You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: Мәхди адамзатты зұлымдықтан құтқарады (2024.01.08 / 1445-хижри 26-Жұмада әл-Тани)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7357
Сұхбат: Мәхди адамзатты зұлымдықтан құтқарады (2024.01.08 / 1445-хижри 26-Жұмада әл-Тани)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Мысырда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّـٰدِقِينَ » (о иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар және садықтармен бірге болыңдар) (құран 09:119), иншалла, біз ұдайы садықтармен (шыншылдар) бірге болуды тілек етеміз, соны сұраймыз, әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлуху бізге әділ адамдарды жіберуде, ал біз оларға кездесіп жатырмыз, егер біреудің тағдырына мәлім бір жерге бару жазылса, ол міндетті түрде қайда болса да, сол жерге келетін болады, әлхамдулилла, бүгін, биыл, осы айда, иншалла, сіздермен болған осындағы жиынымыз берекелі болғай, әс-Сәид жұрты (жоғарғы Мысыр) сопылар елі еді, олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ғашық ел, ахлул-бәйітті (пайғамбар әулеті) сүйетін адамдар, олардың садықтармен әулиелерге махаббаты зор жұрт.

Әлхамдулилла, «هَذَا مِن فَضْلِ رَبِّي لَكُم» (бұл Алланың фазилетінен), себебі қазір бүкіл дүниеде фитна-бүліктер болып жатыр, шайтан адамдарға шындықты жалған сияқты безендіріп көрсеткендіктен адамдар Алла Жәллә Жәләлуху әспеттеп абыройлы еткен жандарды құрметтеуді ұнатпайтын болып алды, Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламды, оның жолында жүрген ахлул-бәйіттерді, садықтарды, сахабаларды, әулиелерді абыройлы етті, олардың барлығын аса құрметті қылды, ал оларды құрметтеу осы елде әлі сақталынып келеді, демек ол Мысырда жалпы бар нәрсе, әсіресе әс-Сәид жұртында көп сақталынған, сахабалардың арасында ұқсамастық жоқ, егер кім оларды бөліп жарса, ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға қарсы келуші болмақ.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «اﺻﺤﺎﺑﻲ ﻛﺎﻟﻨﺠﻮم ﺑﺎﻳﻬﻢ اﻗﺘﺪﻳﺘﻢ اﻫﺘﺪﻳﺘﻢ» (сахабаларым жұлдыздар сияқты, олардың қайсысына ерсеңдер де хидаят табасыңдар) дейді, міне бұл Алла Жәллә Жәләлухудың елшісі болған пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқан сөзі, ол тағы «сахабаларым - менің сүйіктілерім» дер, ал сіз «сахабалар жәйлі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан жақсы білемін» деп ойлайсыз ба? астағфируллаһ, хаша (одан жырақсың)! жоқ, ешқашан олай болмас, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айтқаны баспен көзге бірдей айтылған сөз, егер біреудің басымен көзі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның сөзін қабыл етпесе, онда ол адамның шипасының біткені болар, бұндай да ол адам «мен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға еремін, мен мұсылманмын, мен ғұламамын, мен ғалыммын, мен білімдімін, сопылар мүшіріксіңдер, құранға ілеспейсіңдер, пайғамбарға ермейсіңдер» деп айтпай-ақ қойсын.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам сөзді мүбәрак аузымен айтар, ал біз оның сөздеріне ілесуіміз керек, ол айтылған сөздер Алла Жәллә Жәләлуху елшісі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның нұсқаулары-дүр, себебі барлық сопылық тәриқаттағы жұрт пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан келген сисилиядан (тізбек шежіре) сусындаған, демек олар бір-бірден тізбек бойынша осы күнге жеткен, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан алмағандар одан кейін пайда болған жаңа қозғалыстар болмақ, демек олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғанбаған, бұндайда олар бұзылған қыңырлар тобына жатар, олар - бұзылғандар. Сәидина Әбу-Бәкір, Сәидина Омар, Сәидина Осман және Сәидина Әли разия-аллаху әнхум хазіреттерден соң фитналар шыға бастады, ал ондағы қыңыр топтардың пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен байланысы жоқ, олар - оған жалғанбағандар.

Байланыс (сисилия) пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға Сәидина Әбу-Бәкір хазіретпен Сәидина Әли Карамал-лаху Уәжхах хазірет арқылы жалғанады, олардың барлығы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан алған, байланыс олар арқылы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жетеді, ал біз осыбір көркемдіктерді сіздердің елден көріп отырмыз, оны Асуан да және басқа қалаларда да көріп жүрміз, әс-Сәид жұрты Алла Жәллә Жәләлухуға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға және әулиелерге ғашық жұрт екен, оларды сондай сүйетін ел екен, «بهم تمطرون، بهم ترزقون، بهم تنصرون» (жауын, риздық, жеңіс барлығы сендерге олардың беркесімен келер) делінер, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам өзінің әулие, ақтаб (құтуп), абзал және аутадттары (тірек) жәйлі айтып кеткен, міне осылар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның нағыз мұрагерлері.

