You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

НҰХ ПАЙҒАМБАР - ӨМІР БОЙЫ ЖЫЛАП ӨТКЕН ПАЙҒАМБАР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7300
НҰХ ПАЙҒАМБАР - ӨМІР БОЙЫ ЖЫЛАП ӨТКЕН ПАЙҒАМБАР

Нұх ғ.с пайғамбар адамзатты 6-7 ғасыр Аллаға шақырды, бірақ олар оны қабыл етпей, ұрып соғады, "алжыған шал" дейді, олардың кәпір болғаны соншалық, қылмаған жамандығы қалмайды, соңында Нұх ғ.с олардың Аллаға қарсылығына шыдай алмай, "о Алла, бұларды жер бетінен жоқ қыл" деп дұға етеді, Алла дұғасын қабыл етіп, межелі кезде топан су қаптап, ел қырылады, кәпір болса да көптеген аналар сәбилерін бастарына көтеріп, топан судан қашады, алай-бұлай жүгіреді, бірақ бәрібір барлығы өледі, топан су бітіп, Нұх ғ.с кемесін тоқтатады, сол кезде Алла оған 40 құмыра жасауға әмір етеді, Нұх ғ.с оларды әдемілеп жасайды, бірақ Алла оған "енді олардың барлығын шағып таста" дер, Нұх ғ.с сонша еңбектеніп жасаған құмыраларын шағуға қимай, "о Раббым, маған жасатып болып, 'шақ' дегеніңіз қалай" дейді, ал Алла "о Нұх, топан суда қырылған пенделер де Менің құлым, оларды Мен асқан махаббат-мейіріммен жаратқан едім, бірақ сен олардың күпірлігіне сабыр ете алмай, оларды жойып жіберуімді сұрадың, сен пайғамбарым болғандықтан дұғаңды қабыл еттім, сен жансыз бос құмыраңды шаққың келмей аяйсың, ал Менің сенің дұғаңды қабыл етіп, топан су жібердім, осыбір махаббат-мейіріммен жаратқан құлдарымды топан сумен алып кеттім, бұл оңай ма? ендігәрі сабырсыздықпен қауымыңа қарсы дұға тілесең, сендегі пайғамбарлықты алып тастаймын" дейді, сонан соң Нұх ғ.с қауымына қарсы дұға жасағанына қатты өкініп, өле-өлгенше екі көзінен жас кетпей жылаумен өтеді, "Нұх" деген сөз "жылаған" деген сөз, Нұх ғ.с-ның Сириян (сурияк) тілінде өзінің шын есімі бөлек, Нұх пайғамбар сөзінің мағынасы "өмірі жылаумен өткен пайғамбар" деген сөз.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

نۇح پايعامبار - ءومىر بويى جىلاپ وتكەن پايعامبار

نۇح ع.س پايعامبار ادامزاتتى 6-7 عاسىر اللاعا شاقىردى، ءبىراق ولار ونى قابىل ەتپەي، ۇرىپ سوعادى، "الجىعان شال" دەيدى، ولاردىڭ كاپىر بولعانى سونشالىق، قىلماعان جاماندىعى قالمايدى، سوڭىندا نۇح ع.س ولاردىڭ اللاعا قارسىلىعىنا شىداي الماي، "و اللا، بۇلاردى جەر بەتىنەن جوق قىل" دەپ دۇعا ەتەدى، اللا دۇعاسىن قابىل ەتىپ، مەجەلى كەزدە توپان سۋ قاپتاپ، ەل قىرىلادى، كاپىر بولسا دا كوپتەگەن انالار سابيلەرىن باستارىنا كوتەرىپ، توپان سۋدان قاشادى، الاي-بۇلاي جۇگىرەدى، ءبىراق ءبارىبىر بارلىعى ولەدى، توپان سۋ ءبىتىپ، نۇح ع.س كەمەسىن توقتاتادى، سول كەزدە اللا وعان 40 قۇمىرا جاساۋعا ءامىر ەتەدى، نۇح ع.س ولاردى ادەمىلەپ جاسايدى، ءبىراق اللا وعان "ەندى ولاردىڭ بارلىعىن شاعىپ تاستا" دەر، نۇح ع.س سونشا ەڭبەكتەنىپ جاساعان قۇمىرالارىن شاعۋعا قيماي، "و راببىم، ماعان جاساتىپ بولىپ، 'شاق' دەگەنىڭىز قالاي" دەيدى، ال اللا "و نۇح، توپان سۋدا قىرىلعان پەندەلەر دە مەنىڭ قۇلىم، ولاردى مەن اسقان ماحاببات-مەيىرىممەن جاراتقان ەدىم، ءبىراق سەن ولاردىڭ كۇپىرلىگىنە سابىر ەتە الماي، ولاردى جويىپ جىبەرۋىمدى سۇرادىڭ، سەن پايعامبارىم بولعاندىقتان دۇعاڭدى قابىل ەتتىم، سەن جانسىز بوس قۇمىراڭدى شاققىڭ كەلمەي ايايسىڭ، ال مەنىڭ سەنىڭ دۇعاڭدى قابىل ەتىپ، توپان سۋ جىبەردىم، ءوسىبىر ماحاببات-مەيىرىممەن جاراتقان قۇلدارىمدى توپان سۋمەن الىپ كەتتىم، بۇل وڭاي ما؟ ەندىگارى سابىرسىزدىقپەن قاۋىمىڭا قارسى دۇعا تىلەسەڭ، سەندەگى پايعامبارلىقتى الىپ تاستايمىن" دەيدى، سونان سوڭ نۇح ع.س قاۋىمىنا قارسى دۇعا جاساعانىنا قاتتى وكىنىپ، ولە-ولگەنشە ەكى كوزىنەن جاس كەتپەي جىلاۋمەن وتەدى، "نۇح" دەگەن ءسوز "جىلاعان" دەگەن ءسوز، نۇح ع.س-نىڭ سيريان (سۋرياك) تىلىندە ءوزىنىڭ شىن ەسىمى بولەك، نۇح پايعامبار ءسوزىنىڭ ماعىناسى "ءومىرى جىلاۋمەن وتكەن پايعامبار" دەگەن ءسوز.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #islam #шәриғат #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7300