You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ХАЗІРЕТ ӘЛИ МӘХДИМЕН БІРГЕ ЖӘНЕ ЖЕР ШАРЫДАН ҮЛКЕН МЕШІТ ЖӘЙЛІ МӘЛІМЕТ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7325
ХАЗІРЕТ ӘЛИ МӘХДИМЕН БІРГЕ ЖӘНЕ ЖЕР ШАРЫДАН ҮЛКЕН МЕШІТ ЖӘЙЛІ МӘЛІМЕТ

Хазірет Әли "мен өлгенде жаназамды шығарыңдар да, денемді түйеге артып, бос қоя беріңдер" деп өсиет етті, ал түйе сол кеткен бойы ғайып болды, сондықтан хазірет Әлидің нақты мақамын ешкім білмес, ол қайда? ол қазір Мәхди ғ.с-ның қасында, ол оның үлкен уәзірі, Мәхди ғ.с шыққанда хазірет Әли де шығып, шын мұсылманмен бұзық мұсылманды бөліп, бұзығын жоқ етер, Мәхди ғ.с Иемен-Нәжид (Сауди) арасындағы байтақ жатқан көшпелі құмды шөлдің астындағы періштелер салған жәннат сияқты сарайда 99 уәзір, 40 халифасымен бірге, ол жер астындағы аса үлкен үңгір, онда өзен ағады, олар Алланың "шық!" деген әмірін күтуде, пірім Мәуләнә Шайық Абдулла Дағыстани әулие осы сырлы үңгірдің қақпасына "тайи қуат" кереметімен апарған, біз Мәхди ғ.с-ға кездестік, үңгірдің қақпасы 40 құлаштай, ол қақпа сыртына шығып, бізбен құшақтасып амандасты, сөйлесті, оның қолы тым ұзын, тізесінен асады, ол піріме "бұнда осы денелеріңмен кірсеңдер қайта шыға алмайсыңдар" деді, себебі осы денемен кірсе дене орасан күшті рухани күшке ие болады да, адамдар бізді көрген жерде өледі, оның күшіне шыдай алмайды, бірақ біздің рухани болмысымыз (әруақ) бұл үңгірде күндіз-түні Мәхди ғ.с-мен бірге, еш кетпейді, бірақ осы тәнімізбен кірсек шыға алмаймыз, сонда қалу керек болады, Мәхди ғ.с-ның шығуына екі белгі бар, 1) Орыс паршаланады (кеңес одағының күйреуі, бұл болып кетті), 2) Түркияда үлкен ішкі дүрбелең (соғыс?) болады (бұл дүрбелең Түркияны екі мемлекетке бөліп жібереді делінеді), одан іле-шала мәлхама кубра (3-дүниежүзілік соғыс) туылады, осыдан көп өтпей Мәхди ғ.с шығады, сол кезде хазірет Әлиді көріп, "бұл кім?" деп таң боласыңдар, хазірет Әлиді "Шах Мәрдан" деп те атар, күн бататын жақта (жерден тыс) бір әлемдер бар, онда 12 мың қақпасы бар аса үлкен мешіт бар, әр қақпасының арасы бір фарсақ, бір фарсақ 5 км болар, ол мешітке әрдайым 70000 періште түсіп, намаз оқып ауысып тұрады. (мешіттің айланба ұзындығы 60000 км, жер шарының айланба ұзындығы 40000 км яғни ол жер шарыдан да үлкен мешіт).

