You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ФИЛОСОФИЯ - ШАЙТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ, ФИЛОСОФТАР - ШАЙТАННЫҢ ӘСКЕРЛЕРІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7398
ФИЛОСОФИЯ - ШАЙТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ, ФИЛОСОФТАР - ШАЙТАННЫҢ ӘСКЕРЛЕРІ

Алланың құдіреті шексіз, Ол барлығын жаратты, адамзатты жаратты, шекті жаратылыс шексіз Жаратушысына қалай ақылы жетпек? ал шайтан болса адамдардың иманын жоқ ету үшін "Аллаға ой жүгіртіңдер" дер, шайтанның осы сөзіне еріп, иманы түскен, иманы жоғалған адамдар өте көп, Алла мекенді, кеңестікті, уақытты, ақылды жаратты, сондықтан Аллаға мекен, кеңестік, уақыт, ақыл өлшемін беруге келмейді, Алла бұлардан пәк, Ол бұларға сыймайды, Алла адам ақылынан тыс шексіз ұлық, сондықтан Алла жайлы ойлану адамды иманнан шығарады, себебі шектеулі шексізге ой жүгірте алмайды да, "жоқ, олай емес" дер, көп нәрсеге қарсы келер, адамдардың бірдеңеге ақылы жетпесе, оны жоққа шығаруға немесе оған қарсы келуге бейім тұратындығы осыдан қалған, қызыл тілмен кей нәрсені сойлеу харам болғаны сияқты, оймен кей нәрсені ойлау да харам, сол үшін Алла "Мен сендердің ой-сана, ақылдарыңнан тыс шексіз ұлықпын, Мен одан шексіз биікпін, Маған ақылдарың жетпейді, Маған төте ой жүгіртпеңдер, Мені пікірлемеңдер, Мені талқыламаңдар, Менің ұлылығымды Менің жаратқан жаратылыстарыма қарап сезіңдер" дейді, ал философия болса адамдарға "неге болса соған шақшадай бастарыңмен ой жүгірте беріңдер" дейді, сондықтан исламда "философияны шайтанның ілімі, ал философтарды шайтанның әскерлері" дейді, философтар шыныдай миларымен шексіз Алланы пікірлеп, ақылдары жетпей адасып, шайтан болып кеткен тәлейсіз, өте төмен адамдар тобыры, басқа дәнеңе де емес, олар көптеген адамдардың имансыз болуына себепкер болды, бірақ шайтанмен шайтаннң әскерлері оларды адамдарға "ұлы тұлға, керемет үлгі" етіп көрсетіп, соларды дәріптеп, қалың елді адастырып жүр, қазіргі көптеген адамдардың, мұсылмандардың Аллаға, исламға, пайғамбарымызға, әулиелерге қарсы келуі, күмәнда болуы, олардың философияны тәлімін үйренгендігінен туындаған, философия түбі діннен шығу, имансыздық болмақ, әсілінде олардың орнына әулиелер үлгі етілуі керек еді, адамзат сонда ғана түзелер, ал қазіргілер философтар аз болғандай, әулиелердің орнына ақын, жазушы, әнші, спортшы, футболшы біреулерді "әулие" етіп алған, бұл да шайтанның адамдарға Алланы, исламды, ақиретті, пайғамбарды, әулиелерді ұмыттырып, дүниеге тұншықтырып жіберудей мың айласының бірінен еді.

