болмақ, демек пайғамбарымыздың махаббатынсыз Аллаға жетпек жоқ, Алла өзіне барар жолдың осылай болуын қалады, сондықтан біз пайғамбарымызды сүю арқылы Алла махаббатына жақындай түсеміз.

جەبىرەيىل: قۇران كارىم مۋحاممادتان الىنىپ، مۋحاممادكە جىبەرىلدى

ساحابالار پايعامبارىمىزدان جەبىرەيىل پەرىشتەنىڭ قۇراندى قايدان، قالاي الىپ كەلەتىندىگىن سۇرار، پايعامبارىمىز "مەن ونى جەبىرەيىل ع.س-نان سۇرايىن" دەر، پايعامبارىمىزدىڭ اللا الدىنداعى دارەجەسى ەڭ جوعارى ەدى، پايعامبارىمىز جەبىرەيىل ع.س-نان قۇران اياتتارىن قالاي الاتىندىعىن سۇرار، جەبىرەيىل ع.س "مەن ونى سۇراۋعا باتىنا المايمىن، ءبىراق ءسىز سۇراساڭىز، اللادان سۇرايىن، مەنىڭ بىلەتىنىم سول، جوعارعى يلاھي الەمدە ءبىر اپپاق نۇردان بولعان قول پەردەدەن سوزىلىپ شىعادى، سول نۇرلى قولدا قۇران اياتتارى جازۋلى تۇرادى، مەن سونى وقىپ، سىزگە الىپ تۇسەمىن، ونىڭ نەندەي قول ەكەندىگىنەن حابارىم جوق" دەيدى، جەبىرەيىل ع.س اللاعا قايتقان سوڭ بولعان ءجايدى ايتار، اللا "مۋحامماد ع.س مەنىڭ ەڭ سۇيىكتى قۇلىم، ول نە سۇراسا، سونى بەرۋ بارلىعىڭا پارىز" دەر، وسىلايشا اللا امىرىمەن جەبىرەيىل ع.س نۇرلى قول شىعاتىن پەردەنى اشىپ، ول قولدىڭ نەندەي قول ەكەنىن، كىمنىڭ قولى ەكەنىن كورمەك بولادى، ول پەردەنى اشقاندا بۇكىل الەم، ارشى-كۇرسى عايىپ بولىپ، كەنەتتەن پايعامبارىمىزدىڭ اپپاق نۇرلى رۋح بەينەسى شىعادى، جەبىرەيىل ع.س قاتتى تاڭعالىپ، تالىپ قالا ساقتايدى، ماناعى الىپ نۇرلى قول پايعامبارىمىزدىڭ رۋحىنىڭ قولى ەدى، جەبىرەيىل ع.س زىمىراعان بويى پايعامبارىمىزعا كەلىپ، "يا راسۋلاللا، قۇران مۋحاممادتان مۋحاممادكە ەكەن" دەپ ايعايلايدى، دەمەك قۇران اۋەلدە پايعامبارىمىزدىڭ رۋحىنا بەرىلىپ قويىلعان ەدى ءارى ول پايعامبارىمىزدىڭ جۇرەگىنە دە تۋادا كىرگىزىلىپ قويىلعان بولاتۇعىن، ال جەبىرەيىل ع.س-نىڭ قۇران اياتتارىن اكەلۋى قاجەتتى ءبىر جول بولىپ، ۇمبەتكە ۇلگى ءۇشىن ەدى، بۇل عانا ەمەس، سىرىن قۋسا 124000 پايعامباردىڭ بارلىعى وزدەرىنە كەلگەن ايات، ۋاحي، كىتاپتاردى پايعامبارىمىزدىڭ رۋحىنان ارالىق ەتىپ العان، ءبىراق ونى ولاردىڭ كوبى بىلمەگەن ەدى، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز سونداي ۇلىق پايعامبار، كۇللى الەم جانە ونىڭ ىشىندەگى سانسىز جۇلدىز، تىرشىلىك، ادامزات ت.ب. بارلىعى پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جارالعان، ءسىزدىڭ بۇل دۇنيەگە كەلۋىڭىز دە ونىڭ قۇرمەتىنەن ەدى، سوندىقتان اللاعا تەك پايعامبارىمىز ارقىلى عانا جەتۋگە بولادى، "اللاعا، اللا ماحابباتىنا ءوزىم جەتەم" دەۋ، "بۇرقىراپ اتىلىپ جاتقان جاناۋ تاۋدىڭ ىشىنە ءتۇسىپ، ونداعى وتقا (ماگىماعا) بالىق قاقتاپ جەيمىن" دەگەنگە ۇقسايتىن اقىماقتىق بولماق، دەمەك پايعامبارىمىزدىڭ ماحابباتىنسىز اللاعا جەتپەك جوق، اللا وزىنە بارار جولدىڭ وسىلاي بولۋىن قالادى، سوندىقتان ءبىز پايعامبارىمىزدى ءسۇيۋ ارقىلى اللا ماحابباتىنا جاقىنداي تۇسەمىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7403