Әлхамдулилла, осы айда екі күннен соң (бейсенбі кеш, 2024.01.11) берекелі түн кірер, ал біз Мысырда боламыз, иншалла, ол ләйләтул рағайып түні, аса құтты түн, біз сапардамыз, кімнің мүмкіндігі болса осы бейсенбі күні (2024.01.11) ораза ұстасын, бейсенбі кеште ақшам кірісімен қасиетті режеп айына кіреміз, иншалла, біздің елде (Түркияда) календар есебі бойынша режеп айы жұма күні болмақ, иншалла, айға қарап есептелінсе, солай болмақ (ислам кәлендары бойынша жаңа күн ақшамнан басталады, демек бейсенбі кеште жұма күні басталады), режеп айы қасиетті ай, құтты ай, ол Алла Жәллә Жәләлухудың айы, шағбан айы пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның айы, рамазан айы үмбеттің айы, осы үш ай қасиетті айға жатады, иншалла, ол уммати Мұхаммад саллал-лаху әлейхис-салам үшін берекелі де, қайырлы болмақ, ол уммати Мұхаммад саллал-лаху әлейхис-салам үшін жеңіспен кеңею болмақ.

Біз қиын заманда өмір сүріп жатырмыз, ақырзаманда тұрмыз, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен барлық белгілер дерлік көрініп болды, ол - пайғамбар, пайғамбар дегеніміз пайғамбарлық, пайғамбарлықта болашақ жәйлі және қайта тірілетін күнге дейін не болатындығы жәйлі айтылар, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам не айтса, соның ішінде ақиқат бар, көптеген белгілер қияметтің тым таяп қалғанын білдіруде, қазір, иншалла, үлкен белгілері көрінуде, иншалла, Сәидина әл-Мәхди әлейхис-саламның шығуы және Иса әлейхис-саламның түсуі қияметтің ең үлкен белгісінен болмақ, олар күпірлікпен күресіп, бүкіл дүниеге ислам таратады, Алла Жәллә Жәләлуху бұны иман келтірген мүминдерге уәде етер, ал пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бүкіл жержүзінің мұсылман болатындығын уәде еткен, иншалла, бүкіл дүние исламда болады, біз Алла Жәллә Жәләлухудан сол күнді жақын етуін сұраймыз, бүкіл үмбетке, бүкіл адамзатқа жеңілдіктің тезден келуін сұраймыз, қазір адамзат, бүкіл дүние тас-түнек қараңғылықпен зұлымдықта қалды, зұлымдық үздіксіз жалғасуда, бұл зұлымдықпен қараңғылық патша-сұлтанымыз, ұлық басшымыз әл-Мәхди әлейхис-салам жағынан түбегейлі жойылатын болады, ол қараңғы түнекті жарып, нұр әкеледі, жеңілдікке жеткізеді, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху бізді сол күндерге жеткізгей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: ءماحدي ادامزاتتى زۇلىمدىقتان قۇتقارادى (2024.01.08 / 1445-حيجري 26-جۇمادا ءال-تاني)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (مىسىردا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ َءامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّـٰدِقِينَ » (و يمان كەلتىرگەندەر، اللادان قورقىڭدار جانە سادىقتارمەن بىرگە بولىڭدار) (قۇران 09:119)، ينشاللا، ءبىز ۇدايى سادىقتارمەن (شىنشىلدار) بىرگە بولۋدى تىلەك ەتەمىز، سونى سۇرايمىز، ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ءادىل ادامداردى جىبەرۋدە، ال ءبىز ولارعا كەزدەسىپ جاتىرمىز، ەگەر بىرەۋدىڭ تاعدىرىنا ءمالىم ءبىر جەرگە بارۋ جازىلسا، ول مىندەتتى تۇردە قايدا بولسا دا، سول جەرگە كەلەتىن بولادى، ءالحامدۋليللا، بۇگىن، بيىل، وسى ايدا، ينشاللا، سىزدەرمەن بولعان وسىنداعى جيىنىمىز بەرەكەلى بولعاي، ءاس-ءسايد جۇرتى (جوعارعى مىسىر) سوپىلار ەلى ەدى، ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا عاشىق ەل، احلۋل-ءبايىتتى (پايعامبار اۋلەتى) سۇيەتىن ادامدار، ولاردىڭ سادىقتارمەن اۋليەلەرگە ماحابباتى زور جۇرت.