فيلوسوفيا - شايتاننىڭ عىلىمى، فيلوسوفتار - شايتاننىڭ اسكەرلەرى

اللانىڭ قۇدىرەتى شەكسىز، ول بارلىعىن جاراتتى، ادامزاتتى جاراتتى، شەكتى جاراتىلىس شەكسىز جاراتۋشىسىنا قالاي اقىلى جەتپەك؟ ال شايتان بولسا ادامداردىڭ يمانىن جوق ەتۋ ءۇشىن "اللاعا وي جۇگىرتىڭدەر" دەر، شايتاننىڭ وسى سوزىنە ەرىپ، يمانى تۇسكەن، يمانى جوعالعان ادامدار وتە كوپ، اللا مەكەندى، كەڭەستىكتى، ۋاقىتتى، اقىلدى جاراتتى، سوندىقتان اللاعا مەكەن، كەڭەستىك، ۋاقىت، اقىل ولشەمىن بەرۋگە كەلمەيدى، اللا بۇلاردان پاك، ول بۇلارعا سىيمايدى، اللا ادام اقىلىنان تىس شەكسىز ۇلىق، سوندىقتان اللا جايلى ويلانۋ ادامدى يماننان شىعارادى، سەبەبى شەكتەۋلى شەكسىزگە وي جۇگىرتە المايدى دا، "جوق، ولاي ەمەس" دەر، كوپ نارسەگە قارسى كەلەر، ادامداردىڭ بىردەڭەگە اقىلى جەتپەسە، ونى جوققا شىعارۋعا نەمەسە وعان قارسى كەلۋگە بەيىم تۇراتىندىعى وسىدان قالعان، قىزىل تىلمەن كەي نارسەنى سويلەۋ حارام بولعانى سياقتى، ويمەن كەي نارسەنى ويلاۋ دا حارام، سول ءۇشىن اللا "مەن سەندەردىڭ وي-سانا، اقىلدارىڭنان تىس شەكسىز ۇلىقپىن، مەن ودان شەكسىز بيىكپىن، ماعان اقىلدارىڭ جەتپەيدى، ماعان توتە وي جۇگىرتپەڭدەر، مەنى پىكىرلەمەڭدەر، مەنى تالقىلاماڭدار، مەنىڭ ۇلىلىعىمدى مەنىڭ جاراتقان جاراتىلىستارىما قاراپ سەزىڭدەر" دەيدى، ال فيلوسوفيا بولسا ادامدارعا "نەگە بولسا سوعان شاقشاداي باستارىڭمەن وي جۇگىرتە بەرىڭدەر" دەيدى، سوندىقتان يسلامدا "فيلوسوفيانى شايتاننىڭ ءىلىمى، ال فيلوسوفتاردى شايتاننىڭ اسكەرلەرى" دەيدى، فيلوسوفتار شىنىداي ميلارىمەن شەكسىز اللانى پىكىرلەپ، اقىلدارى جەتپەي اداسىپ، شايتان بولىپ كەتكەن تالەيسىز، وتە تومەن ادامدار توبىرى، باسقا دانەڭە دە ەمەس، ولار كوپتەگەن ادامداردىڭ يمانسىز بولۋىنا سەبەپكەر بولدى، ءبىراق شايتانمەن شايتاننڭ اسكەرلەرى ولاردى ادامدارعا "ۇلى تۇلعا، كەرەمەت ۇلگى" ەتىپ كورسەتىپ، سولاردى دارىپتەپ، قالىڭ ەلدى اداستىرىپ ءجۇر، قازىرگى كوپتەگەن ادامداردىڭ، مۇسىلمانداردىڭ اللاعا، يسلامعا، پايعامبارىمىزعا، اۋليەلەرگە قارسى كەلۋى، كۇماندا بولۋى، ولاردىڭ فيلوسوفيانى ءتالىمىن ۇيرەنگەندىگىنەن تۋىنداعان، فيلوسوفيا ءتۇبى دىننەن شىعۋ، يمانسىزدىق بولماق، اسىلىندە ولاردىڭ ورنىنا اۋليەلەر ۇلگى ەتىلۋى كەرەك ەدى، ادامزات سوندا عانا تۇزەلەر، ال قازىرگىلەر فيلوسوفتار از بولعانداي، اۋليەلەردىڭ ورنىنا اقىن، جازۋشى، ءانشى، سپورتشى، فۋتبولشى بىرەۋلەردى "اۋليە" ەتىپ العان، بۇل دا شايتاننىڭ ادامدارعا اللانى، يسلامدى، اقيرەتتى، پايعامباردى، اۋليەلەردى ۇمىتتىرىپ، دۇنيەگە تۇنشىقتىرىپ جىبەرۋدەي مىڭ ايلاسىنىڭ بىرىنەن ەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7398