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

حازىرەت ءالي ماحديمەن بىرگە جانە جەر شارىدان ۇلكەن مەشىت ءجايلى مالىمەت

حازىرەت ءالي "مەن ولگەندە جانازامدى شىعارىڭدار دا، دەنەمدى تۇيەگە ارتىپ، بوس قويا بەرىڭدەر" دەپ وسيەت ەتتى، ال تۇيە سول كەتكەن بويى عايىپ بولدى، سوندىقتان حازىرەت ءاليدىڭ ناقتى ماقامىن ەشكىم بىلمەس، ول قايدا؟ ول ءقازىر ءماحدي ع.س-نىڭ قاسىندا، ول ونىڭ ۇلكەن ءۋازىرى، ءماحدي ع.س شىققاندا حازىرەت ءالي دە شىعىپ، شىن مۇسىلمانمەن بۇزىق مۇسىلماندى ءبولىپ، بۇزىعىن جوق ەتەر، ءماحدي ع.س يەمەن-ءناجيد (ساۋدي) اراسىنداعى بايتاق جاتقان كوشپەلى قۇمدى ءشولدىڭ استىنداعى پەرىشتەلەر سالعان ءجاننات سياقتى سارايدا 99 ءۋازىر، 40 حاليفاسىمەن بىرگە، ول جەر استىنداعى اسا ۇلكەن ۇڭگىر، وندا وزەن اعادى، ولار اللانىڭ "شىق!" دەگەن ءامىرىن كۇتۋدە، ءپىرىم ءماۋلانا شايىق ابدۋللا داعىستاني اۋليە وسى سىرلى ۇڭگىردىڭ قاقپاسىنا "تاي قۋات" كەرەمەتىمەن اپارعان، ءبىز ءماحدي ع.س-عا كەزدەستىك، ۇڭگىردىڭ قاقپاسى 40 قۇلاشتاي، ول قاقپا سىرتىنا شىعىپ، بىزبەن قۇشاقتاسىپ امانداستى، سويلەستى، ونىڭ قولى تىم ۇزىن، تىزەسىنەن اسادى، ول پىرىمە "بۇندا وسى دەنەلەرىڭمەن كىرسەڭدەر قايتا شىعا المايسىڭدار" دەدى، سەبەبى وسى دەنەمەن كىرسە دەنە وراسان كۇشتى رۋحاني كۇشكە يە بولادى دا، ادامدار ءبىزدى كورگەن جەردە ولەدى، ونىڭ كۇشىنە شىداي المايدى، ءبىراق ءبىزدىڭ رۋحاني بولمىسىمىز (ءارۋاق) بۇل ۇڭگىردە كۇندىز-ءتۇنى ءماحدي ع.س-مەن بىرگە، ەش كەتپەيدى، ءبىراق وسى تانىمىزبەن كىرسەك شىعا المايمىز، سوندا قالۋ كەرەك بولادى، ءماحدي ع.س-نىڭ شىعۋىنا ەكى بەلگى بار، 1) ورىس پارشالانادى (كەڭەس وداعىنىڭ كۇيرەۋى، بۇل بولىپ كەتتى)، 2) تۇركيادا ۇلكەن ىشكى دۇربەلەڭ (سوعىس؟) بولادى (بۇل دۇربەلەڭ تۇركيانى ەكى مەملەكەتكە ءبولىپ جىبەرەدى دەلىنەدى)، ودان ىلە-شالا ءمالحاما كۋبرا (3-دۇنيەجۇزىلىك سوعىس) تۋىلادى، وسىدان كوپ وتپەي ءماحدي ع.س شىعادى، سول كەزدە حازىرەت ءاليدى كورىپ، "بۇل كىم؟" دەپ تاڭ بولاسىڭدار، حازىرەت ءاليدى "شاح ءماردان" دەپ تە اتار، كۇن باتاتىن جاقتا (جەردەن تىس) ءبىر الەمدەر بار، وندا 12 مىڭ قاقپاسى بار اسا ۇلكەن مەشىت بار، ءار قاقپاسىنىڭ اراسى ءبىر فارساق، ءبىر فارساق 5 كم بولار، ول مەشىتكە ءاردايىم 70000 پەرىشتە ءتۇسىپ، ناماز وقىپ اۋىسىپ تۇرادى. (مەشىتتىڭ ايلانبا ۇزىندىعى 60000 كم، جەر شارىنىڭ ايلانبا ۇزىندىعى 40000 كم ياعني ول جەر شارىدان دا ۇلكەن مەشىت).

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7325