ءالحامدۋليللا، «هَذَا مِن فَضْلِ رَبِّي لَكُم» (بۇل اللانىڭ فازيلەتىنەن)، سەبەبى ءقازىر بۇكىل دۇنيەدە فيتنا-بۇلىكتەر بولىپ جاتىر، شايتان ادامدارعا شىندىقتى جالعان سياقتى بەزەندىرىپ كورسەتكەندىكتەن ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ اسپەتتەپ ابىرويلى ەتكەن جانداردى قۇرمەتتەۋدى ۇناتپايتىن بولىپ الدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامدى، ونىڭ جولىندا جۇرگەن احلۋل-بايىتتەردى، سادىقتاردى، ساحابالاردى، اۋليەلەردى ابىرويلى ەتتى، ولاردىڭ بارلىعىن اسا قۇرمەتتى قىلدى، ال ولاردى قۇرمەتتەۋ وسى ەلدە ءالى ساقتالىنىپ كەلەدى، دەمەك ول مىسىردا جالپى بار نارسە، اسىرەسە ءاس-ءسايد جۇرتىندا كوپ ساقتالىنعان، ساحابالاردىڭ اراسىندا ۇقساماستىق جوق، ەگەر كىم ولاردى ءبولىپ جارسا، ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا قارسى كەلۋشى بولماق.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «اﺻﺤﺎﺑﻲ ﻛﺎﻟﻨﺠﻮم ﺑﺎﻳﻬﻢ اﻗﺘﺪﻳﺘﻢ اﻫﺘﺪﻳﺘﻢ» (ساحابالارىم جۇلدىزدار سياقتى، ولاردىڭ قايسىسىنا ەرسەڭدەر دە حيدايات تاباسىڭدار) دەيدى، مىنە بۇل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ەلشىسى بولعان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقان ءسوزى، ول تاعى «ساحابالارىم - مەنىڭ سۇيىكتىلەرىم» دەر، ال ءسىز «ساحابالار ءجايلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان جاقسى بىلەمىن» دەپ ويلايسىز با؟ استاعفيرۋللاھ، حاشا (ودان جىراقسىڭ)! جوق، ەشقاشان ولاي بولماس، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايتقانى باسپەن كوزگە بىردەي ايتىلعان ءسوز، ەگەر بىرەۋدىڭ باسىمەن كوزى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءسوزىن قابىل ەتپەسە، وندا ول ادامنىڭ شيپاسىنىڭ بىتكەنى بولار، بۇنداي دا ول ادام «مەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ەرەمىن، مەن مۇسىلمانمىن، مەن عۇلامامىن، مەن عالىممىن، مەن ءبىلىمدىمىن، سوپىلار مۇشىرىكسىڭدەر، قۇرانعا ىلەسپەيسىڭدەر، پايعامبارعا ەرمەيسىڭدەر» دەپ ايتپاي-اق قويسىن.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءسوزدى مۇباراك اۋزىمەن ايتار، ال ءبىز ونىڭ سوزدەرىنە ىلەسۋىمىز كەرەك، ول ايتىلعان سوزدەر اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ەلشىسى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ نۇسقاۋلارى-ءدۇر، سەبەبى بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتاعى جۇرت پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان كەلگەن سيسيليادان (تىزبەك شەجىرە) سۋسىنداعان، دەمەك ولار ءبىر-بىردەن تىزبەك بويىنشا وسى كۇنگە جەتكەن، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان الماعاندار ودان كەيىن پايدا بولعان جاڭا قوزعالىستار بولماق، دەمەك ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعانباعان، بۇندايدا ولار بۇزىلعان قىڭىرلار توبىنا جاتار، ولار - بۇزىلعاندار. ءسايدينا ءابۋ-باكىر، ءسايدينا ومار، ءسايدينا وسمان جانە ءسايدينا ءالي رازيا-اللاحۋ ءانحۋم حازىرەتتەردەن سوڭ فيتنالار شىعا باستادى، ال ونداعى قىڭىر توپتاردىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن بايلانىسى جوق، ولار - وعان جالعانباعاندار.

