You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘУЛИЕНІҢ, АТА-АНАНЫҢ СІЗГЕ ЖАСАҒАН ДҰҒАСЫ СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ЖАСАҒАН ДҰҒАДАН ДА КҮШТІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7284
ӘУЛИЕНІҢ, АТА-АНАНЫҢ СІЗГЕ ЖАСАҒАН ДҰҒАСЫ СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ЖАСАҒАН ДҰҒАДАН ДА КҮШТІ

Құранда "егер олар өздеріне әділетсіздік қылса, саған келіп, Алланың кешірімін сұрасын, Расулалла олар үшін кешірім сұрар, сонда олар Алланың рахымын табар" (құран 04:64) дейді, бұнда "қателік істеп қойсаңдар пайғамбарға барыңдар, ол сендер үшін кешірім сұрар" дейді, демек пайғамбарымыз олардың орнына кешірім сұрамақ, өзіңіздің кешірім сұрауыңызбен пайғамбардың, әулиенің сіз үшін кешірім сұрауы екі бөлек, мәселен сіздің өзіңіз үшін жасаған дұғамен ата-ананың, тақуаның, әулиенің сіз үшін жасаған дұғасының күші ұқсамайды, әрине әулиенің дұғасы ең күшті, онан ата-анаңыздың дұғасы күшті, сондықтан ертеде жұрт әулиеге, абзалға, ата-анаға барып, өздеріне, отбасына, балаларына дұға жасататын, үлкеннің батасын алатын еді, садақада солай, өзіңіз берген садақамен әулиенің сіз үшін берген садақасының күші ұқсамайды, әулиеге мәлім ақша я малды сауға ретінде берсеңіз я "менің атымнан садақа етіңіз" десеңіз, әулие оны берушінің атынан садақа етіп шығарады, бұндайда оны берушіге орасан зор сауап, береке кіреді, мықты қорған болады, пайғамбарымыздың ұрпағы болып келетін кісілерге осындай садақа шығартса да, сауабы зор, әсері күшті болмақ, қайтыс болған кісілердің атынан осындай садақа шығарса, абзал, тақуа я әулие кісілерге салауат, құран бағыштаттырса, дұға қылдырса, қабырдағы кісінің қиналысы жеңілдейді немесе бір жолата кетеді, тіпті қабыры гүлденіп, жәйлі орынға айналады, сондықтан мархұмдарға өзіңіз я өзге абзал кісілерге құран бағыштатып тұрыңыз, ата-ананың баласына еткен дұғасы оңай қабыл болғаны сияқты, баланың ата-анаға өзі бағыштаған салауат, құран, құрбан, нәзір, садақасы да оңай қабыл болады, сауабы зор болады, ақылды, есті игі ұрпақ дегеніміз осындай қайтыс болған ата-анасына, ата-бабаларына ұдайы құран бағыштап, олардың атынан садақа шығаратын ұрпақ.

اۋليەنىڭ، اتا-انانىڭ سىزگە جاساعان دۇعاسى ءسىز وزىڭىزگە جاساعان دۇعادان دا كۇشتى

قۇراندا "ەگەر ولار وزدەرىنە ادىلەتسىزدىك قىلسا، ساعان كەلىپ، اللانىڭ كەشىرىمىن سۇراسىن، راسۋلاللا ولار ءۇشىن كەشىرىم سۇرار، سوندا ولار اللانىڭ راحىمىن تابار" (قۇران 04:64) دەيدى، بۇندا "قاتەلىك ىستەپ قويساڭدار پايعامبارعا بارىڭدار، ول سەندەر ءۇشىن كەشىرىم سۇرار" دەيدى، دەمەك پايعامبارىمىز ولاردىڭ ورنىنا كەشىرىم سۇراماق، ءوزىڭىزدىڭ كەشىرىم سۇراۋىڭىزبەن پايعامباردىڭ، اۋليەنىڭ ءسىز ءۇشىن كەشىرىم سۇراۋى ەكى بولەك، ماسەلەن ءسىزدىڭ ءوزىڭىز ءۇشىن جاساعان دۇعامەن اتا-انانىڭ، تاقۋانىڭ، اۋليەنىڭ ءسىز ءۇشىن جاساعان دۇعاسىنىڭ كۇشى ۇقسامايدى، ارينە اۋليەنىڭ دۇعاسى ەڭ كۇشتى، ونان اتا-اناڭىزدىڭ دۇعاسى كۇشتى، سوندىقتان ەرتەدە جۇرت اۋليەگە، ابزالعا، اتا-اناعا بارىپ، وزدەرىنە، وتباسىنا، بالالارىنا دۇعا جاساتاتىن، ۇلكەننىڭ باتاسىن الاتىن ەدى، ساداقادا سولاي، ءوزىڭىز بەرگەن ساداقامەن اۋليەنىڭ ءسىز ءۇشىن بەرگەن ساداقاسىنىڭ كۇشى ۇقسامايدى، اۋليەگە ءمالىم اقشا يا مالدى ساۋعا رەتىندە بەرسەڭىز يا "مەنىڭ اتىمنان ساداقا ەتىڭىز" دەسەڭىز، اۋليە ونى بەرۋشىنىڭ اتىنان ساداقا ەتىپ شىعارادى، بۇندايدا ونى بەرۋشىگە وراسان زور ساۋاپ، بەرەكە كىرەدى، مىقتى قورعان بولادى، پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاعى بولىپ كەلەتىن كىسىلەرگە وسىنداي ساداقا شىعارتسا دا، ساۋابى زور، اسەرى كۇشتى بولماق، قايتىس بولعان كىسىلەردىڭ اتىنان وسىنداي ساداقا شىعارسا، ابزال، تاقۋا يا اۋليە كىسىلەرگە سالاۋات، قۇران باعىشتاتتىرسا، دۇعا قىلدىرسا، قابىرداعى كىسىنىڭ قينالىسى جەڭىلدەيدى نەمەسە ءبىر جولاتا كەتەدى، ءتىپتى قابىرى گۇلدەنىپ، ءجايلى ورىنعا اينالادى، سوندىقتان مارحۇمدارعا ءوزىڭىز يا وزگە ابزال كىسىلەرگە قۇران باعىشتاتىپ تۇرىڭىز، اتا-انانىڭ بالاسىنا ەتكەن دۇعاسى وڭاي قابىل بولعانى سياقتى، بالانىڭ اتا-اناعا ءوزى باعىشتاعان سالاۋات، قۇران، قۇربان، ءنازىر، ساداقاسى دا وڭاي قابىل بولادى، ساۋابى زور بولادى، اقىلدى، ەستى يگى ۇرپاق دەگەنىمىز وسىنداي قايتىس بولعان اتا-اناسىنا، اتا-بابالارىنا ۇدايى قۇران باعىشتاپ، ولاردىڭ اتىنان ساداقا شىعاراتىن ۇرپاق.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=7284