بايلانىس (سيسيليا) پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ءسايدينا ءابۋ-باكىر حازىرەتپەن ءسايدينا ءالي كارامال-لاحۋ ءۋاجحاح حازىرەت ارقىلى جالعانادى، ولاردىڭ بارلىعى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان العان، بايلانىس ولار ارقىلى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جەتەدى، ال ءبىز ءوسىبىر كوركەمدىكتەردى سىزدەردىڭ ەلدەن كورىپ وتىرمىز، ونى اسۋان دا جانە باسقا قالالاردا دا كورىپ ءجۇرمىز، ءاس-ءسايد جۇرتى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جانە اۋليەلەرگە عاشىق جۇرت ەكەن، ولاردى سونداي سۇيەتىن ەل ەكەن، «بهم تمطرون، بهم ترزقون، بهم تنصرون» (جاۋىن، ريزدىق، جەڭىس بارلىعى سەندەرگە ولاردىڭ بەركەسىمەن كەلەر) دەلىنەر، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءوزىنىڭ اۋليە، اقتاب (قۇتۋپ)، ابزال جانە اۋتادتتارى (تىرەك) ءجايلى ايتىپ كەتكەن، مىنە وسىلار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ناعىز مۇراگەرلەرى.

ءالحامدۋليللا، وسى ايدا ەكى كۇننەن سوڭ (بەيسەنبى كەش، 2024.01.11) بەرەكەلى ءتۇن كىرەر، ال ءبىز مىسىردا بولامىز، ينشاللا، ول ءلايلاتۋل راعايىپ ءتۇنى، اسا قۇتتى ءتۇن، ءبىز ساپاردامىز، كىمنىڭ مۇمكىندىگى بولسا وسى بەيسەنبى كۇنى (2024.01.11) ورازا ۇستاسىن، بەيسەنبى كەشتە اقشام كىرىسىمەن قاسيەتتى رەجەپ ايىنا كىرەمىز، ينشاللا، ءبىزدىڭ ەلدە (تۇركيادا) كالەندار ەسەبى بويىنشا رەجەپ ايى جۇما كۇنى بولماق، ينشاللا، ايعا قاراپ ەسەپتەلىنسە، سولاي بولماق (يسلام كالەندارى بويىنشا جاڭا كۇن اقشامنان باستالادى، دەمەك بەيسەنبى كەشتە جۇما كۇنى باستالادى)، رەجەپ ايى قاسيەتتى اي، قۇتتى اي، ول اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ايى، شاعبان ايى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ايى، رامازان ايى ۇمبەتتىڭ ايى، وسى ءۇش اي قاسيەتتى ايعا جاتادى، ينشاللا، ول ۋمماتي مۇحامماد ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءۇشىن بەرەكەلى دە، قايىرلى بولماق، ول ۋمماتي مۇحامماد ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءۇشىن جەڭىسپەن كەڭەيۋ بولماق.

ءبىز قيىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، اقىرزاماندا تۇرمىز، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن بارلىق بەلگىلەر دەرلىك كورىنىپ بولدى، ول - پايعامبار، پايعامبار دەگەنىمىز پايعامبارلىق، پايعامبارلىقتا بولاشاق ءجايلى جانە قايتا تىرىلەتىن كۇنگە دەيىن نە بولاتىندىعى ءجايلى ايتىلار، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام نە ايتسا، سونىڭ ىشىندە اقيقات بار، كوپتەگەن بەلگىلەر قيامەتتىڭ تىم تاياپ قالعانىن بىلدىرۋدە، ءقازىر، ينشاللا، ۇلكەن بەلگىلەرى كورىنۋدە، ينشاللا، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ شىعۋى جانە يسا الەيحيس-سالامنىڭ ءتۇسۋى قيامەتتىڭ ەڭ ۇلكەن بەلگىسىنەن بولماق، ولار كۇپىرلىكپەن كۇرەسىپ، بۇكىل دۇنيەگە يسلام تاراتادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇنى يمان كەلتىرگەن مۇميندەرگە ۋادە ەتەر، ال پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇكىل جەرجۇزىنىڭ مۇسىلمان بولاتىندىعىن ۋادە ەتكەن، ينشاللا، بۇكىل دۇنيە يسلامدا بولادى، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان سول كۇندى جاقىن ەتۋىن سۇرايمىز، بۇكىل ۇمبەتكە، بۇكىل ادامزاتقا جەڭىلدىكتىڭ تەزدەن كەلۋىن سۇرايمىز، ءقازىر ادامزات، بۇكىل دۇنيە تاس-تۇنەك قاراڭعىلىقپەن زۇلىمدىقتا قالدى، زۇلىمدىق ۇزدىكسىز جالعاسۋدا، بۇل زۇلىمدىقپەن قاراڭعىلىق پاتشا-سۇلتانىمىز، ۇلىق باسشىمىز ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام جاعىنان تۇبەگەيلى جويىلاتىن بولادى، ول قاراڭعى تۇنەكتى جارىپ، نۇر اكەلەدى، جەڭىلدىككە جەتكىزەدى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى سول كۇندەرگە جەتكىزگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7357